Қуанышты бала



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету-
дамыту жолдары тақырыбында дайындалған диплом жұмысына

П I К I Р

Студент диплом жұмысында бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда
болуын психологиялық тұрғыда жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның теориялық
негіздерін психоаналитикалық бағьггты ұсынғандар бойынша, әрекетке тиесілі
бағыт бойынша, гуманистік бағыт, сондай-ақ әлеуметтік оқыту бағыты бойынша
сипаттап береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім
беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле
отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы
жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық
техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы
проблема ауқымды, өзекті мәселе. Сондықтан Әлменбетов Қайсардың таңдап
алған тақырыбы орынды деп есептеймін.
Диплом жұмысының теориялық бөлімінде агрессия анықтамалары мен сипаты,
агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының
негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін агрессияның
айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.
Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың
өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес
беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.
Әлменбетов Қайсардың балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек
көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден
арылуға көп мүмкіншілік жасауға болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелдей
білген.
Студент агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі
балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеген, мектеп жасына дейінгі
балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсеткен,
мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды
зерттеген, мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге
бағытталған бағдарлама құру арқылы психокоррекциялық жұмыстарын жүргізген,
мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған
психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер
көрсеткен. Осындай көлемді де ауқымды, түсінуге ұғынықты, құнды жұмысты өте
жоғары бағалаймын.

Пікір беруші:
Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету-
дамыту жолдары тақырыбында жазған диплом жұмысына ғылыми жетекшісінің
берген

ПІКІР

Әрбір қоғамның экономикалық-техникалық дамуы, сондай-ақ еңбек
әрекетінің жемісі – сол қоғамның жан-жақты дамыған, эмоционалды тұрақты,
өмірдің кез-келген қиын ситуацияларында өзіндік ұстамдылығы жоғары
тұлғаларға байланысты. Ал мұндай қасиеттің меңгерілуі мектеп жасына дейінгі
кезеңнен-ақ қалыптасатыны белгілі. Осы орайда Әлменбетов Қайсардың таңдап
алынған диплом жұмысындағы мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік
және оны психологиялық түзету-дамыту жолдарын көрсету мәселесі өзекті де
келелі болып табылады.
Ізденуші Әлменбетов Қайсардың өзінің диплом жұмысының бірінші бөлімінде
жалпы психологиядағы агрессияның теориялық негізіне талдау жасайды. Табиғи
агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары. Вербальды,
физиологиялық агрессия және агрессияның басқа да түрлеріне тоқталып
әрқайсысына психологиялық сипаттама береді. Балалар бойында кездесетін
агрессивтілік әрекеттің пайда болуы туралы мәлімет оқулықтар негізінде
алына отырып, Әлменбетов Қайсардың өз тәжірибесінде жинақталады.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде студент мектеп жасына дейінгі
балалардың аггрессивтілігін эксперименталды зерттеу мақсатында зерттеу
әдістемелерін дұрыс таңдай білген, зерттеу бағдарламасын тиянақты құра
білген, зерттеу барысын эмпирикалық тұрғыда ұйымдастыра білген.
Әлменбетов Қайсардың агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық
түзету-дамыту жұмыстарын арнайы ұйымдастырылған іс шараларын комплесті
жүргізуді басшылыққа алады. Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-
аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты көрсетіледі.
Әлменбетов Қайсардың ұсынып отырған агрессиялы балалармен түзету-дамыту
сабақтары өзінің жылдар бойы жүргізген педагогикалық-психологиялық іс-
тәжірибесінен алынып, сыннан өткен.
Қорыта келе, ізденушінің диплом жұмысы ғылыми тұрғыда дәйекті,
теориялық тұрғыда негізделіп, практикалық тұрғыда дәлелденіп келтірілген.
Тілі ұғынықты, жатық жазылған. Өз бетінше жазылуы – студенттің
шығармашылығы мен белсенділігін көрсетеді. Мектеп психологы, ата-аналар,
мұғалімдер үшін құнды еңбек деп санаймын.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Агрессияның психологиялық теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ...9
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық

көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Агрессияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда

болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...22
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін
эксперименталды
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30
2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау, зерттеу
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Зерттеу
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 33
2.3 Зерттеу нәтижелерін
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту

жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...37
3.1 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстарын
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .37
3.2 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстар
бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту
сабақтары ... ... ... ... ... ... .. .46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен
міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын
айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл
тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды
тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас
кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары
мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-
жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету
дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт
болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді.
Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм,
А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті,
қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның
психологиялық қорғанысының бір түрі.
Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық
процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л.Берковитц,
С.Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған.
Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша
агрессия – бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының
әрекеті. Агрессияны түсіндіру – бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр
түрі.
Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл
түжырымның құрамына агрессиялылық – яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан
әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі
Стратегиялы даму жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін
нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту
негізгі мәселесі болып қарастырылған.
Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы
жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық
техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: Біріншіден, осы
өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден,
географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған
өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы. Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық
көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы,
агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы.
Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны
мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке
дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі
фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге
бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған
жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни
қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).
Осы проблеманы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында
жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г.А.Андеева, В.В.Знаков,
Л.П.Колчина, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б.)
кездесті.
Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде агрессия анықтамалары
мен сипаты, агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері
талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында
кездесетін агрессияның айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.
Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың
өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес
беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық
түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір
агрессиялы күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.
Агрессиялы баланың ызалы кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-
қатынас құра отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу
қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық
тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде
жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен
психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік
қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.
Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам
көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар
ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп
мүмкіншілік жасауға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін
мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі
бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген,
аяқталмаған тұстары көп.
Агрессиялық қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп
жасына дейінгі шақтан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема
бойынша өзін, баласын агрессиядан арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан
көмек сұрап келуінің жиілеуі.
Біздін зерттеу жұмысымыз, аталған мәселені шешуге арналады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-
жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері
әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын
айқындау.
Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі
балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін
агрессия түрлерін ашып көрсету.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін
эксперименталды зерттеу.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған
бағдарлама құру арқылы психокоррекциялық жұмыстарын жүргізу.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған
психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер
көрсету.
Зерттеу объектісі: төрт-алты жас аралығындағы агрессивті балалар.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігін түзету
процесін жеңілдету жолдары.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: мектеп жасына дейінгі балалардың
агрессивтілігі арнайы ұйымдастырылған психокоррекциялық ойын-сабақтар
негізінде жеңілденеді.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялык негізі: біздің зерттеу
жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен
санасыздықтың арасындағы дау-дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық
қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм,
А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. ілімдері; агрессиялық қимылды эволюциялық
процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л.Берковитц,
С.Розенцвейг ілімдері; К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз түсіндірулеріндегі
шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс
реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С.Н.Ениколопов,
Л.Берковиц, Д.Зильманның агрессиялылық үйрету нәтижесінде қалыптасқан
әрекет, мінез көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған
бірқатар материалдар, агрессиялық күйді сипаттауға бағыттылған теориялық
материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін сипаттайтын
теориялық ілімді толықтырады. Агрессия мен агрессивтілік күйдің
өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі
балаларда көрінетін агрессиялы әрекеттердің түрлерін айқындауға
көмектеседі. Зерттеу жұмысымыздағы агрессия туралы ілімдер ересек
адамдардағы кейбір санадан тыс болатын, оның жемісті әрекетіне кедергі
жасайтын психологиялық сипатынының астарын түсіндіреді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Қазіргі қоғамамызда кез-келген
әрекетке агрессиялы жауап берудің алдын алу мақсатында, оның едәуір ерте
көріну себептерін түсіндіруде, агрессиялы әрекетті болдырмау тұрғысында бұл
зерттеудің маңызы зор болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы
эмоциялық тұрақсыздықты реттеу мақсатында жүргізілген жұмыстар, олардың
агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама, сол бағдарлама бойынша
жасалынған практикалық сабақтардағы психокоррекциялық жұмыстарды бала
бақшада, сондай-ақ мектепте бастауыш сыныптағы балаларға да қоладануға
тиімді және ол өз жемісін береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың
агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар нәтижесі
бойынша жасалған нұсқаулар мен кеңестер бала бақша тәрбиешісіне, мектеп
мұғалімдеріне, мектеп психологы мен ата-аналарға таптырмайтын қазына болып
табылады.
Зерттеу жұмысының базасы: зерттеу жұмысы Шымкент қаласындағы №70
бастауыш мектеп бала бақшасында жүргізілді. Бүкіл мектепке даярлық және
ересек топтарынан агрессивтілікті анықтау мақсатында алынған диагностиканың
нәтижесінде 20 бала (ұл-қыз аралас) іріктеп алынды.
Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау
әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, табиғатта кездеспейтін жануар
әдістемесі, ойын әдісі, пиктограмма әдісі, эксперимент әдісі,
интерпретациялау әдісі.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі: мектеп жасына дейінгі балалардың
агрессивтілігін түзету-дамыту мәселесі бойынша дайындалған диплом
жұмысындағы материалдар Республикалық студенттер конференциясы конкурсына
тағайындалған, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінде өтілген 9 студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында
баяндама дайындалып, аталмыш конференция материалдар жинағында жарық көрді.
Тараз институтында өтілегн аймақтық студенттер конференция материалдар
жинағына басылды. Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелер мектеп психологы,
педагогтары мен ата-аналарға көмекші құрал ретінде "Баланың сезімдік әлемін
дамыту" тақырыбында әдістемелік нұсқаулар дайындалып, мектеп тәжірибесінде
2,5 жыл көлемінде сыннан өтіп келеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы 3 бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысында кесте,
график түрінде келтірілген.

1 Агрессияның психологиялык теориялық негізі
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары

Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп
зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның
жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін
болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала
береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке
тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де
зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа
айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық
тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды.
Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл
тікелей болмаса жанама эростың ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып –
мықтылануына бағытталған энергия көзі. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда
қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның
деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада - Танатос деп
көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық,
ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың
энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған.
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы,
ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы,
өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адамзат
әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс
күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия
сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады.

Агрессия, өзгеге бағытталу: Инстинк пен әлеуметтік норманың бір-біріне
қайшылығы, қимылдың шектелуінен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның,
яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған
сыртқы ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылуы, осы
қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін
көрсетеді. Өлімге ұмтылу зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат
агрессивтілікті (сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар
деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың
энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп
соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның
азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады.
Осылай әрдәйым шығарылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалылықты,
кекшілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңдіруі мүмкін.
Этиологиялык көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму
деп қарастырады. Лоренцтың ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір
сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет. Адам бұл
өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет. Агрессияны зерттей
келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы
мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қала алады. Күшті жануарлар өз ұрпағын
сақтап қалуға күші жетеді. Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі.
Осы мезетте жиналған энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқы шығуына
әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне карағанда адамдарда бір-біріне деген
зорлық-зомбылығы көбірек. К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде
туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын
мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке
тиесілі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа
біткен күш деп қарастырады. Сондай ақ оның айтуы бойынша агрессияны
жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады. Оның жорамалы
бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін
жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын
жеңілдетеді.
Лоренцтің тұжырымы бойынша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық
агрессияның ушығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.
Аңшылық гипотеза: Адри - Голливуд сценарисі әуесқой архиолог, бірнеше
кітаптар жазған. Адридің тұжырымдауы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде
аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы: Біз аштықта болмас үшін – шабуылдадық.
Біз қауыпке лайықты қарсы тұрмасақ онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік.
Біз аңшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан икемделгеміз. Бұл
табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы
бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы,
адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесін құрайды.
Э.Фроммның агрессияга көзқарасы: Агрессия – бұл өлімге, қайғыға
ұмтылыс. Э.Фромм зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді: ойын арқылы зорлық,
біреуден кек алу үшін, сеніміне жай түскендей болған кезде, біреу-біреуді
өз билігіне жүгіндіруі, оны қорғансыз объектіге айналдыру, оған ойына
келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат-қайғыруға мәжбүр ету.
Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға
жұмсайды. Яғни адам, дегені болмаған кезде зорлыққа, агрессияға жол береді.
Адам бойындағы қайрымдылыққа, махаббатқа, сенімге көңілі қалған жағдайда,
талқандауға кіріседі. Көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады.
Зорлық-зомбылық бір индивитке және топқа қатысты болуы мүмкін. Зорлық-
зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия
бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын,
мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты құрып – қалыптастыру
болып саналады.
Сөйтіп Э.Фроммның белгілеуінше фрустрациялық қажеттілік пен құмарлық
көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп
отырады деп атап көрсетті.
Фромм зорлық пен агрессия проблемасын адамның әлеуметтік мінез-құлқы
сұрағымен байланыстырды. Көпшілік топ өз индивитінің нақты ерекшеліктерін,
сондай-ақ зорлыққа қатынасын мақсатты бағыттап қалыптастырады.
К.Ю.Юнгтің агрессияга көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы
санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндіреді. Индивидтің дау-
дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі,
жаңаруы.
Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан немесе іштен
келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрсетуіне
орай бірнеше теориялар бар. Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Әрекетке тиесілі бағыт: агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық
әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған.
Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж.Доллард.
Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматталынған
құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен
кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның
нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта
агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі
түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.
Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы.
Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны және
осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты
бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін
болмаса алдын орайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың
күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша
фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесуінің қабылдануы,
агрессияның басқа формаларының оянуының артуы, агрессияны адамға қарсы
қояды.
Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті
әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне
қатысты емес.
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец. Ол
агрессия – фрустрация схемасына үш маңызды түзету енгізді.
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған
дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын
болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады.
Ал С.Розенцвейг – фрустрацияны шақыратын үш себебін бөліп көрсетті:
1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін
қанағаттандырудан айрылу ішкі айрылу және сыртқы айрылу болып бөлінеді.
Сыртқы айрылу - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; ішкі айрылу -
фрустратор адамның өзіне байланысты.
2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың
қажеттілігі.
3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй
немесе қатынас.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады.
Әлеуметтік оқыту теориясы: жағымсыз әсер. Басқа теорияларға қарағанда,
мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д.Уотсонның
қарастыруы бойынша агрессия, зорлық – бұл индивидтің өткен тәжірибесінің
қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері.
Әлеуметтік оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан
үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни
адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда
бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-
ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана
әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана,
агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура. Ол
агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді:
- осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы;
- олардың әрекетін итермелейтін факторлар;
- оларды нақтылайтын жағдай.
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп
қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады.
Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке
жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі,
әрдайым табыссыздықтың қайталануы – тенденция күшінің тежелуіне әкеледі.
Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады.
Қорғаныс түсінігі – бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни
бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау
немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы
мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:
- жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул
оны ушықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады.
- Жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын
стимул.
Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу.
Қорғаныстың төрт түрін қолданады:
1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ –
онда жағымды көтермелеу қортындысы.
2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін
өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы;
3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе – онда жағымды
жазалаудың қорытындысы;
4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып
тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы.
Бала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның
агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып
отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға
қалыптасады.
С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы
бар:
1. Агрессия өзінің мен тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай
агрессияның бой көрсетуі, адамның мен тұжырымын қаншалықты түсінетініне
байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін
агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;
2. Агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни
Текені босату;
3. Өз мақсатына жету: жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен
құтылып шыққым келеді.
Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу,
ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.
Аутоагрессия – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып
тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі
талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық
ауру актуалды орын алуда.
Л.Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға болады.
Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы
жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес.
Гуманистік бағыт. К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Берлз және т.б. еңбектері
агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп,
түсіндіреді.
К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен зорлық индивидтің
бостандығын таңдау мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге, қарсы әрекеті.
Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі. Агрессия бұл
организмның тәжрибеге жауабы, яғни қауіп төнетін жағдайда индивидтің өз
жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды
қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына
көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністермен қаупі күшейіп, олардың оны
бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады,
сондықтанда ол еркіндікте емес, әрекетті таңдауы шектелген. К.Роджерстің
айтқанындай агрессия – бұл шектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің
жауабы. Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттік
қайнар көздер бойынша теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды
жасауға болады.
Бүгінгі таңдағы психологиядағы агрессия проблемасында нақты жинақталған
бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм және т.б.) агрессия терминіне ортақ
түсініктің жоқтығы. Мысалы: К.Бютнер түсінігі бойынша агрессия сезімінің
астында өз серіктестігін балағаттап, жаралап оны құртуға бағытталған.
А. Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырады, олар барлық уақытта
үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А. Басс және А. Дарни
агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальды және жанама
агрессияның көріністеріне сүйенеді. Авторлардың көзқарасы бойынша қастандық
– бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік деп түсіндіреді.
Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоюға лайықты:
агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу
өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-
біріне өзара байланыстарын көре білу қажет. Агрессияның жан-жақты әр түрлі
қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп жағдайда мынандай түсінік
қолданады: агрессия – бұл балағаттауға болмаса біреуге, тірі жанға зиян
келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.
Н.Д.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті
айыра білу қажеттілігі деп көрсетті.
Екіншіден агрессия ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі,
себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл
аудару қажет. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай
әрекеттің ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін
эмоциялық күйдің тұрақсыздығы. Г.М.Бреслевтің айтуы бойынша баланың өзін
тануындағы, дамуындағы кейбір әрекеттерін, яғни этика критериясының
рамкасына жатпайтын әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық қателік.
Н.Д.Левитов агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық және жігерлілік
компоненттерін анықтады:
- танымдық жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын
объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу.
- эмоциялық компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді,
жасаған әрекетін қадағалай алмауы.
- жігерлілік компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды
құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім
қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі. Агрессиялы жағдай көп
жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған
құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы
әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте
дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді
реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-
күйін меңгере алмаған жағдайда. Л.С.Выгодскиидің Педагогикалық психология
атақты еңбегінде баланың проблемадағы моральдық әрекетінің нәтижесін
өзіміздің қөзқарасымызбен қарағанда өте қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт
көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне (Л.Выготскии) көбірек көңіл бөлініп,
оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту.
Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін
құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-
жақты мақсатты бағыттау. Яғни айналадағы стрессорлар сыртқы себептілік
агрессия үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік. Себептілік
агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ушығуын
көтеретін мүмкіндіктер. Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның
күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның
көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-
дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні
т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі жағдайлардағы
тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы реакцияға
итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты
басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді.
Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны болмаса
дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз санасын публикалық түрде айтады: адам өз
ойы мен қайғысына басым көп көңіл бөлген жағдайды – онда өзіне деген өз
санасы жайында айтылады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық
саналығы агрессиялық реакцияның төмендеуіне мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы
тақырыпқа байланысты Т.Г.Румянцева былай дейді: әдістемелік және
тұжырымдамалық теорияның негізгі, адамзат агрессиясы қазіргі заман
философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды
бөлімі бекіту негізін құрайды. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті
мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала
агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың актуалдылығына көңіл
бөлсек.

1.2 Агрессияның түрлері

Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның
бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде
адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған
қиянат.
Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға
дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.
Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке
дайындық.
Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды
мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты
әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия
сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық
қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде
мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы
енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы
конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі.
Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады
(П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі;
агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін
жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда
вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро
агрессия түрінде көрінеді.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі. Оны мынадай схема
түрінде ұсынады.

Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға
болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды.
Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда
да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп
қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.
Оларға қысқаша мінездеме берейік:
1) Вербальды агрессия.
а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға
бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле
тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара,
айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.);
агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге
отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың
үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)
ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды
формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды
агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора
–ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)
2) Физиологиялық агрессия.
а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы
материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы
(басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін
жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап
отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы
мен үрейін бақылау).
ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет
арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала
құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар
төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды
қолдануы).

1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы

Бала агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағыт (А.Фрейд).
А.Фрейд өз әкесінің жыныстық және агрессиялық инстинк қатынас көзқарасын
бөлісе отырып, оның бірнеше фазасын бөліп қарастырады: аральды
агрессивтілік, анальды садизм және т.б. А.Фрейд бала психоаналитикасымен
шұғылдана отырып, ол агрессия мен тұжырымының қорғаныш механизмдерінің
бірі деп қарастырады. Осыған байланысты оның түсінігі бойынша агрессия оның
менінде өткен немесе болатын жағдайда қорқыныш пен қауіптің пайда болуы.
Агрессияның ушығуы бұл баланың меніне тікелей қауіптің пайда болуы.
Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай
мінез-құлқын бекітеді.
Индивидуалды психологияның негізін қалауша А.Адлер – баланың бүкіл
дамуында өзіне толық емес жартылай сенімділік сезімін агрессияның
туындауынын негізі деп қарастырды. Бала ұзақ уақыт біреуге тәуелділігіне
күйзіледі, ол өзіне тіптен көмексіз болған кезде күн көруі үшін ата-анаға
жүгінуі қажет. Баланың жетілмегендігі, өзіне сенімсіздігі және өз бетінше
алып кете алмауы, отбасында қоршаған күшті адамдарға бағынышты болуы қатты
қайғыруға әкеліп соқтырады. Бұл кем бағалы сезімді тудырады, қоршаған
ортада жетістікке жетіге бағытталған ұзақ күрестің бастамасы.
Бала агрессиясына, қорқыныш та жатады, И.Бютнер бала агрессиясының жиі
кездесетін екі себебін көрсетеді: біріншіден, жығылып қалудан, өкпелуден,
үлкендердің басқындығынан қорқынышы; екіншіден, көңілі қалу болмаса өткенге
қапалық, өзі шабуылдауы. Нақтылап бала агрессиясын айта кетсек, бұл кезде
санасыз агрессия импульстері тікелей емес, жанама түрде: қиялында, ойын
үстінде таратылады. Э.Эриксонның айтуы бойынша адам бойындағы қастандық бұл
өмірінің бастапқы жылдарында әлемге, өмірге деген сенімділік жүйеленіп
орнықтағандығы. Эриксонныың тұжырымына келіссек, баланың адамдарға, өмірге
деген сенімі мен сезімі оның анасының берген қамқорлығының құндылығына
байланысты. Мектепке дейінгі жастағы инициатива аралық конфликті,
психоәлеуметтік конфликті Эриксон жасына қарай ойын деп атады.
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі
өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы
қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер,
мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым-
қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында
сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші
бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол,
бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем
әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың
өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік
байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға
кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде,
бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін
қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын
анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің
елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай,
бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала
психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін
әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала
тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне
диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді,
сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары , агрессивтілікпен ішкі қаупін
зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік
қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық
себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар
ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар
типтерінен іздеу керек.
Бала кездегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі
себептері, психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер,
мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады.
Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне
байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен, құрбы-
құрдастарымен қатынастарын күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі қарама-
қайшық аумағы және оның үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері
балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек ересек адамның
статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы
ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде,
мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:
1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған
ортамен өзара әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы:
олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу
сияқты сапаларды айтуға болады.
2. Екінші типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі
қоршаған ортамен мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Осының
нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-
қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық
бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын өзгертуге тырысады, алайда
мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің
адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары
негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі
немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтерімен
байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың әлеуметтік мәнді мінез-
құлықтың идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеліп
соғады. Бала кезде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді,
сауатты басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке тұлғалық ерекшелігін,
эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің
бағыттылығын ескеру керек.
Қиын балаларда жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең
тұлғалық өзгерістер байқалады. Бала-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі,
өзін тану психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай
жасайды.
Бала кезде тұлғаның қарқынды мінез-құлықтық санасының қалыптасуы,
моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын игеру,өзінің мінез құлқында пайда
болған бағалық пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды. Міне, сондықтанда
мінез-құлықтың қалыптасу процесінде пайда болған өзіндік бағалау жағдайлары
баланың тұлғалық құрылымына тәуелді болады. Бала кезде өзіндік сананың
ерекшеліктері, яғни тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың негізгі жетекшісі
компоненттері, өзбеттілік дәрежесі, әртүрлі және қоғамдағы күрделі өзара
байланыстар жүйесіндегі адамдармен қарым-қатынастағы тұлғаның тәуелсіздігін
анықтайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия проблемасының орнауында
агрессия және агрессивтілік түсінігін айырып, ажырата білу қажет:
бірінші түсінік биологиялық заңдылық рамкасында тереңдетіле калдырылады,
осыған орай бір топ адамның болмаса бір адамның агрессивтілік әрекетінің
әлеуметтік көпшілік тарихи жағдайы анықталады.
Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының өзара
байланысы: Балалардың агрессивті мінез-құлқымен өзіндік бағалауының
арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу өте маңызды. Өзіндік бағалау
процесі субьектінің агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік
бағалау деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз
шабуыл жасасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия
балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер
бойынша агрессияның төмендеуі өзіндік бағалау процесімен жанама түрде
байланысты болған (С.Фишбах). Агрессия сферасын анықтаушы нормативті
стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп
отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері
болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни объективті
өзін тану жағдайы болады. Тұлға дамудағы бала жасының дағдарысы балалық
пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін нәтиже
деп трансцендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған, жеке
даралығын іздеген қажеттілікке жауап ретінде индивидуалды тәжірибесі арқылы
туындайтын Меннің тұрақты және дифференциалданған бейнесін көрсетеді.
Сондықтанда балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен
олардың объективті салдары негізінде ұғынады. Мен-бейнесі адамның әлемдік
бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінді туынды сипатқа ие
болады.
Балалардың Мен бейнесі өзіндік ерекшелікке ал өзіндік сана сезімдері
символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған Мен-бейнесі бір мифологиялык
табиғатқа ие болады. Миф ұғымы Мен-бейнесімен мен тұлғаның өмірлік
стратегияларын, оның өзіндік детерминациясын біріктіруге мүмкін береді.
Баланың өз менің жайлы индивидуалды мифті құруы, өзіндік сана сезімдермен
Мен-бейнесінің бір-бірінен ерекше айырмашылығы болатын көрсетеді және
экзистенциалды өзіндік бағалауға басқаша қарау қажет екенін болжайды. Мұнда
балалардағы дағдарыс дербес сипат алады, екі әлемнің арасындағы
басқарылмайтын шекара ретінде жалғастырмайды. Өзіндік бағалау кәмелетке
жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген
формаларына: ойлары, қауіптеріне, физикалық және психологиялық
жәбірленуіне, конфликтілеріне, төбелестеріне, фантазияларына және басқада
әлеуметтік қолдау алмайтын мінез-құлық формаларына мәнді әсер етеді.
Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер
әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен
эмоциялық реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін
және басқаларға деген не оң не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері
жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоаналитикалық және
әлеуметтік-психологиялық. 1-шісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және
отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, 2-шісі индивидтің
әлеуметтік тіршілігімен, рольмен, статуспен рөльдік конфликтпен, рөльдік
анықталмағандықпен және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады.
Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін
жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашықты тудырады. Эмоциялық ашығу
құрбыларының арасында қанығады, мұнда ол белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Аңыз әңгімелер
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына халықтық салт – дәстүрді сіңіре білу
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Мәдениет, салт-дәстүрлер
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Халықтың тәрбиелік дәстүрлері
Отбасындағы бала тәрбиесінде қазақ халқының салт - дәстүрінің маңызы
Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
Баланы отбасында мектепке дайындау
Пәндер