ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ЕСЕБІ БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 7
1. 1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект 7
1. 2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. Әдiс 9
1. 3 Компоненттер палитрасы 15
2. DELPHI-ДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 18
2. 1. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру 21
3. «ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ЕСЕБІ» БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ 25
3. 1. Бағдарламаның негізгі сипаты 25
3. 2 Бағдарламалау 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде MS Access қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Сонымен курстық жұмысқа қысқаша тоқталып өтер болсақ:
Тақырыбы: «Үй жануарларының есебі». Бұл курстық жұмыстың мақсаты, фермада жұмысы жеңілдету.
1 БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
- Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект
Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске қосу командасы:
Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 → Delphi 6
Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет) .
1. 1-сурет. Delphi ортасы
1 - Delphi
Сурет 1. Delphi’дің негізгі терезесі
5-тiң негiзгi терезесi;
2 - Форма (Form1) ;
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector) .
- Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасқандықтан, ол экранда көрiнбейдi.
- Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы (2-сурет) енгiзiлген.
Сурет 2. Delphi-дiң негiзгi терезесi
Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сүхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-сурет) . Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.
Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер орнатылады. Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында орналасқан.
Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т. б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) . Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан түратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет) . Бiрiншi бағанда - қасиет атаулары жазылған, екiншi бағанға - олардың мәндерi енгiзiледi.
- Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға Form1. Font. Size := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
- Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi басылған кезде де көрiнедi.
Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау жеткiлiктi.
- Оқиғалар. Программалық код терезесi. Әдiс
Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет (тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi шақырады.
- Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
- Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (3-сурет) . Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
Сурет 3. Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:
OnClick - тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick - тышқан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown - клавиштi басу;
OnKeyUp - басылған клавиштi босату;
OnMouseDown - тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp - тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove - тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate - форманы екi рет шерту, т. б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi (олар 1. 4-тақырыпта кең тұрде қарастырылған) . Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
- форманы жабу (жабу тұймесiн шерту) ;
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi тұрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (ұлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (4-сурет), т. б.
Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту ұшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу тұрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject) ;
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
- мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Сурет 4. Программалық код терезесi.
Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады. Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол автоматты тұрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект) :
program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1. pas' {Form1};
{$R *. RES}
begin
Application. Initialize;
Application. CreateForm(TForm1, Form1) ;
Application. Run;
end.
- мұндағы,
Project1 - негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) - Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1. pas’) және онымен байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}) .
{$R*. RES} - нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т. с. с. пайдалану керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - . res) ;
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм - қосымшаның алғашқы жұктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi) :
Application. Initialize - қосымша объектiсiн инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдiсi;
Application. CreateForm - проект құрамына енетiн форманы дайындап, экранда көрсету әдiсi (create - құру) ;
Application. Run - программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.
- Delphi-де әдiстiң командалық тұрде жазылуы:
<Объект>. <әдiс>
- Мысалы, Application. Initialize - Application объектiсiнiң Initialize әдiсiн орындау.
Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу командасын қосып қою да мұмкiн, т. б.
Delphi-де программаның орындалуы автоматты тұрде негiзгi модульдi орындаудан басталады.
Модуль - тұрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына әдеттегiдей нұктелi ұтiр (; ) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты тұрде құрылады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *. DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses - Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мұмкiн. Одан әрi, Delphi дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтерi) жарияланады, т. б. ) .
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мұмкiн (элемент - өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар) ; Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.
Implementation (iске асыру, орындау) бөлiмiндегi {$R*. DFM} - . dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесiнде көрiнедi) . Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты тұрде жазылып қойылады.
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны дайындау ұшiн қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлiм басқаруды программа денесiне беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.
- Компоненттер палитрасы
Delphi-де программа дайындау ұшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге ұсынылатын, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындайтын компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесiне енгiзiледi. Компоненттiк тәсiл программалау технологиясына нағыз төңкерiс жасады деуге болады, себебi, компоненттердi пайдалану программа жұмысын кұрделi тұрде жеңiлдеттi.
- Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда тұрлi компоненттер жинақталып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық), олар тұрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған.
Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:
1. 1-кесте
Standard
Additional
Win32
System
DataAccess
DataControls
InterBase
Midas
Internet
QReport
Dialogs
Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.
Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.
Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер
Таймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетi
Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi
Берiлгендердi басқару бетi
InterBase программасымен тiкелей байланыс
Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын құру
Инетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құру
Есептер даярлау
“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану
Label
Edit
Memo
Button
Panel
MainMenu
Мәтiндi шығару
Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Командалық тұйме құру
Компоненттердi топтастыру контейнерi
Мәзiр құру
BitBtn
Image
Shape
Chart
Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық тұйме
Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу)
Форма бетiне тұрлi геометриялық фигураларды шығару
Диаграммалар мен графиктер тұрғызу
Animate
ProresBar
Дыбыссыз клиптердi орындау
Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу
Timer
PaintBox
Қосымшада уақыт интервалын беру
Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс құру
OpenPictureDialog
SavePictureDialog
Графикалық файлдарды ашу сұхбаттық терезесiн пайдалану
Графикалық файлдарды сақтау сұхбаттық терезесiн пайдалану
Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 1-тарауда келтiрiлген. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюына болады.
2. DELPHI-ДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Локалдік вариантта мәліметтермен жұмыс істеу бір пайдаланушы режимінде болады. Бұл вариант корпоративтік жұмыста іс жүзінде кездеспейді, себебі бір мезгілде мәліметтермен жұмыс істеп отырған пайдаланушы саны мен мәліметтер қоры қөшірмесінің саны тең болатындай бірнеше мәліметтер қор қөшірмесінің құрамын синхрондау қиын.
Файл-Сервер
Локальдік машина МҚ
МҚ
Желі
BDE
Бағдарлама BDE BDE
… ……. .
Бағдарлама Бағдарлама
Клиент
Файл - сервер мәліметтер қорында мәліметтер желілік файл - серверде орналасады, ол бір мезгілде бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады, сондықтан мұндай мәліметтер қорында қөп пайдаланушы режимінде пайдалануы мүмкін. Мәліметтер қорында ғы мәліметтердің жалғыз ғана сақталады, әрбір клиент әр уақыт мезетінде осы мәліметтердің локалдік қөшірмесімен жұмыс істейді, мәліметтерді басқару түгелімен клиент бағдарламасына жүктеледі. Олар әрбір клиент орнындағы мәліметтердің локалдік қөшірмесін негізгі мәліметтер қоры құрамымен синхрондауды жүргізуі тиіс.
Екеуінде де BDE клиент машинасында болады, және бағдарламамен бірігіп локалдік мәліметтер қорын басқару жүйесін құрады, мұнда қөшірме саны мен пайдаланушы саны тең болады. Бұл жүйеде қашықтағы орналасқан компьютерлермен INTERNET желісіне шығуға болады. BDE локалдік және клиент - серверлік мәліметтер қорын төмендегідей пайдалануды қамтамасыз ететін PLL- библиотека жиынын білдіреді. Ол Delphi - де жазылған мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін қолданылатын қосымшаларды пайдаланатын әрбір компьютерге қондырылады.
Клиент - серверлік мәліметтер қоры.
Клиент - сервер архитектурасында BDE мен мәліметтер қоры арасында мәліметтер қор сервері (арнайы бағдарлама, мәліметтер қоры басқарады) - деген маңызды аралық звено пайда болады.
Клиент - серверге реляциялық мәліметтер қоры (бір - бірімен байланысы бар кестелерден тұратын мәліметтер қоры) үшін өндірістін стандарт болатын SQL(Structured Query Language - құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілінде сұраныс құрады. SQL сервер сұраныс интерпретациясын қамтамасыз етеді, оны орындайды, нәтижесін құрады және оны клиентке жібереді. Мұнда клиент компьютері сұранысты физикалық орындауға қатыспайды, ол тек қана сұранысты мәліметтер қоры серверіне жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны керекті түрге келтіреді және пайдаланушыға береді. Клиенттің қосымшасына тек қана сұранысты орындау нәтижесі жіберіледі, ал желімен тек қана клиентке қажет мәліметтер беріледі. Қорытындысында желіге жүктеме азаяды. Сондай- ақ SQL-сервер алынған сұранысты тез арада орындау үшін тиімді жағдайларды қарастырады. Мұның бәрі жүйенің орындалу әрекетін күшейтеді және сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
SQL сервердің қолдануымен транзакцияның қуатты аппараты бір мезгілде бірнеше пайдаланушының бір мәліметті өзгертуіне мүмкіндік бермейді және өзгеріс енгізудұрыс аяқталмаса бастапқы мәніне қайтып келуге мүмкіндік жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz