Бөгембай Ақшаұлы


Бөгембай Ақшаұлы,
Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай, (1680ж. Қаратау бөктеріндегі Бөген өз. Бойы - 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл қаласының маңы) - қазақ халқының жоңғары шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. 18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгембай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған. Бөгембай 1708ж. (кейбір деректерде 1709ж. ) Әз Тәукенің бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған қазақ - орыстарды түре қуып, Еділден әрі асырып тастағаны туралы деректер бар. Осы ұрыстар Бейімбет алғаш рет ерлігімен көзге түсті. Бөгембай жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа қатысқан. «Қазақтың қамал - қорғаны» (Бұқар жырау) баһадүр Бейімбет қазақ халқының Абылай хан бастаған ұзақ жылдарғы ұлт бірлігі үшін күресінің ұйытқысы болды. 1710ж. Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды, бұл жиында көшіп кетіп ұсынғандар да болды, бірақ «сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы Бөгембай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды». Осы құрылтайда Бөгембай батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726ж. Бөгембай бастаған қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында қалмақтарға қарсы соққы берді. 1727ж. көктемде Қожаберген бастаған қазақ - татар жасағымен тізе қосып, Бейімбет бастаған қазақ - ноғай - қарақалпақтың біріккен әскері нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен болған шайқаста жеңіске жетті.
«Аңырақай шайқасында»
Орта жүз қолын бастаған Бейімбет батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, т. б. тізе қоса отырп, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсетті. Бейімбет Жайық, Ойыл, Жем өзендері бойымен Ерейментау, Қарақаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі, т. б. шайқастарда қол бастаған. 1756-58ж. бірінші рет Шығыс Түркістанға келген Қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, олардыҮрімжіден асыра қуды. Бейімбет жасы ұлғайған шағында ауырап қайтыс болған. Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге сақтаған. 1776ж. көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеген. Бейімбет батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгембай сөресі» деп аталады. Бөгембай батырдың ерлігін Қожаберген жырау «Елім - ай» атты тарихи дастанында жырлап, «Ер Бөгембай» аталатын қисса арнаған. Бұқар, Үмбетей, Шақшақұлы Бейіибет туралы дастандар шығарған Бейімбет батырдың баласы Тұраналы, немересі Бапан би, оның баласы Сәбден (Саққұлақ би) де өз заманында адамдар болған. 1991ж. Астана - Павлодар, Ерейментау - Павлодар тоғысқан жол торабында Бейімбет батырға ескерткіш орнатылды.
Бөгембай - Ақмола облысынң Ақкөл ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің отралығы. Аудан орталығы - Ақкөл қаласынан солт-шығысқа қарай 120км, Ақсу т. ж. стнан 20км жерде, боз, селеу, көде өскен орманы дала балдемінде орналасқан. Тұрғыны 1, 2 мың адам (1998) . Іргесі 1925ж. көмір кен орны негізінде қаланған. Ауылда өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жылу электр станциялары, орта мектеп, фельдшерлік - акушерлік пункт бар. Ауыл арқылы Ақсу - Ертіс автомоб. Жол өтеді.
«Бөгембай батыр» - тарихи жыр. Авторы - Үмбетей жырау. 18ғ-дың 70-жылдарында шығарылған. 7 - 8 буынды шалыс ұйқас, ерікті ұйқас үлгісіндегі туынды. Жырда жоңғар шапқыншылығы заманында 26 жыл бас қолбасшы болған Қанжығалы Бөгембайдың қайтыс болғанын (1775) «Батырың өтті Бөгембай» деп, Абылайға естірту түрінде басталып, оның қалмаққа қарсы күрестегі ерлігі, туған халқының азаттығы үшін сіңірген еңбегі бейнеленеді. Батырдың әкесі мен шешесі туралы да мағлұмат бар. Бөгембаймен бірге, «Қалмақыт қуып қашырған, Алтай таудан асырған» Жантай Атан мен Қаракерей Қабанбай сияқты батырлардың да ерлігі жырланады. Сол кездегі қазақтың ру - тайпалары, олардың ұлы күреске ат салысқан басты адамдары жөнінде тарихи - этнографияда мәлімет берілген. Қалмаққа қарсы ірі шайқастар болған Байнаула, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ сияқты жер таулары көрсетіледі. Жыр баспа бетінде толық жарияланбаған. Қазақстан ғылыми кітапханасында қолжазба қорында сақтаулы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz