Балалардың ересектермен қарым - қатынас типін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

І-тарау

Шетел және отандық психологтардың зерттеулеріндегі қарым-қатынас мәселелеріне теориялық анализ.

І. І Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселелері.

І. 2 Отандық психологтардың зерттеулеріндегі педагогикалық қарым-қатынас.

ІІ-тарау.

Мектеп жасына дейінгі баланың ересектермен қарым-қатынас аспектілері.

ІІ. 1Эксперимент.

ІІ. 1. 1 Белгілеуші эксперимент.

ІІ. 1. 2 Қалыптастырушы эксперимент.

ІІ. 1. 3 Бақылаушы эксперимент.

ІІІ-тарау.

ІV. Қорытынды.

V. Практикалық ұсыныстар, пікірлер.

VІ. Әдебиеттер.

VІІІ. Қосымшалар.

Кіріспе

Қарым-қатынас дегеніміз - ғылым әрі өнер. Бұл творчествалық процесс. Қатынас жасау адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлық сезімі, гуманитарлық көзқарасы қалыптасады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып, байқап оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі.

Басқа адамдармен араласу нәтижесінде адам жалпы адамзаттық тәжірибені, тарихи қалыптасқан әлеуметтік норманы, бағалылықтарды, іс-әрекеттің тәсілдері мен білімдерін меңгереді, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қалыптасады. Яғни қарым-қатынас адамның психикалық процесі, күйі, мінез-құлқы туындап, қалыптасып, дамитын әмбебап шынайылық деп анықтауға болады.

Қарым-қатынас баланың қалыпты психикалық дамуының бөлінбес шарты және маңызды факторы. Айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа қажеттілік адамда бірінші дәрежелі мәнге ие. Бала соған байланысты адаммен сабақтас әсерлерге ерекше назарын аударды деуге болады. Мектепке дейінгі жас баланың айналадағы адамдармен қарым-қатынасының дамуының маңызды кезеңі.

Кішкентай бала ересектермен қарым-қатынасқа түсу арқылы
адамзат тәжірибесін игереді. Міне сондықтанда қарым-қатынас
баланың жалпы психикасы дамуының басты факторы.

Мәселенің өзектілігі: Біздің зерттеу барысында берілген ұсыныстар балалардың қарым-қатынас дағдыларын меңгеріп, қалыптастыруда тәжірибешінің педагогикалық практикасында сонымен қатар, отбасылық бала тәрбиесінде қолдануға болады.

Зерттеу объектісі: Шымкент қаласындағы, №86 "Алтынай" бөбекжай балалары.

Зерттеу құрамы: Қарым-қатынас ол психикасының дамуымен қарым-қатынас типіне тәуелді, бала психикасының маңызды процестерінің бірі.

Мақсаты: Баланың ересекпен қарым-қатынасының типін анықтау және оның мектепке дейінгі жастағы бала психикасы дамуына әсерін зерттеу. Ғылыми болжамы:

- Мектепке дейінгі балалардың ересекпен қарым-қатынасының бала психикасының дамуына әсері балабақшадағы оқу-тәрбие процесіне байланысты.

- Ата-ана мен отбасының басқа да мүшелерінің баламен қарым-қатынас- ына байланысты.

- Балардың жас ерекшелігіне байланысты қарым-қатынас типінің өзгеруі.

Алға қойылған мақсатпен ғылыми болжамдарға байланысты мынадай міндеттер қойылды:

  1. Берілген мәселе бойынша әдебиеттерге талдау жасау негізінде, зерттеудің мәселелік күйін анықтау.
  2. Әдебиеттерді меңгеру жолымен, мақсатқа жету үшін адекваттыәдістемелік құралдарды таңдап алу.
  3. Мектепке дейінгі баланың психикасының қалыптасуы мендамуын анықтау және баланың ересектермен қарым-қатынас типінің психикалық дамуға әсерін анықтау.
  4. Мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынасын меңгеріп, қалыптастыру үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге ұсыныстаржасау.

Әдістемелік негізі: балалардың ересектермен қарым-қатынас аспектілерін зерттеп, оның бала психикасының дамуына әсерін анықтауда М. И. Лисина, Т. Шерьязданова, А. В. Запорожец, А. А. Леонтьевтің психологиялық теориялық зерттеулері алынды.

Ғылыми жаңарысы: әр түрлі жас кезеңіндегі баланың ересектермен қарым-қатынас типін игеру және оның бала психикасының дамуына әсерін зертеуден тұрады. Ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас типін меңгеру жағдайлары шынайы түрде өтті.

Теориялық маңыздылығы: Зерттеуде мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынас аспектілері және оның бала психикасының дамуына әсері жөнінде психологтардың анықтамалары көрсетілді.

Практикалық бағалылығы: Зертеуде балабақша тәрбиешісі мен ата-аналарға, балалар психологына қолдануға болатын бірнеше ұсыныстар енгізілді. Олар кейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуге үлкен көмек береді.

Дипломдық жұмыс құрылымы: Жұмыс кірімпеден, үш тараудан, әдебиеттер тізімі мен практикалық ұсыныстардан тұрады.

1. Шетел және отандық психологтардың зерттеулеріндегі қарым-қатынас мәселелеріне теориялық анализ.

2. Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселелері.

І. І Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселелері.

Қарым-қатынас бала психологиясының қалыпты дамуының бөлінбес шарты және маңызды факторы.

Адамның қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі бірінші сатыда тұрады. Қоғам психологтардан қарым-қатынас генезисі туралы сұрақтарды өңдеуді және оның алғаш рет туындауы мен одан әрі дамуына анықтама беруді талап етті.

Қарым-қатынас генезисі мәселесін ең алдыңғылардың бірі болып өңдеген ағылшын психологы Дж. Боулби болды. Оның өзіне шығармашылық позициясымен жақын Франциядан Рене Спитс, Австриядан Анна Фрейд және басқа да.

Европалық психологтар тәрізді кішкентай баланың психикалық жағынан дұрыс дамуы үшін анасымен қарым-қатынастың бірінші деңгейлі мәнін ашып көрсетті. Ғалымдар оның қарым-қатынасының жеткіліксіз болуы бала өміріне қауіп туғызады, оның дене және психикалық дамуына кедергі жасайды. Бұдан кешірек қарым-қатынас генезисін зерттеуге АҚШ ғалымдары да өз қызығушылықтарын көрсете бастады. Олар 1950 жылдары бшіалықтың әр түрлі кезеңіндегі балалардың ересектермен және басқада балалармен де қарым-қатынасының бағытына талдауды "Әлеуметтік білім беру" теориясына сүйене отырып өткізді. Баланың анасымен және қүрдастарымен қарым-қатынасы олардың еңбектерінде "Стимулреакция" заңына бағынған әр түрлі құбылыстар түрінде түсіндіріледі.

Кішкентай балалар үшін ересектермен қарым-қатынас контекст ретінде қызмет көрсетудің бір ғана мүмкіндігі болып табылады. Сол арқылы бала ертеден қалыптасқан адамдар тәжірибесін меңгереді. Міне сондықтан да қарым-қатынас баланың жалпы психикалық дамуы үшін басты фактор болып саналады.

Госпитализм құбылысы ата-анасыз қалған балаларды отбасынан тыс тәрбиелеуге алғашқы әрекеттер жасала бастағанда-ақ көрінген болатын.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жеке және
мемлекеттік жетімдер үйі пайда бола бастады. Кейіннен көп ұзамай
олар "Періштелер фабрикасына" айналды. Мұнда өлім саны көп
болды, әсіресе бала өмірінің бірінші жылдары мен алғашқы
айларында кеңінен етек алды. Бұл мекемеде өмір сүрген балалар дене және психикалық дамуынан артта қалатындығы байқалды: 3 жасына қарай олар өз-өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын игере алмады, сөйлеуге шорқақ тәрбиеші әсеріне нашар берілетін және прогрессивтілігі басым немесе агрессивті болып келеді. Бейнелеп көрсетілген комплекс -"Госпитализм" деген атқа ие болды. Госпитализм формасы қоғам назарын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзіне аудара бастады. Бұл кезеңде жетімдер саны арта түсті. Госпитализмнің драмалық картиналарын Р. Спитц өз жұмыстарында бейнелеп берді. Ол бір балалар үйіндегі 3 айлығынан ата-анасыз тәрбиеленіп жатқан балаларды бақылады. Жақсы күтім мен тамақтандыруды көрсе де, олардың 37%-ы алғашқы екі жылда өмірден кетті. 21 бала тірі қалды, кішкентайларына 2 жыл, ал үлкендеріне 4 жыл 1 ай болған еді, олардың бесеуі ғана сүйеусіз отыра алды, 8-і басқалардың көмегімен жүрді және бесеуі өз бетімен, 12 бала қасықпен тамақтана алмайтын болды, ал 20-сы өздері киіне алатын болды. Балардың тілінің дамуы өте нашар сапада болды: 21 баладан 6-ы ешқандай сөйлей алмады, 12-сі 2-5 сөз ғана айта алды, тек біреуі ғана сөйлем құрай алды. Р. Спитц балалардың ерекше нервротикалық күйін жазды, оны "Анаклитикалық дипрессия" деп атады. Оның симптомдары: қайғы, баланың өз-өзінен тұйықталуы, тежелуі, тәбетін жоғалтуы, ұйқысыздық.

Р. Спитц сонымен қатар басқада неофрейдистік бағыттың
жақтаушы психологтары госпитализмді балаға аналық күтімнің
жоқтығымен байланыстырады. Бұл зерттеушілер сәбидің анасымен
контактісінен қарапайым әлеуметтік құмартудың көріністерін
байқаған. Г. Спитц, М. Рибби, А. Фрейд және басқа зерттеушілердің қызметінің мәні мынада: олар кішкентай балалардың өзіне жақын ересектермен қарым-қатынасына ғылымдар мен практикалық жұмыскерлердің назарын аудара білді. Және оның баланың дүрыс дамуында, оның тұлға ретінде гармондық қалыптасуына мәнін ашып көрсетті. Бірақ та неофрейдистік бағыттың жұмыстары адамдарды қоғамдық жағдайда балаларды тәрбиелеуге қарсы қойды. Және осы арқылы оның дамуына, әдістерінің жүзеге асуына тежеліс жасады.

Баланың жеке адам ретінде қалыптасуына әсер ететін маңызды фактордың бірі - отбасы атмосферасы, баланың ата-анасымен эмоциональды контактісі, отбасы құрылымы. Көптеген зерттеушілер жақын ересектер тарапынан сүйіспеншілік, қамқорлықтың көрінуі бала үшін өзіндік қажетті маңызды витамин болып табылады, ол балаға қорғаныштық түсінігін береді, эмоционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, оның өзін-өзі бағалауын көтереді. Ал ересектер тарапынан көңіл бөлінбеу, эмоциональды араласудың жетіспеушілігі баланың күйгелек, шыдамсыз болуына әкеп соғады. Аналық қамқорлықтың болмауынан ауыр жағдайлар жөнінде Р. Спитц (1957) Дж. Боулби (1973) Г. Руденско және М. Жебер (1951) өз зерттеуінде жазған болатын.

Шетелдік зерттеушілердің көп бөлігі, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас зерттеушілер психоапатиялық теорияға көбірек сүйенеді.

Психоаналитектер баланың жеке адам ретінде қалыптасуына отбасының әсерін зерттеуде негізгі назарды бала мен қоршаған отбасындағылардың арасындағы қақтығысқа аударады. Баланың анаға деген махаббаттың олар эротикалық бейімдеушілік түрінде, ал әкеге қатынасы олардың пікірінше бұл көрінбейтін жеккөрушілік сезімі деді. Олар баланың отбасындағы өзара қарым-қатынасын оның жеке адам ретінде меңгерілген түсініктерімен және өмірдің сол кезінде басынан кешкен қақтығыстар мен анықталады деп көрсетті.

Шетелдік зерттеулер де балаларға әсер етудің үш типі кеңінен меңгерілген.

  1. Билікті пайдалану.
  2. Түсіндіру
  3. Ата-ананың махаббатынан айырылу.

Билікті қолдану тактикасы: күштеу, бұйрық беру, дене жазасы, бала тілегеніне ата-ана тарапынан бақылау кіреді. Индуктивті техника (түсіндіру) өзіне талқылау, мақтау, балаға өз әрекетінің неге апарып соғатынын түсіндіруді алады. Махаббаттан айырысу жағымпаздық, оның мінез-құлқындағы келеңсіздікпен айқындалады.

Әсер ету типінің балалардың дамуына әсерін зерттеуде: ата-аналары балаларына түсіністікпен жылылықпен қарап, салалы жүріс-тұрысты бақылап, талап етудің нәтижесінде балалары тәуелсіздіктің (өзін-өзі басқару) жоғары деңгейінде өсіп, жетіледі. Олар өз-өздеріне сенімді, белсенді, ұстамды, білімге құштар, достық сүйіспеншілікті тірек ететін болып өсті.

Ал өз-өздеріне сенімсіз, білімге құштарлығы көрінбейтін, өзін-өзі ұстай алмайтын балалардың ата-аналары балаларына жылылық көрсетпейтін, көп жазалайтын, өзіндік түсіністік пен сезімі жоқ адамдар. Бұндай балалардың ата-аналары талап қоймайтын, ұйымдастыра алмайтын нашар тұрмыста тұрған.

1. 2. Отандық психологтардың зерттеулеріндегі педагогикалық қарым-қатынас

Мектепке дейінгі шақ, өзінің азғана уақытқа жалғасатындығына қарамай (4 жыл) бала өмірінде маңызды кезең болып табылады. Дәл осы уақытта коммуникативтік іс-әрекеттер өзгеріске түсе бастайды: қарым-қатынас шеңбері кеңейеді, құрдастарымен контактісі байқалады, айналасындағы ересектерге өзара әрекеті қатты өзгеріске ұшырайды. Мектепке дейінгі кезеңге дейінгі қарым-қатынастың әрбір формасының негізінде қажеттіліктің ерекше мазмұны жатады.

Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке адамның жетекші әлеуметтік қажеттілігі болып табылады. А. В. Запорожец, А. А. Леонтьев, М. И. Лисина, Я. В. Ярмоленко тәрізді авторлар қарым-қатынасқа қажеттілік адамнан басқа талпыныстарының араластыруға болмайтын ерекше, өзіндік қажеттілік деп өз көзқарастарын білдірді.

Бала өмірінің бірінші аптасында қарым-қатынасқа қажеттілік көріне бастайды. Ересектермен қарым-қатынас бала өмірінің бірінші жылында оның дамуы үшін маңызды фактор болып табылады.

Қарым-қатынастың бала психикасының қалыпты дамуын қамтамасыз ететін ролін ашуда көптеген шетелдік және отандық ғалымдар жұмыс жүргізе бастады. Жеткіліксіз зерттелгеніне қарамастан бұл мәселе көптеген қазіргі психологтар А. И. Захаров, Н. В. Клюева, В. В. Лебединский, В. К. Котырлоның назарын өзіне аударды.

Зерттеушілердің бақылауынша (М. Ю. Кистяковская, М. И. Лисина) қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі өмірде баланың жақын ересектерімен шынайы өзара іс-әрекетімен жүзеге асады. Тағы бір концепцияға сүйенсек (А. В. Запорожец, М. И. Лисина) ерте және мектепке дейінгі жаста қарым-қатынас сапада өзіндік формаға ие болады. Баланың ересектермен қарым-қатынасының дамуын осы іс-әрекеттің бірнеше формасында қарастыруға болады. Қарым-қатынастың екінші формасының пайда болуы, балада заттық-манипуляциялық әрекеттің пайда болуымен байланысты. Бұл форма ситуативті іскерлік деп аталады. Отандық психологияға мектеп жасына дейінгі теория мәселесімен Л. С. Выготский айналысқан. Л. С. Выготский бала дамуы жеке функциялардың өзгеруімен емес, баланың толық қанды дамуымен анықталады деді. "Сапаның дамуы" - деп жазды Выготский - "Бірінші кезекте жеке функциялар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі". Л. С. Выготский даму процесін айқындайтын ересек пен бала қарым-қатынасын сипаттама берді.

Өкінішке орай, мектепке дейінгі шақтағы ересек адам мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі жөнінде Л. С. Выготскийдің еңбегінде ашылған жоқ.

М. И. Лисина және Х. Шерьязданова мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас спецификасын зерттей отырып, мектепке дейінгі кезеңде қарым-қатынас жаңа сипатқа ие болып, оған қажеттілік арта түсетінін ашып көрсетті. Бірақ та олардың зерттеулерінің бүл облысында айтарлықтай қиындықтар туындады. Өткені қарым-қатынас қажеттілігін мазмүныны коммуникативті іс-әрекет ерекшелігін меңгеру мен қарым-қатынас өнімділігін негізінде жанама түрде талқылауға болады.

Мектепке дейінгі жастар іс-әрекеттің жаңа қатары пайда болады: оқу мен еңбек әрекеті бар бейнелеу. Сонымен бірге негізгі ойындық іс-әрекетке қатынас іс-әрекетің барлық түрімен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі шақта ересек пен бала арасындағы қарым-қатынастың жаңа түрі қалыптасады: жасының өсуіне байланысты бала үлкендерге тәуелсіз бола бастайды. Бұндай жағдайда дамыған қоғам шартында балалармен контактіні қалай құру деген өткір психологиялық қажеттілік туындады. Қарым-қатынас генезисі мәселесі алға қойылды.

60-шы жылдардың басында СССР-де қарым-қатынас генезисі кеңінен зерттеле басталды. Психологтар көрнекті орыс идеаторлары мен физиолог, педагогтарынан позицияның негізге ала отырып, балаларымен оны қоршаған ересектерден өзара әрекетін меңгеруді мақсат етті. Олардың арасынан белгілі ғалым әрі ертелік балалық шақтағы балалардың қоғамдық тәрбиеленудің ұйымдастырушысы Н. М. Аксаринаны, М. Ю. Кистяковский, Р. В. Танков-Ямпольский атауға болады.

Н. М. Щелованов құрған ерте балалықтағы қалыпты физиологияны игеру мектебі әлі де өз жұмысын жүргізіп жандандыруда. Бұған қосымша балалар психологиясының маманы А. В. Запорожецтің ұсынысымен балалар өмірінің алғашқы жеті жылының қарым-қатынас генезисінің өзіндік психологиялық тұрғыда игеру қолға алына бастады. Бұл жұмысқа мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оқыту лабораториясын қатыстырады.

Жоғарыда аталып өткендей, қарым-қатынасының бала психикасының дамуындағы шешуші рөлін дәлелдейтін үш топ фактісі бар:

1. "Маугли" балалар;

2. Госпитализмнің көрінуі;

3. Экспериментальды зерттеулерде қарым-қатынастың психикалық дамуға әсерінің көрінуі.

"Маугли" балаларды жануарлар ортасынын сирек болса тауып алған. Олар әрқашанда ғалымдар мен мамандардың көңілін аударуда. Балалардың психологиялық нәтижесінен тыс тәрбиеленіп, өскен бұл балалардың терең дамымай қалғандығы көрінді. Бұлардың психикалық кешеулеудің адам қоғамынан тысқары қалғандығы байланысты нақты түсіндірілген жоқ. (Бұл бағытта Л. Стоуп зерттеулері жүргізілген) .

Бірақ та жануарлар ортасына түскен балалар кәдімгі балалар меңгерген дағдыларды игере алмады. Себебі ересектердің көмегінсіз олар өздерінің табиғи икемділіктерін қолдана алмады.

Алғаш рет госпитализмнің кемшіліктерін жоюда. Отандық
педиатр мен физиологтар үлкен жетістіктерге жетті. Олар бұндай
ауыр күйдің пайда болуын кішкентай жетім балалардың
ересектерінің қарым-қатынасының жетіспеушілігінен деді.

Н. М. Щелованов мұны "Қарым-қатынас дефициттілігі" деп атаған.
Н. А. Аскаринамен бірге отырып, Н. М. Щелаванов біздің елімізде
ерте жастағы балалары ясли мен балалар үйінде тәрбиелеудің
ғылыми негізін жасады. Онда басты назарды педагогикалық
жұмысқа аударады. Балаға қарым-қатынас жаңа жолы госпитализмнің жойылуына әкелді.

Госпитализмді жою үшін тек күнделікті бақылау аз (бұл бағытта М. Ю. Киятковская зерттеу өткізді) . Соңғы 20 жылда психологтар балаларды әртүрлі мекемеде тәрбиелеуді жүзеге асыру жолдарын қарастыруда. Соңғылардың мәнін барлық дүние жүзі мойындады: АҚШ, Англия, Швеция және басқа Европа елдері.

Сонымен, ересектерден толық алшақтау оларға адам болуға мүмкіндік бермей, жартылай жануар жағдайында қалдырады. Ересектермен контактінің жетіспеушілігі бала психикасының дамуына әсер етіп, оның ауруларға қарсылығын әлсіретеді, психикалық даму мен оның деңгейін төмендетеді. Отандық психологтар А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, А. В. Леонтьев, М. И. Лисина, Д. Б. Эльконин және тағы басқа айналасындағы ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы бала дамуында оның жеке адам ретінде қалыптасуында маңызды фактор деп санады (Л. С. Выготский 1983, А. В. Запорожец 1986, А. Н. Леонтьев 1983, М. И. Лисина 1986, Д. Б. Элъконин 1960) .

Баланың психикалық дамуында ересектермен қарым-қатынасының әсерін меңгеруде аз зерттеулер жүргізілген жоқ.

М. С. Лисина, А. В. Запорожецтің (генетические проблемы . . . , 1985г. О. Б. Годовикова, 1980: Е. Е. Кравцова, Е. О. Смирнова, 1978 ж және тағы басқа) жетекшілігімен көптеген

жүйелі еңбектер орындалды. Оларда баланың ересектермен қарым-қатынасының рөліне маңызды теориялық қорытындылар беретін бай эксперименталды материал жинақталды.

Бірақ та балабақша жағдайында тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы және оның балалардың өзара қарым-қатынасына әсері туралы арнайы пән жоқ.

Психология үшін ең бір маңызды және бірегей идеяға Л. С. Выготскийдің "Психикалық дамудың қайнар көзі баланың ішкі жан дүниесінде емес, оның ересектермен қарым-қатынасының сипатында" дегені жатады.

Баланың психикалық дамуы үшін ересек адамның әсерін батыстық және отандық психологтардың көпшілігі мойындаған болатын, бірақ та ересек адамдармен қарым-қатынас оларға дамудың алғашқы көзі емес, сыртқы фактор ретінде ғана көрінеді. Л. С. Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік дүние және қоршаған ересектер баланың табиғатына қарсы тұрып, оны құрмайды, бірақ баланың адамдық дамуында органикалық маңызды шарт болып табылады. Бала қоғамнан тыс дамып, өмір сүруі мүмкін емес. Ол бастан-ақ әлеуметтік қарым-қатынастарға еніп кеткен.

Бұл белес М. И. Лисинаның зерттеулері нәтижесінде толықтырылды. Лисина бір жағынан Л. С. Выготскийдің концепциясына сүйенсе, ал бір жағынан өзіндік бағалы мектептің негізін салды. Ол отандық психологияға жаңа пән - Үлкендердің балалармен қарым-қатынасы пәнін енгізді, және ғылыми зерттеулерге жаңа жол салды. Көрсетілген бағыттың инициаторы М. И. Запорожец болатын. (Запорожец өз кезегінде Выготскийдің шәкірті) . Ол Мая Ивановнаға қарым-қатынастың фактілі нәтижесін емес, шынайы түрін зерттеуді ұсынды. Оның қойған сұрағы мынаны қамтыды: "Бала мен ана арасында не болып жатыр, олардың өзара әрекетінің нәтижесінде мәдени нормаларды беру жүзеге аса ма ?"

2 тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынас аспектілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маугли балалар
Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс проблемасына теориялық көзқарастар
Жеке тұлға және қарым – қатынас
Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым - қатынасы
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
ЖЕКЕ АДАМДАРДЫ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Дарынды оқушылардың аффилиациялық мотивациясының өзіндік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz