Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 Пайда ұғымы және оның экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Кәсіпорынның пайдасының экономикалық мәні мен түрлері ... ... ... ..
9
1.3 Кәсіпорында пайданы жоспарлау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17

2 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, қазіргі қаржылық саясаты және
оның жүзеге асырылу механизмі (Халықаралық Астана Әуежайы
АҚ мысалында)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 25
2.2 Кәсіпорынның экономикалық нормаларын және пайдасын талдау ... . 30
2.3 Баланс активтерінің және олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен
құрылымын және қаржылық нәтижелерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... 36

3 Кәсіпорынның кірістілігін жоғарлату және оны болашақта көтеру
жолдары мен әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 49 3.1 Кәсіпорының пайдасын жақсартудың керекті шарттары
... ... ... ... ... ... 49 3.2 Кәсіпорын пайдасын өсіру жолдарының
ұсыныстары мен оның

проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 53

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..
64

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында пайда
табу және оны барынша арттыру – кәсіпкерлік қызметке, сонымен қатар ғылыми-
техникалық және инновациялық қызметке, кәсіпорынның бәсекелестік
артықшылығын қалыптастыруға түрткі болатын, осы арқылы қоғам
қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына, сапалы экономикалық өсуге жол ашатын
қуатты экономикалық тетік. Пайда мақсат статусына ие, өйткені жетілген
бәсеке нарығындағы кәсіпорынның мақсатты функциясы – пайданы барынша
арттыру. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
экономикалық кірістілігі пайда табуымен анықталады. Кәсіпорынның
пайдалылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталады.
Пайданың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Шетелдік арнаулы әдебиеттерде Пайда ұғымы келесідей түрде анықталады:
Пайда - түпкі қаржылық нәтиже ретінде кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі
көрсеткіші, ол іскерлік белсенділік дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық
тиімділігін сипаттайды. Түптеп келгенде, кәсіпорын пайдасы – оның
экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Сондықтан, қаржылық
құралдардың тиімді пайдаланылуы, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы және
төлем қабілеттілігі, кәсіпорын пайдасын жоспарлау және оны жетілдіру
жолдарын анықтау мәселелері қай кезеңде де өзекті.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы ″Бухгалтерлік
есеп туралы″ заң күші бар, ҚР Президентінің 2732-ші Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: ″Пайда (табыстар) - бұл есептік
кезіндегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы″ [1,28 бет].
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз
кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік
мәселелерді шешу мүмкін емес.
Пайданың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді (жұмыс, қызметі ) өткізуден
алынатын жалпы пайда; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға
дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған
табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесіне болып табылатын таза
табыс.
Пайда жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанға және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономист
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені пайданың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкүндік бермейді.
Нарық жағдайында пайданың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Пайда табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде
төмендетіледі. Нарықтың экономикаға көшумен пайда оның, яғни кәсіпорынның
қозғаушы күшіне айналды. Тек пайда қана өзара байналанысқан үш мәселенің
шешімін анықтайды: нені өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру
керек? Пайда табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып
қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және
әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі
шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық
базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және
күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.
Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы
шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді саудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Диплом тақырыбының зерттелу дәрежесі. Кәсіпорынның пайдасын талдау
барысында оның іскерлігін, тұрақтылығын, қаржылық жағдайын, төлем
қабілеттілігі мен өтімділігін зерттеу, жеткен жетістіктері, проблемалары
отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Шетел ғалымдары Кинг У., Клиланд Д., Хедервик К., Хорн Дж.К.Ван., Хэррис
Дж. Мэнвилл. және т. б. зерттеулер жүргізіп жатса, Астахов В.П., Балабанов
И.Т., Ковалев А.И., Крейнина М.Н., Палий В.Ф., Стоянова Е.С. сияқты
Ресейлік ғалымдар әкімшілік жүйеден нарықтық қатынастарға көшу жағдайында
кәсіпорынның жағдайын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша
зерттеулер жүргізіп, еңбектерін жарыққа шығарып отыр. Кәсіпорынның
пайдалылығын жоғарлату және орнықтырып, дамыту мәселелерін зерттеу
барысына Дүйсенбаев К.Ш., Сейітқасымов Ғ.С., Омарбекова А.Г., Адекенов
Т.М., Сейітқасымов А.Г. сияқты отандық экономистер үлкен үлес қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорынның пайдасын жоспарлау және оның көтеру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер
жүзеге асырылады;
- пайданың теориялық негіздерін зерттеу;
- кәсіпорын пайдасының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның экономикалық іскерлігін және пайдасын талдау;
- кәсіпорын пайдасын жоғарлату резервтері және оны жетілдіру жолдарын
қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі – Халықаралық Астана Әуежайы АҚ.
Дипломдық жұмыстың пәні – кәсіпорынның пайдасын талдау және оны
ұлғайту жолдары.
Дипломдық жұмыстың жаңашылығы. 2009-2011 жылдар аралығындағы
кәсіпорынның пайдасын экономикалық талдау қорытындыларын және оны болашақта
көтеру жолдарын болжауды кәсіпорынның жұмысын жақсарту үшін пайдалануға
болады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық
негіздері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында Қазақстан
Республикасының кәсіпкерлік туралы заңдары, нормативті құжаттары, отандық
және шетелдік экономисттердің ғылыми еңбектер мен оқулықтар, экономикалық
басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылады.
Зерттеу әдістері. Диплодық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы
диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік,
функционалды талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.
Бірінші тарауда кәсіпорынның пайдасын талдаудың теориялық негіздемесі,
нарықтық экономика жағдайында пайданың мәні мен мағынасы, пайданың
салыстырмалы көрсеткіштері және кәсіпорынның пайдасын талдаудың ақпараттық
негіздері қарастырылады.
Екінші тарауда Халықаралық Астана Әуежайы АҚ-нің қызметінің
экономикалық мінездемесі, баланс активі мен төлем қаблеттілігінің қаржылық
жағдайына талдау жасалып, кәсіпорынның пайдасын талдау көрсеткіштеріне
талдау жүргізілді.
Үшінші тарауда қаржылық дағдарыс кезеңінде кәсіпорының пайдасын
жоғарлату және оны болашақта көтеру жолдары мен әдістері, кәсіпорының
пайдасын жақсартудың керекті шарттары мен пайдалылық деңгейін көтеру
ұсыныстарының стратегиясын әзірлеу жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары қорытындыда
жинақталған.

1 КӘСІПОРЫН ПАЙДАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Пайда ұғымы және оның экономикалық мәні

Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәні, мазмұны қазіргі
экономика ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық
жағдайында шығынды мейлінше азайтып, пайданы барынша арттыру болып
саналады. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып
қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қаржылық нәтижені
анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен
шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда
қаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең
болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект
өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып
түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының
әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Демек, пайда - қаржылық нәтиженің оң
шамасын, кәсіпорын табысының оның шығыстарынан артық болуын білдіреді.
Пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін
кәсіпорын нәтижелі кызметінің экономикалық көрсеткіші.
Экономикалық тұрғыда пайда – бұл ақшалай түсімдер мен ақшалай төлемдер
арасындағы айырма. Шаруашылық тұрғыда пайда дегеніміз – бұл кәсіпорынның
жыл соңындағы және есептік кезеңнің басындағы мүліктік жағдайының айырмасы.
Пайда түпкі қаржылық нәтиже ретінде кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі
көрсеткіші болып табылады. Басқаша айтқанда, пайда күрделі экономикалық
категория болып табылады, және әртүрлі экономикалық ағымдар шеңберінде
түрліше анықталып, түсіндіріліп келген.
Пайда теориясының эволюциясы бухгалтерлік есепте есептелген пайданың
шаруашылық іс-әрекеттің шынайы нәтижесін көрсетпейтіні туралы түсінікті
қалыптастырды. Бұл бухгалтерлік және экономикалық пайда ұғымдарын айқын
жіктеуге әкелді. Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді сатып өткізудің
нәтижесі, екіншісі – капитал жұмысының нәтижесі.
Пайданы екі жақты (бухгалтерлік және экономикалық) түсіндіруде ғалым-
экономистер пайда концепциясы келесідей үш мақсатқа қажет деген алғышартқа
сүйенеді:
1. салықтарды есептеу;
2. кредиторларды қорғау;
3. ақылға қонымды инвестициялық саясатты таңдау үшін.
Пайданың бухгалтерлік түсіндірмесі тек бірінші мақсатты жүзеге асыруға
ғана жарамды, ал үшінші мақсат тұрғысында мүлдем жарамсыз.
Бухгалтерлік және экономикалық пайда арасындағы байланыс төмендегі
классикалық түрдегі формуламен көрсетіледі:

Бухгалтерлік пайда
+
есептік кезең барысында активтер құнындағы
(бағалау) сатудан тыс өзгерістер
-
бұрынғы (өткен) есептік кезеңдердегі активтер
құнындағы (бағалау) сатудан тыс өзгерістер
+
болашақ есептік кезеңдердегі активтер құнындағы
(бағалау) сатудан тыс өзгерістер
=
Экономикалық пайда

Қазіргі есеп теориясында, ең алдымен ағылшын тілді елдерде, пайданың
салықтық және экономикалық концепциялары қарастырылады. Осыған байланысты,
пайданы есептеудің екі нұсқасы мүмкін: біріншісінде пайда салық салынатын
пайда мөлшеріне тең, ал екіншісінде олардың сомалары сәйкес келмейді.
Екінші жағдайда қаржылық есептің деректері кәсіпорын акциясының бағамына
әсер етеді. Сондықтан, кәсіпорын балансында және есебінде көрсетілген пайда
мөлшері салық төленетін пайда мөлшеріне тең бола алмайды.
Өндірістік-шаруашылық үрдісінде кәсіпорын жанды және өткен еңбектің
шығындарын қамтитын қосылған құнды жасайды. Пайда қосылған құнның тек
тауарлар мен қызметтерді сату нәтижесінде жасалған бөлігі болып табылады.
Басқа автивтерді сату, сатудан тыс түсімдер, т.б. кәсіпорын батысын
құрайды. Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты
білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклының барлық сатысында өндіріледі, бірақ та
өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың
негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын
субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі болады және оларды зерттеуге
мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасауға болады.
Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі,
өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім
бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайда алуға
қажетті ресурстар бағасының деңгейі, нарықтағы өнімнің бағасы, бәсекелік
орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары,
саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселері және т.б. жатады.
Жалпы алғанда, кәсіпорын пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім
бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс
пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық
баға құн заңының әсерінен өнім бағасы жоғары, не төмен болуы өндірушінің
немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде
теңеседі.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынтық деңгейі - фирманың жалпы табысы. Жалпы
табыстың негізгі жиынық элементтері болатындар:
- өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден
түсетін пайда;
- негізгі қорларды, сол сиякты басқа да кәсіпорынның мүліктерін
сатудан түсетін пайда;
- өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі ретінде белгілі бір қызметтерді
атқарады.
Біріншіден, пайда кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде
экономикалық тиімділікті сипаттайды. Ол шаруашылық субъектінің
экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайда алудың өзі
кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсетеді. Бірақ кәсіпорында қандай да
болмасын пайда емес, барынша максималды пайда мөлшері қызықтырады. Пайда
мөлшері, оның үдемелі өспелі сипаты, барлық мүдделі тараптардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін лайықты, жеткілікті пайда мөлшері
экономикалық тиімділікке итермелейді. Оның мөлшері әртүрлі факторларға
тәуелді.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір
жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі
элементтері болып табылады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және
бөлу қызметтері туындайды. Пайда мақсат статусына ие болады, яғни
кәсіпорынның мақсатты фунциясы (барлық іс-әрекетінің түпкі мақсаты) –
пайданы барынша арттыру. Пайданың өсуі өзін өзі қамтамасыз етудің,
ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық
мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның
бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі
орындалады.
Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық
сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған
қаражаттардың қайтарым деңгейі сыйпатталанады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін заңды түрде реттелген
тәртіппен каржыландыруға пайдаланады.
Сонымен, кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік
дамуының негізгі факторы. Бұл тұжырым кәсіпкерлік іс-әрекеттің
мақсаттарынан туындайды. Қазіргі батыстық қаржының басқарушылық теориясына
сәйкес, бизнестің бастапқы мақсаты - өз акционерлерінің материалды
мүдделілігін, яғни акцияның биржалық бағамын арттыру. Себебі, акционерлер
ұзақ мерзімді қазіргі және болашақ пайданы арттыруды көздейді. Пайданы
барынша арттыру – бұл қысқа мерзімдегі міндет ретінде қарастырылады.

1.2 Кәсіпорынның пайдасының экономикалық мәні мен түрлері

Кәсіпорын іс әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып
саналады. Табыстылық – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын
жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың
деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің
өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске
кеткен шығынмен табысты салыстыра отырып өндірістің тиімділігін бағалайды.
Таза табыс экономикалық санатының маңызды және келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып
табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономлкалық санаты ретінде
құрылған материалдық өндіріс саласыың таза пайдасын қамтиды.

+

Сурет 1 Фирма табысын үлестіру және қалыптастыру

Әрбір фирманың жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Таза табыс дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет
көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өткізуге және сатуға
жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл
өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін фирма кызметінің
нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез- келген фирмадажалады
ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана, орнын
толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн
жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар
өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған,
шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың
қажеті не?
Шынында да, фирма қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір
кезенде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын
жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып өндіріс
шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс
тиімділігін арттырды деген сөз.
Таза табыс баланстың және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстың
пайда мынадан құралады:
- тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
- тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және
қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
- сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудал түскен
пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және
т.б.
Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік
қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін
жалпы баланстық пайда.
Таза табыс жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және
қазіргі ңолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Таза табыс көлемін
анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі Пайданы
тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме
бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік
қүнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Таза табыс белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде
экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір
жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі
элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін каржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор.
Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін
арттыруға, оган кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынтық деңгейі - фирманың жалпы табысы. Жалпы
табыстың негізгі жиынық элементтері болатындар:
- өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден
түсетін пайда;
- негізгі қорларды, сол сиякты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан
түсетін пайда;
- өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Фирманың таза табысы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны
өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың
өзара қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы
заңының әсерінен өнім бағасы жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе
сатып аушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Таза табыстың түрлері және оны есептеудін әдісі
Жалпы пайда = жалпы табыс — өндіріс шығындары
Экономикалық пайда = жалпы табыс - барлық ресурстардың
экономикалық шығындары
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс - оның шығындары

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге
(жалпы табыс, пайда) кеткен шығандар немесе пайдаланған ресурстармен
салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе
толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл
пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн)
немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты).
Практикада фирма қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері
қолданылады.
1 Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін
есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы
пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын
анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан
алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады;
баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім; таза - пайда
жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық
көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді
сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстьпқ пайданың
негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдың
орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да
есептеуге болады.
3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы
мүліктердің құны арқылы есептелінеді Есептегенде баланстық
және таза пайданың керсеткіштерін пайдаланады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы
есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайданы калыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент
мөлшерлемесі:
- басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен
табыстар;
- құнды қағаздардан түскен табыстар;
- алынған айыпұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің
тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету - шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.
Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартадып
шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне
неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп,
кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету
керек.
Егер кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың
негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа
бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың
пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым
тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының
нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Фирма қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты –
еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да
біркелкі жағдайларда, өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын
тиімділік соғұрлым жоғары болғаны белгілі. Фирманың тиімділігіне сонымен
қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді,
өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтерінкі бағамен сата
алады.
Фирмада табыстылықтың деңгейінің жоғарлауына тікелей әсер ететін
негізгі факкестелерге келесілер жатады:
- өндірілген өнім көлемінің өсуі;
- өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының
қысқаруы;
- пайда көлемінің өсуі;
- қорлардың дұрыс пайдалануы;
- құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс
қалыптастыратын бағажүйесі;
- материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас
мөлшерлерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру:
- жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы
жетістіктерін ендіру;
- еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.
Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы Тбөн
және өнім табыстылығы Тбөм болып екіге бөлінеді. Бірінші көрсеткіш пайданың
П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық
құнына қатынасын білдіреді:

Тбөн = П(100( НҚ+ АҚ),% (1)
Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын
көрсетеді:
Тбөм = П(100ӨҚ, % (2)

Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың
деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты
екнін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы
болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік
береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады.
Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға
қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болады. Пайда көлемі, сонымен
қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның
өзгеруіне тәуелді.
Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде
қалыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен
салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын қарамағындағы болатын
мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.
Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін тірі және
заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын
қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі
айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғымырат, құрылыс, құрал-жабдық және
саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс
шығындарының құрамына тек амортизация ғана қосылады, яғни белгілі бір
уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың
құнының белгілі бір үлесі ғана Айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде
пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.
Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әртүрлі қаражаттар қолданылады.
Өндіріс табыстылығының өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын
тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін
пайданы сақтай отырып, алынған пайданың жалпы сомасын көбейту арқылы бұл
өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған
байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі
фактор болып табылады. Бірақта пайданың көлеміне әсер ететін басқа да
бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің
қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және т.б.. Бірінші фактор алдыңғы
уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана
ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарлауы алдын ала жұмсалған әрбір
теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан
да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.
Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен іс
әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады. Олар
кәсіпорын іс әректінің әрбір тұғырынан алынған табыстарды өлшейді және
экономикалық үдеріс, нарықтық айырбасуға қатынасатын қатысушылардың
мүддесіне байланысты топтастырылады.
Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның пайдасын (және табысын)
қалыптастыруға әсер ететін факторлар ортасының негізгі сипаттамасы болып
табылады. Сол себептен олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы
талдау мен бағалау үшін міндетті бөлегі болып табылады. Өндірісті талдаған
уақытта табыстылық көрсеткіштері инвестициялық саясат пен бағаны
қалыптастырудың аспабы ретінде пайдалынады
Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері
ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:
- өнім табыстылығының көрсеткіштері;
- капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;
- қолма-қол ақшалар табысі бойынша саналатын көрсеткіштер.
Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорын есебінде көрсетілген пайданың
(табыстың) көрсеткіштері бойынша табыстылық деңгейін анықтау арқылы
қалыптасады. Мысалы:
Жалпы пайда сату көлемі ( Өткізуден түскен пайда Сату көлемі (
Салық алынатын пайда Сату көлемі ( Таза пайда Сату көлемі.
Бұл көрсеткіштер базистық және есеп беру кезеңдерінде өндірілген өнім
пайдалығын (табыстылығын) сипаттайды.
Тб0 = П0 СК0; (3)
Тб1 = П1 СК1,.немесе (4)
Тб0 = (СК0- ӨҚ0) СК0; (5)
Тб1 = (СК1-ӨҚ1) СК1; (6)
(Тб = Тб1 - Тб0, (7)
мұнда П0, П1 — базистік және есеп беру кезеңдеріндегі сәйкестік пайда;
СК0 , СК1 - өнімді өткізу сәйкес көлемі;
ӨҚ0, ӨҚ1 — өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сәйкес өзіндік құны;
(Тб — талдау кезеңіндегі табыстылықтың өзгерісі.
Өнім көлеміне факкестенің әсер етуі есептеу арқылы табылады (тізбекті
ауыстыру әдісі бойынша):
(ТбN =(СК1-ӨҚ0)СК1-(СК0-ӨҚ0)СК0. (8)

Осыған сәйкес өзіндік құнына әсері келесідей болады:

(ТбS =(СК1-ӨҚ0)СК1-(СК1-ӨҚ0)СК1. (9)

Факторлардың ауытқу сомасы кезең бойынша табыстылықтың жалпы өзгерісін
білдіреді:

(Тб = (ТбР-(ТбС. (10)
Көрсеткіштердің екінші тобы алдын ала төленген қаражаттардың:
кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капиталы (меншікті қаражаттар +
ұзақ мерзімді міндеттемелер); акционерлік капиталдың сипатына және
көлемінің өзгеруіне байланысты табыстылықты есептеу арқылы
қалыптастырылады. Мысалы:
Таза пайда Барлық активтер ( Таза пайда ( Инвестициялық капитал (
Таза пайда Меншікті капитал (11)

Осы көрсеткіштер мәнінің дәл келмеуі табыстылықты жоғарылату үшін
кәсіпорын қаржылық тетігі болатын ұзақ мерзімді несиелер мен басқа да
несие қаражаттарын пайдаланғанын сипаттайды.
Бұл көрсеткіштер іс жүзінде өте көп пайдасы тиеді. Олар қатысушылардың
мүддесін қорғайды. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін барлық активтердің (барлық
капиталдың) қайтарымы қызықтырса, ал ықтималды инвестор мен қарыз берушіні
инвестицияланған капиталдың қайтарымы; меншік иесін және құрылтайшыны –
акцияның табыстылығы көп қызығушылық танытады.
Әрбір келтірілген көрсеткіштерді факторлардан тәуелділігін оңай өңдеуге
болады. Келесі айқын тәуелділіктен көруге болады:

Таза пайда Барлық активтер = Таза пайдаСату көлемі ( Сату көлемі
Барлық активтер
(12)

Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің)
табыстылығы, өткізу табыстылығы және қорқайтарымы (өндірістік қорлар
айналымының көрсеткіші) арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Экономикалық
байланыс көрсетіп тұрғандай, формула табыстылықты жоғарылату жолдарын
тікелей көрсетеді: сатудың табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік
активтердің айналымын жеделдету керек екенін көрсетеді.
Тағыда табыстылықтың факторлы үлгісін қарастырып көрейік.

Таза пайда Меншікті капитал ( Таза пайда Сату көлемі ( Сату көлемі
Жинақты капитал ( Жинақты капитал Меншікті капитал. (13)

Көрініп тұрғандай, меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы
өнімнің табыстылық деңгейінің өзгеруіне, жинақты капиталдың айналым
жылдамдылығына және меншікті және несиелі капиталдардың қарым-қатынасына
байланысты. Мұндай тәуелділікті зерттеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалау үшін, оның іс әрекетінің нәтижелік дәрежесін бағалау үшін өте
қажет. Бұл тәуелділіктен көріп тұрғандай, барлық жағдайлар бірдей болғанда
акционерлік капиталдың қайтарымы жинақты капиталдың ішіндегі несие үлесінің
өсуіне қарай өсетіні көрініп тұр.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы табыстылықтың деңгейін есептеу
негізінде қалыптасады, бірақ пайданың орнына есептеуде ақша қаражаттарының
табысі қолданылады.
Мысалы:

Таза ақша қаражаттарының табысі ( Таза ақша қаражаттарының табысі
Жинақты капитал ( Таза ақша қаражаттарының табысі Меншікті капиал( және
т.б.

Бұл көрсеткіштер өндірістік әлеуетті пайдалана отырып, кәсіпорын қарыз
берушілер, несие берушілер мен акционерлерді қолма-қол ақша қаражаттарымен
қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Ақша қаражаттарының табысі бойынша
анықталған табыстылық тұжырымдамасы нарықтық экономикасы дамыған елдерде
толық пайдаланылады. Ол өте басымдықты, себебі ақшалай табысдерімен
жүргізілетін оперциялар өндірістің белсенді қимылын көрсететін нышаны,
кәсіпорын экономикасының денсаулығы мен қаржылық жағдайын көрсететін
белгісі. Бұл тұжырымдамаға көшу үшін кәсіпорынның есеп беру тәртібін
қайтадан құруды қажет етеді. Қазіргі кезде біз бұл жұмыстың басқы сатысында
тұрмыз.
Табыстылық көрсеткішінің көптігі оны жоғарылату үшін балама жолдарды
іздеуге мәжбүр боламыз.Негіәзгі көрсеткіштердің әр қайсысы әр түрлі
бөлшектенуіне байланысты факторлар жүйесіне ажыратылады, ал бұл болса
анықтау және өндірістік резервтердің бағалау шегін белгілейді.
Табыстылықты жоғарылату жолдарын талдаған жағдайда сыртқы және ішкі
факторлардың әсерін жеке анықтаған жөн. Мынадай көрсеткіштер: өнім мен
ресурс бағасы, пайдаланған ресурстардың көлемі және өндірілген өнімнің
көлемі, өткізілгеннен түскен пайда және сатудың табыстылығы өзара тығыз
атқарымдық байланыста болады.
Табыстылықтың өсуі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек
тапқан пайданың арқасында ғана емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға
келетін табыстардың көбейгенін көрсетеді.
Табыстылықты жоғарылату екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: пайданың
өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда, оң
нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы
қол жеткізуге болады. Табыстылықтың өсуінің басты көзі өндіріске кететін
шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік
құнын төмендету, көбінесе, негізгі қорлардың тиімділігін жоғарылату,
материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуге
болады.

1.3 Кәсіпорында пайданы жоспарлау әдістері

Пайданы жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Ол
кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке дара жүргізіледі. Жеке
дара жоспарлау әртүрлі қызметтен түсетін пайданы есептеу және салық салу
әдістемесіндегі ерекшеліктерге байланысты. Қаржы жоспарын жасау үрдісінде
пайда мөлшеріне әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және әртүрлі басқару
шешімдерін қабылдаудың қаржылық нәтижелері модельденеді.
Тұрақты даму үстіндегі экономикада пайданы жоспарлау үш жылдан бес
жылға дейінгі кезеңге жасалады. Бағаның салыстырмалы тұрақтылығы және
шаруашылық жүргізудің болжамдылығы жағдайында бір жыл ішіндегі ағымдағы
жоспарлау кең таралған. Саяси - экономикалық тұрақсыздық жағдайында
жоспарлау тек қысқа мерзімді кезеңге ғана, яғни тоқсанға, жарты жылға
жасалады.
Жоспарлаудың нысаны баланстық пайданың элементтері, ең алдымен өнімді
сатып өткізуден, қызмет көрсетуден түскен пайда болып табылады. Пайданы
есептеудің негізі - болжамдалатын сату көлемі. Себебі, өндірістік
бағдарлама және запастар сату көлеміне тәуелді. Сату көлемі айқындалған соң
бекітілген келісім-шарттар негізінде өндірістік бағдарлама жасалады.
Өндірістік бағдарлама жоспарланған сату көлеміне және жоспарлы
кезеңнің басы және соңындағы қоймадағы дайын өнімнің запасы мөлшеріне
тәуелді. Оның үстіне аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісін ескеру
қажет. Осыған байланысты, өндірістік бағдарлама өз кезегінде материалдарға
деген қажеттілікті есептеудің негізі ретінде қолданылады.
Жоспарлаудағы маңызды жағдайлардың бірі – еңбектік шығындардың есебі.
Еңбек ақы шығындары әлеуметтік қорларға қажетті аударымдарды ескере отырып
жоспарланады. Бұл шығындар персонал шығындары деп те аталады және өнімнің
түріне, нарқына тәуелді. Алдын-ала өнімнің бір бірлігін дайындауға қажетті
жұмыс уақытын нормалау және бір адам-сағат құнын анықтау қажет.
Одан әрі өндірістік шығыстарының сметасы жасалады. Бұл шығындар
олардың құрамына, өнім көлемі өзгерісіне сезімталдығына байланысты. Жеке
дара тұрақты және өзгермелі шығындар анықталады.
Жүргізілген есептеулер нәтижесінде жоспарлы кезеңнің басы және
соңындағы дайын өнімнің қалдықтарын ескере отырып, сатылатын өнімнің
өндірістік құны анықталады.
Келесі сатыда әкімшілік және коммерциялық шығыстар сметасы жасалады.
Бұл шығындар өндірісті басқару және қамтамасыз етумен, сондай-ақ тауарларды
сатып өткізу нарығына жылжытумен байланысты шығындар. Бұл шығындардың бір
бөлігі, айталық комиссионды, сату көлеміне байланысты. Басқалары тұрақты
шығындар ретінде жалпы сомада есептеледі.
Осы есептеулердің негізінде өнімді сатудан түсетін пайда бойынша
жоспар жасалады. Баланстық пайданы есептеу үшін болашақ операциялық, сондай-
ақ сатудан тыс кірістер мен шығыстар туралы деректер пайдаланылады.
Пайда бойынша жоспарды кәсіпорынның қаржылық моделі ретінде
қарастыруға болады. Бюджет жобасы жасалынғаннан кейін, ол ішкі және сыртқы
жағдайлардың өзгерісіне байланысты нақтыланады. Жоспардың жобасы арқылы
әртүрлі басқарушылық шешімдердің тиімділігі есептеледі. Мұндай есептеулерді
жүргізу барысында компьютерлік техниканың қолданылуы еңбектік шығындарды
азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлаудың компьтерлік-бағдарланған моделі негізгі бюджетке
негізделеді және көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты анықтайтын
математикалық формулаларды, сондай-ақ шешім қабылдауға әсер етуші ішкі және
сыртқы факторлардың ықпалын қамтиды. 2-суретте компьтерлік қаржылық
жоспарлау жүйесін қолдану жағдайындағы пайданы жобалаудың алгоритмі
көрсетілген. Мұнда ұйымдастырушылық, өндірістік және қаржылық жоспарлау
модель түрінде ұсынылған.
Пайданы жоспарлаудың жоғарыда келтірілген әдісі тікелей есеп-шот әдісі
деп аталады. Бұл әдіс өнімді шығарудан және сатудан түскен пайданы
ассортименттік есептеуге негізделеді. Неғұрлым қарапайым нұсқа жоспардың
қадамдары бойынша ірілендірген есептеуді білдіреді.
Өнімді сатудан түскен пайданы ірілендірген әдіспен есептеуде төмендегі
әмбебап формула қолданылады:

Рпр = Он + Тпр – Ок,
(1)


Маркетинг


Өндірістік
жоспарлау


Өзіндік
құнды
жоспарлау








Пайданы
жоспарлау

Баланстық
пайданы
жобалау

2 – сурет. Негізгі бюджет базасында пайданы жобалау алгоритмі

Мұндағы Рпр – сатылған өнім көлемі, ол екі бағада, сату және толық
өзіндік құны бойынша есептелген;
Он және Ок – сәйкесінше жоспарланған кезеңнің басы және соңындағы
қоймадағы қалдық дайын өнім, бұл да екі бағада, сату және толық өзіндік
құны бойынша есептелген;
Тпр – тауарлы өнімнің шығарылу көлемі, сату және толық өзіндік құны
бойынша есептелген. Сатылған өнім көлемі екі бағада - сату және толық
өзіндік құны бойынша есептелгеннен кейін, сатудан түскен пайда баға және
өзіндік құн арасындағы айырма ретінде анықталады:
Пр = Врп – Срп,
(2)
мұнда Пр - өнімді сатудан түскен пайда;
Врп - өнімді сатудан түскен түсім;
Срп - сатылған өнімнің өзіндік құны.
Пайданың жоспарланған сомасын баға және тауарлы өнім шығарылымының
өзіндік құны, жоспарланған кезеңнің басы және соңындағы қалдық дайын өнім
көрсеткіштері арқылы есептеуге болады. Бұл төмендегі формула түрінде
көрінеді:
Пр = Пон + Птп – Пок, (3)

мұнда Пр - жоспарланған кезеңдегі өнімді сатудан түскен пайда;
Пон - жоспарланған кезеңнің басындағы қалдық дайын өнімдегі пайда;
Птп - жоспарланған кезеңдегі тауарлы өнімді шығарудан түсетін
пайда;
Пок - жоспарланған кезеңнің соңындағы қалдық дайын өнімдегі пайда.
Шығарылатын өнім ассортиментіндегі елеусіз өзгерістер жағдайында
пайданы жоспарлаудың сараптамалық әдісі қолданылады. Бұл әдіс бағаның және
өзіндік құнның инфляциялық өсуі жоқ кезде ғана жарамды. Сараптамалық әдісті
қолдану барысында есептеу салыстырылатын және салыстырылмайтын тауар өнімі
бойынша жеке жүргізіледі. Салыстырылатын өнім жоспарлы жылдың алдындағы
базистік жылда шығарылады, сондықтан оның толық өзіндік құны және шығарылу
көлемі белгілі. Осы деректер бойынша Ро базалық рентабельділікті анықтауға
болады:
Ро = (По : Стп) х 100%, (4)
мұнда По - күтілетін пайда (пайданы есептеу базалық жылдың соңында
жүргізіледі, бұл кезде пайданың толық мөлшері белгісіз);
Стп - базистік жылдағы тауарлы өнімнің толық өзіндік құны.
Есептеу төмендегі бірізділікпен жүргізіледі:
1. базалық рентабельділік арқылы жоспарланатын жылдың пайдасы
базалық өзіндік құнда шамамен есептеледі.
2. жоспарланатын жылдағы өнімнің өзіндік құныныдағы өзгерістер (+,-
) есептеледі.
3. өнім ассортиментіндегі, сапасындағы, сұрпындағы өзгерістердің
әсері анықталады, мұндай есептеулер өнім ассортименті, сапасы,
сұрпы туралы жоспарланған деректер негізінде арнайы кестеде
орындалады.
4. жоспарлы жылдағы дайын өнім бағасы негізделгеннен кейін баға
өзгерісінің (төмендеуі немесе жоғарылауы) әсері анықталады.
5. қарастырылған факторлардың пайдаға әсері жинақталады; жоспарлы
жылда салыстырылатын өнім өндірісінен түсетін пайда алғашқы және
кейінгі сатыларда есептелген пайданы ескеру арқылы анықталады.
6. жоспарлы кезеңнің басы және соңындағы сатылмаған қалдық дайын
өнімдегі пайданың өзгерісі ескеріледі.
Сараптамалық әдістің артықшылығы оның пайда мөлшеріне әртүрлі
факторлардың әсерін көрсетуінде, бірақ бұл артықшылығы тек шаруашылық
жүргізудің тұрақтылығы жағдайында ғана орын алады.
Коммерциялық кәсіпорын үшін шығындардың қайтарымдылық кезеңін анықтау
маңызды. Бұл үшін заласыздық нүктесін анықтау қажет.
Пайданы жоспарлаудың бұл әдісі шығындарды шартты-тұрақты, шартты-
өзгермеліге жіктеу қағидасына және маржиналды пайданы есептеуге
негізделеді. Өнімді сатудан түскен түсімнен шартты-өзгермелі шығындарды
шегеру арқылы маржиналды пайда анықталады. Маржиналды пайдадан шартты-
тұрақты шығындарды шегеру арқылы қаржылық нәтиже анықталады (пайда немесе
зиян).
Заласыздық нүктесі – кәсіпорын не пайда алмайтын, не зиян шекпейтін
түсім көлемі. Оны неғұрлым көрнекі түрде графикте бейнелеуге болады

3-сурет. Заласыздық нүктесін анықтау

Заласыздық нүктесін анықтағаннан кейін пайданы жоспарлау операциялық
(қаржылық) тетік әсері, яғни кәсіпорын залалға ұшырамай, сату көлемін
төмендете алатын қаржылық тұрақтылық запасы негізінде құрылады. Операциялық
тетік әсері әні мынада: сатудан түскен түсімнің кез келген өзгерісі
пайданың неғұрлым пәрменді өзгерісіне әкеледі. Бұл әсердің іс-әрекеті
шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығындардың өндіру және сату көлемі
өзгерген жағдайда қаржылық нәтижеге пропорционалды емес ықпалымен
байланысты. Өнімнің өзіндік құнында неғұрлым шартты-тұрақты шығындардың
үлесі көбірек болса, соғұрлым операциялық тетіктің әсері күштірек.
Керісінше, сату көлемі өскен жағдайда өзіндік құндағы шартты-тұрақты
шығындардың үлесі төмендейді және операциялық тетіктің әсері азаяды.

Операциялық тетіктің әсер
ету күші = Маржиналды пайда пайда

Операциялық тетіктің әсер ету әдісі қазіргі уақытта пайданы жоспарлауда
кең қолданылады.
Пайданы арттырудың факторлары. Жоғарыдағы талдауда біз пайданың сату
көлеміне тәуелді өзгеру тәуелділігін талдадық. Сонымен қатар, пайданы
жоспарлауда пайда мөлшеріне әсер етуші факторларды анықтау маңызды. Пайда
баға және өзіндік құн арасындағы айырма ретінде есептелетін болғандықтан,
пайда мөлшеріне ең алдымен бағаның өсуі және өзіндік құнның төмендеуі әсер
етеді.
Жетілген бәсекелестік нарықта ешбір кәсіпорын нарықтық баға әсер ете
алмайды, демек, кәсіпорын үшін шығындарды азайту өзекті мәселеге айналады.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі
фактор болып табылады.
Кәсіпкерлік іс-әрекет тәжірибесінде өзіндік құнды азайтудың әртүрлі
тәсілдері қолданылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, көбінесе, негізгі
қорлардың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек
өнімділігін өсіру арқылы жетуге болады. Алайда, өзіндік құнды төмендетудің
де шегі бар, осы шектен асқан жағдайда өнім сапасы төмендеуі мүмкін.
Сондықтан да, қазіргі нарықтық шаруашылық қатынастарда шығындарды
басқарудың жаңа әдістерінің бірі – басқарушылық есепке ерекше көңіл
бөлінеді. Оның көмегімен кәсіпорынның шығындарына бақылау жүргізіледі.
Әсіресе, жауапкершілік орталықтары бойынша есептің тиімділігі жоғары.
Шығындарды басқарудың бұл тәсілі шығындар құрылымын рационалдауға,
жоспарланған шығындар мөлшерінен ауытқуды жедел түрде реттеуге және шешім
қабылдау бойынша бірқатар қызметтерді сызықтық басқарушылар деңгейіне
беруге мүмкіндік жасайды. Олар бектілген шығындар шамасы үшін жауапты және
жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу қағидасына
негізделеді. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл сандық мәндерде көрсетілген
қаржылық және өндірістік жоспарлардың ұштастырылуы.
Дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджет жоспралау, орындауды
бағалау, үйлестіру және коммуникацияларды қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Негізгі бюджет өндірісті, сатып өткізуді, бөлуді және қаржыландыруды
қамтиды. Мұнда сандық тұрғыда болашақ пайда, ақша ағымы және қолдаушы
жоспарлар қарастырылады.

4-сурет. Кәсіпорынның негізгі бюджеті

Бюджеттік цикл әдетте келесідей кезеңдерді қамтиды: 1) тұтас ұйымның
және оның бөлімшелерінің іс-әрекетін жоспарлау; 2) бюджеттің жобасын жасау;
3) жоспар нұсқаларының қателіктерін анықтау, түзетулер енгізу; 4)
түпкілікті жоспарлау, кері байланысты жобалау және өзгермелі жағдайларды
ескеру. Басты бюджет өндірістік және қаржылық басқаруды қамтамасыз етеді.
Әдетте, бизнестегі сәтсіздіктер осылардың біреуінің әлсіз жасалуы
нәтижесінде орын алады. Жоғарыдағы 4-суретте негізгі бюджетті жасаудың
сызбасы келтірілген, мұнда тек қолдаушы бюджеттер арасындағы негізгі өзара
байланыстар ғана көрсетілген.
Пайданың өсу факторларына шығарылатын өнім ассортиментінің және
номенклатурасының жаңаруын да жатқызу қажет. Пайда нарықтық экономикада -
өндірістік қорларды да, әрі шығарылатын өнімді де жаңартудың қозғаушы күші.
Мұны біз өнімнің өмірлік циклы тұжырымдамасын талдауға тырысамыз. Кез
келген өнім өмірлік циклдың жобалау, игеру, өндірістің бАвия Полисуы,
сериялық шығарылым сияқты сатыларынан өтетіндігі белгілі. Уақыт өте келе,
өнім моральды тұрғыда тозады, немесе бәсекелік күреске төтеп бере алмайды
және рентабельділіктің төмендеуі нәтижесінде оны өндіру азаяды немесе
тоқтатылады.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, қазіргі қаржылық саясаты және
оның жүзеге асырылу механизмі (Халықаралық Астана Әуежайы АҚ мысалында)

Халықаралық Астана Әуежайы акционерлік қоғам - заңды тұлға, Ережесі,
банкте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның пайдалылығын арттыру үшін іс – шаралар жобасын әзірлеу
Қаржы менеджмент
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Қаржылық леверидж және қаржылық менеджменттегі рөлі
Фирма шығынының құрылымы және пайда
Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау
Қаржылық левериджді бағалау әдістемесі
Табыс- тұтыну қисығы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
Пәндер