Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен қызмет еткен ірі қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов. [1]
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. "Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу Қоғамы еңбектерінде" (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың "Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)" (15-25 беттер) мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған. [2]
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам - Ахмет Байтұрсынов. 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген "Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық еңбектердің тізімі" деген құжат ҚазПИ архивінде сақталған. Мұнда: 1. "Тіл - құрал", 1-бөлім. Фонетика, 2. "Тіл - құрал", 2-бөлім. Морфология, 33. "Тіл - құрал", 3-бөлім. Синтаксис, 4. "Әдебиет танытқыш", 5. "Баяншы", методикалық жазбалар, 6. "Тіл - жұмсар", 2-бөлім. Практикалық грамматика, 8. "Оқу құрал", балалар әліппесі, 9. Әліппе, 10. "Сауат ашқыш", ересектер әліппесі, 11. "Әліппе астар", әліппеге методикалық нұсқау, 12. "Қырық мысал" - Крылов мысалдары аудармасының жинағы, 13. "Маса", төлтума және аударма өлеңдер жинағы, 14. "Оқу құрал", хрестоматия (нұсқалық), (Шонановпен бірлесіп жазылған) - еңбектері көрсетілген.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектері саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі - зор жауапкершілігі бар іс, көп жылғы көзжұмбайдан, қиянаттан арылатын тұс келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, ат үсті қарағанның өзінде толып жатқан соны шындық алдыңнан шығады. Бірер мысалға жүгінелік. "Тіл құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. 1 тіл танытқыш құрал". Қазақ - қырғыз білімпаздарының 1-інші тобының қаулысы бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы (Қызыл-Орда, 1925). Сөз басы былай басталады: "Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы - жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...".
А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық - әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы, бала оқытудың жазу таңбалары (графикасы, сол кездегі термин бойынша әліп-биі) бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі Әліппесі мен ана тілі оқулықтары (Грамматика кітаптары) бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы - міне, осыларға назар аударады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1910-жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикамен) айналыса бастайды.
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз: "Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі"
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап Айқап журналы мен Қазақ газетінің беттерінде білдіре бастайды. Айқаптың 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде Шаһзаман мырзаға атты көлемді мақала жазып, онда: қазақ дыбыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің қазіргі методикадағы қолданысы мен алғашқы әліпбидің жүйесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
Ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалықтарын саралау
Қазақ тіл ғылымының атасы
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы
Пәндер