Геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру: аспаптар мен бағдарламалық қамтамасыз ету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы : Геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру

Дайындаған: Несіпханов М. А.

Тобы: ГК-507

Тексерген: Дукенбаев Д. К.

Семей, 2018 жыл

Қазіргі кезде өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында, мәліметтерді автоматты өңдеу қолданылады. Деректерді автоматты өңдеу артықшылықтары іс жүзінде іске асып, деректерді қолмен өңдеу өте сирек кездеседі.

Автоматтандыру тиімділігі - өңдеу жылдамдығын арттыру және кез келген қатенің пайда болу ықтималдығын азайту арқылы жоғарылатылады. Сонымен қатар, автоматтандыру барысында еңбек өнімділігі жоғарылайды, әкімшіліктің шығындары азаяды. Себебі, ақпараттың қайта қайталанбауы - қызметкерлердің өз жұмысын жылдам орындауына әкеледі. Автоматтандыруды енгізу барысында тура әсерден басқа, жанама әсерлер де бар: жұмыс сапасы артып, қызметкерлердің квалификациясы мен өндіріс мәдениеті жоғарылайды.

Автоматтандыру жүйесіне сонымен қатар, топографиялық-геодезиялық жұмыстар мен картографиялық материалдарды цифрлау құрылғылары кіреді. Бұлар жүйенің деректер қорына енгізу үшін жер учаскелерінің цифрлық сипаттамаларын алу мен өңдеуді қамтамасыз етеді.

Жерге орналастыру ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесі құрамында: далалық өлшеу материалдарын өңдеу жөніндегі программалық кешен, мәліметтерді енгізудің автоматтандырылған құралдары (электронды геодезиялық қондырғылар жадысынан), графикалық ақпаратты енгізу құралдары (сканер), графиктер мен автоматтандырылған сызуды өңдеу программалары, графикалық және мәтіндік ақпаратты шығару құрылғылары (принтер, плоттер) бар.

Автоматтандыру құралдарын жасау, программистің міндеті болып табылды. Сондықтан, геодезиялық есептеулерді автоматтандыру құралдарын жасау үшін геодезист программист дағдысына ие болуы керек немесе геодезиялық-программист немесе программист пен геодезист бірге жұмыс істеуі керек. Бұл программистке геодезист басшылығымен автоматтандыру үшін жұмысқа қабілетті программа жасауға мүмкіндік берді. Бірақ сол кезде мұндай программалар бәрібір әмбебап болған жоқ . Сондықтан, сол уақытта мұндай жасалымдар кең таралмады. Программамен тиімді жұмыс істеу үшін оны «ішінен» білу керек болды, бұл өте қолайсыз болды.

Уақыт өткен сайын жағдай біртіндеп жақсара берді. Жеке компьютерлер рыногында рс платформасы біртіндеп бастапқы орынды жаулап алды. Бірақ осы кезге дейін көбісі бұған келіспейді. Есептеуіш қуаттылығы бірнеше есе артты, ол біртіндеп қолайлы, әрі жалпыға белгілі «графикалық интерфейс» - пайдаланушы мен программаның өзара әрекетінің түсінікті ортасын жасауға мүмкіндік берді.

Автоматтандырудың екі тәсілі бар - геодезиялық есептеулерді автоматтандыру мақсатында геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) арнайы программалық қамтамасыз ету және әмбебап құралдарды (электрондық кестелерді) пайдалану. Сондықтан есептеулерді автоматтандырудың қандай да бір құралдарын жасау үшін программалық қамтамасыз етуді таңдаған кезде, осы екі тәсілдің бірін алу керек.

Арнайы программалық қамтамасыз ету - пайдалану есептеулерін автоматтандырудың жаңа құралдарын жасау болып саналмайды. Себебі бұл программалық қамтамасыз ету шешуге қажет мәселені орындау үшін пішіндеу құралы болып табылады. Демек, өлшеу нәтижелерін өңдеу алгоритмдерін жасау қажет емес, бірақ нақты бір мәселені шешу үшін басында програмист салған жүйе мүмкіндігін дұрыс пайдаланған жөн.

Мамандандырылған ГАЖ-нің көбісі басында тар шеңбердегі мәселелерді шешуге арналғандықтан, ұлғайту қиын. Сондықтан осы мәселені шешу - берілген ГАЖ мүмкіндігі шеңберінде болса, оны пайдаланып мәселені оңай шешуге болады. Егер басында ГАЖ мәселенің осындай типімен жұмыс істеу үшін жасалмаса, осы жүйені пайдаланып мәселені шешу қиындық туғызады. Мысалы, бедер құрылымын зерттеуге және үлгілеуге арналған ГАЖ едәуір кҥрделі болады. Құрылыс геодезиясы өлшеулерінің нәтижелерін, өңдеу саласындағы мәселелерді шешуге бейімдеу керек.

Электрондық кесте типті әмбебап құралдарды пайдалану кезінде мұндай проблемалар туындамайды. Себебі бұл жағдайда, жұмыстың барлық алгоритмдері «нөлден» басталады. Ол автоматтандыру бойынша пайда болған мәселелерді шешуге ең жақсы бейімделуді қамтамасыз етеді, бірақ басқа сипатты проблемалар туындайды. Себебі, есептеулерді автоматтандырудың сапалы құралдарын жасау - кейде көп уақыт алатын, көп еңбек сіңіруді керек ететін процесс. Осындай типті есептеу жұмыстардың жеткілікті үлкен көлемі кезінде оның орны өтеледі, ал жеке мәселені шешу кезінде кейде керек нәтижелерді қолдан есептеу тез болады.

Сондықтан әртүрлі геоақпараттық жүйелердің мүмкіндігін нақты бір мәселені шешу кезінде, олардың нақты біреуін пайдалану керек. Егер олардың ішінде қажетті болмаса, кеткен уақыт тұрғысынан ақталатын болса, онда құралды қолдан жасау қажет.

Мамандандырылған ГАЖ-ды пайдалану, камеральды өңдеу процесінде есептеулер жүргізуге қажет уақытты қысқартып, есептеулердің сенімділігі мен қатесіз болуын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық геодезиялық аспаптардың пайда болуы, әртүрлі мақсаттағы топографиялық түсірулерді орындаған кезде далалық жұмыс әдістемелерін едәуір өзгерту мүмкіндігіне әсер етті. Электрондық тахеометрлер мен жер серіктік геодезиялық жүйелер, жұмыстардың көптеген түрлері үшін өлшеулердің талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы аспаптардың ажыратылмайтын бөлігі, өлшеулерді тіркеуге арналған құрылғылар болып табылады. Бұл өлшеу нәтижелерін далалық журналға жазудан толық бас тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан, деректер сәйкес программалық жасауды қолданбай өңделетін болса, далада деректерді автоматты тіркеудің мәні жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік құрылыстарды салудағы инженерлік-геодезиялық қамтамасыз ету: тірек тораптары, аспаптар және бөлу жұмыстары
Сессия қорытындыларын автоматтандыру жүйесін әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз ету
Түркістандағы инженерлік желілерді жобалау мен салуды геодезиялық қамтамасыз ету
Құрылыс конструкцияларын қазіргі заманғы геодезиялық аспаптармен қамтамасыз ету
Ұялы телефон дүкенінің құжат айналымын автоматтандыру ақпараттық жүйесін құру және бағдарламалық қамтамасыз ету
Керамикалық кірпіш өндірісінің технологиялық процесін автоматтандыру: жүйені жобалау және бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету
Семей қаласындағы спорттық сауықтыру кешенін геодезиялық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелерді жобалау технологиялары
Геодезиялық аспаптар: аэрофотоаппараттар, нивелирлер және теодолиттер
Георадиолокациялық сигналдарды көрнекілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz