АЭС болашағы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультет
(факультет атауы)

Техникалық физика және жылуэнергетика
(кафедраның атауы)

5В071700- Жылуэнергетика
(шифр,мамандықтың атауы)

Баяндама

АЭС болашағы

Орындаған: Жетекшісі:
ТЭ-701 тобының студенттері: Жамбаева М.Қ.
Асанова Н.
Смағұлова Т.

Семей
2018 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
1 Әдебиетке шолу 3
1.1 Атом энергетикасына жалпы сипаттама 3
1.2 Әлемдегі АЭС 4
1.3 Қазақстандағы АЭС болашағы 5
2 Сауалнама нәтижелері және оны талқылау 8
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 11

Кіріспе
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны белгілі, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді. Экономикалық дамыған елдерге қарасақ, Қазақстанда ядролық энергетиканы пайдаланбаса, қазіргі таңда және келешекте энергетикалық проблемаларды шешу мүмкін емес болып отыр. Бұл туралы Қазақстан 2050 Стратегиясында айтылған. Мемлекеттік атомдық сала саясаты мына бағыттар бойынша бағдарлануы тиіс: Атомдық энергия көздерін құру; Келешектегі уран байыту және қайта өңдеу өндірісін дамыту, өнеркәсіптің аралас салаларын жедел дамыту; Атомдық энергетиканың және уран өндірісін ғылыми-техникалық дамуын қолдауды қамтамасыз етуге арналған атомдық ғылымның дамуы және мемлекеттің ядролық құзыреттілігін қолдау; Халықтың денсаулғын қорғау, радиациялық-қауіпті аумақты қалпына келтіру, оларды шаруашылық айналымға жұмылдыру және әлеуметтік жобалардың атомдық саласын жүзеге асыру; Атомдық салаға арналған мамандардың біліктілігін артыру және кәсіби дайындығының жүйесін жетілдіру; Атомдық сала қызметін реттейтін, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; Атомдық саланың объектілерін физикалық қорғау мен ядролық, радиациялық, өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Таралмау режимінің қамтамасыз етілуі; Атомдық энергияны әлемдік пайдалану шеңберіндегі халықаралық әріптестікті дамыту; Атомдық энергияны әлемдік пайдалану шеңберіндегі халықаралық әріптестікті дамыту.
Жұмыстың мақсаты: АЭС болашағы бар ма екенін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Әдебиетке шолу жасау;
2. Атом энергетикасы бойынша өзекті статистиканы салыстыру;
3. Сауалнама арқылы адамдардың ой пікірін білу;
Негізгі бөлім
1 Әдебиетке шолу
3.1 Атом энергетикасына жалпы сипаттама
Атом өнеркәсібі -- уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүние жүзілік тәжірибеде атом өнеркәсібінің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. Атом энергетикасын дамыту үшін АЭС салынады. Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса -- атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент -- цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық.
3.2 Әлемдегі АЭС
Әлемдік энергетикадағы энергия қондырғыларын пайдалану өтілі жылына ≈13 500 реакторларды құрайды. Атомдық энергия бойынша Халықаралық агенттік (МАГАТЭ) және Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық (WNA) мәліметтері бойынша қазіргі уақытта әлемнің 30-дан аса елінде, 436 ядролық реакторлар, қуаты 370 ГВт электр қуаты орнатылымында пайдаланылып келеді.
Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қаласында салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда АЭС-ты әлем бойынша 31 мемлекет қолданып отыр. Олардың жалпы саны 192. АЭС-тар ең көп салынған мемлекет АҚШ болып табылады, онда 102 709 МВт электр энегиясы өндіріледі, келесі ретте Франция мен Жапония тұр. Бұл тізімде Ресей төртінші орында тұр, ондағы АЭС 25 242 МВт электр энергиясын өндіре алады.
Бүкіләлемдік электрэнергиясына тоқталатын болсақ, 2017 жылғы статистика бойынша, электр энергиясын өндіру үшін ең көп мөлшерде көмір (40%) қолданылады. Одан кейін газ (23%), су (16%), атом энергиясы (10%) және де басқа шикізат көздері (11%). Осы статистикаға сүйенетін болсақ, әлем бойынша атом энергиясын электр энергиясына айналдыру процессі әлі де баяу деуге болады.
Әлемдегі ядролық электроэнергияның дамуы Солтүстік Америкада қарқынды, ал Шығыс Еуропа мен Ресейде баяу дамуда. 2050 жылға қарай атомдық энергияның әлемдік үлесі энергиялық теңгерімі ретінде 35% дейін жетеді деп болжамдалуда.
3.3 Қазақстандағы АЭС болашағы
Әлемдік энергетика агенттігі өз болжамдарында ядролық энергетика басқа энергия көздерімен салыстырғанда, ол күннен күнге артып келе жатқан энергия сұранысын қанағаттандырып және энергиямен жабдықтаудың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, көміртегінің атмосфераға шығарылуын төмендететіндігін мойындады, өйткені парниктік газдардың антропогенді төгінділерінің жартысына жуығын энергияны органикалық отынмен өндіретін кәсіпорындар шығарады.
Қазақстанға тоқталатын болсақ, 2016 жылғы жолдауында Президент Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан - уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз деді. Біздің елімізде негізгі энергия көзі ретіндегі ресурстар көмір, мұнай, газ болып саналады. Қазіргі кезде бізде мұнай мен газ қарқынды өндіріліп жатыр. 2011 жылы мұнайды (газ конденсатын қосқанда) өндіру 80,06 млн тонна, ал 2012 жылы 79,3 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 83 млн. болады деп күтілуде. Егер мұнай мен газ өндіру қарқыны осылай жалғаса берсе, онда ол 2020 жылға қарай 120млн. тоннаға жетуі мүмкін, олай болған жағдайда барланған мұнай-газ қоры 60-70 жылға ғана жетеді. Міне, көріп отырғанымыздай бұл ресурстар сарқылатын, орнына қайтып келмейтін ресурстар болып табылады. Сондықтан энергияның басқа көздерін, яғни жаңартылған энергия көздерін игеруді ойластыру керек. Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі - атом энергиясы. Атом энергиясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы қандай
Қазақстандағы атом энергетикасының бүгіні мен болашағы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Атом энергетика мәселесі
Атомдық энергетика
Қазақстанда және дүние жүзінде атом энергетикасы
Жылдам нейтронды ядролық реактор технологиясының даму тарихы
Энергетикалық проблема
Энергетикалық ресурстар жөне энергетика өндірістерінің қоршаган ортага тигізетін әсері
Пәндер