Экологияның зерттеу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экологияның зерттеу әдістері
1) Зерттеу әдістері
2) Биоиндикация әдістері
3) Экологиялық мониторинг

1. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.
Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілердің жағдайы, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеу әдісінде - далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, аналитикалық таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотограф, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс.
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Тірі табиғатта болып жатқан алуан түрлі процесті оқуда, эксперименталдық әдістер үлкен көмек көрсетеді. Лабораториялық тәжірибеде организмдерге әр түрлі жағдайда әсерін зерттейді, олардың берілген әсерін түсіндіреді. Табиғатта болып жатқан құбылысты тереңірек талқылауға болады, организмдердің жасанды жағдайда өмір сүру ортасымен қатынасын зерттеу. Бірақ экология лабораториялық ғылым болып табылмайды. Табиғатта тірі организмнің ортамен өзара байланысын толық зерттелетіні анық. Бірақ бұл оңай емес, әсіресе қарапайым ортаның өзін есепке алғанда қиын. Сондықтан экологияда табиғи бақылау және эксперименттер ең маңызды орын алады. Сонымен қатар экологтардың эксперименталдық тексеруінің мүмкінсіздігі байқалған фактілерді матеметика тіліне аударуға әкеледі. Осы құбылыстың табиғатын терең түсіну үшін, математикалық анализ (моделдеу) организдер мен ортаның қатынасының жиынтығын барлығынан бөліп көрсетеді. Әрине, яғни математикалық модель табиғаттағы құбылысты шамамен елестетінін ұмытуға болмайды.
Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу, биоиндикация, экологиялық мониторинг қолданылып жүр.
2. Биоиндикация - бұл биологиялық жүйелер көмегімен тірі ағзаларға абиотикалық, биотикалық факторлардың әсер етуін анықтау және бағалау әдісі.
Қоршаған орта жағдайының өзгеру дәрежесіне байланысты, тірі организмдердің жағдайын және санына байланысты, ластаушы заттардың қандай мөлшерде болатынын зерттеу. Тірі индикаторлар негізіне өзіне тән қасиеттерге байланысты қоршаған ортаның ластану дәрежесін физика-химиялық әдістермен анықтайды:

1) Олар биологиялық ең негізгі ластаушылардан;

2) Өзгерістердің түзілу жылдамдығын көрсетеді;

3) Экожүйеге әр топтағы токсиканттардың жиналу орны мен жолдары;

4) Адамның және тірі табиғатқа осы және басқа залалды заттардың дәрежесі;
Биоиндикаторлар - атты халықаралық бағдарлама әзірленген, қазіргі кезде халық аралық симпозумдар биоиндикациялық антропогенді ластану. Биоиндикацияға негізінен жоғары және төменгі өсімдіктер, микроорганизмдер, жануарлардың әр түрлері (кәмшат, кемірушілер және т.б.) қолданылады. Адам ластайтын өте сезімтал индикаторлар лишайниктер мен мхалар, олардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін қоса отырғанда. Сонымен, өте кішкене ауаны ластаушы күкірттің диоксидді (күкіртті газ), жоғары өсімдіктердің көбіне әсер етпейді, бірақ лишайниктердің жаппай жойылуына әкеп соғады.
Қазіргі кезде Батыс Европалық мемлекеттердің ірі өндірісті қалаларының аймақтарында лишайниктердің көптеген түрлері толықтай жоғалып кеткен.
Скандинді мемлекеттерде ауыр металдармен атмосфера ластануының индикаторы ретінде сфагнов мхаларынан алады. Мхалар лишайниктерден радионуклидтердің жиналғандығы байқалады. Мысалы: Мхаларды зерттеу нәтижесі бойынша: Арменияда: стронций - 90 мхада 10-26 рет, уран - 1,5-6 есе жоғары;
Егістктегі шөпті өсімдіктерге қарағанда, Германияда өңдірістік қалдықтарды жылтылдан бактерияларды қолдануда заттардың ластану индикациясымен әдістері әзірленеді.
Атмосфераның антропогенді ластануы көбіне жоғары өсімдіктерге әсер етеді де, келесідегідей:
1)Жапырақтардың түсінің өзгеруі;
2)Өсу формасының өзгеруі, т.б.
Биоиндикаторлардың қоршаған орта жағдайына бақылау жасай табиғатты қорғау және оларды сақтау шараларында, орман шаруашылығында, ауа атмосферасының антропогенді ластануының әсерін есепке ала отырып қолдануға болады.
3. Мониторингсөзі латын тілінде монитор - бақылаушы, сақтандырушы деген мағынаны береді. Желкенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық химия және экология.
Есіл қалалық экологиясы
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экология ғылым ретінде
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Пәндер