Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы


Жоспар
I. Кіріспе
Озоносфера-туралы түсінік
II. Негізгі бөлім
2. 1. Озон тесігі
2. 2. Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы.
2. 3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі Монреаль хаттамасы.
III. Қорытынды
Озон қабатының алдын алу шаралары
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Озоносфера-туралы түсінік
Атмосфера-ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологияллық процестердің жүруінің шарты және метерологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекеленегн компоненттерінің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайтын.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыру, басқа сферамен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Адам атмосфераны әр түрлі параметрлеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру электромагниттік және тағы басқасы әсер ететін,
Атмосфераның озон мәселесі адам қызметтеріне қатысты өзара байланысы екі аспектісі бар; жоғаы қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.
Озоносфера, озон қабаты (гр. ozon - аңқығыш және sphaіra - шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 - 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20 - 25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің Күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.
Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.
Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда -18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06мг/м. Озонның мөлшері санаметрмен немесе Дапсон бірлігімен есептеледі. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелердің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.
2. 1. Озон тесігі
Озон жыртығы, озон тесігі - озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам) . Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға) . Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасы қабылданған. Озон жыртығы алғаш рет 1985 ж. ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған.
2. 2. Озон қабатының жұқаруы мен ластануы
Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0, 29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді. Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды. Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады:
ұшақтардың шығаратын газдары;
змырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.
Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0, 3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т. с. с.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшері кемуі байқалады. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему үш пайызды құрайды. Мәліметтер бойынша озонның бір пайызға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін бес-жеті пайызға арттырады.
Озонның көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған . Мұнда соңғы отыз жылда озонның мөлшері қырық-елу пайызға кеміген. Озонның концентрациясы кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті озон тесіктері деп атайды. Тесіктің көлемі жылына төрт пайызға артып отыр. Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады. Озон тесігінің пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш реи осы ғасырдың сексенінші жылдары байқалған. Аз уақыттық бақылу қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып табылады. Бұл хлорфтар-көміртектер бөлме темпеоатурасында қайнайды. Олар тоңазтқыш құрылғыларда, әр түрлі -газ ретінде қолданылады. Қазіргі кездегі фреондардың мөлшерін кеміту және болашаққа өндіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген мемелекетер фреондардың өндірісін елу пайыз кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылданды. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байлынысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдерде АҚШ, Ұлыбритания, Франция фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофтардың алмастыруда, Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлңнңп шығуына әкеледі. Ал көктемгі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады. Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіріледі. Соңғы жылдары ғалымдар озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның тарлуыа әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иыстерді, кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ, жоғары концентрацияда күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофиллді бұзады.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады.
XIX ғасырдың сексенінші жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалды. Мәселен, 1987-шы жылы Антарктида тұсында байалып озонның мөлшері күрт азайып, ол жеті млн км 2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған. Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, космостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
. Озон қабатын қорғау жөнiндегi өкiлдер конференциясын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi Бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы-директоры ЮНЕП Басқарушыларының кеңесi 1984 жылғы 28 мамырда қабылданған 12/14 шешiмiнiң 1 бөлiмiнiң 4 тармағын атқару мақсатында шақырған болатын.
2. Конференция 1985 жылғы 18-22 наурызда Венаның , Вена, Австрия Республикасы үкiметiнiң тарапынанкөрсетiлген қолдау арқылы өттi.
Осы Конвенцияның тараптары, Озон қабаты өзгеруiнiң адамның денсаулығы мен айналадағы ортағаықтимал қатерлi ықпалын түсiнiп, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының адамның айналасындағы ортаның проблемалары жөнiндегi Конференциясы Декларациясының тиiстi қағидаларына, атап айтқанда, "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық хұқық принциптерiне сәйкес мемлекеттердiң өз меншiктi ресурстарын айналадағы ортаға байланысты өзiнiң саясатына сай игеруге егемендi хұқығы бар және өздерiнiң Заңды иелiгi немесе бақылауының шегiндегi қызметтiң басқа мемлекеттердiң немесе ұлттық заңды иелiгiнiң күшi жүретiн жерден тысқары аймақтардағы айналадағы ортаға залалын тигiзбеуiн қамтамасыз ету үшiн жауап бередi" - деп баяндайтын 21 принципiне сiлтеме жасап, дамушы елдердiң жағдаяттары мен айырықша қажеттiлiктерiн назарға алып, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ ұлттық ұйымдар жүргiзiлiп отырған жұмыс пен зерттеулердi, әрi, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi бағдарламасының озон қабаты жайындағы iс-қимылдың бүкiл дүниежүзiлiк жоспарын ескерiп,
сондай-ақ қазiрдiң өзiнде ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған озон қабатын қорғау жөнiндегi сақтану шараларын ескерiп, озон қабатын адам қызметiнiң салдарынан болатын өзгерiстерден қорғау жөнiндегi шаралардың халықаралық ынтымақтастықтығылыми-техникалық пайымдауларға негiзделуге тиiс екенiн түсiнiп сондай-ақ озон қабаты туралы, әрi оның ахуалының өзгеруiнiңықтимал терiс зардаптары туралы қосымша ғылыми мағлұматтар алу үшiнбұдан былай да зерттеулер мен үздiксiз байқаулар жүргiзу керек екенiнтүсiнiп, адамдардың денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатыныңжағдайындағы өзгерiстердiң қолайсыз ықпалынан қорғауға бекем белбайлап.
Осы Конвенциядағы:
1. "Озон қабаты" планетаның шекаралас қабатындағы атмосфералықозон қабатын бiлдiредi.
2. "Қолайсыз ықпал" физикалық ортадағы немесе тiршiлiктегi өзгерiстердi бiлдiредi, бұған адамның денсаулығы үшiн немесе табиғи және реттелмелi экожүйелердiң қалпына келтiрушi қабiлетiнiң немесе өнiмдiлiгiнiң құрамы үшiн немесе адам пайдаланатын материалдар үшiн едәуiр зиянды залалы бар климаттағы өзгерiстер қосылады.
3. "Баламалық технологиялар немесе жабдық" озон қабатына қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауға қабiлеттi заттардың тасталуын азайтуға немесе мүлде жоюға мүмкiндiк беретiн технологиялар немесе жабдықты бiлдiредi.
4. "Баламалық заттар" озон қабатына қолайсыз ықпалды азайтатын, жоятын немесе болдырмайтын заттарды бiлдiредi.
5. Бас әрiппен жазылған "Тараптар", егер мәнiнде басқаша айтылмаған болса, осы Конвенцияның Тараптарын бiлдiредi.
6. "Экономикалық ынтымақ жөнiндегi аймақтық ұйым" осы аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, әрi осы Конвенциямен және оған қосылған хаттамалармен реттелетiн мәселелерде құзырлығы бар, әрi оның iшкi ресiмдерiне сәйкес тиiстi құжаттарға қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға немесе соларға қосылуға лайықты өкiлдiгi бар ұйымды бiлдiредi.
7. "Хаттамалар" осы Конвенцияға берiлген хаттамаларды бiлдiредi.
Ортақ мiндеттемелер
1. Тараптар адам денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жәйiн өзгертетiн немесе өзгертуге қабiлеттi адам қызметiнiң салдарынан болатын немесе болуы ықтимал қолайсыз зардаптарынан қорғау үшiн осы Конвенцияның және өздерi қатысушылар болып отырған қолданылып жүрген хаттамалардың қағидаларына сәйкес тиiстi шаралар қабылдайды.
2. Осы мақсатпен Тараптар қолдарындағы құралдармен және өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
а) адам қызметiнiң озон қабатына ықпалын және озон қабаты жәйiнiң өзгеруiнiң адам денсаулығы мен айналадағы ортаға жасайтын залалын тереңiрек пайымдап, бағамдау үшiн жүйелi байқаулар, зерттеулер жүргiзу және ақпараттар алмасу жолымен ынтымақтасады;
b) мұндай қызмет озон қабатының жағдайын өзгертiп немесе өзгерту мүмкiндiгiн туғызып, қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауы мүмкiн екенi анықталған болса, өздерiнiң заңдық аясын немесе бақылауына жататын адам қызметiн бақылау, шектеу, қысқарту немесе оған жол бермеу үшiн заң немесе әкiмшiлiк шараларын қабылдайды және тиiстi бағдарламалық шараларды келiсiп алу үшiн ынтымақтасады;
с) хаттамалар мен қосымшалар қабылдау мақсатында осы Конвенцияны орындау үшiн келiсiп шаралар, ресiмдер мен стандарттар әзiрлеу үшiн ынтымақтасады;
d) Конвенцияны және өздерi қатысушылары болып отырғанхаттамаларды тиiмдi орындау мақсатында құзырлы халықаралық органдармен (ынтымақтасады.
3. Осы Конвенцияның қағидаларды қайткенде де хұқыққа сәйкес жоғарыдағы 1 және 2 тармақтарда көзделгеншараларға қосымша мемлекеттiк iшкi шаралар қабылдау құқығына қатыстыболмайды; бұлар сондай-ақ мұндай шаралар осы Конвенцияның шеңберiндегi
олардың мiндеттемелерiмен қабысатындай Тараптар қабылдап қойғанқосымша мемлекеттiк iшкi шараларға қатысты болмайды.
4. Осы бапты қолдану тиiстi ғылыми-техникалық .
Зерттеулер және жүйелi байқаулар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz