Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу


Мазмұны.
Кіріспе.
І-тарау.
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшіліктері.
1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерінің ерекшіліктері.
2. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жүйесінде зейн түрлері мен қасиеттерінің көрініс беруі.
2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының зейн ерекшіліктерін зерттеу.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша.
Кіріспе
Орта білім беру процесінде бастауыш сыныптың орны ерекше. Өйткені бастауыш саты - оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін айрықша құнды, қайталанбайтын кезең. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала өмірінде бала оқу әрекеті жетекші рөл атқарады. Оның жүзеге асырылуы үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылым, өнер, адамгершілік, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнын және осыған сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін меңгереді.
Оқу әрекеті - оқу тапсырмасы түрінде құрылады. Осы тапсырмалар түрлерін, меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі бір бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған әрекет ілімнің жан - жүйелік негізін Б. Г. АНаньев, Л. с. Выгодский, А. И. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн т. б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, А. В. Занков; П. Е. Гальперин т. б. зерттеулерінде қарастырылды.
Мектеп қабылданған бала алты - жеті жастан он жасқа дейін бастауыш сыныптарда оқиды. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интелектісі қарапайым ой оператциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж. Пиеженің пікірі дұрыс болғанымен, қазіргі бұрын аңғарып көрмеген қабілетің бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп Ресей психологтары В. В. Давыдов т. б. қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді.
Бастауыш мектеп жасына 7-11 жас аралығы жатады. Бұл 7-11 жастың өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың әсіресе, оқу мектебінің көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңінің өзінше бөліп алып қараудың себебі - бұлардан өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен.
Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы көпшілігіне тән ұқсас
психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан. Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін. Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанмен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілетті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп кеңес психологтары В. В. Давыдов т. б. қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары бастауыш сынып оқушылары үщін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігі толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігі толық пайдалану үшін тапсырманы одан әрі қиындату қажет дейді. Осылай деу, бәлкім дұрыс та шығар. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін оқу қызметті шешуші рөл атқарады. Сөйтіп оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтіп болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар, оқуға жаңа келген бала сыныптағы құбылыстармен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып жаман - жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайда бала әлі бейімделе алмағандықтан оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі. Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмайды, мысалы, белгілі уақытта түрып мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым - қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанмен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке - шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке - шешелері көп
еркелетсе соның өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, бірінші сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте - бірте сөнеді де, оқуға немқұрайды қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте - бірте қиындату қажет. Әдетте оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, жете алмағандықтан үлгермеуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.
Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі - қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі азды көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл - ойның алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үшін түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы 2-3 сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей обьектіге қызығуы мен оның ықыласының барын ажырату керек. Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласы, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге 1 сыныптан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза ішіндегі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Зеттеудің көкейтестілігі: Еліміз егемендік алғаннан бері, қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістер болуда оның ішінде білім беру жүйесіндегі болып жатқан негізгі мәселелер оқушылардың білім сапасын көтеру.
Қазақтың кемеңгер ұстазы А. Байтұрсынов өз заманында «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Өткен ғасырда айтылған бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес.
Жас ұрпақтың сегіз қырлы, бес сырлы азамат болып өсуіне бірден- бір атсалысатын мектеп екені белгілі. Жас баланың санасы жазылмаған таза таспадай. Олай болса, білім берудің негізі бастауышта дегендей, бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының білім берудің деңгейлері мен мазмұнды тарауында, 1- сатыдағы бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар оқудың ұзақтығы 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» деп көрсетеді. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екндігімен анықталып негізделеді. Осыған байланысты интеллектуалдық, эмоцианалдық, іскерлік коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүени мен, табиғатпен, басқа адамдармен, өз - өзімен, т. б. өзара белсенді әрекеттестік қарым - қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылыды.
Оқу мен тәрбие - егіз. Бір - бірімен бөліп қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Оның негізі бастауыш мектепте қаланады. Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріп келеді.
Көптеген жылдар тәрбиеге «тұлғаның дамуын басқару» деген анықтама берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Даму дегеніміз - ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер.
«Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі, сондай - ақ қоршаған орта мен өзінің қарым - қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны таңдай алу сияқты басты шарттары енеді.
Даму және тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организимі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организимнің өсіп жетілуі, ақыл ойының дамуы, мінез - құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиемен өзін - өзі тәрбиелеудің ықпал атуіне байланысты.
И. П. Павловтың ілімі бойынша, даму - ішкі жүйке жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.
Даму үрдісін психикалық, денелік және жалпы деп бөледі. Баланың интелектісінде, байімділігі мен қабілеттілігінде, еркі мен сезімінде, танымында және мінез - құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал дененің көлемінің, қимыл - қозғалысының күші мен қызметінің өсуі денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік даму мен қатар ақыл - ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады. Ақыл - ойдағы өзгеріс баланың өз бетінше іс - әрекетке, ұғымдар мен түсініктерге, түрлі оқиғалар мен жағдайларға талдау жасауына сәйкес салыстыруынан, нақтылуынан, жалпылауынан және қорытуынан көрінеді. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс-баланың жақсы мен жаманды ажырата, оған лайықты жауап беруі, бойындағы имандылық белгілерін дамытуы.
Тәрбие- өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын
қамтитын, қоғамның талап - тілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның обьективті, субьективті фактарларға тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиемен байланыстылығы, тәрбиелеушілердің іс - әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
І-ІV сынып (7-10 жас аралығы ) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп табалдырығынан аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қарым - қатынастарға түседі. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым - қатынас жасау үрдісінде оның мінез - құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды.
Оқу үрдісі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау жүйесіне әсер етіп тұлғаның психикалық даму деңгейімен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым - қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез - құлқы стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Бастауыш сынып оқушылары көп әсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігі мен біршама ерекшеленеді. Сондықтан олады оқыту үрдісі мен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстар мен қызықтыра біліудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез көндігеді. Бұл жастағы балалардың бойында қазірдің өзіңде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін есте ұстау керек. Балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалаптаса бастайды.
Тәрбие үрдісінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалану тиіс. Осыған орай тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс - әректтерің тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көз қарасын дамытады.
Тәрбие жұмысының сара жолдарының, табудың жәтижесінде баланың ой өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныпта танымдық процестер қалыптастыру және тәрбиелеу жолдарың ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының обьектісі: № 18 Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп.
Зерттеу жұмысының мәні: Білім беру жүйесінде оқушылардың таным процестерін, зейінін қалыптастыру.
Тақырыптың міндеттері: 1. Бастауыш мектеп оқушыларының даму тарихына талдау жасау.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиясын білу.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерін және зеінін зерттеу оны іс жүзінде қолдану.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысын жазу барысында жасалған ғылыми педагогикалық әдебиеттер, эксперимент жұмыстарын білім беру жүйесінде қолдануға зор ықпал етеді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жеке тұлғаның даму мәселесі тәрбиесі көрсетілген.
Бірінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері негізгі іс - әрекеттері, барлық процестері жайлы мағұлматтар берілген.
Екінші тарауда зейін түрлері мен қасиеттерінің көрініс беруі, жалпы материалдар жинақталған. Сонымен бірге бастауыш мектеп оқушысының зейінін анықтау әдістемелері және оларді талдау туралы мәліметтер жасалған.
Қорытындыда жинақталған материалдарға сүйене отырып, білім беру жүйесінде оқушылардың зейінін қалыптастыруда және тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі ерекше көрсетілген
.
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшіліктері.
Баланың даму үрдісі, психикалық, денелік және жалпы деп бөлінеді. Баланың интеллектісінде, бейімділігі мен қабілетінде, еркі мен сезімінде, танымында және мінез - құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал дененің көлемінің, қимыл қозғалысының, күшімен қызметінің өсуі денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік дамумен қатар ақыл - ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады.
Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзнің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны ажырата бастайды.
Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мынау сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайын бейімделе алмай белгілі бір уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан қиналады. Осының нәтижесінде, тез болдырып шаршауыда ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мерзіміне және құрбыларымен қалай қарым - қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бла қыиналады, сынып мұғалимі қанша жақсы болғанмен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Үшіншіден, бірінші сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайды оған қызық көрінуінен.
Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу бірте - бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып тапсырмаларды бірте - бірте қиындату қажет.
Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгеремін деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдауқиын келсе, тапсырманың жеңіл болғаннынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі аз - көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үшін түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бір обьектіге қызығуымен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп обьектіеің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмтылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты не бір нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге бірінші сыныптан мән беру қажет.
Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден кіші оқушының ниеті таза ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұларүшін мұғалім үлкен абыройжәне бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, осыдан жәтиже шыққанда мадақтау керек.
Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткіболады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманың қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмысты істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.
Психологиялық зерттеулер анықтағандай, 7-11 жастағы оқушылардың оқуға деген ынталы қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша жүреді. Оқушылардың әрекеттік жағдайын әрдайым қолдайтын басты ынталандыру өзіндік жұмыстар болып табылады. Бастауыш сатыдағы кезең - оқушыда оқу әрекетті қалыптасуының ең қуатты жүретін кезеңі. Мұның нәтижесінде, ғылыми ұғымдармен, түсініктерді меңгере отырып, оқушылардың өздері өзгеріп, дамиды: жеке тұлғаның негізгі психологиялық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады. Яғни бастауыш мектеп жасындағылардың оқу әрекеті кезінде қалыптасатың психологиялық жаңа түзілімдер қалыптасады және дамиды.
Бастауыш мектеп жасының аяғында рефлекция пайда болады, яғни бала өзінің жеке ойлау іс - әрекетіне және өзінің жүріс - тұрыстарын бақылап, қарай бастайды.
Оқу іс - әрекетінің негізгі сапасы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы асыл мұрасын, дағды тәрбиесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп өзінің практикалық әрекетке дайындайды. Білім
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz