Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру


Тұрақты даму концепциясы
1) Тұрақты дамудың тарихы, мақсаты, міндеті, принциптері мен мәселері
2) Рим клубы
3) Стокгольм конференциясы
4) Рио-де-Жанейро конференциясы
5) Киото хаттамасы
1. «Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. » (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж. ) . «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. 1980-ші жылдары «тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында тұрақты даму келесідей болып анықталады: «тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадай емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі».
1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек.
Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:
-Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
-Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
-Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.
Тұрақты даму стратегиясының принциптері:
-Саяси құқықтық-демократиялық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік;
-экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімділігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәдени құндылықтардың жеткілікті болуы;
-экологиялық-табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын, азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстар өндіру, пайдаланудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру, табиғат қорғаудыңәкімшілік, экономикалық, құқықтық негіздерін жетілдіру;
-әлеуметтік-аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелеріндамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық;
-халықаралық-бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу;
-ақпараттық-ғылым мен техниканың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетті ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту, дамыту;
-глобальды ойлап-локальды әрекет ету; -техногенді әсерлердің күшеюі мен адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің артуына байланысты экологиялық болжаулардың дәлдігін жоғарылату принципі;
-экономикалық даму мақсаттарына бағытталған іс - шараларды алдыңғы кезекте жүзеге асыру принципі.
2. Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы - 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.
Рим клубының ролі
- тұрақты даму идеясының дамуына өткен ғасырдың 70-шi жылдары италян экономисті және кәсіпкері Аурелио Печчеи (Aurelio Peccei) Рим клубы тарихи рол атқарды.
-Рим клубының қаржыландыруы бойынша 1972-1975 жылдары жарық көрген ғылыми есептерде (өсу шекарасы және т. б. ) егер адамдардың саны, табиғи ресурстарды өндіру және тұтыну мөлшерінің артуы қазіргі темппен жалғаса беретін болса, онда 20- шы ғасырда табиғи ортаның ластануы апаттық деңгейге жетіп экологиялық дағдарысқа ұшырайтындығы айтылған болатын.
- келесідей қорытындыға келді: одан әрі дамудың приоритеттерін қайта қарастыратын уақыт келді және жеке приоритет ретінде экономиканың қадағалаусыз өсуінен бас тарту керек, сондай-ақ табиғи ортаны қорғауға көп назар аудару және көп қаражат жұмсау керек.
- Рим клубының рапорттарының шешімдері бір жағынан тұрақты даму концепциясының қалыптасуына септігін тигізді, екінші жағынан, экономика мен экологияның бір-біріне қарама қарсы келуіне әкелді.
3. Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж. ) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың страсегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб - пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:
- айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;
- айнала ортаны басқару;
- көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даядлау;
Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері - жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.
4. БҰҰ қоршаған орта және оны дамыту конференциясы (Рио - де- Жанейро 3 - 4 маусым 1992 ж. ) Рио - де - Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бас қосты. Бұл ХХ ғасыр тарихындағы ең қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тарихи конференция болды.
Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:
-деклаларация қоршаған орта және оның дамуы;
-күн тәртібінде - ХХI ғасыр;
-мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау және тұрақты дамудады басқару принциптері;
-конвенция климаттық өзгеру проблемасы жөніндегі;
-конвенция биологиялық түрлер туралы.
БҰҰ конвенциясының маңызды қол жеткен келесі факторларды қол жеткен келесі факторларды мойындауды мақұлдады:
-қоршаған орта экономикалық даму проблемасы бір-бірімен бөлек қарастырылмайды;
-жер экожүйесін тұтастығын тепе-теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік құрып қызмет жасауы тиіс;
-әлем, айнала орманды қорғау және дамуы өзара байланысты және бөлінбейді;
Конференцияда атап көрсетілді: тұрақты даму, оның мәнісі, экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу, оған ешқандай альтернатив жоқ екендігі. Осы конференцияға қатысқан өздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму жолына түсуі тиіс. Адамдардың тіршілік ортасы барлық биосфера, біркелкі және тұтас жүйені құрайды, сондықтан да тұрақты экология - экономикалық қатынас тек барлық мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz