Мінездің табиғаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Мінез туралы теориялық ғылыми-теориялық қағидалар

1.1. Мінез-құлықты зерттеудің теориялық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Мінезді тәрбиелеудің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..27

ІІ тарау. Жасөспірім шақтағы балалардың мінез-құлқын зерттеудің
эксперименталды бөлімі.
2.1.Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер
кешені
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
60

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда адам мінезін тәрбиелеудің
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу маңыздылығы зор. Адамдар көбіне өзінен
қалай жұмыс істеп, мінезді дамытудың жоғары деңгейіне қалай жету керек
екенін де білмейді. Адамның қоғамда субьект ретінде жетістіктерге жетуі көп
жағдайда осыған тәуелді.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп
балалар мекемелері оқу өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар т.б.), маңызды рөлін
атқарады.
Мінезді тәрбиелеудің алғашқы кезеңі отбасында басталады. Ата-ана,
тәрбиешілер баланың алдына жан-жағынан жетік адамның мінезін үлгі етіп, осы
адамдай болып, жан-жақты болып жүріңдер деп ақыл-кеңес беріп, оны тіл
алғыш, үлкенді сыйлайтын, еңбек сүйетін азамат болуларына ылғи жөн
сілтеулері тиіс. Мінезді зрттеумен Мясишев В.Н., Ф.Джордана, Ф.Полон,
А.Ф.Лазурский т.б. көптеген психологтар айналысты. Мінезге толықтай
сипаттаманы Левитов Н.Д. "Психология характера", Ковалев А.Г.
"Психологические особенности человека" (том характер) еңбегінде берген.
Бұл мәселенің жаңашылдығы мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды
болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар ара қатынасы шешуші мәнге
ие. Адам мінезін біле отырып оның алдағы ықтималды әрекеттері мен
қылықтарын күні ілгері болжаумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер
ендіре алуға және ендіре білеге үйретуге болатындығы.
Зерттеу болжамы: тиімді әдістемелік іс шараларды орынды қолданған
жағдайда мінездің кемістіктерін түзетуге болады.
Зерттеу мақсаты: Жас өспірім шақтағы балалардың мінез кемістіктерін
тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу міндеттері
туындайды. Зерттеу міндеттері:
Мінез туралы педагогика-психологиялық әдебиеттерге терең шолу.
Мінез кемшіліктерін түзетуге арналған әдістемелер кешенін
дайындау, жүргізу.
Әдістемелерді жас ерекшелікке сай бейімдеп, оны өңдеу.
Зерттеу пәні: жағымды мінезді адамды қалыптастыру.
Зерттеудің обьектісі: жасөспірім шақтағы балалардың мінез-кұлық
ерекшеліктері.
Әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы,
А.Н.Леонтьевтің жеке тұлға туралы тұжырымдамасы, мінез туралы
психоаналитиктер: З.Фрейд, Абрахам т.б. еңбектері, Ж.Ы.Намазбаеваның жеке
тұлға туралы еңбектері терең басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық мәні: мінез кемшіліктерін түзетуге
арналған психологиялық - әдеби мәліметтср кешені жасалды.
Зерттеудің практикалық кұндылығы: бұл жұмыс көмегімен мінез
кемшіліктерін түзетуде практикалық көмек алуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бастауыш сынып оқушылары темпараментін зерттеудің психологиялық
ерекшеліктері.

І тарау . Мінез туралы теориялық ғылыми-теориялық қағидалар.
1.1. Мінез-кұлықты зерттеудің теориялық талдауы

Мінезді алғашқы рет топтастыруға тырысқан, этикалық принципке
негізделген мінез типологиясы Платон болды.
Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Геофраст Афины жұртынын 30-дан астам
үстем тап өкілдерінің мінез жақтарына талдау жасады. XVII ғ.ғ.
француз жазушысы Лабрюен мінез ерекшеліктеріне сипаттама берген. Содан
кейін тек XIX ғ.ғ. 1 жартысында ғана мінез жайлы ілімдер пайда бола
бастады.
Френологияның негізін салушы Ф.Галль адам мінезі қиысатын 27 қарапайым
психикалық қабілеттерді атап өтеді. Оған көбею инстинкті, ұрпаққа деген
махаббат, құштарлық, достық, қирату инстинкті, өзін-өзі қорғау және
күресуге бейімділік кіреді.
XIX ғ.ғ. соңында мінез мәселесі жайында екі қызық жұмыс пайда болды;
Ф.Джорданоның Характер с точки зрения тела и гениологий человека және
Ф.ІІлатонның Психология характера кітаптары, Джордано негізгі екі түрлі
мінез бар екендігін ашты: Біріншісінде, белсенділікке тенденциялы күшті,
ал рефлекцияға теңденциялы әлсіз; екіншісінде, рефлексияға бейімділігі
артықта, іс-әрекетке қызығушылығы әлсіз (негізінен Джордано интровет пен
экстровертті сипаттап берді). Ф.Платон "мінез бітісі қатаң ережелермен
біріктірілген адамның ұмтылыстарымен анықталады" деді: 1. Жүйелі кідіріс
заңы бір талпынысты басқалары басып тастай алатын қабілетінен, тура қарама-
қарсыдан тұрады. 2. Жүйелі ассоциация заңы жеке талпыныстар оларға тәуелді
болып тұрған басқа талпыныстарды әрекетке келтіруі мүмкіндігінен тұрады.
XX ғ.г. барысында Н.Лосский ерік және талпыныстың басымдылығының
деңгейіне тәуелді өзінің мінез топтауын ұсынды. Ол адамдарды мынандай
типтерге бөлді: сезімтал, эгоцентрист, аса өзімшіл.
XX ғ.ғ. барысында А.Ф. Лазурский адамның тек қана субьективті
ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ олардың дүниетанымын, әлеуметтік
аспектілерін ескеретін мінездің психо-әлеуметтік жіктеуін жасауды алғашқы
рет ұсынған(3;298-299)
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым- характерология ұзақ даму тарихына ие.
Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі
өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез
сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында
қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға
дамуындағы сыртқы жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден келе
жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар,
солардың кейбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама — адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы
қабылданған уақыт өлшемдері белгісі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың
әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су,
жануар т.б.) тән әр түрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Мысалы,
Кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығындағы туылғандар
алмаға тектес, осыдан мынандай сүйкімді, ақ жарқын, күлкішең т.б., қазақы
жұлдызнамада жоғарыда аталған күндері туылғандар - таутеке, яғни мұндай
адамдар - өжет, төзімді, туыстық, сыршыл келеді.
Физиогномика (рһіsіs – табиғат, gпоmоп - білу) - адамның сыртқы
келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа
біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене
бітістеріне қарай жануармен салыстырады да сол жануарға тән мінез
ерекшелігі оған таңылады. Мысалы, Аристотельдің пікірінше, мұрын танауы
өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі; шошқадай кең
танау, жалпақ мұрын – ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам - үркек,
доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке шашты адам - ержүрек, батыл т.б.
Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс, тұрыс, т.б.)
негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия -адам мінезін алақанның тері бездері, түсі арқылы болжастыру
жүйесі.
Дермотоглифика - бармақ алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер адам
мінезін анықтауға арналған ғылым. (8;233-234).
Әрі қарай зерттеулер мінез түсінігінің баюына алып келді.
1. Әлеуметтік мінез түсінігі пайда болды. Әлеуметтік мінезге тек
берілген әлеуметтік топтардың мүшелерінің көбісінде болатын және ортақ өмір
сүру тәсілдері тән және ортақ әсерленушілік нәтижесінде пайда болған мінез
ерекшеліктерінің жиынтығы кіреді. (Э.Фромм). Егер индивид мінезі
әлеуметтік мінезге ұқсас болса, онда индивидтің доминанттық талпыныстары
қажет және оның мәдениетінің спецификалық әлеуметгік шарттарына жақсыны
істеуте түрткі болады.
2. Мінез базистік тұлғалық (негізгі) құрылымында болатын әрбір адамның
мәдениет ережелерін меңгеру варианты деп түсіндіріледі. Базистік тұлғалық
құрылым қоғам мүшелерінің көбінесе ерте балалық жастағы тәжірибиесімен
ұқсастығының нәтижесімен (бұл негізгі модульдік тұлға) бөледі (А.Кардинер).
3. Егер тұлға жеке мінез - құлықта бейнеленетін мәдениеттілікгі
сипаттаса, онда мінез жеке мінез - құлықта бейнеленген дүниетанымды
сипаттайды.
4. Жеке мінез типологиясын талдай отырып (бір мәдениеттіліктің ішінде
бір тұлғаның екіншісінен айырмашылығы бар болғанда), психоаналитик З.Фрейд
нақты ерекшеліктерден негізгі мінездің қалыптасуының формуласын жасап
шығаруға болатынын, сондай-ақ тұрақты ерекшеліктер не өзгермейтін алғашқы
импульстерді, не олардың сублимациясын, не солар тудырған реактивті
құрылулар болып саналатындарды дәлелдей отырып, мінез құрылымы идеясын
постулаттады.
5. Қазіргі психоаналитикалық бағытты мінездің бірнеше анықтамасы бар:
• Мінез адамның ерікті импульстерінен пайда болатын бағыт ретінде
анықталады, бұл адамның әлеуметтік ортасына деген реакциясының жиынтығы
(Абрахам)
• "Мен", "ол", жоғары "мен" сыртқы өмірге әдеттегі бейімделу амалдары,
сондай-ақ мінезді жасай отырып, осы амалдардың өзара типтілік үйлесуі
(О.Фенихил).
•"Мінез құрылымы топтың негізгі әдеуметтік құндылықтарына адекватты
керісінше жауап қайтару үшін бейімделген әрбір адамның ішіндегі эмоциялар
және қажеттіліктер ұйымы ретінде мағыналануы мүмкін". (Бингхлоул).
• Мінез адамның әдеттегі жағдайынан және қарым-қатынасынан, әр түрлі
ситуацияларға реакциясының тұрақты паттерналарынан тұрады. Осы саналы қарым-
қатынасты және құндылықты, мінез-кұлық стилін (ұялшақтық, агрессиялық және
т.с.с), физикалық дене тұрысын ұстап тұру және қозғалу әдеттерін және т.б.
қосады. Әрбір сипаттық қарым-қатынаста соған сәйкес физикалық дене тұрысы
бар, сондықтан адам мінезі оның денесінде бұлшықеттік регидтілік,
бұлшықеттік сауыт түрінде көрінеді. Бұл сауыт алғашында инстинктивті
қажеттіліктер мен сыртқы өмір арасыңдағы конфликт нәтижесінде туындайды.
Оның әрі қарай жалғасатын конфликтеріне шарттасқан. (Райх)
• А. Лоуэн мінез түсінігін тек патологиялық күйлермен шектеуді ұсынады.
Адамның дені сау, егер онда типтік мінез - құлық амалдары болмаса, яғни
мінез. Бұл "ситуациялардың рационалды талаптарына бейімделе отырып, шынайы
өмірде ол өзін спонтанды түрде ұстайды деген сөз."
6. Қазіргі американдық психологияда мінезге екі альтернативті анықтама
береді:
• "Мінез - бұл тұлғаның этикалық және моральдық аспектісі".
• "Мінез - тұлғаның мотивациялық аспектісі".
7. Ресей психологиялық әдебиеттерінде мінезге мынадай анықтамалар
беріледі:
• "Мінез - әдетте, дағдыда, тактикада меңгерілген ортақ стилистика, бұл
нақты әлеуметтік ортада жинақталған ерекше, дара тәжірибенің нәтижесінде
қалыптасқан жалпы сурет, мінез-құлық ерекшелігі" (А.Г.Шмелев).
•"Мінез - тұлғаның мазмұнды және коғамдық - мағыналы компоненті, оның
мінез - қылығындағы дүниетанымның, бағыттылықтың көрінуі" (Н.Д.Левитов).
•"Мінез - жоғарғы жүйке әрекетінің өмір бойы жиналған жеке
ерекшеліктерінің тума қасиеттерінің қорытпасы". (Л.Д.Столяренко).
•"Мінез - адамның мінез-кұлығына және қылығына әсер ететін, дара, анық
көрінетін және тұрақты психологиялық ерекшеліктері". (К.К. Платонов, Н.Д.
Левитов).
•"Мінез адамның бағыттылығында көрінетін тұлғаның психологиялық
құрылымы. (адамға, өзіне, іс-әрекетіне, заттарға және ерікке қарым-
қатынасы. (Н.Д.Левитов). (3;299-301)
8. Қазақстандық психологтардың мінез ұғымына берген анықтамалары:
• Мінез - бұл адамның негізгі өмірлік бет айнасы және оның өзіндік
әрекетінің айырмашылықтарын сипаттайтын біршама тұрақты әрі тұрлаулы жеке
дара өзгешелік [21; 302].
• Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде тіл қатынасында
тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктердің қасиеті. [8;232].
• Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға
қатынасын бейнелейтін адамның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы өзгешелігі
мінез деп аталады. [22;229].
•Мінез белгілі бір адамға тән мінез - құлықтың өзгерісімен, адамдарға,
өзіне, жұмысқа т.б. деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның
қалыптасқан ерекшеліктері.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша
қимылы-шапшаң, екінші асықпай, бірақ ісі тиянақты, үшінші - іске
ойланбастан асыла алады. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер -
мінез бітістері ден аталады. Қандай да бітіс - әрекет қылықтың тұрақты,
қайталанып отыратын белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек
қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан
қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты
формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты
болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым
жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен
мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді.
Солай болса, мінез бітістері мен әдеттер арасыңда жақындық та бар: мысалы,
мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді.
Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлықты
танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы
бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай
психикалық процесстердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам
қылығына ықпал ете отырып, сол қылық - әрекет барысында қалыптасады,
бекиді.
Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылып мотивтерінен айыра қарауға
болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді.
Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері
мотивке алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты
қасиетке айналдырады. Осыдан қарай да мінез бітістерін қалыптастыру
қажетқылық-әрекет мотивтерін түзеп, оларды бекітуге арналған
іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық, қарама-
қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты-өзара
қайшы, кемтар т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына
жетудегі, кедергілерді жеңудегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі
қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы
өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл,
орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің
тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және
екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімең анықталады. Қасиеттердін бәрі
өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен
үндеспесе қайшылықты мінез орнығады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде
бірінің орнына бірі колданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек. Мінез
бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке
жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуына белгілі
жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент
жеке дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент - мінез
дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық - ұстамсыздық, қозғалғыштық -
салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке
бүтіндей тәуелді емес. Біркелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез
белгілері дамуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып,
басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне
жігерлілік пен жүректілікті дамытуы қиынға соғады, ал холерик флегматик
сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл
табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі тұрақталған адамға темперамент дербес әрекет көрінісі болудан
қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын
айыра көмектеседі. Мінез және темперамент біртұтас келбет-кейпінде өзара
байланысқа түсіп, тұлға даралығын интегралды сипаттамасын береді.
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда мінезді адам
және еркі күшті адам сөз тіркестерін бір мәнде түсінеміз. Ерік кебіне,
мінез күшімен, қатандығымен, табандылығымен т.б. байланысты. Адам мінезінің
күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мақсат беріктігін ескереміз.
Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайлара жеңуде
көрінеді. Алайда мінез тек күш сипатымен айқындалмайды онда арқилы өмір
жағдайына қарай әрекетінің қызметін, құрметін бағыттаушы құрал. Бір
жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады, әрі көрінеді,
адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет
түрінде бекиді, кейін осы қасиет адам қылығымен еріктік әрекеттеріне ықпал
етеді. Ерікті әрекет әр уақыт мақсатына орай нық, тұрақты және
табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда
"мінезсіз" деп сипаттайды.
Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай
мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік т.б. Мінезі
айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын-ала болжастыру мүмкін
емес. Мұндай адамда оның қылық әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт
бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, сыртқы ықпалдарға
тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл
байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллектік
сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар
негізінде қалыптасқан мінезі тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің мінездері
тұлғаға тән тұрақты ерекшеліктерге етіп, адам мінезін құрайды. Борыш
сезіну, әзілді көтеру т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған
адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой үлкен маңызға ие. Ой тереңдігімен
жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой
жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі.
Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге
байланысты. Тұрмыста ақылға кемде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан)
жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес. [1;35-40]
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас олар даралап, шектеуге
келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилық т.б.). ал кейбір қасиеттер.
Мысалы еріктік (жүректілік, дербестік т.б.) сезімдік(жайдарлылық, көңілдік
т.б.) ақыл-саналық(бой тереңдігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше
құрамды бөлшектері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара
заңдылықты байланысқан: батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы,
сенімді, достыққа тұрақты.
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді,
ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері
адамның бағыт бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп яғни адамның тұрақты
мінезін сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі.
Мысалы, батыл - қорқақтық және альтуристік бітістердің алғашқы екеуі
жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық,
яғни альтуристік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара
алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз
бітістерді қаймықпай басып қайырымдылылық ісінде батыл мінезді қадам
жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына
байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып байланысқа келген өмірлік
обьекттердің маңызымен анықталады:
1.Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтірікші, әдепті –дөрекі
т.б.).
2.Орындалатын іс қызметіне орай (еңбекқор - еріншек т.б.).
3.Өз басты болған қатынасына байланысты(сыншыл - өзімшіл т.б.).
4.Заттарға қатынасынан (сақи-ашық, ұқыпты - салақ т.б).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен
маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты нақты мінездің орнығуы ең алдымен
адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс
тұлғаның жолдастық, достық, махаббат т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттер
мен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып,
бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осындай кей адамдар әрекет
қылудың да өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама қарсы, бір-бірінің
кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек іс-
әрекет қатынастарында қалыптасқан еңбек бітістері мәндірек келіп, мінез
түрінің басқаларынан ажырауына себепші болады.
Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солай да болса оның құрамында
белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан мінез
түрі адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты
көрінуі.
Мұның түпкі себебі - мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ,
қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс әрекетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және саналармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға
икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез тіктерін ажыратуға
болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді,
өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
1.Үйлесімді мінез типі - қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді.
Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен
істеген ісі бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір
сөзді. Өмірдің барынша қиын жағдайларда таңдаған бағыт бағдарынан
қайтпайды, көзқарас талғамын ауыстырмайды. Бұл адамдардын өмір сүру тәсілі
жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына қарай өзгерту.
2. Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді мінез адамы. Бұл
типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет қылығы арасында келіспестік
бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет тараптарында ынғай
береді, іс-әрекетін соларға бағындырып үлкен күшпен орындайды.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой пікірлерін
қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет
қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеңіне берілмеу жолдармен шешуге бейім
келеді.
3. Икемі кем қарама -қарсылық мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен
әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз
эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сараңына
сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен
арақатынасын нақты әрекет - қылық жүйесіне келтірілмеген, өмір желісі
қарапайым бағытты тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше қандай да
күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл
адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық
қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден
қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді. Қиыншылықтарды абыржумен
қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық,қыңырлық,нәтижесі
армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз мінезді адам бағыт бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік
бостығына төңіректегі жағдайына ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі
төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған
ортаға байлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген
мінездік көрінісі.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген;
тіршілік үшін болған әрекет қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең
мүдделеріне жету ойланып толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды.
Олар үшін кедергі біреу-ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жан дүниелік
қиыншылықтарды елестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа,
бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта ықыласы, нақты, қалыпты
жағдайды пайдалану мен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу,
жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың
негізгі мінездік болмысы.
Мінез акцентуациясы дегеніміз – көбінесе олардың көрінуі темпераментке
тәуелді болып келетін мінез ерекшеліктерінің кейбіреулерінің аса айқын
көрінуі. К. Леонгорд пен Н. Шмишек мінез акцентуациясыныц 10 типін атайды:
1.Демонстративті (истсройдті) тип - қоршаған ортаның назарын,
мадақтағанды қажет етуі, сонымен қатар мақсатқа бағыттылығы айқын көрінеді.
2. Педанттық тип - өте айқын жинақтылығымсн ерекшеленеді.
3. Ригидп тип - күмәншіл, ренжігіш, кекшілдік, даушыл.
4. Қозғыш тип - агрессивті, козғыш және тітіркенгіш.
5. Гипертимді тип - жоғары көңіл-күй, іс-әрекет белсенділігімен көзге
түседі.
6. Дистимді тип - гипертимді типтің қарама-қарсысы. Депрессияға бейім,
бәсендік.
7. Цикдотимді тип - көңіл күйі ауыспалы, себепсіз әрекет жасайды.
8.Аффектті - экзальтивті тип – эмоционалдық жағдайдың кең диапазоны тән.
Өзгелердің проблемаларын уайымдағыш,
9. Мазаланғыш тип - көнгіш, ұяң, корқақ, шешімге келуі қиын.
10. Эмотивп тип - әсерленгіш, сезімтал, уайымшыл. .(9;134-137].
Мінез термині грек тілінен аударғанда - сипат, із-таңба дегенді
білдіреді. Бұл терминнің адамның қасиеттерін белгілеу үшін Аристотельдің
досы Теофраст енгізген. Характеристика атты еңбегінде ол моралист
тұрғысынан адамдық мінездің 3 типін анықтады:- мақтаншақ адамды, көп
сөйлемейтіндер, өтірікшілер.
Кей адамдар туралы олар еңбекқор, тәртіпті, шыншыл, күшті, ұжымшыл,
көпшіл дейді, ал өзгелерді - жалқау, мақтаншақ, өзімшіл, қорқақ тағы басқа
дейді. Бұл және өзге қасиеттер ашық және үнемі байқалады, сөйтіп жеке
адамның типін, әлеуметтік мінез-құлқының жеке стилін анықтайды. Мұндай
психологиялық жеке адамның ерекшеліктері -мінез сипаттары деп аталады.
Мінез дегеніміз - адамның әрекет, мінез-кұлқында, ұжымға, өзге
адамдарға, еңбекке, қоршаған шындыққа, өзіне деген қарым-қатынастарда
байқалатын тұрақты жеке-психологиялық қасиеттердің адам бойында жинақталуы
болды.
Мінез ішкі, адамның динамикалық мәнінің формасын анықтайтын
темпераментімен тығыз байланысты. Адам мінезін іс-әрекетінен де, ойлауынан
да байқауға болады. Адамның мінезін білу - өте маңызды. Бұл адамның дұрыс
шешімдс болуына, тапсырманы мүлтіксіз орындауына тағы басқа мәселелерді
шешуінде қажет. Көркем шығарма түрлі мінездегі адамның мінез-құлқын
суреттеудің тамаша үлгілерін береді. Тарих көптеген ұлы қайраткер, саяси,
әскери ірі тұлғаларды біледі, олардың мінездерінің жақсы жақтары көмегімен,
адамзат өмірін жақсартуға көп үлес қосты.
Мінез - адамның психикалық қалыпның элементі. Мінез-адамның менің
білдіретін тұтас құрылымы. Мінездің құрылымын анықтау деген - яғни, мінез
тұтастығы, оларсыз болмайтын жетекші компоненттерді бөліп қарау. Мінез
құрылымында міндетті түрде мазмұны, формасы бөлінеді.
Мінездің мазмұны өмір жағдайлары және тәрбие арқылы анықталады. Мінез
құрылымында келесі компоненттер:
1) бағытталуы
2) сенімі
3) ақыл-ой сапалары
4) эмоциялар
5) ерік
6) темперамент
7) кендігі
8) тұтастығы
9) күні
10) анықталуы
Бағыттылық - жетекші болып табылады. Ол таңдау бағалау қатынасында яғни
әрекеттерді өзінің, өзгелердің әрекетінде байқалады.
Сенім білім, идея, көзқарас, сенім-шыншыл, өзіне талап қоюдан байқалады.
Ерік мінездің күшін, нық екендігін байқатады. Ерік - ойлаудың әрекеттін
жағы және моральдық сезімнің де, сөйтіп мінездің негізгі компопенті болады.
Еріксіз адамдар әлсіз мінезді болады. Тіпті зор білім, тәжірибе болса да,
ондай адамдар өз пікірінде болмай, шешім таба алмай қорқақ болады.
Темперамент - мінез құрылымында іс-әрекеттің динамикалық жағы болды және
мінездің байқалу формасы болды.
Мінездің кеңдігі - оның негізгі құрылымдық компоненттерінің, яғни ақыл-
ой, моральдық, эмоционалды-еріктік компоненттерінің жан-жақты дамуы.
Мінездің күші әрекеттің белсенділігінен, істі аяғына дейін жеткізуден,
белсенділігімен көрінеді. Мұндай адамдар қиындықтан қорықпайды. Бұл адамдар
жұмыста жаңашылдар, энтузиясистер, құлшынбалар, инициаторлар болады.
Мәдениетті адамға тән жағымды мінез сапалары - әділеттілік, міндеттілік,
кеңдік, қайырымдылық, шыншылдық, принципшілдік. Бұлардыц негізінде
гуманистік моралдық сапалар, идеялық сенімділік, прогрессивті ұмтылулар
жатады. Жағымсыз мінез сапаларына: бұйыптылық, қызғаншақтық, іштарлық,
біреулерді келеке етуге құмарлық, боскеуделік, жарымай сынап қалушылық,
мизоитпрония жатады. Бұл сапалар қарым-қатынастың құрылуына кедергі болады,
жалпы адамның дамуына теріс әсер етеді.
Мінездің белгілі сапаларының шектеп тыс интенсивтілігін акцентуация
дейді. Акцентуацияның өте кең тараған сипаттарын қарастырайық. Қозу
жағдайында қалып қою жағдайлары қиқарлыққа, сенімсіздікке, қызу пікірталас
кезінде қарсылықтарға, шыдамсыздыққа әкеліп соғады. Ал бірқалыпты
жағдайларда мұндай адамдар жауапкершілік және шешімге келгіш болады.
Демонстративті мінездер өздерін ұстамсыз, кәдімгі нәрселерге бұл мүмкін
емес, мен бұны түсінбеймін, деп шығады, негізінен түсінбейтін және
мүмкін-емес ештеңе жоқ кәдімгі жағдайларды мұндай адамдар бірлесуге,
табысқа жетуге қабілетті болады.
Экзальтировті адамдар өздерін шектен тыс мақтайды, ерекше мақтанады,
қуанышта жеңіл қозады, сәл ғана қолайсыздықтың өзіне дереу қайғырады,
өзінің және өзгенің әрекеттерінде реакциялары шектен тыс эмоционалды,
аффективті жағдайларда болады.
Мазасыз мінезділер барлық нәрселерден қатер күтеді, аса қорқынышты
болады, сасып, абыржиды, ұялшақ болады. Қиындықтан тығылуға қабілетті,
әлсіздікке жол бергіш болады.
Интровергтер тұйық, өз пікірлерін, уайымдарын өздеріне қарай бағыттайды,
өзгелермен араласудан қашады, жағдайларға икемсіз. Жас бозбалалардың
аутизмі осы интровергтерге тән деп есептейді.
Экстровертті керісінше, қарым-қатынасқа ұмтылады, өздері туралы көп
айтады, мақтаншақ, не айтса да, не ұсынса да сонымен келісуге бейім болады.
Мінездің табиғаты. Адамың психикалық қасиеттері жүйке әрекеттерінін және
өмірлік әсерлердің, өмір жағдайларының, тәрбиенің күрделі синтезі болып
табылады.
Тірі адам,-деді И.П. Павлов,-туылған күннен бастап-ақ, қоршаған ортаның
әр түрлі әсерлерін бастан кешіреді және олардың бәріне белгілі әрекетпен
жауап біреулерді келеке етуге құмарлық, боскеуделік, жарымай сынап
қалушылық, мизонтпропия жатады. Бұл сапалар қарым-қатынастың құрылуына
кедергі болады, жалпы адамның дамуына теріс әсер етеді.
Мінездің белгілі сапаларының шектен тыс интенсивтілігін акцентуация
дейді. Акцентуацияның өте кең тараған сипаттарын қарастырайық. Қозу
жағдайында қалып қою жағдайлары қиқарлыққа, сенімсіздікке, қызу пікірталас
кезінде қарсылықтарға, шыдамсыздыққа әкеліп соғады. Ал бірқалыпты
жағдайларда мұндай адамдар жауапкершілік және шешімге келгіш болады.
Демонстративті мінездер өздерін ұстамсыз кәдімгі нәрселерге бұл мүмкін
емес, мен бұны түсінбеймін, деп шығады, негізінен түсінбейтін және
мүмкін-смес ештеңе жоқ кәдімгі жағдайларды мұндай адамдар бірлесуге,
табысқа жетуге қабілетті болады.
Экзальтировті адамдар өздерін шектен тыс мақтайды, ерекше мақтанады,
қуанышта жеңіл қозады, сәл ғана қолайсыздықтың өзіне дереу қайғырады,
өзінің және өзгенің әрекеттерінде реакциялары шектен тыс эмоционалды,
эффективті жағдайларда болады.
Мазасыз мінезділер барлық нәрселерден қатер күтеді, аса қорқынышты
болады, сасып, абыржиды, ұялшақ болады. Қиындықтан тығылуға қабілетті,
әлсіздікке жол бергіш болады.
Интроверттер тұйық, өз пікірлерік, уайымдарын өздеріне қарай
бағыттайды, өзгелермен араласудан қашады, жағдайларға икемсіз. Жас
бозбалалардың аутизмі осы интроверттерге тән деп есептейді.
Экстровертті керісінше, қарым-қатынасқа ұмтылады, өздері туралы көп
айтады, мақтаншақ, не айтса да, не ұсынса да сонымен келісуге бейім болады.

Мінездің табиғаты.
Адамның психикалық қасиеттері жүйке әрекеттерінің және өмірлік
әсерлердің, өмір жағдайларының, тәрбиенің күрделі синтезі болып табылады.
Тірі адам,-деді И.П. Павлов,-туылған күнінен бастап-ақ, қоршаған
ортанын әр түрлі әсерлерін бастан кешіреді және олардың бәріне белгілі
әрекетпен жауап беруі тиіс. Мұның бәрі өмірдің барлық бойында із қалдырады,
сөйтіп мінездің сипаттарында байқалады.
Мінездің қалыптасуы дегеніміз - объективті және әдейі ұйымдастырылған
жағдайлар әсерінен тұрақты психологиялық құрылымдардың қалыптасу процесі.
Әрекеттер мен қылықтар көп қайталау нәтижесінде әдетке айналады, онда олар
адамның типті моделін анықтайды. Адамньщ мінезі қоғамдағы жағдайлардың
әсерінен жеке өмір барысында қалыптасады. Әсіресе, мінездің тәрбиеленуінде
белсенді әрекет, жұмыс, адамның өзін тану, өзін жұмсау жағдайы, қарым-
қатынас басты рөл атқарады.
Әсіресе, тәрбиеге ерекше рөл бөлінеді. Тәрбие арқылы әсерлерді тежеуге,
нашар мінез-құлықтың қалыптасуына жол бермеуге болады.
Мінез айырмашылықтары тіпті кіші мектепке дейінгі кезеңнен бастап
байқалады. Бала-бақша тәжірибесі көрсеткендей, бұл жаста мына сипаттар
байқалады: жолдастық, ұқыптылық, шыдамдылық, қиқарлық, табандылық, тағы
басқа.
Л.С. Макаренко теріс мінез типтерінің болатындығын айтты: үндемес,
икемделген, мизонтроптар, арманшылдар, оқымысты, жатыпішерлер.
Бұндай сипаттар үлкендер арасында да кездеседі, мазасыз адамдар көп
кездеседі.
Мінездің жақсы болып қалыптасуы тәрбие шараларының жанұя, отбасы.
Әлеуметтік ортаның, қоғамның тығыз бірлесуінің нәтижесінде жүзеге асады.

Мінез дегеніміз - адамның мінез-құлқында өзіне, өзге адамдарға, іс-
әрекетке қатысты көрінетін өте тұрақты, мәнді ерекшеліктердің жиынтығы.
Мінез бен темпераменттің байланысын мынадан көруге болады. Адамның
мінезі бұл жоғарғы жүйке әрекетінің туа берілген қасиеттері мен өмір бойына
қалыптасатын жеке дара сипаттардың қосындысы болып келеді. Шыншыл,
қайырымды, ізетті болып немесе өтірікші, дөрекі т.б. болып, кез-келген
темперамент типіндегі адам бола алады. Бірақ белгілі темпераментте бір
сипат оңай, енді бірі қиын қалыптасады. Мысалы: ұйымшылдық, тәртіптілікті
флематикке холериктен гөрі оңай қалыптастырған, ал
қайырымдылық, жанашырлық - меланхоликке тән. Жақсы ұйымдастырғыштың, қарым-
қатынасқа түскіш болу сангвиник пен холерикке оңай.
Атақты неміс психиатры К. Леонгард адамдардың 20-50 жастарында мінез
сипаттары аса ерекше байқалады дейді, әрі ол белгілі жағдайларда бір типті
кикілжің мен жүйке күйзелістеріне әкеліп соғады.
Мінез акцентуациясы - мінездің жекелеген қасиеттерінің аса шамадан тыс
артық дәрежеде дамуы, нәтижесінде қоршаған адамдармен өзара әрекет
нашарлауы мүмкін. Акцентуацияның байқалуы түрліше болуы мүмкін - жеңіл, тек
жақындарға білінетін түрінен, ойланатын терең түріне дейін болуы мүмкін.
Психопатия - мінездің ауруға шалдығуы, мұнда адам интеллектісі сақталады,
бірақ қоршаған адамдармен қарым-қатынас дереу бұзылады, психопаттар кейде
қоршағандарға әлеуметтік зиян келтіруі де мүмкін.
Психопатияга қарағанда мінез акцентуациясы үнемі байқалмайды, жылдар
өте келе нормаға жақындап басылуы мүмкін Леонгард 12 түрлі акцентуация
түрлерін бөледі, оның әрқайсысы түрлі болады. Мінез акцентуациялары
жасөспірімдер мен бозбалаларда жиі кездеседі. (50-80). Акцентуация типін
немесе оның жоқтығын арнаулы психологиялық тестер көмегімен анықтауға
болады, мысалы Шмишек тестісі. Акцентуацияланған жеке адамдармен жиі
кездесуге болады, сондықган адамдардың мінез-құлқының ерекшеліктерін алдын-
ала білген өте маңызды.
Акцентуация типтеріне орай мінез-құлық ерекшеліктерін қысқаша
сипаттайық:
1. гипертимдік (гиперактивті) - аса көтеріңкі көңіл-күй, үнемі
көңілді, әңгімешіл, өте энергиялы (қуатты), дербес, лидерлікке ұмтылады,
қатерге бейім, ескертпелерге кұлақ аспайды, жазалауларға мойын бұрмайды,
өзін-өзі сынау жоқ, шектен шығып кетеді.
2. дистимикалық-үнемі көңілі пәс, қайғылы, тұйық, көп сөйлемейді,
пессимист, қызметтестермен табыса алмайды, кикілжіңге сирек түседі, ол
жағдайда пассивті болады.
3. циклоидты - қарым-қатынасқа цикл бойынша түседі, яғни көтеріңкі
көңіл-күйде жоғары, басыңқы кезде нашар.
4. эмотивті (эмоционалды) - аса сезімталдық, жаны жараланғыш, кіші
сәтсіздіктерді терең қайғырады, ескертпе, сәтсіздіктерге аса сезімтал,
сондықтан оның көңіл-күйі қайғылы болады.
5. демонстративті - үнемі зейін объектісі болғысы келеді әрі өз
мақсатына қайтсе де жетуге ұмтылады, айқай, шу, өтірік, көз жас, талып
қалу, мақтаншақ болып көрсетеді.
6. қозғыш-аса жоғары тітіркену, ұстамсыз, тұйық, жылаңқы, тілдеп
ұрысуға бейім, әңгімеде жай сөйлейді. Жиі әрі белсенді кикілжіңге түседі.
7. тұйықталғыш - өз сезімдері, ойларында тұйықталып қалады, ренішті
ұмытпайды, кек сақтағыш, есептегіш, кикілжіңдегі жиі жағдайда белсендісі
жоқ болады.
8. педантты - ұсақ-түйекті толық қайғырған түрдегі аса жылаңқылық,
қызметте келгендерді формальді талаптармен мазалауы мүмкін, үйдегілерді
ерекше ұқыптылығымен жиіркендіреді.
9. мазасыз (психоастеникалық) - көңіл-күйдің төмендігі, өзі үшін
қорқады, жақындары үшін қорқады, өзіңе сенімсіз, шешімге келе алмаушылық,
өз әрекетіне сенбейді, күмәнданады, сәтсіздікті ұзақ қайғырады.
10. экзальтты (лобильді) - өте ауыспалы көңіл-күйде, эмоциялары айқын
білінеді, сыртқы жағдайларға жоғары көңіл бөледі, сөз іліп алғыш, сүйгіш.
11. интровертті (шизоидті, аутистикалық) - адамдармен ас қабылдамай,
тұйық, өзгелерден оқшау, қажет кезде ғана араласады, өзіне тұйықталған, өзі
туралы ештеңе айтпайды, өз қайғысымен бөліспейді, дегенмен жоғары дәрежеде
жаны жараланғыш. Өзге адамдарға, жақындарына аса суық.
12. экстравертті (конформды) - жоғары дәрежеде қарым-қатынасшыл,
әңгіме құмар, өз пікірі жоқ, дербес емес, өзгелерге ұқсағысы келеді,
ұйымдаспаған, бағынуды ұнатады.
Акцентуацияның өршуі когнитивті диссонанс, яғни ойша қарама-
қайшылықтарда ғана мүмкіндік болады. Оны жою үшін психотерапия мен
релоксация (психикалық күйзелісті тежеу) тәсілдерін білу керек.
С.Л. Рубинштейн бойынша, мінездің пайда болуы адамның әрекет-істерінің
жалпылануы, мотивтерінің жалпылануы және оны жүзеге асыру жағдайлары болды.
Мінез акцентуациялар туралы ең алғаш К. Шейдер (1930),
Г.Б.Ганнушкин (1933), К. Леонгард (1984), А.Е. Личко (1983) зерттеді.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай
әдістердін біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі
жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай
болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың
санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін,
талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Мазасыз мінезділер барлық нәрселерден қатер күтеді, аса қорқынышты
болады, сасып, абыржиды, ұялшақ болады. Қиындықтан тығылуға қабілетті,
әлсіздікке жол бергіш болады.
Интровергтер тұйық, өз пікірлерін, уайымдарын өздеріне қарай бағыттайды,
өзгелермен араласудан қашады, жағдайларға икемсіз. Жас бозбалалардың
аутизмі осы интровергтерге тән деп есептейді.
Мінезіндегі ниеті, әркімнің өзін-өзі белгілі қалып мөлшерде ұстап
білуі, түрлі әдет дағдыларға ие болуы т.б. ерекшеліктері жатады.
Мінезі тұрақталған адамға темперамент дербес әрекет көрінісі болудан
қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын
айыра көмектеседі. Мінез және темперамент біртұтас келбет-кейпінде өзара
байланысқа түсіп, тұлға даралығын интегралды сипаттамасын береді.
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда мінезді адам
және еркі күшті адам сөз тіркестерін бір мәнде түсінеміз. Ерік кебіне,
мінез күшімен, қатандығымен, табандылығымен т.б. байланысты. Адам мінезінің
күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мақсат беріктігін ескереміз.
Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайлара жеңуде
көрінеді. Алайда мінез тек күш сипатымен айқындалмайды онда арқилы өмір
жағдайына қарай әрекетінің қызметін, құрметін бағыттаушы құрал.

1.2. Мінезді тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі психологиялық көзқарас бойынша мінез - өзгеріп отыратын,
индивидтің қоғамға бейімделу процессіне қатысатын және осы бейімделу
барысында қалыптасқан диполикалық дамитын функционалды мақсатқа сәйкес
құрылым. Осыған сәйкес қоршаған ортаның әсері және туа біткен табиғи
қасиеттерініц басым бөлігін генотиптік түрдегі ерекшеліктерден және жэне
сондай-ақ қоршағандардың әсерлерінің ерекшеліктерінен іздеу керек деген
пікірмен келіседі. Мұндай жағдайда мінездің қалыптасуына генотиптік және
әлеуметтік фактордың біршама қатысу деңгейінде айырмашылық болуы мүмкін.
Генотиптік және әлеуметік әсер жағымсыз жағдайда мінезде патологиялык
түрге дейінгі ауытқушылықтың жоғары деңгейін көрсетуі мүмкін, ал жағымды
жағдайда аномалияларға генотиптік бейім болса да, аномалия жүзеге аспауы
мүмкін немесе кем дегенде мінездің патологиялық ауытқушылықтарына әкелмеуі
мүмкін.
Екінші проблема - мінездің қалыптасуының уақытша шектері. Зерттеулер
көрсеткендей мінездің алғашқы пайда болуын және тұрақталуын адамның
өмірінің алғашқы кезеңінен іздеу керек. 2-3 жастан 9-10 жас аралығы
мінездің қалыптасуының сензитивті кезеңі болып табылады. Бұл кезенде
адамдарга жас аралық ерекшелік сензитивтілік тән, адам мінезінің
ерекшелігінің дамуы үшін жағдайдың оптималды үйлесуі тән. Үлкендер әсерімен
мынадай ерекшеліктер (жағымды және жағымсыз) қалыптасуы мүмкін:
мейірбандылық, қайырымдылық, кекшілдік немесе эгоизм, адамдарга деген
немкұрайлық, қатігездік. Олардың қалыптасуы өмірінің алғашқы айларымен және
анасының (немесе оны алмастыратын адамның) баласымен қарым-қатынас стилімен
байланысты.
Еңбекқорлык, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, тұрақтылық жөн т.е.с
іскерлік сапалар ойын кезінде, үй шаруашылығымен айналысу кезінде
қалыптасады. Сондай-ақ бұл кезде ересектердің ынталандыруы қажет.
Адамдармен қарым-қатынаста көрінетін міиез ерекшеліктері және жаңа мектеп
достарымен қарым-қатынас жасау кезінде, бастауыш сыныпта жүзеге асады.
Мінездің еріктік ерекшелігі жасөспірім шақта, ал балалық (құлықтық және
дүниетанымдық) мінез негіздері - ерте жастық шақта дамиды және көбінесе
тұрақталады. Мектеп бітірер кезде мінез қалыптасып бітеді. Мінез тұлғаның
басқа қасиеттерінің бәріне де, оның танымдық, еріктік, эмоциоиалдық
процестеріне және жағдайларына әсер етеді. Мінез тұлғаның басқа
белгілерінің көпшілігінен өзінің ерте қалыптасуымен және тұрақталуымеи
ерекшелінеді. [11; 211-212].
Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез туралы ұғым
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Ми және психика
Темперамент және мінез туралы теориялар
Тұлғаның жеке-дара өзгешеліктері
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы
Мінез-құлық түрлері
Ұлттық психология
Мінез түрлері мен типтері
Пәндер