Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультет
(факультет атауы)
Техникалық физика және жылуэнергетика
(кафедраның атауы)
5В071700- «Жылуэнергетика»
(шифр, мамандықтың атауы)
СӨЖ
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
(пән аты)
Орындаған: Тексерген:
ТЭ-701 тобының студенті: Имамова Б. Ж.
Асанова Н.
Семей
2018 ж.
МАЗМҰНЫКіріспе3
Негзгі бөлім3
1 Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру3
1. 1 Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары4
1. 3 Төтенше жағдай зардаптарын жою5
2 Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістері6
Қорытынды8
Пайдаланған әдебиеттер:9
Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістері.
КіріспеАдамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Негзгі бөлім 1 Құтқару жұмыстарын ұйымдастыруӘрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды. Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 - 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді. Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді. Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды. Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді. Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.
1. 1 Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстарыЗардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:
- көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
- жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
- апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
- құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
- оларды шығару;
- зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
- халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
- адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
- территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:
- ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
- апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
- бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
- қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
- көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
- құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:
- құтқару;
- арнаулы (жедел) ;
- қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
- өрт сөндіру ;
- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
- халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
- барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
- тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
- құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
- төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
- зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
- құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
- төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
2 Халыққа хабарландыру мен ақпарат берудің негізгі әдістеріХалыққа хабарлаудың негізгі əдісі - радио мен теледидар арқылы хабар беру. Халыққа өз уақытында хабарлауды ұйымдастыру мен оларға қажетті ақпаратты жеткізу жніндегі жауапкершілік ТЖ жөніндегі тиісті аумақтық органға жүктеледі. Аса қауіпті объектілердегі жəне оған өте жақын жерлердегі, сондай-ақ көлік құралдарындағы (поезд, теңіз жəне өзен кемелері, ұшақтар) халыққа радиоактивті жəне имиялық зақымдау, алапат су басу қауіп туралы ақпаратты жеткізу АҚ бастықтардыңшешімімен (республика, облыс, қала, аудан) оларға хабарлау тиісті ұйымдар мен көлік органдарының басшыларына жүктеледі. Төтенше жағдайлардың əрбір оқиғасына ТЖ хабарларының үлгілік нұсқалары даярланады (мемлекеттік жəне орыс тілдерінде), бұдан кейін ол нақты оқиғаны ескере отырып өзгертіледі. Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар, гудоктар жəне т. б. ) ақпарат бес минут бойындаберіледі. Бұл хабарды тыңдаған соң үрей мен дабырасыз алынған нұсқауларға сəйкес іс-əрекет етуге тиіс.
Авариялық жағдайларда халыққа ТЖ жөніндегі бөлім хабарлары мəтіндерінің үлгілік нұсқаулары:
Сөйтіп, қалада сирена естілді, тұрғындар қабылдағыш пен теледидарды қосып хабарды естіді.
Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде:
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! Мақта-мата комбинатында авария болып, соның салдарынан қатты əсер ететін улы зат - хлор төгілді. Зақымдалған ауа бұлты . . . (мынандай) бағыттарға таралуда. Химиялық зақымдану аймағында - бар (көшелердің қиылысы, кварталдар тізбеленеді) _ _ _ _ _ (мына) көшелерінің тұрғындары үй-жайдан шықпаңыздар. Есік-терезені жауып, пəтерді (үйді) қымтаңыздар. Жертөледе, төменгі қабатта жасырынбаңыз, өйткені хлор ауадан ауыр болғандықтан, ол төмендегі жерлермен үйдің астына ағады. _ _ _ _ _ (мына) көшелердің тұрғындары пəтерден, мекемеден, кəсіпорыннан көшіру жоспарынан тез шығыңыздар жəне _ _ _ _ _ (мына) ауданға барыңыздар. Бұл тарулы көршілеріңізге хабарлап, біздің хабарды тыңдаңыздар. Бұдан əрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сəйкес қимылдаңыздар!
Атом электростанциядағы авария кезінде (радиациялық қауіпті объектіде) :
Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар! Атом электрстанциясында авария болды. Электростанциясы ауданымен . . . (тізбелеу) елді мекендеріне радиоактивтік шаңының түсуі күтілуде. Осыған байланысты көрсетілген елді мен мал қораларын мұқият қымтау қажет. Йодты препаратты ішу керек. Бұдан əрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сəйкес қимылдаңыз.
Ықтимал жер сілкінісі кезінде:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz