Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары

Шымкент, 2009

МАЗМҰНЫ

КlРlСПЕ . . . 3

1. 1 Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 6

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары . . . 25

1. 3 Бастауыш сатыда оқыту технологиясы . . . 34

1. 4 Жаңаша оқытудың негізгі түрлері . . . 36

ІІ Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру . . . 44

2. 1 Сабақ процесінде техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру . . . 44

2. 2 Сабақ процесінде проекциялық аппараттарды пайдалану . . . 48

2. 3 Сабақ процесінде компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістері . . . 48

2. 4 Сабақ процесінде диафильмдерді пайдаланудың маңызы . . . 53

2. 5 Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін анықтау . . . 58

2. 6 Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік талдау . . . 62

lll ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 64

3. 1. Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін анықтау нәтижесі . . . 64

3. 2. Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік талдау көрсеткіші . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl . . . 70

КІРІСПЕ

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін.

Бастауыш сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы. Бүгінгі таңдағы бастауыш мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Қазақстан аз дамуында жаңа серпілістер жасауы қажет. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс.

Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.

Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарлы, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.

Білім беру саласындағы алға қойылып, отырылған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру .

Қазақстанның Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халақаралық коммуникациялық желілерге шығу ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей - ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау конспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыруға үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы» - деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.

Осы ретте менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары» деп аталады.

Диплом жұмысының өзекті мәселесі: Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.

Ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы: Оқушылардың үлгеріміне, әлеуметтік жағдайына мониторинг жасау арқылы білім деңгейін анықтаймыз. Бұл мәліметтерді мектепте кеңінен қолдануға болады.

Жұмыстың мақсаты: Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу.

Жұмыстың міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдарын білу, кіші мектеп жасындағы оқушылардың сабақ үлгерімін, мұғалімнің сапалық деңгейін анықтау.

Зерттелінетін объект: Мектеп оқушылары

Зерттеу материалдары мен әдістері: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңа технологияларды пайдаланып өтілген сабақтарда ой-өрісінің дамуының сандық және сапалық көрсеткіштерін мониторинг әдісі

1. 1 Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері

“Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды.

Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық - мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан саулығының, интеллектуалды потенциялының қамын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі.

Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр:

  • Республикасының ақыл - ой әлеуетін қалыптастыруға белсене

қатысу, жеке адамның рухани жаңаруына жағдай жасау;

  • Жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде және факультативтер

мен арнайы курстар, пәндерден білім беру барысында ақыл -ойы ұлттық сана - сезімі жоғары жеке тұлғаны тәрбелеу;

  • Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу;
  • Оқушыларды шығармашылық жұмыста бағыттау;
  • Жеке адамның өзіне - өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т. б.

қасиеттерін дамыту;

  • Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен

Айналысуға қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және оқу тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Жалпы практикалық, философиялық, психологиялық және эстетикалық дайындықты күшейту. Технология - шеберлік, іскерлік деген ұғымдар берсе, ал П. В. Беспалько «Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәрбиеге жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеге жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. Ал Т. И. Шамова «Білім беру технологиясы оқуышаларға ыңғайлы қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатында білім беру үрдісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үрдістік жүйесі» деп анықтама береді.

Қалай дегенмен де технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа формалары, амалдарымен іздене отырып, жоғары нәтижеге жетуге талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымына тән, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекетімен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі оның ғылыми нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу деген сөз.

Оқыту технологиясын қолданудағы басты мақсат баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Бұл мәселеде ғалым педагог Л. Занков «Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» десе, көрнекті психолог Л. Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп оқу баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.

Сабақта тақырыпты эмоциялық тұрғыдан саналы игеру-алған білімнің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Материалды саналы меңгерген оқушының жауабы логикалық байланысы мығым, көңілге қонымды, нақтылы болып келеді.

Жалпылама берілген білімнен гөрі оқушының өз тәжірибесіне негізделген білімнің тартымды болып, шәкірт жәгері мен ынтасын арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есіме қалар. Ал істетіп көрсетіп берші, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту тасқа басқан таңбадай болары сөзсіз. Қызығушылықпен алған білімін бала өз өмірінің мақсаттарына қолдана біледі.

Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға ізденімпаздықпен қарау қай мұғалімнің болса да басты міндеті. Оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыру бүгінгі күн талабы.

Оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат - баланы өз заманына лайық адам етіп шығару болса, осы оқыту стратегиялары арқылы бала білгенін салыстырып, сынап дұрыс пен терісті, ақ пен қараны саналы түрде айыратындығын байқадым. Бала оқуға емес оқу балаға қызмет еткенде оның ынтасы да, жігері де бір мақсатқа жұмылатындығын көрдім.

7-сыныптың қазақ әдебиетінде М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі берілген. Әңгіме мазмұны балаларға бұрыннан киносы арқылы таныс болғандықтан және осы кезеңіндегі балалар психологиясына өте жақын болғандықтан оқушылар әңгіме негізіндегі авторлық көзқарас, проблематика көмескі қалады. Әңгіме оқушының сезім күйі, эмоциясын жаулап алады да, оның негізіндегі басты мәселелер соның қалтарысында қалып қояды.

Әңгімедегі негізгі ойды, яғни, адамдардың қасқырлардан да қатал, тағы екенін оқушылардың өздеріне қалай аштыруға болады?

Әдебиет пәнінің басқа пәндерге қарағандағы бір артықшылығы -әдебиет тәрбие құралы. Сабақта алған білімді өмірде қолдана білуге, адамгершілік қасиеттерге жетелейді.

Кейбір сабақтарда «+» белгісімен белгіленген сұрақтар төңірегінде ойды әрі қарай жалғастырып мағынаны таныдық.

Сабақтың ІІ бөлімінде, яғни, мағынаны тану кезеңінде «кубизм» стратегиясын пайдаланып топтық жұмыс жүргіздік.

Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп әр топқа мынандай тапсырмалар бердім:

Зерттеңіз

а) Әңгіме бөлімдері бойынша тақырыптар қойыңдар.

ә) Әңгіме тақырыбы мен негізгі ойы қандай оқиғалар арқылы берілген?

Суреттеңіз

а) Көксеректің тағылық бейнесін суретте

ә) Кейіпкерлер туралы пікір. (Әңгімеден мысалдар ала отырып дәлелде)

Салыстыр

а) Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдардағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр

ә) Қасқыр мен адам бейнелерін салыстыр

Қолданыңыз

а) Әңгімеден теңеу, эпитет, синекдоха, кейіптеулерді тауып мысалдар келтір.

Өз ойыңмен байланыстыр

«Көксеректе қазір бұрын ешқашан білінбеген долылық бар, жойқындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан - екі аяқтылардан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді. »

Берілген уақыт ішінде әр топ өз тапсырмаларымен жұмыс жасап, өз ойларын ортаға салды. Толық жауап болмаған кезде өзге оқушылар пікірлермен толықтырып отырдым.

Ой толғау бөлімінде оқушылардың өздеріне қаратыла қойылған сұрақтары бойынша эссе жаздырдым. Үйге тапсырмаға «Адам және табиғат» деген тақырыпта эссе жазу.

Оқушыларды топтық жұмыста бағалауда әр топтың топ басшыларының белгіленуіндегі бағалау қағаздарын пайдаландым.

Сабақтарды осылай жүргізу маған және менің оқушыларыма не берді деп ойлайсыз?

Сабақта мұғалім білімге бағыттаушы, ал оқушылар белсене қатысушы болды;

Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екенін сезіне бастады;

Кейіпкерлер ерекшелігін өзге кейіпкерлермен салыстыра отырып ашуға тырысатын боды;

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөлісіп, бір-біріне құрмет көрсетуге үйренеді;

Өз пікірін ашық түрде қорғай бастады;

Жеңілден ауырға өтуге тиімді жол іздей бастады;

Өзіндік ой-пікір, қиял дүниелері дамып, жазу жұмыстарына кһзқарастары өзгерді.

Сабақта оқушылар белсенділігін көтеріп, қызығушылықпен жұмыс ұйымдастырып, тек танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде сабақ өткізуге болатындығына көзім жетті.

Өткізген ашық сабағымда оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығының көп болуы.

Жаңаша педагогикалық технология-ғылым жетістігі. Қазақстанның тәуелсіз мелекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Олар мыналар:

Лысенкованың «алдын ала оқыту»

Хазанкиннің «есеп шығару»

Палтышевтің «физиканы есептеп шығару»

Шаталовтың «интенсивті оқыту» (тірек сигналдарын пайдалану)

Эрдниевтің «ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі» т. б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технолоиясымен В. М. Монаховтың, Дяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.

Мектептерде жүргізіліп отырған қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен Л. В. Замков, Д. Б. Эльконин В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланыста әрі мынадай ұстанымдардан құралады.

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі
  3. Оқу материалдарын жеделдете оқыту
  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Л. В. Замковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігімен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысынан емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субьектісін қалыптастыруға амалдары бағытталаған оның құрылымы мынадай: Оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекетті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерініңде (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1. Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады.

Бұл жереде алға қойылатын басты мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиет сезімін дамыту.

3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет.

Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы» «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В. П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші-алгоритмдік үшінші-эваистикалық, төртінші-шығармашылық.

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдардың талпарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрыптағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар-әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлер.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенімен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі, «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекет үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған.

Олар мыналар:

  • Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі,
  • Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз-кем соған тоқталып өтейік. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілеті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырма. Ос ыарқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдегі жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейдегі толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алып (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде білімді толық меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді, «Міндетті» деңгейдегі толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Оқыту процесінде ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды қолданудың психологиялық аспектілері
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz