Битум материалдарының пайдалану қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Байланыстырғыш заттарды алудың технологиялық процесстері

Жалпы сипаттамасы

Битумның түрлері және жалпы құрамы,құрылымы

Битум және оның қасиеттері

Битумды – қара майлы байланыстырғыш заттар

Битумдардың химиялық құрамы

Құрылыс битумдарының сипаттамасы

Битум материалдарының пайдалану қасиеттері

9. Қазақстанда битум өндіретін зауыттар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Байланыстырғыш материалдар-құрылыс жұмысына бетон және ерітінді
дайындау,құрылыс конструкцияларының жеке элементтерін бекіту т.б.үшін
қолданылатын минералдық немесе ағзалық заттар.Оларды түрлі тұрғын және
өнеркәсіптік үйлердің бөлшектерін зауыттық жағдайда жасап шығаруға
қолданумен қатар,біртұтас құрылымдар салуға қолданылады.Оның сыртында бұл
байланыстырғыштар неше түрлі тас және темірбетон конструкцияларын бір-
біріне жалғастыра жинау үшін дн қолдануға қажет тиімді заттар. 
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп сумен әрекеттескенде жақсы
иленетін және бірте- бірте қатайып,тасқа айналатынминералдардан және тау
жыныстарынан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды айтады.Сондықтан оларды
бейорганикалық немесе минералды байланыстырғыш заттар деп атайды. 
Органикалық емес байланыстырушы заттар жасанды ұнтақталынған дисперсті ұлпа
түрінде алынады.Ол сумен,қажет болған жағдайда,кейбір тұздарды
ерітінділерімен араластырғанда,жұмсақты-қою және жеңіл қалыпталынатын қамыр
тәрізді масса бере алады.Онысы физика- химиялық процестер нәтижесінде
біртіндеп қатаяды да тас сипатты денеге айналады.Көпшілік жағдайларда
байланыстырушыны үнемдеуге мүмкіндік тудырып,жасанды тас қасиеттерін
жақсартуға ықпалын тигізеді. 
Минералдық байланыстырушы заттар белгілі бір ортада қатаю қабілеттілігіне
байланысты ауалық және гидравликалық болып бөлінеді. 
• Ауалық байланыстырушылар – құрылыстық әк,гипстік және магнезиалдық
байланыстырушылар,ерітілетін шыны.Бұлар тек ауалық ортада қатаяды және
беріктігін ұзақ сақтай алады. 
• Тек суда ғана емес,тіпті сулық ортада одан да жақсы қатаюға және
мықтылығын ұзақ уақыт сақтауға немесе жоғарылауға қабілетті байланыстырушы
заттарды сулана қатаюшы байланыстырушылар немесе гидравликалық
байланыстырушылар (глиноземдік және ұлғаюшы
цементтер,гипсоцемент,пуццоландық және кейбір жергілікті
байланыстырушы)заттар деп атайды. 
• Автоклавта қатаятын байланыстырушы заттар(әкті-кремнеземдік,әкті-
нефелиндік,кленкерсіз шлактық және күлдік байланыстырушы немесе
гидравликалық байланыстырушыларға жатады.Мұндай байланыстырушылар тек
қыздырылған қаныққан температурасы 175С немесе одан да жоғары,қысымдығы 0,9-
1,6 МПа булық ортада тиімді қатая алады. 
• Қышқылға төзімді өзінше жеке байланыстырушы тобына қышқыл тұрақты цемент
кіреді.Байланыстырушылар беріктігі уақыт ішінде өзгереді. 
Сондықтан байланыстырушы материалдарды,стандартта бекітілген жағдайда
қатайғанда,белгілі бір уақытта олардың қабылдаған беріктіктері бойынша
бағалайды.Осы көрсеткішін байланыстырушының маркасы ретінде қабылдайды. 
• Байланыстырушы заттардың қатаю процесінде шартты түрде екі кезеңді
ажыратады-ұстасу және қатаюдың өзі.Жұмсақ байланыстырушы қамыр қоюлана және
жұмсақтығын жоғалта бастау тұсы оның ұстасуының басталуына сәйкес
келеді.Одан әрі байланыстырушы қамыр тығыздығын ұлғайта бере толық
қоюланады,сөйтіп барып,біртіндеп,әзірше айтарлықтай беріктігі жоқ,қатты тас
тәрізді денеге айналады.Осы ке ұстасу кезеңінің соңы ретінде
есептелінеді.Қайсыбір байланыстырушылар бірнеше минут ішінде ұстасып
үлгереді,ал қатаю процесі бірнеше сағат бойы жүреді. 
Байланыстырушы материалдардың елімізде таралуына және де өндіріс саласына
көп көңіл бөлінуде.Мысалы,мекеніміз Батыс Қазақстан облысы аумағында
Чернозатон,Түксай,Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды.Тас
тұзы,калий және бор қабатындағы тұздар,гипс,әк жыныстары,бор және басқа
қазба байлықтар ашылды.Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста
кірпіш және цемент өндірісі шикізаты,керамзит,әк,құрылыстық құм ,құм-
қиыршық қоспалары,құрылыс тастары,оларды алмастыратын басқа түзілімдер
бар.Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері
барланған.Ақтау(Белая Горка) кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін
пайдаланылады.Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік
бөліктеріндегі аудандарда таралған:пайдалы қазбалардың өндірістік балансына
Ақтау(Белая Горка) және Бөрлі кендері енгізілген;бұлардың жиынтық қоры
16081 мың метр куб.Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық
қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды.
Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы
бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін.Қыш шикізаты Федровка с-ның жанынан
ашылды,қоры 2042 мың метр куб. 
Отанымызда құрылыс материалдарының өндірісі –өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс
көлемінің 8,6 -ын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан экономикасының тұрақты
өсіп келе жатқан маңызды саласы.Осы секторың басымдылығы,бір жағынан,
құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен,отандық өнімді дамытумен және
макроөңір елдерінің нарықтарында өткіумен, екінші жағынан-меншікті шикізат
базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен
айқындалады.Қазақстанда жұмыс істеп жүрген,Global 2000 тізіміне енетін ірі
компаниялар:Каспий Цемент,Байказ Бетон,Бектас Group),швейцариялық Sika
(бетонға арналған қоспалар,цемент қоспалары,өнеркәсіптк едендерге арналған
материалдар,бетон мен болат үшін қорғаныш материалдар,герметиктер мен және
басқалары),Шеврон компаниясы (Шеврон Мұнайгаз Инк,Атырау полиэтилен
құбырлары зауыты,Атырау құбыржолы арматурасы зауыты).Global 2000 тізіміне
енбейтін жаһандық ірі компаниялар қатарынан Қазақстанда гипстен құрылыс
материалдарын шығаратын германиялық knauf компаниясы,сондай-ақ,француздық
Vicat Group цемент компаниясы жұмыс істейді.

1.Байланыстырғыш заттарды алудың технологиялық процестері

Байланыстырғыш материалдар өндірісінде құрғақ ұнтақтар (цемент, әк, гипс,
цементті шикізатты қоспа және т.б.), сонымен қатар ұсақ ұнтақталған сулы
қоспалы материалдар – қалдықтар (шикізатты, борды, сазды және т.б)
өңделеді. Қазіргі кезде қалдық ретінде цементті шикізаттыр қоспалар
бастапқы рөл атқарады.

Қалдықтардың құрылысы мен қасиеттері. Қалдықтар – көп дисперсті және көп
минералды система, онда қатты фаза кварц бөлшектері, әк, саз размерлері 100
мкм-ға дейінгі күйде беріледі. Қалдықтардың иілімділігі сақталғандағы
ылғалдылығын азайтатын ең тиімді тәсілі – қалдыққа қосымшалар мен
толтырғыштар қосу. Қалдықтарды тасымалдау, араластыру және сақтау.
Тасымалдау үшін 30...200 м3сағ қысымды орталық айналмалы насосты
қолданады, олар материалды 25...60 көтеруге арналған. Напордың қысымының
азайуы ылғалдылықпен жылдамдықтың 5...10% өзгеруіне байланысты.

Қалдықты дайындау кезінде химиялық құрамы шикізаттың біртұтассыздығынан
және дозаның қателігінен өзгереді, сол себептен, күйдіру алдында қалдық
құрамын қажетті көлемде керек толтырғыштар қосу арқылы жөндейді. Содан
қарқынды араластыру арқалы қалдықтың гомогенделуі жүзеге асады. Сонымен
қатар қалдықтар – сидементалды тұрақсыз система. Егерде олар ұзақ уақыт
бойы тыныш күйде болса, онда үлкен бөлшектері басылып, қалдық үгітіледі.
Ондайды алдын алу үшін қалдықты араластырып отыру керек. Қалдықты
механикалық және пневматикалық тәсілмен араластырады. Екінші әдісте энергия
шығыны көбірек, бірақ қалдық көлемі көп болса, оны пневматикалық әдіспен
ыңғайлы.

Шламды тазалау. Күйдіу кезінде қалдықтардың булануына көп мөлшерде жылулық
шығындалады, оны қалдықты сусыздандырып тазалау арқылы шығынын азайтуға
болады. Пресс – филтр қалдық ылғалдылығын 18...22% төмендетеді. Автоматты
пресс-филтр өнімділікті 300 тсағ, жалпы тазалау бетін 100м2 –де қалдықты
2,5 МПа қысымда 30...35 мин уақытында тазартады. Алынған бетті ұсақтау-
кептіру машинасында ұнтақтайды және күйдіруге клинкерлі цементті өндіруге
құрғақ тәсіл бойынша жібереді.

Ұнтақты материалдар құрамы. Ұнтақты материалдар – энергиялық толымды жүйе,
өзін – өзі тұрақтатуға және сыртқы ортамен қарым-қатынасқа мүмкіндігі бар.
Олардың белсенділігі аутогезия мен адгезияда танылады. Аутогезия –
бөлшектер арасындағы байланыс, олардың бөлініп кетуінен сақтайды; адгезия
бөлшектердің қатты макроскопты денелердің бетімен қатынасы.

Ұнтақтарды тасымалдау. Құрғақ ұнтақ материалдарды тасымалдауда түрлі
транспортты жүйелер қолданады: механикалық-винталық конвейер және
элегаторлар, пневматикалық-пневмакамералы және пневмавинталық насос,
аэрожелоба. Қазіргі кезде зауыт айналасындағы ұнтақты тасымалдауда
негізінде винталық және камералық насос көмегімен пневматикалық тәсілмен
жүргізіледі. Бұл әдістің артықшылығы- үлкен аралыққа тасымалдауға, шаңның
жоқ болуы, тасымалдаудың ұарапайымдылығы мен сенімділігі. 15...30 мс
жылдамдықта ұнтақ бөлшектері ауалық үйірде сақталып, силосқа кіруде
жылдамдығы тез төмендейді, сосын аэроқоспадан түседі. Қысылған ауа шығыны
жүйеде насосқа және аралыққа байланысты тасымалдауы 0,025...0,04м3кг
аралығындағы материал қысымы 0,12...0,6 МПа.

Ұнтақты материалдарды гомогенездеу және сақтау. Жоғары қозғалысты біртұтас
ұнтақтарды алу үшін аутогезді байланысты туындауынан алдын алу керек. Бұл
гомогенді қоспаларды алуда маңызды, мысалы портландцементті шикізатты
қоспалар. Бұндай қоспалардың гомогенденуі араластыру арқылы жүргізіледі.

Шикізатты материалдарды ұсақ ұнтақтау- байланыстырғыш материалдарды
өндірудегі маңызды технологиялық процесс, көбіне олардың қасиетін
анықтайды. Материалдарды ұсақ ұнтақтаудың физика-химиялық негізі. Ұнтақтау
кезінде қатты денені молекулярлық құрылымы әсер ететін механикалық
энергия, ұсақталатын материалға каталитикалық әрекет береді, сондықтан
ұнтақтау қорытындысы - тек қана ұсақтау емес , сонымен қатар материалдың
физика-химиялық құрылысы мен басқа да өзгерістерге әкеп соғады. Ұсақ
ұнтақтау кезінде заттың ішкі энергиясының жартысы босатылады, ол алдағы
физика-химиялық айналуларда көрінеді, ұсақтаудың механикалық энергиясы
ұсақтаудың химиялық энергиясына айналады. Сол себепті, дәстүрлі процеске
кәзіргі теориялар бойынша "Механоактивация" термині қолданылады.

Механоактивация нәтижесі-заттағы бос энергияның қорын көбейтіп, ол
механикалық өңделген қатты дененің дененің молекулярлық құрылысы мен
кеңістіктік атомның беті мен ақауының ұлғаюынан туындайды. Материалды
механикалық ұсақтауда химиялық байланыстар айырылады нәтижесінде бетінде
бос атом топтары мен радикалдар туындайды. Соның арқасында заттың
белсенділігі жоғарылайды, фазалар шетіндегі физика-химиялық процесстер
жүруге қолайлы жағдайлар туындайды. Шикізатты материалдардың дисперстілігі
жоғарылаған сайын және кристаллдық торы бұзылған сайын, олардың өзара
әрекеттесу уақытты жылдамдатады. Байланыстырғыш материалдар ұсақ үгілген
сайын, соншалықты олар сумен тез әрекеттеседі де,тасқа айналады.
Материалдардың ұсақталу деңгейін өзгерту арқылы, байланыстырғыштарды
өндіруде технологиялық параметрлері мен құрылысына әсер ете аламыз.

Материал кесектерінің макро және микро әртектілігі, ұнтақ біріктірмесі,
ұнтақталатын материалдың өзара әрекеттесу мен ұнтақталу бетінің процесінің
стадиясын алдын ала болжайды. Ұсақталу кезінде пайда болатын бөлшектер-
күрделі жүйе, олар сыртқы ортамен өзара әрекеттеседі.

Ұнтақталу процесі үш сатыдан өтеді:

Материалдар бастапқы түйіршіктердің бұзылуы

Шоғырлану мен өздік механикалық активтену

Бұзылу құрылымының өсуі

Ұсақ ұнтақтау кезінде денеге берілетін механикалық энергия жұмсалады:

Жүйенің дисперсінің өзгерісі (Sуд)

Тәртіптілік құрылымының өзгерісі

Эндотермиялық процесстердің дотациясы

Ұнтақтауға арналған қазыргы машиналардың уатқыштан тиімділігі төмен
екендігін ескерген жөн. Диірменді ұсақ 2...5мм көлемді ұнтақталған
материалмен қуаттандырғанда, олардың өндірісі 30% өседі. Әрбір диірменнің
өзінің минимальды суммалық ұсақталу және уатылу құнын көрсететін қолайлы
ұнтақталу пішіні бар.

Шарлы диірменде ұн тарту. Байланыстырғыш материалдарды ұнтақтау
өндірісіндегі басты құрылғы болып шарлы труба диірмені ,өзінің
қарапайымдылығымен , пайдалануда сенімді және ыңғайлағымен ерекшеленеді,
жоғары ұнтақтау дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл құрылғыны портландцементтің
шикізатты қоспасын, құрғақ клинкерді, әкті, гипсті және тағы да басқа
материалдарды құрғақ және дымқыл әдісі арқылы ұсақтау мен ұнтақтауда
пайдаланылады.Шарлы диірмендегі материалдарды ұнтақтау бос құлайтын
ұнтақталған денелердің соғылуымен анықтайды. Диірмен басты екі режимде
жұмыс істейді: төмен жиілікте жасайды- каскадты; жоғары жиілікте -
сарқырамалы; Каскадты режимде ұнтақталатын денелер аунайды және диірмендегі
материалдар иленіп ұнтақталады. Ал сарқырамалықта барабан үсті диірмен
корпусқа белгілі бір биіктікке көтеріліп, ауырлық күшінен үзіліп,
параболалық қисықты бейнелеп кері құлайды. Диірмен айналғанда екі режимде
қатар жұмыс жасайды, себебі шардың бір бөлігі- каскадты, келесі бөлігі -
сарқырамалы режимде жұмыс жасайды. Шарлы диірменнің кемшілігі ұсақтайтын
денелердің төмен қарқынды қозғалысы ,олардың 40% жинақталатын аймақтарда
орналасқан.

Тұйық және ашық циклдегі ұнтақтау. Ұнтақтауды екі схемада қарастырады:
тұйық және ашық циклде. Ұнтақтаудың ашық цикл кезінде материал диірменнен
бір рет өткізіледі; тұйық ұнтақталу циклі кезінде материалдың жарты бөлігі
диірменнен толық ұнтақталуы мақсатында екінші рет өткізіледі. Қазыргы кезде
шикізат, клинкер, цемент өндірісіндегі толтырғыштардың ұнтағын ашық циклді
диірменде жүзеге асырады. Тұйық циклде ұнтақталған зат фракцияға бөлінуін
сепарация, ал қолданылатын аппараттарды сепаратор деп атайды.

Өздігінен ұнтақтайтын диірмен. Шикізатты ұнтақтау техникасының дамуының
болашағы бар бағыты - каскадты диірменді қолдану, онда ұнтақтау қосымша
денелердің көмегінсіз - өздігінен ұнтақтау принципі бойынша жұмыс істейді.
Диірменде қысқа қуысты айналып тұратын үлкен диаметрі барабан, екі жағынан
туйреуіштері бар қабырғалармен жабылған. Процесс тиімді жүруіне бастапқы
материал бөлшектерінің максимальды үлкендігімен, сонымен қатар кішкене және
үлкен фракциялар қатынасымен анықталады. Диірменге берілген материалдардың
тиімді үлкен айналу жиілігі мен диаметріне байланысты. Диірменге берілген
әк бөлшектерінің диаметрі 7мм,размері 350...450мм,бор-500...800мм болуы
тиісті.

Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендердің артықшылығы - құрылысын және қызмет
көрсету қарапайымдылығы, жұмыс құрылғыларының төмен айналу жылдамдығы,
ұнтақтауға жұмсайтын электроэнергияның төмен шығындалуы, бір аппаратта
ұсақтау мен ұнтақтау қатар жүруі, жоғары өнімділігі (500тсағ).

Соқпалы және талқандайтын диірмендегі ұн тарту. Материал түйіршіктерінің
бұзылуы ұнтақтайтын құрал соққыларынан туындайды, оны 60...130мс
жылдамдықта айналатын роторда орнатады. Сонымен қатар, бұзу камерасын
қабырғаға соғу және түйіршіктердің бір-бірімен соғылуы тағы да бұзуға
әкеліп соқтырады. Құрылысына және размеріне байланысты диірменге келетін
материал түйіршіктерінің өлшемі 6 дан 30мм аралықта болады. Мұндай
диірмендер көбіне әк пен гипс ұнтақтауда қолданылады. Ұсақ және өте ұсақ
ұнтақтауға болашағы бар жаңа диірмен қолданылады -виброорталықты
қолданылады.

Жұмсақ материалдарды ұнтақтау ерекшеліктері. Байланыстырғыш материалдарды
өндіруде қолданылатын басты шикізаттардың бірі- жоғары ылғалдылыққа ие
жұмсақ материалдар (бор,саз). Бұндай материалдарды құрғақтай өндіру
кептіруге шығындалатын жылумен байланысты. Ондай материалдарды құрғақтай
ұнтақтау кептіруге шығындалатын жылумен байланысты. Сонымен қатар, ол су
араластырғанда оңай ұсақталады, сулы-шламды суспензия құрады.

Кептіру-маңызды технологиялық процесс,негізгі мақсаты-материалды ұнтақтауға
дайындайды және тұрақты жұмыс жағдайымен қамтамасыз етеді. Кептіру әдісі
мен режимін денеге түсетін ауырлыққа, гранулометриялық құрамға, материалдың
бастапқы және соңғы ылғалдылығына байланысты таңдалады. Кептіру кезінде кез-
келген материал құрамында қатты дене, ылғалдылық, ауа және су буынан
тұратын көп компонентті жүйе болып табылады. Қыздыру мезетінде бетіндегі
ылғалдылығы буланып, ал ішінде капилльл күштер, ылғалдылық градиенті және
температура әсерінен ішкі ылғал жоғарға қозғалысында буланып кетеді. Жалпы
материалдың ылғал мөлшері кептіру уақытына пропорцианалды төмендейді және
осы периодта материал бетінің температурасы әрдайым тұрақты болды. Материал
кептіруді ұнтақтауға дейін немесе ұнтақтаумен бірдеі уақытта диірменде
жасалады. Екінші тәсіл тиімдірек және оны материал ылғалдылығы 8...12 %
аралығында болғанда жасалыну керек. Одан ылғалдылығы көп материал, басқа
аппараттарды кептіріледі, олардың ішіндегі көп таралғаны - диаметрі
2,2...3,5м ұзындығы 14...30м кептіргіш барабан.

Кептіру режиміне байланысты кері ағымда және тура ағымды барабан
қолданылады. Тура ағымдағы барабанда негізгі болып жұмсақ сазды кептіреді.
Ылғал материалға ыстық газдың тікелей әсер етуі оның ұнтақтау агрегатына
жабысуынан алдын алады. Материалдар мен газдардың жылу тасымалдау
температурасын жоғарылату, ылғалдылық мөлшерін кеміту, сонымен қатар
барабанның қозғалысын жылдамдығын ұлғайту шаралары кептіру процесін
жылдамдатып, барабан өнімділігін көтереді. Кептіргіш барабанның құрғақ
денедегі өнімділігі , барабан өлшемі мен кептірілетін материал түріне
байланысты 8 ... 70 тсағ , кептіруге жылу шығыны -4,6 ... 5 ,0 МДжкг
,егер теорияда 1кг судың 2,69 МДЖ булануына кететін жылу шығыны .Осыдан
қалған жылу мөлшері ұшатын газдарға,қыздырылған материал ,сәуле шығаруға
кетеді .Кептіргіш барабанның басты кемшілігі -төмен жылу пайдалану
коэффициенті мен металл қажеттілігі жоғары .Байланыстырғыш емес
материалдарды кептіруде, кептіру процесі қалыпты жүретін қондырғыларды
пайдаланады ,мысалығы құйынды кептіргіш .Болатты корпустын ішкі бетінде
қапталған отқа төзімді екі айналатын қалақ білігі бар .Кептірілетін
материал жылдам айналатын қалаққа түсіп ,кептіргіштің ішін түгелдей қамтып
жайылады.Температурасы шамен 6000С болатын ыстық ауамен материал
түйіршіктерін жуады да,ілулі күйінде кептіреді. Өңделген газ шаң ұстайтын
қондырғыға түскен соң ауа қабатына таралады. Құйынды кептіргіш кептіргіш
барабанға қарағанда үнемдірек және пайдалануға ыңғайлы, өнімділігі 2...3
есе көп. Кемшіліктері аз қуаттылық, кең көлемде шаң шығаруы және металдық
түйіні тез тозады.

Кептіру процесі қайнау қабатында қарқанды жүреді. Арналық кептіргіштің
қайнау қабатын түйірленген шлакты кептіруде пайдаланылады. Шлакты 300мм
дейінгі қалыңдықта кептіреді. Шлак бөлшектері қарқын ауыстыру және кептіру
кезінде, түтінді газдарды шлак қабатын қайнатылған күйге ауыстыру арқасында
11000С дейінгі температурадағы күш пен торға түсіріледі.

Ауа бұрқақ кептіргіште материал тік реакторда кептіріледі, ондағы газдардың
қысымы 500...600мм дейінгі қалыңдығы бар жалған сұйық қабат жасайтындай күш
болуы керек. Кептіргіштің температурасы 1300...15000С жоғарылауы кептіру
процесінің қарқында болуына әсер етеді. Материалдың қайнау күйі кептіру
процесін қарқындайды және жылу алмасу қаситетін жоғарылатады. Құрғақ
материал бойынша ауа бұрқақ кептіргіш өнімділігі 50...70тсағ, салыстырмалы
бу кернеуі 250...300кг және салыстырмалы кептіруге жылу шығыны 4,2МДжкг.
Ауа бұрқақ кептіргіш қарапайым құрылымды , жеңіл автоматтандырылады,
өнімділігі кептіргіш барабаннан 10 есе жоғары, металл сыйымдылығы 50 есе
төмен.

Байланыстырушы заттарды өндіру кезіндегі шикізатты жылулық өңдеу. Шикізатты
жылулық өңдеу(күйдіру)-байланыстырушы заттарды өндіру кезіндегі негізгі
процесс болып табылады. Күйдіру кезінде шикізатта күрделі физика-химиялық
айналымдар жүреді, нәтижесінде күйдірілген өнім майда ұсақтаудан кейін
гидравликалық қатаю қабілетін иемденеді. Шикізатты күйдіру жанар майды
тұтату және ыстық газдардың материалмен жылу алмасу нәтижесінде жүреді.

Жылу процестерінің қозғаушы күші- жылудың үлкен температуралы ортадан кіші
температуралы ортаға таралуы болған жағдайда ортаның температура айырмасы.
Температура айырмасын температуралық қысым деп атайды.

Қашықтыққа жылу беру 3 әдіс арқылы жүзеге асырылады: жылу өткізгіш
конвекция,сәулелену. Нақты жағдайларда жылу аралас тәсілмен, бірақ әдетте
жылу беру әдістерінің біреуі арқылы беріледі. Күйдіру аппараты түріне
байланысты төмен температура кезінде көбінесе жылу өткізгіш немесе
конвекция, жоғары температура кезінде (1200...17000С) - 95 % дейін жылу
сәулелену арқылы беріледі. Жылу алмасу тиімділігі жылу қондырғыларының
жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Әртүрлі байланыстырғыш заттарды алу кезінде күйдірудің түпкілікті
температурасы кең шекте ауытқиды .Гипсті тасты төмен температуралық гипстік
байланыстырғыш -700...900 ;құрылыс әгі үшін әктас -900
...1100:портландцемент өндірісіндегі шикізат араласпасы -1400 ...14500С
.Күйдіру кезіндегі физика -химиялық айналым сипаты пайдалынатын шикізат
түрі бойынша анықталады .

Байланыстырғыш заттар өндірісі кезінде қолданылатын жылу өңдеулік
аппараттарына қайнату қазандақтары ,сонымен қатар, шахталық және айналмалы
пештер қолданылады .

Жалпы сипаттамасы

Битум – ( лат. bitumen — тау шайыры, мұнай) негізінен мұнайды
айдаудан кейінгі қалатын, күкіртті көміртегінде толық еритін
жоғарымолекулалық көмірсутектер мен азоттың, оттегінің және күкірттің
металды туындыларының күрделі қоспасы. Битумдар суда ерімейді,
бензолда, хлороформда, күкіртті көміртегінде ж.б. органикалық еріткіштерде
толық не жартылай ериді, тығыздығы 0,95–1,50 гсм3. Битумның элементтік
құрамы шамамен мынадай (салм. %): көміртегі – 80–85; сутегі – 8–11,5;
оттегі
– 0,2–4; күкірт – 0,5–7; азот – 0,2–0,5. Битумдар табиғи текті болуы мүмкін
немесе мұнайды, торфты, көмірлер мен сланецтерді өңдеу кезінде алынады.
Басында битумдарға тек табиғи түзілістерді, негізінен мұнай мен оның
табиғи туындыларын (көбіне асфальтты) жатқызатын. Содан кейін табиғи
битумдарды, мұнай, тас көмір және сланец шайырларын айдау қалдықтарын
өңдеу арқылы алынатын жасанды асфальт тәріздес өнімдерді де (техникалық
битумдар) жатқызатын болды. Сонымен қатар битум термині торфтан,
қоңыр көмірден және т.б. органикалық еріткіштермен бөлініп алынатын
экстракттарға да тарала бастады (қатты отын битумдары). Тұнбалар мен жыныс
қалдықтарынан алынатын экстракттар битумоидтар деп аталады.
Табиғи битумдар. Табиғи битумдар нафтидтер және нафтоидтер болып
бөлінеді. Нафтидтер табиғатта біршама кең таралған – бұл мұнай және оның
табиғи туындылары: мальттер, асфальттар, асфальтиттер, кериттер,
озокериттер және басқалар. Мальттер дегеніміз кебіңкіреп кеткен тұтқыр
қоюланған мұнай.
Ол майдан (40–65 %) және асфальтты-шайырлы компоненттерден тұрады. Сол
фактордың әсерінен мынадай заттар түзіледі: асфальттар – 60–75 % асфальтты-
шайырлы заттардан тұратын қатты, бірақ оңай балқитын заттар; асфальтиттер
–қатты жоғары балқитын және хлороформ мен күкіртті көміртекте толық еритін
өнімдер; кериттер – оған органикалық еріткіштерде шамалы, кейде тіпті аз
ерігіштігімен сипатталатын заттар жатады. Нафтоидтер – магнатикалық жылудың
әсерінен органикалық заттың табиғи возгокалануының мұнайға ұқсас өнімі.
Олар біршама сирек кездеседі де өнеркәсіптік маңызы онша емес.

Техникалық битумдар. Техникалық битумдар – әдетте қатты не тұтқыр
күйде болатын, негізінен асфальтты-шайырлы заттарға бай ауыр мұнай
қалдықтарынан алынатын өнімдер. Олар мына әдістермен алынады: 300-3500С
температурада ауыр мұнай қалдықтарын – мазуттарды, гудрондарды ж.б. –
терең вакуумдық айдау арқылы (қалдық битумдар); 260–280 °С температурада
мұнай айдаудың ауыр қалдықтарын (гудрондарды ж.б.) ауа оттегісімен
тотықтыру арқылы (тотыққан битумдар); тотыққан битумдарды тотықпаған
мұнай өнімдерімен араластыру арқылы (компаунддалған битумдар) .

Мұнай битумдарын алмастырушылар. Мұнай битумдарын
алмастырушылар ретінде қышқыл гудрондарды, қатты отындарды термиялық
өңдеу өнімдері: тас көмірді кокстеу және жартылай кокстеу кезінде алынатын
шайырлардың жоғары температурада қайнайтын фракциялары, тас
көміртектері, тас көмірді, жанғыш сланецтерді, ескі отындық мазуттерді ж.б.
құрғақ айдау өнімдері болуы мүмкін.

Мұнай битумдарын мұнай өңдеу зауыттарында бір-бірінен химиялық
құрамы мен қасиеттері бойынша өзгеше келетін мұнайлардан алады. Мұнайды
зауыттарда ашық түсті өнімдер (бензин, лигроин, керосин, дизельотыны),
майлағыш майлар және басқа мұнай өнімдерін алу үшін фракциялық айдалады.
Массасы бойынша жеңілірек фракцияларды – гудрон, крекинг-газойль – бөліп
алғаннан кейін мұнай қалдықтарын аса қажетті қасиеті бар мұнай битумдарын
алуға қолданады. Қазіргі кезде мұнай битумдарын мұнайды атмосфералық-
вакуумдық айдау кезінде (қалдықбитумдар); мұнай қалдықтарын тотықтыру
(тотыққан битумдар) және мұнайды айдағанда пайда болатын қалдықтарды
араластыру (компаунддалған битумдар) арқылы алады.

Қалдық битумдар тұтқырлығы аз өнімдер, оларды әдетте ары қарай
тотықтырады.
Тотыққан битумдарды арнаулы тотықтыру қондырғыларында мұнай
қалдықтарын (гудронды) ауамен үрлеу арқылы алады. Ауа оттегісінің
гудронмен әрекеттесуінің салдарынан үрлеу процесінде тотыққан битумның
жоғарымолекулалық компоненттері түзілу реакциясы жүреді де, оның
тұтқырлығы артады.
Араласқан (компаундирленген) битумдар негізінен асфальттану битумын
(гудронды сұйық пропанмен өңдегеннен кейінгі қалдық өнім) май
дистиляттарымен араластыру арқылы алынады.

Битумның түрлері және жалпы құрамы,құрылымы

Битумның түрлері. Бұл органикалық байланыстырғыш затқа табиғи түрінде
кездесетін немесе асфальтты жыныстардан өндірілетін битумдар және мұнайдан
өндірілетін жасанды битум жатады.

Табиғи битум - жабысқақ тұтқыр сұйық немесе қатайған көмірсутектер және
олардың металл емес туындыларынан, атап айтқанда, көмірсутектер мен
күкірттің (S), оттегінің (O) және азоттық (N) қосылыстарынан құралған зат.
Табиғи битумдар кәдімгі жаратылыс жағдайда мұнай өзінің ұшқыш
фракцияларынан өте баяу айырылады, бірте-бірте қатты немесе тұтқыр битумға
айналады. Табиғи битум мұнай кені орнына жақын жерде құралады. Бірақ
табиғи битум таза түрінде сирек кездеседі. Ол шөгінді тау жыныстарында
жиірек орын алады.

Асфальтты жыныстар дегеніміз - битум сіңген шөгінді кеуекті тау
жыныстары: әктас, доломит, саз, құм. Бұл жыныстардан битум шығарылып
алынады немесе олар майдаланып, асфальт ұнтағы ретінде пайдаланылады.

Битумның құрамын элементтік және химиялық деп бөледі. Элементтік кұрам
битумның қандай элементтерден тұратын, ал химиялық құрам осы элементтердің
қандай қосылыстар түзетінін анықтайды. Битумның элементтік құрамы мынадай:
көміртегі (С) 70 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Битум және полимерлер
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
Полимерлік байланыстырғыш материалдар
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Мұнайлық жасанды битумдар
Құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары пәнінінен оқу құралы
Құрылыс материалдарының орташа тығыздығын анықтау
Битум
Пәндер