Сұйытылған мұнай газы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Отынның түрлері 4
1.1 Қатты отын 4
1.2 Сұйық отын 7
1.3 Газ тәрізді отын 12
2 Биоотын алу 14
2.1 Отын ретінде этанолды алу 16
3 Биологиялық отын саласының дамуы 17
3.1 Сұйық биологиялық отын 17
3.2 Қатты биологиялық отын 18
4 Отынды тиімді пайдалану 19
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21
Қосымшалар 22

Кіріспе

Отын - табиғи немесе жасанды түрде алынатын,жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. Отын агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тектес үш топқа бөлінеді. Тегіне қарай: табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отын табиғи заттырды өңдеу нәтижесінде алынады.
Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланцтер (тақтатастар), торф, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.
Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т.б. жатады.
Болашақта сутек пен метанол, этанол, өсімдік майлары, органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына енеді. Өнеркәсіптің қай саласыда болсын, отынның маңызы зор. Отынның жану жылуы - 1 кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төменгі жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін судың, сондай-ақ, оның құрамындағыылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28-34 МДжкг, бензиндікі 44 МДжкг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төменгі жану жылулығы 31-38 МДжм3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төменгі жану жылулығы 29,3 МДжкг (қосымша А). Отынның құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, жылу бөлу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Қатты отынды химиялық өңдеудің мынадай әдістері бар: пиролиз, газдандыру (газификациялау), гидрогендеу және кокстеу.
Техниканың жаңа салаларының дамуына байланысты отын термині кең мағынада қолданылады, ол энергия көзі болып табылатын барлық материалдарға да (ядролық отын, зымырандық отын) қатысты айтылады.
1 Отынның түрлері

Тұтынушыға байланысты отын энергетикалық (қайраттық) және тәсілдемелік (технологиялық) деп бөлінеді. ЖЭС-да пайдаланатын отын энергетикалық отын деп аталынады. Металлургияда, химиялық, құрылыс жадығат (материал) өнеркәсіптерінде және т.б. тұтынатын отын тәсілдемелік отын деп аталынады. Тәсілдемелік отынның сапасы қайраттық отынға қарағанда әдетте жоғары болады. Қайраттық отынның негізгі түрлері: қатты отын: тас және қоңыр көмірлер және олардың өңдеу қалдықтары, сұйық отын: мазут, газ тәрізді отын - табиғи газ.

1.1 Қатты отын
Қатты отын - негізгі құрамдас бөлігі көміртегі болып табылатын жанғыш заттар. Қатты отынға жататындар: тас көмір және қоңыр көмір, жанғыш тақта тастар, шымтезек және ағаш. Отынның қасиеті едәуір дәрежеде оның химиялық құрамы, яғни көміртегі, сутегі, оттегі, азот және күкірт арқылы анықталады. Өңдеу тәсіліне байланысты қатты отын екіге бөлінеді: табиғи және тазаланған.
Ағаш 99%-ға органикалық заттардан тұрады. Іс жүзінде түрлі ағаштардың химиялық құрамы бірдей. Мүлдем құрғақ ағаш құрамында орташа есеппен 49% көміртегі, 44% оттегі, 6% сутегі тотығы, 0,1-0,3% азот болады. Жағу кезінде сүрек қалады, оның бейорганикалық бөлігі - күл. Күлдің құрамына кальций, калий, натрий, магний және басқа да элементтер кіреді. Аталған химиялық элементтер негізгі органикалық заттар: целлюлоза, лигнин және гемицеллюлозаны құрайды.
Жанғыш тақтатас - органикалық және минералдық заттардан тұратын жұқа қабатты шөгінді тау жынысы. Су қоймаларының (көл, теңіз, т.б.) түбінде мақтаға ұқсас серне (коллоид) түрінде шөккен органикалық заттар нығыздалып минералдық заттармен араласады. Нәтижесінде, аумағы мыңдаған км²-ге жететін Жанғыш тақтатас түзіледі. Құрамындағы органикалық заттарда көміртек (56-82%), сутек (6,8-11,5%), азот (5%-ға дейін), күкірт (1,5-9%) және оттек болады. Түсі қоңыр, сарғыш қоңыр, сұрғылт. Нақышы жапырақты немесе шомбал. Термиялық өңдеу тәсіліне және органикалық заттардың (керогеннің) құрамына қарай Жанғыш тақтатастан әр түрлі заттар алынады. 200-350°С-қа дейін қызған кероген балқыма күйде болады. Оның құрамындағы заттарды еріткіштердің көмегімен ажыратады. Термобитумды 450°С-қа дейін қыздырса, ол ыдырап су, газ және шайыр бөлініп шығады: температурасы көтерілген сайын шайырдан метан мен сутек бөлінеді. Жанғыш тақтатас отын, энергетикалық, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады, олардан түрлі битумдар, фармацевтик. шикізат, резина жұмсартқыштарын, зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын улы заттар, т.б. өндіріледі. Жанғыш тақтатасдың күлі аса бағалы тұтқыр зат ретінде құрылыс кірпішін және жылу өткізбейтін материал жасауда пайдаланылады. Қазақстанда Алтайда (Кендірлік), Сарыарқада, Каспий маңында Жанғыш тақтатастың кендері бар.
Шымтезек - ауаның шектелген (күйдірудің бастапқы кезеңі) және жоғары ылғал жағдайындағы қатып қалған өсімдіктің ішінара бөліну нәтижесінде құрылған қатты отынды білдіреді. Оған торфтың отын ретінде пайдаланылатын бөлшегі ғана жатады. Өсімдік қалдықтарының топыраққа, сазға кәмілуінен тығыздалып пайда болған қоңырқай, кейде сарғыш құреңдеу келетін тау жынысы. Торф отқа жақсы жанады, сондықтан оны шымтезек деп те атайды. Каттылығы 1, меншікті салмағы 1,05 кг. Мұның арасында өсімдік қалдықтары да (шәптің, ағаштың сабақтары, тамырлары т. б.) көп болады жә-не олар кезге айқын көрініп тұрады. Торф ішіндегі көміртек орта есеппен алғанда 60% шамасында. Ағаштағы көміртек 50%, демек, торф көміртекке 10%-дай байыған әрі тазарған. Шыққан өсімдіктерінің түріне қарай торф орман торфы, шабындық торфы, мүк торфы деп бірнеше түрлерге айрылады. Торф - жас жағынан алғанда геологиялық дәуірдің ең кейінгі шөгіндісі. Торф кені Ленинград, Москва облыстарында, Сибирьде, Киыр Шығыста т.б. жерлерде бар.
Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі - негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92-1,7 гсм3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1-3 аралығында (қосымша В). Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.
Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір - бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.
Кесекшелі отын - тас көмірлі кесекшелердің басқа де белгіленуін білдіреді. Кесекшелеу үдерісінде көмірдің ұсақ бөліктері қатты қысым мен байланыстырушы заттардың қосылуымен температураның әсерінен кесекшелердің дұрыс қалпына күйе жентектеледі.
Қоңыр көмір кесекшелері - лигниттен дайындалады, ол ұсақтау мен құрғатудан кейін байланыстырушы заттарды қосусыз, жоғарғы қысымның әсерінен дұрыс қалыптағы кесекшелерді құрай отырып күйежентектеледі.
Шымтезек кесекшелері - шикі торфтан дайындалады, біріктіретін заттарды қосқаннан кейін немесе оларсыз, сондай-ақ кептіруден кейін жоғары қысымда дұрыс формалы брикеттер құрып біріктіріледі.
Кокс - көмірді немесе мұнайлы шикізаттарды кокстеу арқылы алынатын жасанды қатты отын. Кокс - ауа жіберілуі толық болмаған кезде (карбондау) көмірді немесе лигнитті құрғақ айдау жолымен алынған қатты қалдықты білдіреді. Тас көмір коксін пайдалану 18 ғ-дан белгілі. Алғаш рет Кокспен шойын балқыту 1735 жылы Ұлыбританияда іске асырылды, ал алғашқы жабық камералы Кокс пештері 19 ғасырдың 30-жылдарында өндіріске енгізілді. Кокстың екі түрі бар: газды кокс - газ зауыттарында жасанды газды өндіру үшін қолданатын көмірді қайта өңдеу нәтижесіндегі жанама өнім және пештік кокске оған тас көмірден алынған кокстың басқа да барлық түрлері жатады. Тас көмірді кокстеудің кең тараған әдісі - 3 мм-ге дейін ұсақталған тас көмір түйірлерін 900-1050°С-та ауасыз қыздыру арқылы алу. Ал мұнай қалдықтарынан коксті ауа қатыстырмай жабық ыдыста 4-5 атмосфералық қысымда және 450-500°С температурада қыздырып өңдеу арқылы алады. Өндірісте процесс екі тәсілмен жүргізіледі: қыздырылмайтын реакторларда баяу кокстеу және көлденең орнатылған қыздырылған кубты қондырғыларда кокстеу. Кокс алуға жарамды мұнайлы қалдықтарға: айдау қондырғыларынан шыққан мазут пенгудрон, термиялық крекинг қалдықтары, пиролиз шайыры, катализдік крекингтің ауыр газойльдері және мұнай-битумды жыныстар жатады. Кокстің тығыздығы 1,4-1,5 гсм3, оның құрамындағы көміртектің мөлшері 96%-ке жетеді. Коксте сондай-ақ, күкірт және металдар жинақталады. Құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша Кокс аз күкіртті (1,5%-ке дейін), күкіртті (1,5-4,0%) және көп күкіртті (4%-тен көп) болып бөлінеді. Кокс металлургияда тотықсыздандырғыш және отын ретінде, электродтар, алюминий, фосфор,кремний, ферроқұймалар, т.б. материалдар өндірісінде, авиация және ракета техникасында, электр және радиотехникада, ядролық энергетикада кең қолданылады. Қазақстанда Кокс Испат-Кармет бірлескен кәсіпорнында (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) өндіріледі.
Көмірден алынған кокс - көмірден алынған брикеттерден карбондау жолы арқылы алынатын қатты өнімді білдіреді.
Ыстық тақта тас - құрамында органикалық заттар (кероген) жоғары болатын тұнбалы жыныс, ол шикі мұнайға немесе қыздыру жолымен газға айналуы мүмкін.
Битуминозды құмдар - қыздыру немесе басқа да бөлу процестері кезінде мұнайды бөліп шығаруға қабілетті, құрамында жоғары шайырлы көміртектер болатын құм немесе құм тастарды (битумдар) білдіреді. Сонымен қатар қарапайым әдістермен коммерциялық өндіруге, яғни табиғи фонтандау немесе айдау арқылы өндіруге мүмкіндік бермейтін, тығыздығы және тұтқырлығы жоғары шикі мұнай мен қалың тұтқырлы мұнай өнімдері қосылған. Олар табиғи жағдайда ақпайтын болғандықтан, яғни олар қанықтыратын, қатты жыныстардан арылуы керек, арнайы әдіспен, мысалға қыздыру арқылы. Шикі мұнайдың ауыр түрлері қатты отын санаттарына жатқызылған. Шикі мұнай мен битумдар арасындағы айырмашылықтарын анықтау факторларының бірі ретінде тұтқырлық қолданылуы керек. Аса ауыр шикі мұнай, ауыр шикі мұнай және басқа да мұнай түрлерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін тығыздық ескерілуі керек.
Битумдардың 10000 сантипуаздан асатын тұтқырлығы бар. Шикі мұнайдың әр түрлі түрлерінің 10000-ға сантипуазға тең немесе одан кем тұтқырлығы бар. Бұл тұтқырлық шамалары газдың және мұнай қабатының бастапқы температурасының болмаған кезде орындалатын өлшемге жатқызылады.
Шикі мұнайдың аса ауыр түрлерінің тығыздығы 1000 кгм3 жоғары. Шикі мұнайдың аса ауыр түрлері 934-ден 1000 кгм3 дейін қоса тығыздықтары болады. Бұл тығыздықтар 15,6ºС және атмосфералық қысымда өлшенеді.

1.2 Сұйық отын
Сұйық отын - іштен жану қозғалтқыштарында (автомобиль, танк, авиация, ракета т. б.) қоспасы бар органикалық заттар, қолданылатын отын ретінде отын. Ең көп таралған түрі сұйық отын мұнай өнімдері: керосин, бензин, мырыш, сондай-ақ көмірсугектер және басқа да спирттер.Элемениарлы жану отын, жанғыш құрамдар мен отын құрамының, жиынтық баланс реакция кейін, материалды, үлгідегі барлық болады. Сұйық анықтау жолымен есептеу шамаларын процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85%-ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын - 1 тонна мұнай 3 тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір Қара алтын деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
Шикі мұнай - бұл түсі сарыдан қараға дейін, әр түрлі үлес салмағы және тұтқырлығы бар, табиғи көміртек қоспасынан құрылған минералдық май. Бұл санатқа битуминозды материалдардан (тақта тастан, битуминозды құмнан және т.б.) алынған шикі минералды мұнай өнімдері қосылған. Шикі мұнай бойынша деректерге сепараторлы қондырғыларда газ тәрізді көміртектерден бөлінетін ілеспе (газ) конденсаты қосылған.
Спиртке әдетте оған отын ретінде пайдаланылатын этанолды (этил спирті) және метанолды (метил спирті) жатқызады. Этанолды қанттан, крахмалдан және целлюлозадан алуға болады, ол негізінен транспортта пайдаланылады (таза немесе бензинмен қоспа күйінде). Метанол сүректен, ауылшаруашылық дақылдардан, шөптен және т.б. өндірілуі және қозғалтқыштарда іштей жану үшін қолданылуы мүмкін.
Табиғи газдан алынған сұйық заттар - табиғи газды өндіру, тазалау және тұрақтандыру кезінде алынатын сұйық немесе сұйытылған көміртектерді білдіреді. Олардың бутан, пропаннан бастап және ауыр дизельді отындардан аяқтап әр түрлі мінездемелері бар. Бұл санатқа: кәсіптік газдардан жасалған бензин, сұйытылған мұнай газы (ТМД) немесе зауыт конденсаты қосылған.
Зауыт конденсаты - табиғи газды қайта өңдеу үшін зауыттарда дымқыл табиғи газдан жасалған қоюландырылған сұйық көміртектерден алынады. Ол мұнай өңдейтін зауыттарда бастапқы өнім ретінде пайдаланылады.
Кәсіптік газдардан жасалған бензин - дымқыл табиғи газдан, соның ішінде шикі мұнаймен бірге алынған жеңіл бензинді білдіреді. Ол мұнай өңдейтін және мұнай-химиялық зауыттарда бастапқы өнім ретінде, сонымен қатар ары қарай өңдеусіз автокөлік бензинімен тікелей араластыру үшін пайдаланылады.
Авиациялық бензин - октандық саны 80-145 RON (зерттеу октандық саны) және -60ºС-ге тең мұздату температурасы бар авиациялық поршеньді қозғалқыштарда қолдану үшін арнайы дайындалған автомобиль бензинін білдіреді.
Автомобиль бензині - авиациялыққа қарағанда еріксіз (ұшқынмен) тұтанатын қозғалтқыштарда пайдаланылатын жеңіл көміртекті отын. Ол 35-200ºС температурада айдалады және осылайша, әдетте 80-100 RON құрайтын, жеткілікті деңгейдегі жоғары октандық санды алу үшін өңделеді. Өңдеу риформинг жолымен, қандай да бір ароматикалық фракцияларды араластыру немесе бензолды не басқа да тұнбаларды қосу (мысалы, тетраэтильді қорғасын) жолымен өндіріледі. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға - бензин және керосин типтегі отындар жатады. Бензин типіндегі реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға 100-250ºС температурада айдалатын, мұның өзінде 143ºС температурада ең аз шамамен көлемнің 20% айдалатын, авиациялық газтурбиналы қозғалтқыштарда қолдануға арналған жеңіл көміртекті отынның барлық маркалары кіреді. Олар көлемдегі хош иісті көміртектердің құрамы 25% аспайтындай, керосинді және бензинді немесе лигроинді араластыру арқылы табылады. Қосымша қату температурасын -580ºС төмендету үшін және будың серпімділік деңгейін Рейд бойынша 0,14-0,21 кгсм2 диапазонында демеп тұру үшін присадкалар енгізіледі. Керосин типіндегі реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға авиациялық газтурбиналы қозғалқыштарда қолдануға арналған орташа ашық отын жатады. Олар керосиндікіндей тұтану температурасы және айдау мінездемелері бар, көлемдегі хош иісті көміртектердің ең жоғары құрамы 20%.
Керосин - 150-300ºС температурада айдалатын, мұның өзінде 250ºС температурада аз мөлшерде көлемнен 65% -ы айдалатын орташа отын болып табылады. Оның үлес салмағы шамамен 0,80 құрайды, ал тұтану температурасы 38ºС-дан жоғары. Ол жарықтандыру үшін қолданылады, сонымен бірге кейбір ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштар типінде, мысалы, ауыл шаруашылығы тракторларында және стационарлық қозғалтқыштарда қолданылатын қозғалтқыштарда отын ретінде қолданылады.
Газойль (дизельдік отын) - 200-380ºС температурада айдалатын ауыр фракцияларды қосады, бірақ 250ºС температурада көлемнің 65%, ал 350ºС температурада 85% немесе одан жоғары айдалады. Оның тұтану температурасы әрқашан да 50ºС-тан жоғары, ал үлес салмағы 0,82-ден асады. Араластыру жолымен алынған ауыр дизельдік отын 38ºС-де кинематикалық тұтқырлығы 27,5 сСт-дан аспайтын газойль мен бір топқа жатқызылады. Сонымен бірге мұнай химия өнеркәсібіне арналған орташа дистилляттар қамтылады.
Газойлдар дизельдік қозғалтқыштарда іштен жану үшін отын есебінде қолданылады, жылыту қондырғыларында бүріккіш отын ретінде пайдаланылады. Басқа атаумен бұл өнім дизельдік отын болып табылады.
Қалдық мазут отыны - атмосфералық қысым кезінде айдаудың қалдық өнімін білдіретін ауыр мұнай өнімі болып табылады. Ол кинематикалық тұтқырлығы 38ºС температурада 27,5 сСт-н асатын отынның барлық түрлерін (араластыру жолымен алынатындарды, қоса) қамтиды. Оның тұтану температурасы үнемі 50ºС-тан жоғары және үлес салмағы 0,90-нан жоғары. Ол кемелерде және ірі өнеркәсіптік жылыту құрылғыларында өнеркәсіптік пештер мен қазандықтарға арналған отын ретінде қолданылады. Бұл өнімнің басқа атауы - мазут.
Сұйытылған мұнай газы - қалыпты температура мен қысым жағдайында газ тәрізді болатын, бірақ сақтауды, артық жүктеу мен тасымалдауды жеңілдету үшін қысу немесе салқындату жолымен сұйытылған көміртектер атауы. Олар: 1) шикі мұнай және табиғи газдың кен орындарында жеңіл фракцияларды айдау жолымен экстракцияланады; 2) импорттайтын елдердің қондырғылардына импорталатын табиғи газдың жеңіл фракцияларын айдау жолымен экстракцияланады; 3) шикі мұнайды қайта өңдеу зауыттарында немесе одан тыс зауыттарда өндіріледі. 1 және 2 пункттердегідей алынған заттар табиғи газдан алынған сұйық заттар бөліміне қосылған. Сұйытылған мұнай газы пропаннан, бутаннан немесе осы екі көміртектің қоспасынан тұрады. Ол сондай-ақ мұнай өңдейтін немесе табиғи газ өндіретін кәсіпорындарға тиісті зауыттарда алынатын этанды қосады.
Өнеркәсіптік газ - мұнай өңдейтін зауыттарда жиналатын, әдетте осы зауыттарда отын ретінде толығымен пайдаланылатын конденцияланбайтын газды білдіреді.
Шикі өнімдер - ары қарай өңдеуге арналған, шикі мұнайдан алынған өнімдер немесе өнімдердің қоспасы. Олар бір немесе бірнеше құрамдарға, сондай-ақ ақырғы өнімге қайта өңделеді. Бұл анықтама мұнай өңдейтін зауыттарда шикізат ретінде пайдаланылатын нафтаға және мұнай өңдейтін өнеркәсіптің химия өнеркәсібінен қайтарылған нафтаға да жатады.
Нафта - 30 - 210ºС температурада айдалатын, жеңіл немесе орташа фракцияларды атайды, олар үшін ресми анықтама жоқ, олар автокөлік бензиніне бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл қасиеттер тұтынушылардың техникалық шарттарына байланысты. Әдетте күкірттің аз мөлшері кезінде көміртегі мен сутегінің ара қатынасы 84:14 или 84:16 құрайды. Нафтаға присадкалар қосылуы мүмкін немесе ол жоғары сапалы автокөлік бензинін, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын шығару үшін басқа материалдармен араласуы мүмкін немесе өнеркәсіп газын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалануы мүмкін. Нафта кейде шикізат материалдарын алу үшін бастапқы өнім ретінде, әр түрлі химиялық өнімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе еріткіш ретінде пайдалануға болады.
Уайт-спирит (өнеркәсіптік спирт) - бояуларды еріту және киімдерді химиялық тазалауға арналған еріткіш ретінде пайдаланылатын, температурасы 135 - 200ºС диапазонында қайнайтын жоғары тазаланған дистиллят болып табылады.
Жағар май - 380-500ºС диапазондағы температурада айдалатын және атмосфералық қысым кезінде мұнайды айдаудан қалған қалдықтарды вакуумдық айдау кезінде алынатын, парафинге бай, тұтқырлықты сұйық көмірсутектері. Олардың сипаттамасын өзгерту үшін оған тұнбалар қосылуы мүмкін. Олардың тұтану температурасы 125ºС жоғары, диапазондағы тұрақсыздықты жоғалту температурасы -25-5ºС, қышқылдық саны үлкен, күл немесе судың құрамы төмен. Жағар салқындатқыш эмульсиялары, ақшыл май, веретендік май және консистентті жағу қамтылған.
Битум - атмосфералық қысым кезінде мұнайды айдау қалған қалдықты ваккумдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газдандыру және магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жайкүйi
Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары
Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi
Газ өнеркәсібі
Табиғи, ілеспе газдар және оларды өңдеу мен тазалау әдістері
Табиғи газды өңдеуге дайындау
Газ өңдеу
СКГ газ баллоны
Мұнай ілеспе газын алу
Ілеспе мұнай газын тасымалдауға дайындау
Пәндер