Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультет

(факультет атауы)

Техникалық физика және жылуэнергетика

(кафедраның атауы)

5В071700- «Жылуэнергетика»

(шифр, мамандықтың атауы)

СӨЖ

Мәңгілік ел

(пән аты)

Орындаған: Тексерген:

ТЭ-701 тобының студенті: Камиева К. Р.

Асанова Н. А.

Семей

2017 ж.

МАЗМҰНЫ

«Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту»2

Кіріспе2

1«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы4

2Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері5

3Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар6

Қорытынды7

«Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту» Кіріспе

Қазіргі кезде жоғары оқу орны алдында болашақ мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру міндеті қойылып отыр. Жоғары оқу орнындағы оқу процесі күрделеніп, оған қойылатын міндеттер, қарқындылығы мен мазмұндылығы жағынан оқытушыдан оқу іс-әрекетін, оның принциптерін, оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің зандылықтарын психологиялық тұрғыдан терең ұғынуды, және ақыл-ой парасаты дамыған, белсенді, зияткер тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Интеллект(лат. intellectus - түсіну, тану) - бұл танымға және мәселені шешуге жалпы қабілеттілік, индивидтің барлық танымдылық қабілеттері: сезіну, қабылдау, ұсыну, ойлау, елестету. Интеллект деп мидағы бейнелеу іс-әрекетінің тұтастығы мен үйлесімділігі, адамның ақыл-ой қабілетінің барлық жиынтығы.

Әлеует - мақсатқа жету, жоспарды жүзеге асыру, міндеттерді шеші үшін пайдаланылуы мүмкін және ол жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің белгілі бір саладағы мүмкіндігі.

Жеке тұлғаның интеллектуалды әлеуеті мынадай қасиеттерге ие:

  • Белсенді, іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қабілетті;
  • Жинақтаған білімін, құндылықтарын және тәжірибелерін мұра тұтады;
  • Іс-әрекеттің барлық түрін өзіне біріктіреді.

Интеллектуалдық әлеует философиялық білім жүйесінде бастапқы құрылатын күшке ие, уақыт бойынша өзгеретін қабілеттіліктен тыс қандай да бір абстрактылы категория ретінде, ал психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде ол оқуға қабілеттілік, шығармашылық, ақыл-ойдың бірегейлігі ретінде қарастырылады.

  1. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы

«Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында елбасының бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы - экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамыту. Зияткер тұлғаны, ұлтты қалыптастыру - қоғамдағы ең көкейтесті мәселелердің бірі. Интеллектуалды әлеует - зияткерлік іс-әрекеттің барлық түрлерін, оның субъектілерін, ғылымды, білімді, жаңашылдықты біріктіретін интегративті ұғым, ең алдымен, қоғамның интеллектуалдық ресурсы болып табылатын үздіксіз білім беру жүйесінде (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім, арнайы білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім) қалыптасады. Жоғары оқу орындарында студенттердің интеллектуалды әлеуетін калыптастыруда оқу- тәрбие үдерісін қамти отырып, «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары арқылы жоғары оқу орындарында студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту», «Болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру» атты бағдарламалардың мазмұны мен әдістемесі беріледі. Жоғары оқу орындарында студенттердің интеллектуалды әлеуетін қалыптасырудың негізгі жүйесі: күнделікті оқу тәрбие үдерісі, диспуттар, үйірмелер, ғылыми конференциялар, ғылыми практикалық семинарлар, университеттегі ғылыми орталықтар, ақыл ой клубтары мүмкіндіктері қарастырылады. Интеллектуалды тұлға әлеуетін қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында нәтижелері анықталады.

«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасының мақсаты жаңа тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады:

  1. Білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру;
  2. Қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық технологиялар паркін қалыптастыру;
  3. Жастарға рухани тәлім-тәрбие беру.

«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңызы зор. Зиялы қоғамды құруға зор үлесін қосқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сияқты Алаш арыстарының тарихи болмыстарын қазіргі ұрпаққа мұрат ете отырып, зиялы қоғамның ұлттық бейнесі көзделген болатын. Қазіргі таңда зиялы қауымды тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарихи құндылықтарды негізге алады. «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасының бәсекеге қабілетті, ойлау қабілеті терең, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізетін интеллектуалды патриот-азаматты тәрбиелеу процессіне қосатын үлесі зор деп есептеймін.

  1. Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері

Зияткерлі мәдениеттің дамуы ойлау қызметінің белсенді дамуына, логикалық ойлау қабілетінің, оқушының қызығушылығының туындауына, олардың ойларының нақты білімен толықтыруға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, ғылыми-зерттеу дағыларының қалыптасуына, тану нысанына шығармашылық, жауапкершілік тұрғысынан қызығушылықтың туындауына әсер етеді.

Жеке тұлғаның өзін өзі тану және өзіндік дамуға деген қажеттілігі «адам-табиғат», «адам-қоғам», «адам-техника», «адам-адам» жүйесінде фундаметалды білімнің қалыптасуына әсер етеді. Өзін өзі тану жас адамға қоршаған ортаны түсінуге, ондағы өз орнын табуға және өзін тануға, өзіндің өмірлік қағидасын анықтауға, өзіндік жалпыазаматтық құндылық тұрғысынан қоршаған әлемге деген көзқарастарын жүйелеуге көмектеседі. Өзін өзі тану өзіндік даму үшін қажетті шарт - жеке тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра білуге деген ұмтылыс мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасау.

Тұлғаның интеллектуалды дамуы - ғылыми және әлемдік философиялық көзқарастардың негізгі қағидаларын игеру нәтижесі, жаңа ақпараттық және коммуникационды технологияларды бәсекелестік еңбек нарығында жоғары кәсіби деңгейде қолдана білуі. Интеллектуалды тәрбие оқушы жастарды студенттік ғылыми - практикалық конференциялар, пәндік олимпиадалар, кәсіби дипломдық жұмыстар және жобалар байқауына қатысуға тарту арқылы жүзеге асырылады.

Тұлғаның интеллектуалды дамуы дегеніміз - критикалық тұрғыдан ойлау қабілетін, логискасын кеңінен дамыту. Тұлғаның зияткерлік дамуы адамның қоршаған ортаны ғана емес, өзін-өзін кеңінен танып-білуге септігін тигізеді. Тұлға өз мүмкіндіктерін бағалай отырып, өз алдына мақсаты қоюды үйренеді.

  1. Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білікті мамандардың шетелге кету мәселесі туралы сұхбат алу
Интеллектуалды миграция мәселесі бойынша қоғамның ойы
Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау
Бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық сананы қалыптастыру
Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы таралуы
Акмеология
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz