Баланы психологиялық қолдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Тәрбие отбасынан басталады . . . 5
1. 1 Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар . . . 6
1. 2 Қазақ халқы - ғажап тәлімгер . . . 8
2 Отбасы татулығы бағдарламасы . . . 9
2. 1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері . . . 9
2. 2 «Отбасы татулығы бағдарламасының» негізгі бағыттары . . . 17
3 Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама . . . 21
3. 1 Мақсаты мен міндеттері . . . 21
3. 2 Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары . . . 26
3. 3 «Баланың жеке басын дамыту мектебі» . . . 27
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34. ) деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»(50. ) дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - қиын балалардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістерін анықтау.
- Қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының өткізу мазмұны мен әдістемесін жетілдіру.
- Қиын балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру.
- Қиын балалар үшін жүргізілетін арнайы тәрбие жұмыстарын жаңарту.
Зерттеудің нысаны - орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні - қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселесін ғылыми - әдіснамалық тұрғыда зерттеу.
Әдіснамалық негіздер. Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В. Г. Баженов, Р. А. Дебагян, А. Жұмабаев, К. А. Жүкенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Кермиов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенко, М. Ф. Назаров, В. А. Парфенов, В. А. Трифонов, В. П. Шевченко, Э. И. Шнибекова, Г. А. Уманов және А. Байсымақ) . Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті. Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда. Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық (М. А. Алемаскин, А. С. Бехкин, Л. М. Зюбин, М. Р. Мягков және тағы басқа) ; клиникалық (Г. А. Власова, В. Я. Гиндикин, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, М. З. Певзнер, Г. Е. Сухарев тағы басқа) ; криминологиялық (М. М. Бабаев, К. Е. Легошев, В. Н. Кудрявцев, Г. М. Миньковский және тағы басқа) аспектiде қарастыруда.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
- әлеуметтік педагогикалық тұрғыда тәрбиесі қиын балаларды қайта тәрбиелеу жолдар арқылы қоғамға қайта қосуға болатынын және олар қоғамымыздың болашақ азаматтары екенін сендіру керек. Мысалы, ұрпақ жалғастырушы және балалар болашағымыз.
- зерттеу барысында тәрбиесі қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын анықтау. Соның ішінде қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында - қиын баланың ой-пікірлерін, анықтау және «қиын» атаудан арылту олардың қоғамдағы ролін биіктету.
- Қазақстан Республикасында балалар қоғамын құру олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі -Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А. С. Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде», -деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И. Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі, психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М. Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала -жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
1. 1 Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талашылдық, еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың - болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т. б. іс-әракетті үйрету үйірмелері мен . Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс - талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата - ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс - тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ - шарап ішу, дау - жанжал, ұрыс - керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң - мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет - , баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс - керіс, дау - жанжал), бірін - бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан - жақты зерттеп, мінез - құлықтарының бағыт - бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап - тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу - тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым - қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу - тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез - құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі - олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай - ақ ата - ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс - қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні - оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік - тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең - қиын оқушылар мен көш жора - жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
- Қазақ халқы-ғажап тәлімгер
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса. олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.
2 Отбасы татулығы бағдарламасы
2. 1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
- Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;
- Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу.
- Жеке отбасы және оның әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және дифференциялды ықпалды қамтамасыз ету.
Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы
Құрылымы . Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ -сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы -баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Отбасының түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері
( менять слова внутри круга ) 1шеңбер . центр- «мен» немесе индивид
2- шеңбер : ері-әйелі жүйе бөліктері.
Ата-ана-бала жүйе бөліктері:нуклеарлы отбасы; сиблинг жүйе бөліктері.
3-шеңбер; аға-әпкелері; апа-аталары; екі ата-анасы бар кеңейтілген отбасы; немере аға- әпкесі;
4-шеңбер: денсаулық сақтау жүйесі; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі; демалулар мен көңіл көтерулер; жұмыс; тәртіп және құқық сақтау жүйесі; діни жүйе; әскери жүйе, көршілер; білім беру жүйесі; саяси жүйе.
Қызметтер . Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
- әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
- Отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата - ана және құрбыларымен қарым - қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез - құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz