Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары


Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Психологиялық қызмет өмірдің барлық салаларына еніп, кеңінен қанат жайып келе жатқан әлеуметтік құбылыстардың бірі. Қазіргі кезде өндіріс орындарында да, қызмет көрсету жүйесінде де, білім беру саласында да психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді. Сондықтан басқа елдерде психологиялық қызметті ұйымдастыруда қалыптасқан тәжірибені жан-жақты зерттеп, өзіміздің елдегі барлық салаларда қолдану жолдарын анықтау күн тәртібінде тұрған актуалдық проблемалардың бірі болып отыр.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет ұзақ уақыттан бері АҚШ, Франция, Жапония, Германия т. б. елдердің тәжірибесінде кеңінен
қолданылып келе жатыр. Осы елдер тәжірибесін зерттеушілер Г. Б. Гуткина, К. Р. Ренальдо, З. А. Малькова, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, В. М. Вульфсон, И. О. Татур т. б. жан-жақты зерттеген. Ресей мектептерінде осы тәжірибені қолдану жолдарын И. В. Дубровина, Р. Римская, С. Римский, М. Р. Битянова, Л. И. Иванова, И. А. Менчинская, И. Е. Рогов, Р. С. Немов т. б. ғалымдар мен білім беру жүйесіндегі қызмет атқаратын психологтар мектепте психологиялық қызметті жүйелі түрде ұйымдастыру қажет екенін дәлелдеді. Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен мақсат-міндеттері де нақтыланды.
Қазірге кезде Қазақстан Республикасы мектептеріндегі психологиялық қызмет мазмұны мен қолданылатын әдіс-тәсілдерін анықтауға осы Ресей мектептерінің құжаттары негіз болып отыр. Дегенмен әр халықтың өз ерекшеліктерін ескере отырып осы қазметтің мазмұны мен қолданылатын әдіс-тәсілдерін нақтылау - өзін зерттеуді талап етіп отыр.
Осы қажеттілікті ескере отырып дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру жолдарын деп анықтадық.
Зерттеу проблемасы білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі - мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнын талдау.
Зерттеу пәні - мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға негіз болатын жобаны анықтау.
Дипломдық зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін жүйелі жүргізу жолдарын анықтау.
Осы мақсатты келесі міндеттерде нақтыладық:
1. Психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша әдебиеттерді талдау;
2. Ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілерімен танысы;
3. Мектеп психологиялық қызметін жоспарлау үлгісін жасау;
4. Мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін диагностикалау әдістерін қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Мектеп психологиялық қызметінің мазмұнын анықтау
1. 1. Психологиялық қызметтің пайда болу тарихы.
Мектеп психологиялық қызметі өткен ғасырдың басынан бастап дамып келе жатыр. Оған түрткі болған себептің бірі - батыс Еуропа елдерінде психологиялық зерттеулерге қызығушылық пайда болып, көптеген психологиялық және психофизиологиялық зерттханалар ашылуымен байланыеты. Осы кезде кеңінен өріс алып, қалыптасқан тестер қолдану арқылы жастарға мамандық таңдап алуға көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік туды.
Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т. б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т. б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды.
Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның
психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып
анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады.
50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе
түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.
Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды.
1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті. Зерттелінушілерге келесі мәселелер бойынша толық мағлұмат берілетін зертханалар ашылды. Зерттеулер нәтижесінде келесі:
1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;
2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
3) әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.
Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШда Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен «Гайденс қызметі (гайд - көмек көрсету, жетелеу деген мағнаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді. Ірі мектептеде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:
- Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;
- мектепте оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
- жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
- оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Осы зерттеулер нәтижелерін насихаттаумен байланысты өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап психологиялық қызметке сұраныс туа бастады. Ресейде тәжірибелік психологиялық зерттеулер педалогия деп аталады. Бұл салада И. А. Артемьев баланың әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктерін, дамып, қалыптасып келе жатқан тұлғасын зерттеу болып қалыптасты.
П. П. Блонский, Л. С. Выготский өз еңбектерінде балалардың жеке даралық ерекшеліктерін зерттеудің ірге тасын құрды. Педалогияның өмірі, өкінішке орай, онша ұзақ болған жоқ. Өйткені шаласауат психологтардың әлеуметтік психологиялық орталықтарда жүргізген зерттеулері сын көтере алмайтындай нәтижелер көрсетті. Сондықтан 1936 жылы «О педалогических извращениях в системе накомпроса» деген ЦК ВКП (б) қаулысы бойынша бұрынғы Кеңес бойынша көпшілікке психологиялық қызмет көрсетуге толық тиым салынды.
Тек 60-шы жылдардың соңында ғана мектеп психологиялық қызметіне жаңа көзқарастар орын алып, психологиялық қызмет әлеуметтік ортада және мектеп тәжірибесінде қолданыла бастады. Біздің елімізде ең бірінші болып психологиялық қызмет Эстонияда қанат жая бастады. Оған жетекші болғандар Х. И. Леймтес және Ю. Л. Сыэрд.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол - мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау арқылы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұнын анықтап, қолданылатын әдіс-тәсілдерді жүйеге келтіруге мүмкіндік туып отыр.
Білім беру саласына психологиялық қызметті ендіру бойынша арнайы жүргізілген эксперимент алғаш рет Мәскеу қаласында, сонан соң Воронеж, Волгоград т. б. үлкен қалаларда жүргізілді. Мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастырудың теориялық және қолданбалы жақтарын анықтап алу еді. Нәтижесінде психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері, салалары, психолог құқығы мен міндеттері, оған қойылатын этикалық талаптар анықталды.
Психологиялық қызметтің мақсаты - бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Психологиялық қызметтің міндеттері:
- психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қыйындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде
көмек көрсету;
- оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
- проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
- дамуында ауытқуы бар балалардың психологилық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
- оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау т. б. өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.
Психологиялық қызмет мәделін қалай құру қажет екенін аныңтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н. Р. Битянова, И. В. Дубровина, А. И. Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:
- психодиагностикалық жұмыс;
- психопрофилактикалық жұмыс;
- психологиялық кеңес беру;
- психокоррекция жүргізу;
- ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
- психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
- педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.
Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет.
Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.
Қазіргі кезде біздің мектептердегі психологтар көптеген қиыншылықтарды басынан кешіп отыр. Оның негізгі себебі - оқу-әдістемелек құралдардың қазақ тілінде тапшылығы. Соған қарамастан психологиялық қызмет ұйымдастырылған, ал мектептерде осы жұмысты ұйымдастыру модельдері жасалып, жоспарлардың барлық түрлерінің үлгілері анықталды.
Әдістемелік материалдар да балалардың жас ерекшеліктеріне, оларда кездесетін психологиялық проблемалар түріне және ерекшеліктеріне байланысты топтастырылып, психолог зертханасы қалыптасып келеді.
Қазіргі кезде мектептерде, жалпы білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру саласынды оңтайландырудың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Тәжірибелік психологияның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету - балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.
Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр.
Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процестерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенінше анықтап келеді.
Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүрсе, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанның ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болды. Дегенмен нақты психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.
Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан
психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді.
Қазіргі кезде психологиялық қызметті білім беру жүйесіне өндіру, әр оқушыға, педагог кадрларға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үлкен сұранысқа ие болып отыр. Оған дәлел ретінде психологиялық тәжірибеде болған Жамбыл атындағы 26 мектеп-гимназия, 31 мектеп-гимназия, 38 мектеп-гимназияларды мысал ретінде атап өтуге болады. Бұл мектептерде психологиялық қызмет көрсету оқу-тәрбие процесін үйымдастырудың бір құрамды бөлігі болып аяқ алып келеді.
1. 2. Мектеп психологиялық қызметінің жұмысын жоспарлау
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді. Психологиялық қызмет арқылы мектепке қабылданған баланың оқытуға даярлығы анықталады. Барлық сынып оқушыларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып, қысқа мінездемелер жасалады. Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шараларын ұйымдастырады.
Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық проблемаларды өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады.
Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады. Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет.
Психологиялық қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды өткізу уақыты алдын ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан мектеп психологі көптеген іс қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі керек. Олардың үлгілерін М. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене отырып әр мектеп және басқа мекемелер психологі өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алуы керек.
Мектеп психологының іс қағаздары тізімі.
1. Мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары;
2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;
3. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;
4. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары;
5. Айлық немесе апталық жұмыс жоспары;
6. Диагностикалық материалдар картотекасы;
7. Бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар.
8. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;
9. Психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстар журналы;
10. Кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы;
11. Өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;
12. Психологиялық түзету жүмысында қолданылатын аудиоматериалдар;
13. кабинет паспорты, мүліктер мен қүралдар тізімі;
14. Жылдық есеп.
Қай салада болмасын психологиялық қызметті ұйымдастыруға оның жоспары негіз болады. Психологиялық қызмет құжаттарын жүргізудің мақсаты - оны жоспарлау, жүйелі түрде ұйымдастыру және педагог-психолог қызметін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Осы мәселелерді шешу үшін психолог өз жұмысын жоспарлауы қажет. Психологиялық қызмет мазмұны бірнеше жоспаларда ашылады. Оның ішіндегі негізгілері жылдық жоспар, күнтізбелік жоспар, апталық жоспар.
Жылдық жоспар - психолог қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын және барлық күрделі жұмыстарды оқу жылы барысында ретімен орындау тәртібін көрсететін құжат. Психолог жоспары мектептің жылдық жұмыс жоспарының міндеттері мен мазмұнына байланысты болуы шарт. Жылдық жоспарда психологиялық қызмет салалары бойынша барлық күрделі іс-шаралардың мазмұны мен түрлері, орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік жоспар - психологтын әр айда немесе апталарда орындалатын жұмыстары нақтыланып, оны күнделікті жоспардың немесе апталық жоспардың негізі ретінде жасайды. Тәжірибе көрсеткеніне байланысты талдағанда күнтізбелік жоспарды бір айға немесе бір аптаға жасаған ыңғайлы. Соған байланысты ол айлық немесе апталық жоспар деп аталуы да мүмкін.
Төменде көрсетілген үлгі бойынша мектеп қажеттілігіне сай псхологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері анықталғаннан соң оны келесі кестеде көрсеткендей оқу жылының әр айында жүргізілетін жұмыстар мазмұны нақты анықталуы керек.
Жылдық жоспарға қосымша мектеп психологі көптеген құжаттар дайындайды. Олар сұраныстарды тіркеу журналы, зерттелінген оқушылардың танымдық және жеке тұлғалық көрсеткіштерін тіркеу журналы, зерттеу қаттамалары т. с. с. күнделікті қызмет мазмұнын, оған жіберілген уақытты арналған болады.
Психолог тәжірибесінде әдеп пәндерінің оқытушысы басқа пән мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық талдау жасау жүргізу де қажет болады.
Сонымен қатар психолог оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қалыптасқан қатынас ерекшеліктерін де зерттеп, қажет болған кезде олардың арасында дәнекерлік қызметінде атқарады. Психологиялық қызметті алдын-ала жоспарлау барысында осы ерекшеліктердің барлығын түгел қамтып көрсету мүмкін емес. Сондықтан күнтізбелік жоспарда көптеген мәселелер нақтыланып, толықтырылып беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz