Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау


МАЗМҰНЫ
1. 2 Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарының құрылу кезеңдері
1. 3 Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі
10
15
2. 2 Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
2. 3 Колледж студенттерінің кәсіби бағыттылығын дұрыс қалыптастыру жолдары
22
28
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім - тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік - мәдениетке сәйкес болуы қажет. Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамыту деп аталатын бөлімде: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деп атап көрсеткен.
Тақырыптың өзектілігі. Бір қоғамдық құрылым екіншісіне ауысқанда оның саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени-рухани өмірін жаңа уақыт талабына сәйкестендіріп бейімдеу объективтік қажеттілікке айналады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде тұжырымдалды және бүкіл халықтың қолдауына ие болды. Қоғамды түрлендірудің бір бағыты республикамыздағы білім және ғылым саласы. Соған сәйкес, еліміз тәуелсіздік алысымен, халықаралық стандартқа және нарық қатынастарының талабына бейімделу үшін бұрынғы кәсіби-техникалық училищелер мен техникумдардың атаулары кәсіби лицейлер және колледждер деп өзгертілді. Екіншіден, олардың бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындаудағы міндеттері айқындалды. Бұл шындық. Себебі, нарық жағдайында кәсіби оқудың сапасы мен құрылымы, болашағы жеке меншік иелеріне байланысты болатыны белгілі.
Жастарға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау 12 жылдық мектеп пен колледждер алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр колледждің студенттерді мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Жасөспірімдерге мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П. П. Блонский, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов Г. А. Уманов, Л. К. Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап беруге болады.
Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тесттері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады. Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу, барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» бекітті. Онда бұл жүйенің қазіргі жай-күйі, оны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту, жүйеде даярланатын жұмысшылар мен орта буын мамандарының бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру мәселелері қамтылды. «Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту ұсыныспен емес, сұраныспен айқындалатын болады. Бағдарламада кадрларды даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілік сапасын қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім берудің моделін қалыптастыру болжанады», - делінген құжатта [4] .
Өз еліміздегі орта кәсіби білімі бар мамандарға жағдай жасауымыз негізгі қажеттілікке айналды. Еліміздің экономикасына өзіндік үлес қосып жатқан да осы орта кәсіби білімі бар мамандар. Өйткені олардың көпшілігі болашақта теориялық жолмен емес, нақты іс жүзінде жұмыс істейтіндер. Дамыған елдермен бәсекеге түсу үшін де, ДСҰ-ға кіру үшін де технологиямыз мықты болуы керек. Мысалы, Қытай мемлекеті технологияны жақсы дамытқандықтан кез келген елмен әлеуметтік-экономикалық бәсекеге түсе алады. Оларда орта кәсіби білімі бар мамандарға барлық жағдай жасалған. Сондықтан өздерінің өнімдерін сыртқы рынокқа ұялмай шығара алады.
Дегенмен колледж тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты студенттерге дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.
Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, колледж студенттерінің жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін жұмысымның тақырыбын «Педагогикалық колледжде студенттердің кәсіби бағыттылығын анықтау-түзету жолдары» деп алдым.
Қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкеннен бері орта оқу орындарын бітірген маман жұмысшылар нарықтық жағдайға бейімделе отырып, еліміздің экономикасын өрістетіп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосты.
Экономика саласына аса қажетті бірден-бір мәселе - еңбек нарығындағы сұранымды анықтау, кәсіби лицейлер мен колледждерде соған сәйкес маман дайындаудың жолдарын көрсете отырып, оларды келешекте қажетті салаға жұмысқа орналастыру болып табылады. Ол үшін кәсіби лицейлер мен колледждерді мамандарды оқытуға лайықтап, өндіріспен тәжірибе алмасу барысын ұйымдастыру, оларды оқуға қажетті жабдықтарымен қамтамасыз ете отырып, осы оқу орындарына лайықты ұстаздар дайындау және оқушылардың үлгерімін, кәсіпті игерудегі икемділіктерін арттыру, бағалау жұмыстарын жүзеге асыру басты міндетке айналды. Міне, кәсіби деңгейі жоғары жұмысшылар мен мамандар дайындаудың басты талабы осы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Педагогикалық колледжде студенттердің кәсіби бағыттылығын анықтау-түзету жолдары әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттері анықталды:
- Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен жұмыс істеу;
- Педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар берудің теориялық аспектілерін ашу;
- Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау жасау;
- Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін көрсету;
- Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
- Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің ерекшеліктерін көрсету;
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Педагогикалық орта оқу орындарында бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындау барысының түрлері мен тәсілдері жүйелі түрде анықталып, бағаланды
Зерттеу барысында саралау, талдау, қорытындылау, жүйелеу сияқты тәсілдер кең түрде қолданылды. Автор егемендігімізді алғаннан кейін қалыптасқан ой пікірлер мен тұжырымдарға, техникалық және кәсіби оқу жүйесіне туындаған көзқарастарға сүйенді және тақырыпқа идеялық, әдістемелік тұрғыда ықпал еткен іргелі теориялық еңбектерді кең түрде пайдаланды.
Зерттеу объектісі: педагогикалық колледж студенттері.
Зерттеу пәні: педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру ісіне қатысты психологиялық және педагогикалық құбылыстар, байланыстар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлім, қорытынды пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
1. 1 Кәсіби бағдар берудің қалыптасуы және даму тарихы
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.
Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде қалыптаса бастаған. Б. д. д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т. б. іскерліктерді меңгеруді талап еткен.
Ежелгі Мысырда абыз өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барысында талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.
Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер солардан өтуі керек болды.
Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар мен ғалымдар өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.
Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі, басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим, Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға арналған көптеген инициациялар түрлері, емтихандар мен семинарлар, философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.
Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-мемлекеттерде балалармен қатар әскери-дене тәрбиесін барлық қыздар да өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының көңілін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып, балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен. Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.
Афина басқа колонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.
Үндістанда б. д. д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т. б. мамандықтар кеңінен тарады. Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған [3] .
Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болды. Осы еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылды.
Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып, ХІХ ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастады. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.
Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемділігін анықтау мен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф. Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф. Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілерге өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның міндеті әртүрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф. Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:
- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс анықтауы;
- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі;
- мамандықтың талабы мен байланысты білімді, өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды [4] .
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының директоры Г. Мюнстерберг психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі. Ол кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға үлесін қосты.
Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды:
- жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;
- бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу;
- мамандықтар туралы мағлұматтар беру;
- мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу;
- жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру [5] .
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға тырысқан А. В. Луначарский, П. П. Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П. П. Блонскийдің «Педалогия негіздері» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді.
Дегенмен бұл зерттеулерді тәжірибеде қолдану көптеген қиындыққа жолықты. 1936 жылы «О педалогических извращениях в системе наркомпроса" деп аталатын ВКП(б) ОК қаулысы бойынша сол кезде көптеген ірі қалаларда ашылған әлеуметтік психологиялық зертханалар мен бюролар жабылып, педалогиялық зерттеулерге толық тыйым салынды. Содан 20 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін тәжірибелік психологиялық зерттеулер біздің елде жүргізілмей қалды.
Шет елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К. Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т. б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне тәуелділігін т. б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.
1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып, психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектептерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру орталықтары ашыла бастады. КСРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді.
Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемаларын педагогика ғылымдарының докторлары, профессор А. П. Сейтешов, Г. А. Уманов, Л. К. Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру-психологиялық, педагогикалық және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А. П. Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған.
1. 2 Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарының құрылу кезеңдері
Республикамызда кәсіби-техникалық білім жүйесінің даму кезеңдерін, кәсіптің адам және қоғам өміріндегі орнын, ондағы сапалық өзгерістерді, оларға әсер еткен нақты тарихи жағдайды тұжырымдауға тікелей жағдай жасады. Ғылыми танымның тарихилық принципін басшылыққа ала отырып, біз өз зерттеуімізде кәсіптік-техникалық білім жүйесінің қалыптасуының бірнеше кезеңдерін анықтадық. Халыққа білім беру жүйесі сияқты кәсіби-техникалық білім саласы да белгілі қалыптасу кезеңдерін басынан өткізді. Зерттеудің тарихи принципін анықтағанда кәсіптік-техникалық жүйенің тарихын зерттеген Ф. К. Михайловтың, Т. Қожамқұловтың, М. Х. Асылбековтың, С. Б. Нұрмұхамедовтың, Н. Г. Панның, С. М. Сүлейменовтың, Н. А. Гуляевтың, А. Г. Сармурзиннің, Н. Р. Күнхожаевтың басқа да осы саланы зерттеген белгілі ғалымдардың, кеңестік кезеңде жазылған қаламынан туған дүниелерді басшылыққа алдым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz