Ұлттық кодтың маңызы және Мәңгілік елге жетудегі рөлі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультет

(факультет атауы)

Техникалық физика және жылуэнергетика

(кафедраның атауы)

5В071700- «Жылуэнергетика»

(шифр, мамандықтың атауы)

СӨЖ

Мәңгілік ел

(пән аты)

Орындаған: Тексерген:

ТЭ-701 тобының студенті: Камиева К. Р.

Асанова Н. А.

Семей

2017 ж.

Эссе

Ұлттық код дегеніміз не

және оны сақтау не үшін қажет?

Қазіргі таңда мемлекетіміздің басты мақсаты - мәңгілік ел болу, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу, әлемдік статусқа ие болу. Жаһанданудың бұл жаңа қадамы рухани жаңғырудан басталып отырғаны мәлім. Ел басшысы Н. Назарбаев «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-онай», -деген екен. Ал ұлттық кодты сақтау дегеніміз - ұлттық болмысты сақтай отырып, заманға сай даму, яғни кеңістік пен уақытта жаһандық мүмкіндіктерді пайдалана отырып даму ұстанымы. Осы орайда туындайтын сұрақ, еліміздің ұлттық кодын сақтап қалу не үшін қажет?

Біріншіден, рухани код мемлекетімізді ерекше мемлекет етіп көрсетеді Ұлттық код дегеніміз бізді өзгелерден ерекшелейтін ана тіліміз, дәстүріміз бен салтымыз, мінезімізді айқындайтын діліміз, ұлттық мәдениетіміз. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, адамгершілік, этикет, ақыл парасаттылық кеңінен қамтылған. Осындай құндылықтарсыз мемлекеттің ілгері дамуы, жаһандануы мүмкін емес, себебі, егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайтыны анық. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.

Екіншіден, ұлттық кодты сақтау - терең тарихмызды сақтау. Тарихы жоқтың болашағы жоқ екенін баршамыз білеміз. Осы орайда жүзеге асырылып жатқан бағдарлама - Қазақстанның киелі тарихи ескерткіштерінің белдеуі. Біздің жерде бүкіл әлемге таны­мал болған ескерткіштердің бірі -

Бо­тай мәдениеті бар. Одан кейінгі Шығыс Қа­зақстандағы Берел ескерткіштері, пат­ша­­лардың обалары саналатын - Шатыр ес­керткішін сөз етсек болады. Сайрам, Сау­ран, Тараз, Сығанақ секілді Оңтүстік Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалар да та­рихи маңызды ескерткіштерге жатады. Бұ­­лардың барлығы - халқымыздың әр­түр­лі тарихи кезеңдегі жасаған туын­ды­сы. Елбасы осының бар­лығын жаңғыртып, бүгінгі қоғамға дәріптеудің ұлт санасында, ұлттық болмысты қалыптастыруда, ұлттық кодты сақтауда үлкен рөл атқара­ты­нына мән берген.

Қорытындылай келе, ұлттық код сақталса, бұзылмаса, біз кез-келген заманда ұлт ретінде жаһанданып, лайықталып бой түземіз деген ойдамын. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасына ұлттық кодты сіңіру аясында жастар, яғни біз, сол ұлт кодының тұғырнамасын берік ұстануымыз қажет деп ойлаймын. Сонда ғана еліміз рухани жаңғыра алады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Мәңгілік Ел жайдан-жай айтыла салған сөз емес»/М. Бекмырзаұлы//Ақиқат. - 2014
  2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы»/Қ. Жақыпов//Егемен Қазақстан. -2014
  3. «Мұратымыз - Мәңгілік ел»/У. Бишімбаев//Егемен Қазақстан. -2014
  4. «Керей мен Жәнібектен мәңгілік елге»/А. Болат//Семей таңы. -2015
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мәдени кодтың сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
Мәңгілік Ел идеясының тарихи негіздері мен ұлттық маңызы
Мәңгілік Ел идеясының тарихи-стратегиялық маңызы және Қазақстанның дамуындағы рөлі
Кәсіби жетістікке жетудегі эмоционалдық интеллектінің рөлі
Мәңгілік Ел идеясы және Қазақстан 2050 стратегиясының ұлттық дамуындағы рөлі
Үнді Ұлттық Конгресінің ұлт-азаттық қозғалыс пен тәуелсіздікке жетудегі рөлі (1885-1947)
Түркі дәуірі руханиятының сабақтастығы және ұлттық кодтың болашақ кепілі
Мәңгілік Ел идеясының тарихи негіздері мен заманауи маңызы
Қазақстанның тәуелсіздігі және Мәңгілік Ел идеясы: тарих, ұлттық мақтаныш пен жастар рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz