Java тілінде қарапайым сағат құру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
7
КІРІСПЕ . . .: 1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ… . . .
7: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Java-да қарапайым сағат құрудың мақсаты мен міндеті . . .
7: 8
КІРІСПЕ . . .: 2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ… . . . . . .
7: 11
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Java-дағы объектілі-бағдарлы бағдарламалау . . .
7: 11
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Объектілі-бағдаралы бағдарламалаудың принциптері . . .
7: 11
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Графикалық интерфейсті тұрғызу принциптері . . .
7: 12
КІРІСПЕ . . .: 2. 4 Компонент және контейнер . . .
7: 12
КІРІСПЕ . . .: 2. 5 Апплеттер . . .
7: 13
КІРІСПЕ . . .: 2. 6 Апплет шеңбері туралы мәліметтер . . .
7: 14
КІРІСПЕ . . .: 2. 7 Кескін және дыбыс. .
7: 14
КІРІСПЕ . . .: 3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ . . .
7: 16
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Бағдарламаны тестілеу . . .
7: 16
КІРІСПЕ . . .: 4 ҚҰЖАТТАУ . . .
7: 17
КІРІСПЕ . . .: 4. 1 Бағдарламалаушыға нұсқау . . .
7: 17
КІРІСПЕ . . .: 4. 2 Қолданушыға нұсқау . . .
7: 17
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7: 18
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . .
7: 19
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША А . . . . . .
7: 20
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША Б . . . . . . …… . . . …… . . .
7: 25

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

HTML- Hyper Text Markup Language

JDBC- Java DataBase Connection

AWT- Abstract Windows Toolkit

CSS- Cascading Style Sheets

JFC - Java Foundation Classes

WWW - World Wide Web

EJB - Enterprise Java Beans

JVM- Java virtual machine

VMC - Virtual machine spesification

JIT - Just in time

JDC - Java development kit

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс «JAVA тілінде қарапайым сағат құру» тақырыбында жазылды. Жұмыстың мақсаты - қарапайым сағаттың бағдарламасын құра отырып, бағдарламада қолданылған апплеттермен танысу . Орындалған жұмыстың объектiсі Java-аплеттерде анимацияларды құрастыру әдiстері болып табылады. Курстық жұмыс 4 бөлімнен, 25 беттен, және 8 әдебиет қолданылды. Есептің қойылымы бөлімінде курстық жұмыстың мақсаты мен есептің шарты қарастырылған. Бағдарламалық қамтаманы жобалау бөлімінде осы қарапайым сағатты жасау бойынша бағдарламалау тілінің анықталған интерфейстері мен операторлары толығымен сипатталып шықты. Бағдарламалық қамтаманы іске асыру бөлімінде бағдарламаны тестілеу көрсетілген, яғни алынған нәтижелер сипаттамасы қарастырылды. Құжаттау бөлімінде бағдарламалаушы мен қолданушыға нұсқама берілді. Сонымен қатар, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалар бар.

КІРІСПЕ

Алғашында Java (Java технологиясының ресми туылған күні - 1995 жылдың 23 мамыры) телефон сияқты тұрмыстағы электронды қондырғыларды бағдарламалауға арналған болатын. Кейінірек Java браузерлерді бағдарламалау үшін қолданыла бастады - апплеттер пайда болды . Содан соң Java-да түрлі толыққанды қосымшалар құруға болатындығы байқалды. Олардың графикалық элементтері компоненттер түрінде безендіріле бастады - Java CORBA технологиясымен байланыса отырып, реттелген жүйелер және аралық программалық қамтамалар әлеміне бірге кірген JavaBeans пайда болды. Серверлерді программалау үшін бір қадам қалған болатын және ол қадам жасалды - сервлеттер мен EJB (Enterprise JavaBeans) пайда болды. Серверлер деректер қорымен өзара байланыста болуы керек - JDBC (Java DataBase Connection) драйверлері пайда болды. Өзара байланыс сәтті болып шықты, және деректер қорын басқарудың көптеген жүйелері, сондай-ақ операциялық жүйелер де өз ядросына Java қосып алды, мысалы Oracle, Linux, MacOS X, AIX. Одан басқа қамтылмаған не қалды? Сіз атаңыз және жарты жылдан кейін Java ол жерде де қолданылып жатқанын естисіз. Түсініктің өзі көмескі болғандықтан, оны дәл сондай көмескі сөзбен атады - технология.

Java технологиясының мұндай тез және кең таралуы - Java деп аталатын арнайы құрылған программалау тілін қолдануымен тығыз байланысты. Бұл тіл өңдеушілердің ойы бойынша төмендегі тілдердің жаман жақтарын ескермей жақсы жақтарын ала отырып, Smalltalk, Pascal, C++ және т. б. тілдер қорында құрылған. Ол жөнінде әр түрлі пікірлер таралған, бірақ бұл тіл оқып үйрену үшін өте ыңғайлы, онда жазылған программалар жеңіл оқылады: алғашқы программаны тілді үйреніп бастаған соң бір сағаттан кейін жазуға болады. Pascal тілі құрылымдық программалау тілін үйрету тіліне айналғаны сияқты, Java тілі де объектілі-бағытталған тілді үйрету тілі болып қалыптасуда.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

1. 1 Java-да қарапайым сағат құрудың мақсаты мен міндеті

Сіз білетіндей жоғарғы деңгейде жазылған программалар қатарына Java тілі де кіреді, шығыс модулі деп аталады, ол бірден орындалмайды. Оны біріншіден компиляциялау керек, яғни машиналық командалар тізбегін аудару - объекті модулі. Бірақ ол да бірден орындала алмайды: объекті модулін функция модулінде қолданылған кітапханалармен компоновкалап, объекті модулінің секциялары арасында қиылысқан сілтемелерге руқсат беру керек, нәтижесінде программаны орындауға толық дайын - жүктеу модулін аламыз.

Java жазылған бастапқы модуль бұл процедураларды айналып өте алмайды, бірақ мұнда Java технологиясының негізгі ерекшелігі айқындалады - программа бірден Java (JVM, Java Virtual Machine) виртуалды машиналар командаларына компиляцияланады. Java виртуалды машинасы дегеніміз - командалардың олардың орындалу жүйесімен өзара жиынтығы болып табылады. Мамандарға Java виртуальды машинасы толығымен ағымды болып табылады деп айтамыз, сондықтан жады ұяшығының күрделі адресациясы және регистрлердің көп мөлшерде болуы міндетті емес. Соның есебінен JVM командалары қысқа болып табылады, олардың көбісі 1 байт ұзындыққа иа, сондықтан 2 және 3 байт ұзындықтағы командалар да болғанына қарамай JVM командаларын байт^кодтар (bytecodes) деп атайды. Статистикалық зерттеулерге сүйенсек, команданың орта ұзындығы 1, 8 байтты құрайды. Командалардың және барлық JVM архитектурасының толық сипаты Java (VMS, Virtual Machine Specification) виртуальды машинасының спецификациясында сақталған. Егер сіз Java виртуальды машинасының қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келсе, осы спецификациямен танысыңыз.

Java екінші бір ерекшелігі - программада шақырылатын барлық стандартты функциялар оған орындалу кезінде қосылады. Мамандар айтып өткендей динамикалық компоновка (dynamic binding) жүзеге асырылады. Ол да компиляцияланған программа көлемін айтарлықтай кішірейтеді.

Сонымен, бірінші кезеңде Java тілінде жазылған программа компилятормен байт-кодқа ауыстырылады. Бұл компиляция нақты бір процессор типіне және нақты бір компьютер архитектурасына байланысты емес. Ол программа жазылғаннан кейін бір рет орындалуы мүмкін. Байт-кодтар бір немесе бірнеше файлдарда жазылуы мүмкін және ішкі жадыда сақталуға немесе желі бойынша таралуға мүмкіндік жасалған. Ол байт-кодтары бар файлдар көлемінің шағын болуымен өте ыңғайлы. Содан кейін компиляция нәтижесінде алынған байт-кодтарды JVM іске асыратын жүйеге ие кез-келген компьютерде орындауға болады. Бұл жағдайда процессор типі де компьютер архитектурасы да маңызды емес. Осылайша Java "Write once, run anywhere" - "Бір рет жазылған, кез-келген жерде орындала береді" принципі құрылады.

Байт-кодтардың интерпретациясы мен динамикалық компоновкасы программаның орындалуын айтарлықтай баяулатады. Байт-кодтар желі бойынша жіберілген жағдайда ол әсер етпейді, өйткені желі кез-келген интерпретациядан да баяу жұмыс істейді, бірақ басқа жағдайларда күшті және жылдам компьютер қажет болады. Сондықтан интерпретацияның жылдамдығын өсіру үшін интерпретаторлармен үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Процессордың машиналық командасы кодының интерпретациядан өткен бөліктерін есте сақтап қалатын және оларға қайта қатынау жасалғанда, мысалы циклдарда осы бөліктерді жай ғана жүзеге асыратын JIT-компиляторлары (Just-In-Time) өңделіп шығарылды. Ол есептеулердің қайталану жылдамдығын айтарлықтай өсіреді. SUN фирмасы Hot-Spot технологиясын өңдеп шығарды және оны өзінің Java виртуальды машинасының құрамына қосты. Бірақ, әрине арнайы процессорлар ғана одан да жоғары жылдамдықты көрсете алады.

SUN Microsystems фирмасы JVM командасының жүйесінде жұмыс істейтін PicoJava микропроцессорларын жасап шығарды, сондай-ақ одан да күшті Java-процессорлар тізбегін шығаруды ұйғарды. Басқа фирмалардың Java-процессорлары да бар. Бұл процессорлар тікелей байт-кодтарды жүзеге асырады. Бірақ Java программасын басқа компьютерлерде орындау кезінде JVM командаларын нақты бір процессор командаларына интерпретациялау қажет болады, яғни процессордың әрбір типіне интерпретатор-программасы керек және компьютердің әрбір архитектурасы үшін арнайы интерпретатор жазылуы қажет болады.

Бұл жағдай барлық компьютерлік платформалар үшін шешіліп қойған. Олар үшін Java виртуальды машинасы жасап шығарылған, ал олардан да кең таралған платформалар үшін әр түрлі фирмалардың бірнеше JVM өңдеулері бар. Операциялық және деректер қорын басқару жүйелерінің көбі JVM өңдеуін өз ядроларына қосуда. Электронды құрылғыларды қолданылатын арнайы JavaOS операциялық жүйесі құрылған. Көп браузерлерде апплеттерді орындау үшін Java виртуальды машинасы орнатылады.

Байт-кодтарды компьютерде орындау үшін JVM өңдеуінен бөлек байт-кодтардан шақырылатын және байт-кодтармен динамикалық түрде компоновкаға ұшырайтын функциялар жиыны қажет болатындығын мұқият оқырман байқаған болуы керек. Бұл жиын бір немесе бірнеше пакеттен тұратын Java класстар кітапханасы түрінде безендіріледі. Байт-кодтар әрбір функцияны жаза алады, бірақ оның нақты бір компьютерде сақталуына байланысты байт-кодтардың интерпретациясын болдырмай, оны осы компьютердің командалар жүйесінде жаза беруге болады. Ондай функцияларды «туған» әдістер (native methods) деп атайды. «Туған» әдістердің қолданылуы программаның орындалуын айтарлықтай жылдамдатады.

SUN Microsystems фирмасы - Java технологиясының құрушысы - осы программалау тілімен жұмыстың толық айналымы үшін қажетті программалық құрылғылар жиынын тегін таратады: компиляциялау, интерпретациялау, JDK (Java Development Kit) деп аталатын бай класстар кітапханасына ие талқылаулар. Басқа фирмалардың да инструментальды программалар жиыны болады. Мысалы, IBM фирмасының JDK жиыны кеңінен танымал.

2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ

2. 1 Java-дағы объектілі-бағдарлы бағдарламалау

Компьютерлерді бағдарламалаудың барлық жарты ғасырлық тарихы, тіпті ғылымның бар тарихы - бұл қоршаған ортаның қиыншылықтарын өткеру мүмкіншіліктері. Бағдарламалаушылардың алдында тұрған тапсырмалар барынша үлкейіп, ал өңделетін ақпарат күннен-күнге өсіп келеді. Жақында ғана ақпараттың қарапайым өлшем бірліктері килобайттар мен мегабайттар болса, ал қазір тек гигабайт және терабайттар туралы айтады. Осы тапсырмаларға бағдарламалаушылар шешім тапқанда, тағы одан күрделі тапсырмалар туындайды. Бағдарламалаушылар жаңа әдістер ойлап тауып, жаңа тілдер құра бастады. Жарты ғасырда бірнеше жүздеген тілдер пайда болды, көптеген әдістер мен стилдер ұсынылды. Кейбір әдістер мен стилдер көпке таралып, бір уақытқа бағдарламалаудың парадигмасын құрады.

2. 2 Объектілі-бағдарлы бағдарламалаудың принциптері

Объектілі-бағдарлы бағдарламалау жиырма жылдан астам дамып келеді. Объектілермен жұмыс жасайтын бірнеше мектептер бар және өздігінше мына принциптерді қарастырады. Бірақ бірнеше жалпыға таралған түсініктер бар. Соларды қарастырып өтелік:

  1. Абстракция- әрбір моделді сипаттау бір немесе бірнеше кластар (classes) түрінде жүргізіледі. Класты жоба, кескін ретінде қарастыруға болады, себебі содан соң нақты объектілер құрылады. Класс объектілерді мінездейтін айнымалылар мен константалардың сипаттамасынан тұрады. Олар класс өрістері (class fields) деп аталады. Объектінің тәртібін сипаттайтын процедуралар класс әдістері (class methods) деп аталады. Класс ішіне кірістірілген кластар (nested classes) мен интерфейстерді сипаттауға болады. Бірінші деңгейлі өрістер, әдістер және кірістірілген кластар класс мүшелері(class members) болып табылады.
  2. Объектілердің иерархиясын бұрыннан олардың классификациясы үшін қолданады. Ол әсіресе биологияда толығырақ қарастырылған. Барлығымыз туыстық, түрлермен таныспыз. Біз өзіміздің үй жануарларымызды сипаттай аламыз:мысық(cats), төбеттер(dogs) және т. б.
  3. Үлгілік - бұл принцип бойынша әрбір класс жеке модуль құру қажет.
  4. KISS принципі - бағдарламалаудың ең негізгі, базалық және ең ұлы принципі болып табылады. KISS принципі түсіндіру мен аударманы қажет етпейді "Keep It Simple, Stupid!"


2. 3 Графикалық интерфейстерді тұрғызу принциптері

Графикалық жүйелердің көптеген түрлері бар: MS Windows, X Window System, Macintosh. Олардың әрқайсысында терезе мен оның компоненттерін тұрғызу ережелері бар:мәзір, енгізу өрістері, батырмалар, тізімдер, айналдыру жолақтары. Бұл ережелер өте күрделі. Графикалық API жүздеген функциялардан тұрады.

Терезелер мен олардың компоненттерін құруды жеңілдету үшін кластар кітапханасы жазылған: MFC, Motif, OpenLook, Qt, Tk, Xview, OpenWindows және т. б. Кітапхананың әрбір классы бірден толық графикалық компонентті сипаттайды.

В технологии Java технологиясының негізгі қиыншылығы - бұл Java кез келген немесе көптеген графикалық орталарда жұмыс жасауы тиіс. Нақты графикалық жүйеден тәуелсіз кластар кітапханасы қажет. JDKның бірінші нұсқаларында тапсырманы келесідей жолмен шешті: графикалық объектілермен жұмыс жасайтын әдістерден тұратын интерфейстер жүзеге асырылды. Классы библиотеки AWT кітапханасының кластары осы интерфейстерді қосымша құру үшін жүзеге асырады. Java қосымшасын ағымдағы әдістер графикалық объектілерді орналастыру мен орын ауыстыруы үшін қолданады.

Java 2-де библиотека AWT кітапханасы жаңа сурет салу құралдарын қосумен, мәтіндер мен кескіндерді шығарумен айтарлықтай кеңейтілген.

2. 4 Компонент және контейнер

Қолданушының графикалық интерфейсінің негізгі түсінігі (ҚГИ) - графикалық жүйенің компоненті (component) . Орыс тілінде бұл сөз қарапайым құрама бөлік, бір нәрсенің элементі ретінде қарастырылады, бірақ графикалық интерфейсте бұл түсінік нақтырақ қарастырылады. Ол жеке, толық анықталған элемент дегенді білдіреді, оны басқа элементтерден тәуелсіз графикалық интерфейсте қолдануға болады. Мысалы, бұл енгізу өрісі, батырма, мәзір тізімі, айналу жолағы, радиобатырма. Қосымшаның терезесі - ол да оның компоненті. Компоненттер көрінбейтін болуы мүмкін, мысалы, компоненттерді біріктіретін панель, ол да компонент болып табылады.

Әрбір компонент экранға шығарар алдында контейнерге (container) орналастырылады. Контейнер компоненттерді экранға қалай орнатуды жақсы біледі. Әрине Java тілінде контейнер - бұл Container класының объектісі немесе оның барлық кеңейтілімі.

Компонентті құра отырып -Component класының объектісі немесе оның кеңейтілімін container класының уақытша құрылған объектісіне қосу қажет.

Container класының өзі көрінбейтін компонент болып табылады, ол Component класын кеңейтеді. Сол себепті, контейнерге компоненттермен қоса басқа компоненттері бар контейнерлерді де енгізуге болады.

Операциялық жүйемен белсенді байланысатын қосымшаның негізгі терезесін міндетті түрде графикалық жүйе ережесі бойынша тұрғызу қажет. Ол экран бойынша орналасу, өлшемдерін өзгерту және тышқан мен пернетақтаның қимылына әсері болуы тиіс. Терезеде ең аз дегенде келесідей стандарты компоненттер болуы тиіс:

  • Тақырыпша қатары(title bar), сол жағында контексттік мәзірдің батырмасын, ал оң жағынан терезені қалпына келтіру және бұрап қою батырмалары мен қосымшаны жабу батырмасын орналастыру керек.
  • Мәзірдің қалыс қалатын пункттері бармәзірдің маңызды емес қатары(menu bar) .
  • Айналудың горизонтальді және вертикальдіжолақтары(scrollbars) .
  • Терезе тышқанның қимылына әсер ететінрамкамен(border) қоршалуы тиіс.

Осы компоненттері бар терезе дайын түрде Frame класында сипатталған.

2. 5 Апплеттер

Қосымшалардан бөлек Java тілі апплеттер (applets) құруға мүмкіндік береді. Бұл басқа бағдарлама ортасында - браузерлерде жұмыс жасайтын бағдарлама. Апплеттер жоғарғы деңгейлі терезелерді қажет етпейді - оларға браузердің терезесі жұмыс жасайды. Олар JVM іске қоспайды - оларды браузер жүктейді, ол өзі JVM-ді апплетті орындау үшін іске қосады. Бұл мүмкіншіліктер апплет программасын жазу барысында байқалады.

Java тілінің көзқарасы бойынша, апплет - бұл Applet классының барлық кеңейтілімдері, және өз кезегінде panel класын кеңейтеді. Сол себепті, апплет - бұл арнайы түрдің панелі, қосымша әдістері бар компоненттерді орналастыратын контейнер болып табылады. Panel класындағыдай компоненттерді үнсіздік бойынша орналастыратын менеджер ретінде FiowLayout қолданылады. Applet класы java пакетінде орналасқан. Аpplet-те одан басқа браузерде өңделген үш интерфейс бар. Ескере кететін жайт, барлық браузерлер бұл интерфейстерді толығымен өңдей алмайды.

JVM апплетті шығармайтындықтан, main () әдісінде қажеттілік туындамайды, себебі ол апплетте жоқ.

Апплеттерде конструктор сирек кездеседі. Себебі бірінші жүзеге асқанда оның контекстісі іске қосылады. Конструкторды орындау барысында контекст әлі де қалыптаспаған, сондықтан барлық бастапқы мәндерді конструкторда анықтай алмайды.

Әдетте mеmo әдісінде және конструкторында орындалатын бастапқы әрекеттер, апплетте Applet класының inito әдісінде жазылады. Апплетті жүктегенде бұл әдіс автоматты түрде Java браузерінің орындаушы жүйесінде іске қосылады. Бұл Applet класының бастапқы кодында мынадай түрде беріледі:

public void init() {}

init () әдісінің аргументтері болмайды, мәндерді қайтармайды және әрбір апплетте- Applet класының подкласерінде қайта анықталуы тиіс. Кері әрекеттер - жұмысты аяқтау, ресурстарды босату - destroyо әдісіне қажет болағанда жазылады, сонымен қатар автоматы түрде апплетті жүктегенде орындалады. Applet класында осы әдістің бос іске асырылуы кездеседі.

Applet класында init() және destroy() әдістерінен басқа автоматы түрде орындалатын тағы екі бос әдіс кездеседі. Браузер экранда апплет пайда болғанда start() әдісіне қатынасу керек және апплет экраннан өшкен кезде stop() әдісіне жүгінуі тиіс . Stop() әдісінде апплет жұмысын уақытша тоқтататын, start() әдісінде -оны жаңартатын әрекеттерді анықтауға болады. Ескере кететін жайт, барлық браузерлер осы әдістерге дұрыс жүгіне алмайды.

2. 6 Апплеттің шеңбері туралы мәліметтер

GetoocumentBase () әдісі апплетпен шақырылған HTML-файл орнатылған каталогтың URL-адресін қайтарады.

Браузер java. applet пакетіндегі Appletcontext интерфейсін жүзеге асырады. Апплет бұл интерфейске getAppletContext() әдісі арқылы сілтеме ала алады.

Appletcontext интерфейсінің getApplet (String name) және getApplets() әдістерінің көмегімен браузерде жүктелген аргументпен көрсетілген name апплеті немесе барлық апплеттерге сілтеме алуғаболады.

ShowDocument(URL address) әдісі браузерге address адресінен HTML-файлды жүктейді.

Тarget екінші аргументімен көрсетілген showDocument (URL address, String target) әдісі фреймге файлды жүктейді. Бұл аргумент келесідей мәндерді қабылдайды:

  • _seif - апплет жұмыс жасайтын терезе және фрейм болып табылады;
  • _parent - апплеттің ата-аналық фреймі;
  • _top - апплет терезесінің жоғарғы бұрышының фреймі;
  • _biank - Жоғарғы деңгейдің жаңа терезесі;
  • name - name атымен берілген фрейм немесе терезе, егер ол бар болса, онда жүзеге асады.

2. 7 Кескін және дыбыс

Java-да бейнелер - бұл пикселдердің тікбұрышты массивтерін көрсететін image класының объектісі. Оны экранда Graphics класының rawimageo логикалық әдісі көрсете алады. Біз оларды келесі тарауда қарастырамыз, ал қазірше бізге екі логикалық әдіс қажет болады:

  1. drawlmage(Image img, int x, int y, ImageObserver obs)
  2. drawImage(Image img, int x, int y, int width, int height, ImageObserver obs)

Бұл әдістер img бейнесінің жүктелгенін аяқтамай-ақ бейнені сала бастайды. Сонымен қатар, drawlmage() әдісі шақырылмағанша, жүктелу іске аспайды. Жүктелу аяқталмағанша әдістер false-ті қайтарып отырады.

(х, у) аргументтері img бейнесінің сол жақ жоғарғы бұрышының координаттарын береді; width және height - экрандағы бейненің биіктігін ; obs - ImageObserver интерфейсін дамытатын, бейнені жүктеу үрдісін бақылап отыратын объектіге сілтемені орнатады. Соңғы аргументке this мәнін беруге болады.

Бірінші әдіс экранда image класының объектісі секілді өзгертусіз өлшемдерін орнатады. Бұл өлшемдерді Image класының getWidth(), getHeight{) әдістері арқылы алуға болады.

Интерфейс ImageObserver, реализованный классом Component класымен, яғни Applet класымен өндірілген ImageObserver интерфейсі бейнеге әрбір өзгерту енгізгенде тек бір ғана imageUpdate () логикалық әдісін сипаттайды.

3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

3. 1 Бағдарламаны тестілеу

Қосымшалардан бөлек Java тілі апплеттер (applets) құруға мүмкіндік береді. Бұл басқа бағдарлама ортасында - браузерлерде жұмыс жасайтын бағдарлама. Апплеттер жоғарғы деңгейлі терезелерді қажет етпейді - оларға браузердің терезесі жұмыс жасайды. Олар JVM іске қоспайды - оларды браузер жүктейді, ол өзі JVM-ді апплетті орындау үшін іске қосады. Бұл мүмкіншіліктер апплет программасын жазу барысында байқалады.

Java тілінің көзқарасы бойынша, апплет - бұл Applet классының барлық кеңейтілімдері, және өз кезегінде panel класын кеңейтеді. Сол себепті, апплет - бұл арнайы түрдің панелі, қосымша әдістері бар компоненттерді орналастыратын контейнер болып табылады.

Бағдарлама жүзеге асқанда төмендегідей болады:

Сурет 3. 1 - Іске қосылған сағат бағдарламасының бейнесі көрсетілген

4 ҚҰЖАТТАУ

4. 1 Бағдарламалаушыға нұсқау

Java - да қарапайым сағатты құру үшін осы бағдарламада қолданылатын барлық JavaScript операторларын, тегтерін, стильдерін білу қажет. Сағаттың бағдарламасын жасау кезінде Паскаль операторлары және HTML тегтері қолданылады. Бағадарламаны құрудың қысқаша жолдары мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Android платформасына арналған мобильді қосымшалар
Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
JAVA тілінін негізгі ұғымдары
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Жүйе администраторы немесе кітапхана қызметкері
Intranet –қосымшалары
Заманауи мобильді қосымшалар
Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді қосымша құру
Құрылғы пішін факторлары
Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz