Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері

ШЫМКЕНТ-2009

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

І. Инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттырудың теориялық негіздері.

1. 1. Инновациялық технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланудың

педагогикалық шарттары . . . 6

1. 2. Инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 18

1. 3. Инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттырудың шарттары . . . 32

ІІ. Инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушылардың шығармашылығын арттыру жолдары.

2. 1. Дәстүрлі емес сабақтар - оқытушының шығармашылығын арттыру негізі . . . 40

2. 2. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын ендіру-инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушылардың шығармашылығын арттыру құралы . . . 44

Қорытынды . . . 48

Әдебиеттер тізімі . . . 50

Қосымша . . . 53

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап болжайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгертіп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен ұштасып жатуға тиіс. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұсатнымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген. Осы тұжырымдамада айқындалғандай, орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. / 1 / .

Сондықтан зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жаңа инновациялық технологияларды пайдалануда мұғалімнің шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері» деп алуды жөн көрдік.

Қазіргі пәндерді оқыту әдістемесі мұғалімнің танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол мұғалімнің дербестігін, танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады.

Оқытушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты рөл атқарғандығын соңғы зерттеушілер анықтап отыр. Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі - оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі.

Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде жеке тұлғаның қабілетінің іс-әрекетке ұмтылысын оның өзіндік атқаратын іс-әрекеті ретінде қарасытырады. Мұнда жеке тұлғаның өздігінен атқаратын іс-әрекеті, оның белсенділігімен, тұрақтылығымен, өзіндік сынау мен бақылау және өз-өзіне сенімділік қасиеттерімен сипатталады.

Зерттеудің мақсаты - жаңа инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері мен шарттарын анықтау.

Зерттеудің объектісі - жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие үрдісі.

Зерттеудің пәні - жалпы білім беретін мектеп оқытушының инновациялық технологияларды пайдалануда шығармашылығынарттыру үрдістері.

Зерттеудің ғылыми болжамы - инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттыру тиімді болады, егер:

  • әр оқытушының жеке және дара шығармашылық қабілеттері ескерілсе;
  • оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім оқытушының пәнге деген шығармашылық қызығушылығын арттыратын тапсырмалар құрастыра алса;
  • оқу-тәрбие үрдісінде пәнді оқытуда оқытудың қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланса;
  • өз пәні сабақтарын шығармашылықпен түрлендіріп өткізсе.

Зерттеудің міндеттері:

  • инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
  • инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын арттырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің танысдық, шығармашылық қабілеттерін арттырудың психологиялық, педагогикалық қағидалары алынды.

Зерттеудің көздері - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы Заңы, бағдарламалары, тұжырымдамалары және зерттеу тақырыбына байланысты жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі озат тәжірибелер, психолог, педагог, әдіскер ғалымдардың ғылыми еңбектері.

Зерттеудің әдістері - зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу мақсатында: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы сауалнама, әңгіме, диагностикалық-тестік байқау жүргізу, тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі мен практикалық маңыздылығы:

  • инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармалашылығын арттыру, олардың бойына жалпы азаматтық құндылықтарды үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі жаңа-өркениетті қоғамға өту кезеңінде айрықша мәнге ие болып отырғандығы;
  • өскелең ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына ұлттық адамгершілік құндылықтарды дарыту құралы - оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратындай танымдық қызығушылықтарын арттыруға үнемі жағдай тудырып отырудың тиіміділігі;
  • инновациялық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармалашылығын арттыруда пән сабақтарын түрлендіріп өткізіп, әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып отыру қажеттілігі.
  1. Бөлім Оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық теориялық негіздері.

1. 1 Инновациялық технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланудың

педагогикалық шарттары.

Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан әлемдік мәдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидаларымен әлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Әрбір жеке тұлғаны жан-жақтыдамыту, олардың өзін-өзі тануы үшін мұғалімдер алдына білім беруде инновациялық технологияларды ендіру міндеті жүктеліп отыр.

Технология - шеберлік, іскерлік деген ұғымдар берсе, ал П. В. Беспалько «Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәрбиеге жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеге жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. Ал Т. И. Шамова «Білім беру технологиясы оқуышаларға ыңғайлы қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатында білім беру үрдісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үрдістік жүйесі» деп анықтама береді.

Қалай дегенмен де технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа формалары, амалдарымен іздене отырып, жоғары нәтижеге жетуге талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымына тән, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекетімен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі оның ғылыми нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу деген сөз.

Оқыту технологиясын қолданудағы басты мақсат баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Бұл мәселеде ғалым педагог Л. Занков «Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» десе, көрнекті психолог Л. Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп оқу баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.

Сабақта тақырыпты эмоциялық тұрғыдан саналы игеру-алған білімнің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Материалды саналы меңгерген оқушының жауабы логикалық байланысы мығым, көңілге қонымды, нақтылы болып келеді.

Жалпылама берілген білімнен гөрі оқушының өз тәжірибесіне негізделген білімнің тартымды болып, шәкірт жәгері мен ынтасын арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есіме қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту тасқа басқан таңбадай болары сөзсіз. Қызығушылықпен алған білімін бала өз өмірінің мақсаттарына қолдана біледі.

Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға ізденімпаздықпен қарау қай мұғалімнің болса да басты міндеті. Оқытушының жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыру бүгінгі күн талабы.

Оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат - баланы өз заманына лайық адам етіп шығару болса, осы оқыту стратегиялары арқылы бала білгенін салыстырып, сынап дұрыс пен терісті, ақ пен қараны саналы түрде айыратындығын байқадым. Бала оқуға емес оқу балаға қызмет еткенде оның ынтасы да, жігері де бір мақсатқа жұмылатындығын көрдім.

7-сыныптың қазақ әдебиетінде М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі берілген. Әңгіме мазмұны балаларға бұрыннан киносы арқылы таныс болғандықтан және осы кезеңіндегі балалар психологиясына өте жақын болғандықтан оқушылар әңгіме негізіндегі авторлық көзқарас, проблематика көмескі қалады. Әңгіме оқушының сезім күйі, эмоциясын жаулап алады да, оның негізіндегі басты мәселелер соның қалтарысында қалып қояды.

Әңгімедегі негізгі ойды, яғни, адамдардың қасқырлардан да қатал, тағы екенін оқушылардың өздеріне қалай аштыруға болады?

Әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағандағы бір артықшылығы -әдебиет тәрбие құралы. Сабақта алған білімді өмірде қолдана білуге, адамгершілік қасиеттерге жетелейді.

Кейбір сабақтарда «+» белгісімен белгіленген сұрақтар төңірегінде ойды әрі қарай жалғастырып мағынаны таныдық.

Сабақтың ІІ бөлімінде, яғни, мағынаны тану кезеңінде «кубизм» стратегиясын пайдаланып топтық жұмыс жүргіздік.

Сынып оқытушының 5 топқа бөліп әр топқа мынандай тапсырмалар бердім:

Зерттеңіз

а) Әңгіме бөлімдері бойынша тақырыптар қойыңдар.

ә) Әңгіме тақырыбы мен негізгі ойы қандай оқиғалар арқылы берілген?

Суреттеңіз

а) Көксеректің тағылық бейнесін суретте

ә) Кейіпкерлер туралы пікір. (Әңгімеден мысалдар ала отырып дәлелде)

Салыстыр

а) Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдардағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр

ә) Қасқыр мен адам бейнелерін салыстыр

Қолданыңыз

а) Әңгімеден теңеу, эпитет, синекдоха, кейіптеулерді тауып мысалдар келтір.

Өз ойыңмен байланыстыр

«Көксеректе қазір бұрын ешқашан білінбеген долылық бар, жойқындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан - екі аяқтылардан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді. »

Берілген уақыт ішінде әр топ өз тапсырмаларымен жұмыс жасап, өз ойларын ортаға салды. Толық жауап болмаған кезде өзге оқушылар пікірлермен толықтырып отырдым.

Ой толғау бөлімінде оқушылардың өздеріне қаратыла қойылған сұрақтары бойынша эссе жаздырдым. Үйге тапсырмаға «Адам және табиғат» деген тақырыпта эссе жазу.

Оқытушының топтық жұмыста бағалауда әр топтың топ басшыларының белгіленуіндегі бағалау қағаздарын пайдаландым.

Сабақтарды осылай жүргізу маған және менің оқушыларыма не берді деп ойлайсыз?

Сабақта мұғалім білімге бағыттаушы, ал оқушылар белсене қатысушы болды;

Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екенін сезіне бастады;

Кейіпкерлер ерекшелігін өзге кейіпкерлермен салыстыра отырып ашуға тырысатын боды;

Оқытушының бір-бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөлісіп, бір-біріне құрмет көрсетуге үйренеді;

Өз пікірін ашық түрде қорғай бастады;

Жеңілден ауырға өтуге тиімді жол іздей бастады;

Өзіндік ой-пікір, қиял дүниелері дамып, жазу жұмыстарына кһзқарастары өзгерді.

Сабақта оқушылар белсенділігін көтеріп, қызығушылықпен жұмыс ұйымдастырып, тек танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде сабақ өткізуге болатындығына көзім жетті.

Өткізген ашық сабағымда оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығының көп болуы.

Жаңаша педагогикалық технология-ғылым жетістігі. Қазақстанның тәуелсіз мелекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Олар мыналар:

Лысенкованың «алдын ала оқыту»

Хазанкиннің «есеп шығару»

Палтышевтің «физиканы есептеп шығару»

Шаталовтың «интенсивті оқыту» (тірек сигналдарын пайдалану)

Эрдниевтің «ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі» т. б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технолоиясымен В. М. Монаховтың, Дяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.

Мектептерде жүргізіліп отырған қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен Л. В. Замков, Д. Б. Эльконин В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланыста әрі мынадай ұстанымдардан құралады.

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі
  3. Оқу материалдарын жеделдете оқыту
  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Л. В. Замковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігімен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысынан емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субьектісін қалыптастыруға амалдары бағытталаған оның құрылымы мынадай: Оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекетті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерініңде (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1. Оқытушының өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады.

Бұл жереде алға қойылатын басты мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиет сезімін дамыту.

3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет.

Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы» «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В. П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші-алгоритмдік үшінші-эваистикалық, төртінші-шығармашылық.

Ендеше оқытушының білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдардың талпарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрыптағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар-әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлер.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенімен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі, «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекет үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған.

Олар мыналар:

  • Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі,
  • Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқытушының дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз-кем соған тоқталып өтейік. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілеті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырма. Ос ыарқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдегі жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейдегі толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алып (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде білімді толық меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді, «Міндетті» деңгейдегі толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.

Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар жоғарыда «есеп-зачетка» алынып отырады дедік. «Зачеттің» «екіліктен» айырмашылығы: бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмалары қашан «есепке алынғанша» міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді. Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытудың ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай оқулықтар буынын жазу болып отыр.

Ғылыми технологиялық прогресс өндірістің көптеген салаларын ғана технологияландырып қоймай, мәдениеттің, білімнің гуманитарлық саласына батыл еніп дами бастады. Қазір ақпараттық, медициналық т. б. технологиялық салалармен бірге білімнің технологиялық мәселелері қарастырылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Ақпараттық оқыту технологияларының оқыту үрдісін дамытуға тиімділігі
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Балаларға әңгіме айтып беру
Белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін физика сабақтарында қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz