Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1 ДЕРЕКТЕР МОДЕЛІ 4
1.1 Деректер моделі 4
1.2 Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары 7
2 DELPHI ОРТАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ 11
2.1 Жергілікті деректер базасы 11
2.2 Delphi ортасында деректер базасын құру және басқару 12
2.3 ДҚ жұмыс жасау үшін қолданылатын компоненттер 15
2.4 Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар 18
3 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ 21
3. 1 ДББЖ да нақты реляциялық деректер базасын құру 21
3.2 Интерфейсті құру 22
3.3 Бағдарламалау 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
КІРІСПЕ
Информатика ғылымының негізгі салаларының бірі - алгоритмдеу және
программалау болып табылады. Бұл бөлімде қазіргі кезде жиі қолданылатын
белгілі бір программалау тілдері, олардың құрлымы, қазіргі кездегі
программалардың дамуының негізгі тұжырымдамалары қарастырылады.
80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны
объектілі-бағытталған программалау (ОБП) деп атады. Borland фирмасы Delphi
программасын жасап шығарды. Delphi – объектілі-бағытталған программалаудың
тамаша жүйесі. Delphi – қазіргі кездегі жеке қолданбалы Windows
программаларын құруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар интернетте және
корпоративтік жүйелерде жұмыс жасауға арналған күшті жүйелердің бірі.
Delphi тілінің негізінде Object Pascal тілі жатыр. Delphi-де кросс-
плотформалы программалар құру мүмкіндігі бар, олар Windows ортасында және
Lunix ортасында да жұмыс жасай алады. Delphi – бұл бірнеше маңызды
технологиялардың комбинациясы:
- машиналық кодта жоғары өндіруші компилятор;
- құрауыштың объектілі-бағытталған үлгісі;
- қолданбаларды көрнекі тұрғызу;
- мәліметтер қорын тұрғызу үшін масштабталған орта.
Қазіргі уақытта Delphi-де мәліметтерге қатынау механизмдердің
бірнешеуі іске асырылған және кез-келген механизмге өзінің меншікті
компоненттер жиынын сәйкестіреді. Ол Delphi-дің алғашқы нұсқаларында
мәліметтер қорымен жұмыс істеудің негізі болып Borland Database Engine
(BDE) - Borland фирмасының мәліметтер қорының процессры болып табылады. Бұл
ең дамыған механизм, мұнда мәліеттер қорын құру бағдарламаның
кітапханасының күшті қоры құрылып, ол универсалды интерфейс арқылы жүзеге
асырылады. Өңдеуші жергілікті мәліметтер қорын драйверлер ретінде пайдалана
алады. Сонымен қатар серверлердің кең алынған тізімі үшін, мысалға
Interbase, Oraсle Subase, Informix, Microsoft SQL, серверлері және DB2,
ODBC драйверлері арқылы да қосылу мүмкіндіктері бар.
Курстық жұмыстың мақсаты - Borland Delphi-де мәліметтер қорын құру
принципінің теориялық негізін зерттеу және мәліметтер қорының байланысын
ұйымдастырудың технологияларының ерекшеліктерін қарастыру, Database Desktop
көмегімен мәліметтер қорын құру
Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі ақпараттық технологиялар
қарқынды дамуы кезеңінде қуатты мәліметтер қорымен жұмыс істеу қажеттілігі
мен өзектілігі артып келе жатыр. Сондықтан мәліметтер қорымен жұмыс
жасайтын бағдарламалар ішіндегі танымал нұсқаларының бірі – Borland Delphi
ортасында мәліметтер қорын ұйымдастыру, басқару, ондағы мәліметтердің өңдеу
және сақтау мамандардың пікірі бойынша тиімді. Курстық жұмыстың құрылымы:
курс жұмысы мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың
мақсаты және өзектілігі көрсетілген. Негізгі бөлімінде мәліметтер қорын
Borland Delphi-де құру принципінің теориялық негізі, мәліметтер қорының
байланысын ұйымдастыру технологиялары туралы түсініктеме қарастырылады.
Қосымшада Borland Delphi7 ортасында MS Access көмегімен кесте құру мысалы
қарастырылған.
1 ДЕРЕКТЕР МОДЕЛІ
1.1 Деректер моделі
70-80 жылдардың соңында деректер базасын басқару жүйесінің дамуы
негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір
модельдің өзінің ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді
интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар,
мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін
беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:
- Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір
категорияға қатысты болады.
- Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай
болжамдармен байланысты емес.
Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер
бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.
Жалпы айтқанда, деректер моделі - деректер құрылымы жиынтығы мен
оларды өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық,
желілік және реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір
жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық,
желілік, реляциялық.
Иерархиялық деректерді моделдеу
Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша
байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы
объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі суретте
бейнеленген. Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады:
деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні
сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың
түйіндері граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін,
жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың
ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар
(ағаш түбірі). Бағыныңқы түйіндер екінші, үшінші т.б. деңгейлерде
орналасады. Деректер базасындағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен
анықталады. Деректер базасы әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жол болады
(иерархиялық). Мысалы: 2.6.1-суретінде көрсетілгендей С4 жазбасы үшін
өтетін жол А және В3 жазбалары арқылы өтеді.
1-сурет.Иерархиялық құрылымды деректер базасының графикалық бейнеленуі
Желілік деректерді моделдеу
Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы (деңгей,
түйін, байланыс) әр элемент кез-келген басқа элементпен байланыста бола
алады. Иерархиялық модельдің жақсартылған түрі болып табылатын желілік
модель көп қолданушылық режимде құрылатын модель. Деректерді желілік ұсыну
элементарлы мәліметтер және олардың арасындағы қатынастар бағытталған желі
түрінде көрсетіледі (төбелері – мәліметтер, доғалар - қатынастар). Мысалы,
деректер базасында тапсырыстарды сақтауға арналған бір тапсырыс әртүрлі үш
байланысқа қатынаса алады.
2-сурет. Желілік құрылымды деректер базасының бейнеленуі
Реляциялық деректерді моделдеу
Иерархиялық және желілік модельдердің жетіспеушіліктері
деректердің реляциялық моделінің пайда болуына әкелді. Реляциялық модель
әрекеті деректер базасының құрылымын оңайлатты. Мұндағы барлық мәліметтер
жолдар мен бағандардан құралған қарапайым кесте түрінде көрсетілген.
Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы
жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен
байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға
ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл модельде қатынастардың және
деректерді өңдеуде реляциялық есептеулердің формальды алгебралық аппаратын
қолдану мүмкіндігі бар.
Реляциялық модель деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға
бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де,
мына қасиеттерге ие болады:
- кестенің әр элементі деректердің бір элементі;
- кестедегі бағандардың барлығы біркелкі, яғни бағандағы барлық
элементтер бір типке (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы
бірдей;
- әр бағанның өзіне тән аты бар;
- кестеде бірдей жолдар жоқ;
- кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі.
Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар мен кортеж немесе
жазба деп, ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп
аталады. Бір мәні жазбаны анықтайтын өрісті – қарапайым кілт (кілттік өріс)
деп атайды. Егер жазбалар бірнеше өрістермен анықталса, онда мұндай
кестенің құрамды кілті бар деп есептеледі. Екі реляциялық кестені
ұйымдастыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілтінің құрамына
енгізу керек (кілттер бір-бірін қайталуы мүмкін). Басқа жағдайда бірінші
кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің
кілті болады.
1.2 Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары
Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең
қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін
сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала – бұл ақпаратты өңдеуге
арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге
қолданылатын, бір – бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен
персоналдардың жиыны.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл
ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация
және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын – ала сатып алу және т.с.с.
автоматтандырылған жүйелерді қарастыруға болады.

қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен
персоналдардың жиыны. Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс
істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
✓ ақпаратты сақтау,
✓ ақпаратты енгізу және өзгерту;
✓ ақпаратты көру және іздеу;
✓ берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
✓ кез – келген формада есеп құжатын алу;
✓ ақпараттың дұрыстығын қадағалау.
АЖ – ні екі класқа бөлуге болады.
➢ Ақпаратты іздеу жүйесі – берілген іздеу критериі бойынша жалпы
жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің
өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысалы,
қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат
ғана керек.
➢ Мәліметтерді өңдеу жүйесі – мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл
жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген
ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде
барлық региондардан мәліметтер жинайтын метереология қызметінің
ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес,
олардың нәтижесі, яғни ауа – райы болжамы керек.
Ақпараттық жүйенің түрлері
Ақпараттық жүйелер келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық,
құжаттық – фактографиялық.
1. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің
(атрибуттардың) дәл мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі
идеясы – объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты – жөндері
және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК.АА.ЖЖЖЖ түрінде)
беріледі. Фактографиялық АЖ – дегі ақпараттар қатаң құрылыммен
беріледі, өйткені бұл компьютерге мәліметтерді бір – бірінен
айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе
қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап береді.
2. Құжаттық ақпараттық жүйесінде қандай да бір формалданған іздеу
аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (статьялар,
кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т.б.) мен графикалық
объектілерден құралады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап
бермейді. Жүйенің мақсаты – қолданушының сұранысына жауап
ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін
беру болып табылады. Мысалы, синергетика сөзі бар барлық
статьялардың тізімін беру.
3. Құжат – фактографиялық жүйеде аралас жүйенің мәліметтері бөлек
мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.
Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара
байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады.
Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді
маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс – АЖ – нің іргелі
түсініктері болып табылады.
➢ Объект (маңыздылық) – бұл нақты өмірде бар және бір – бірінен
айыруға болатын нәрсе, яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын
тәсілдерден тұратын нәрсені объект деп атауымызға болады. Мысалы,
әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай – ақ адам, мектептегі
сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с. бола алады. Нақты
өмірді бейнелейтін абстрактілі түсініктер де объект бола алады.
Мысалы, оқиға, өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер
және т.с.с.
➢ Атрибут (мәліметтер) – бұл объектіні сипаттайтын анықталған
көрсеткіш және бұл объектнің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді
немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект
болсын. Бұл өнімнің мәліметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және
т.с.с. бола алады.
Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде
құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат – бұл мәліметтердің
көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы,
мәтіндік файлдар компьютердің ұтымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін
құрылымсыз немесе әлсіз құрылымды ақпараттардан тұрады
2 DELPHI ОРТАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ
2.1 Жергілікті деректер базасы
Дельфидің құрамына әртүрлі жүйелердегі деректер файлдарымен жұмыс
істеу программаларын құруға мүмкіндік беретін компоненттер кіреді. dBase-
бастап Informix, Oracle-ге дейін. Сонымен қатар әртүрлі форматтағы
деректер базасының файлдарын құру мүмкіндігін беретін, Borland Database
Desktop утилитасын ұсынады.
Деректер базасының класификациясы. Деректер пайдаланылатын
программаның орналасуына байланысты, сонымен қатар деректердің бірнеше
пайдланушылар арасында бөліну әдістеріне қарай жергілікті және қашықтағы
деректер базасы болып бөлінеді.
Жергілікті деректер базасының (деректер файлдары) деректері бір
құрылғыда болады, яғни компьютер дискісінде немесе желілік дискіде.
Бірнеше пайданушылар арасында деректерді таратуды (деректерге жетуді)
қамтамасыз ету үшін, яғни бір немесе бірнеше компьютерлерде жұмыс істеп
тұрған программа, жергілікті деректер базасында файлдарды блокировкалау
деп аталатын әдісті қолданады.
Бұл әдістің негізі мынада, әзір деректерді бір пайдаланушы пайдаланып
жатқанда, басқа пайданушы бұл деректерді пайдалана алмайды, яғни ол үшін
деректер жабық.
Қашықтағы деректер базасының деректері файлдары қашықтағы компьютерде
орналасады. Қашықтағы деректер базасымен жұмыс істеу программасы екі
бөліктен тұрады: клиенттік және серверлік. Пайдаланушы компьютерінде жұмыс
істеп тұрған программаның клиенттік бөлігі, программаның серверлік
бөлігімен өзара қарым қатынасты ұйымдастырады, қашықтағы компьютерге
жіберілетін сұраныстар көмегімен деректерге жетуді қамтамасыз етеді.
Қашықтағы компьютерде орналасқан программаның серверлік бөлігі,
сұраныстарды қабылдайды, оларды орындайды және деректерді клиенттік
программаларға жібереді. Сұраныс бұл SQL (Құрылымды сұрыныстар тілі-Язык
структурированных запросов) тіліндегі командалар. Қашықтағы серверде жұмыс
істеп тұрған программа, бірнеше пайдаланушыға бір уақытта ақпаратқа жетуді
қамтамасыз етеді. Файлдарды блокировкалау механизмінің орнына, транзакция
механизмін пайдаланады.
Транзакция – тасымалданар алдында, деректерге міндетті түрде орындалуы
керек, қандай да бір әрекеттер тізбегі. Кез келген әрекет орныдалу
барысында қате табылса барлық әрекеттер тізбегі қайта қайталанады.Сонымен
транзакция механизмі аппараттарды сбойыдан қорғауды қамтамасыз етеді.
Деректерге көппайдаланушылық жетуді қамтамасыз етеді.
2.2 Delphi ортасында деректер базасын құру және басқару
Delphi ортасында әртүрлі деректер базасын құруға болады. Деректер
базасы құрылымының қиындығына қарамастан, мәліметтермен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін негізгі механизм бар. Ол компоненттер триадасынан тұрады.
Бұл компоненттер мыналар:
• Мәліметтерді енгізу компоненттері (Ttable, TQuery)
• DataSource компоненті
Мәліметтерді енгізу компоненттері DataAccess бетінде орналасқан. Ал
мәліметтерді көрсету компоненттері DataControls бетінде орналасқан.
Қарапайым Деректер базасын құрудың күрделі Деректер базасын құрудан
өзгешелігі шамалы. Формаға бірнеше компонентті қойып, олардың қажетті
қасиеттерін өзгертсек, жұмыс істеп тұрған деректер базасын аламыз.
Мәліметтерді енгізу компоненттері мен көрсету компоненттерінің
арасындағы байланысты қамтамасыз ететін DataSourse компоненті. Бұл
компоненттердің деректер базасындағы өзара байланысын қарастырсақ:
Қосымша мен деректер базасының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін
BDE болып табылады. Процессорда сұраныстарды деректер базасына жіберетін
драйвер орнатылған, сонымен қатар BDE –де деректер базасының псевдонимі
тіркелген болуы керек. Ол деректер базасының файлдары қай жерде
орналасқандығын және пайдаланатын драйвердің типін анықтайды.
Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі
Қосымша Ttable – мен байланысатын компоненттер мәліметтермен жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін компоненттер болып табылады. Олар мәліметтерді
инкапсуляциялайды және әртүрлі операцияларды орындау үшін BDE функцияларына
жүгінеді. Мұндай компоненттердің санына шектеу қойылмайды.
TdataSource компонентінің тағы бір функциясы болып мәліметтерді енгізу
және көрсету компоненттерінің жұмысын синхронациялау болып табылады.
Мысалы, егер енгізу компоненттері тек оқу үшін (только для чтения)
режимінде жұмыс істесе TdataSource мәліметтерді көрсету компоненттеріне
мәліметтерді өзгертуге тиым салады. Бір ғана dataSource компонентімен
бірнеше көрсету компоненттері байланыста болуы мүмкін. Бұл компоненттер
мәліметтерді көрсету процесін басқарады.
Енгізілген мәліметтерді ашқан кезде деректер базасының қажетті
кестесінің жолдарын енгізілген мәліметтерге жібереді. Меңзер бірінші жолға
орналасады.
Пайдаланушы мәліметтерді көрсету компоненттері көмегімен мәліметтерді
көру және өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Өзгертулер алдымен TdataSource
компонентіне, содан кейін деректер базасына жіберіледі.
Деректер базасы қосымшаның жалпы жұмысын қарастырғаннан кейін қосымша
құруды кезеңдерге бөліп қарастырайық.
Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері деректер базасының негізі
болып табылады. Жұмыс барысында бұл компоненттермен тығыз байланыста
болады. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері визуалды емес, яғни
программаның жұмыс істеу барысында олар көрінбейді.
Деректер базасында пайдаланушымен байланыс жасау үшін форма
пайдаланылады.
Жаңа форма құрып алған соң мәліметтерді көрсету компоненттерін формаға
тасып мынадай әрекеттер жасау керек:
Деректер базасын компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер
инспекторындағы Database қасиетін пайдаланамыз. Бұл жерде BDE – де
тіркелген деректер базасының псевдонимін көрсету керек. Псевдонимді
ашылатын тізімнен таңдап алуға болады.
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру. Ол үшін
объектілер инспекторы терезесіндегі TableName қасиеті пайдаланылады.
Бірінші кезеңді орындағаннан кейін берілген деректер базасының барлық
кестелері тізімде көрінуі керек. Бұл тізімнің құрамы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz