Фрейд психоанализ туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ З. ФРЕЙДТІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БАҒЫТЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
I. 1. З. Фрейдтің жеке тұлға құрылымы және психологиялық сипаттамасы . . . 8
I. 2. Жеке тұлға дамуындағы психосексуалды кезең . . . 12
I. 3. З. Фрейдтің психоаналитикалық концепциясы . . . 21
ІІ ТАРАУ З. ФРЕЙДТІҢ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТАРТЫСТАР МЕН ДАҒДАРЫСТАР .
II. 1. Психоанализ бойынша діннің қалыптасуы . . . …… . . . 32
II. 2. Неофрейдизм . . . …. ……. 38
II. 3. Франкфрут мектебі . . . ……… . . . 48
ІІІ ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДА ФРЕЙДИЗМ БАҒЫТЫНА ЗЕРТТЕУ
ӘДІСІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ.
ІІІ. 1 Ғылыми зерттеу әдістерге түсінік . . . 52
ІІІ. 2. Мәселеге арналған әдістер . . . . . . 55
ІІІ. 3 Алынған нәтижелер бойынша талдау жасау…. ……… . . . 58
Қорытынды . . . 63
Қолданылғанәдебиеттер . . . …… . . . ……… . . . 66
КІРІСПЕ
Сигизмунд (Зигизмунд) Шломо Фрейд Чехияның Пришбор деген қаласында (бұрынғы Австр-Венгрияға қарасты Фрайберг қалашығы), 1856 ж. 6 мамырда қарапайым тері саудагері еврей отбасында дүниеге келеді. З. Фрейд Якоба Фрейд Амали Натонсонның бірінші ұлдары еді.
1859 ж. З. Фрейдтің отбасы Лейпциг, содан кейін Венаға қоныс аударады.
З. Фрейд гимназияда оқып жүрген кезінде Еуропаның рационализмидеялары мен әр түрлі тақырыптағы ойлармен танысады. Оқуда озат болып, лингвистикаға тамаша қабілет көрсетіп, гимназияны үздік аяқтайды. Оның көзқарастарының қалыптасуына күшті ықпал еткен жаратылыстану ғылымдарымен тереңірек танысу болды. З. Фрейд адам ақылының құдіреттілігіне және ғылымның барлық нәрсені жеңетініне сенді. Ал дін болса оның ойынша адамзатты адастырар бағыт, ғылым мен жалпы дамуды тежейтін жау.
1873 ж. З. Фрейд Вена университетінің Медицина факультетіне түседі. Осы жылдары Э. Брюкенің физиологиялық лабараториясында жұмыс істейді. Бұл зерттеулер З. Фрейдтің психиканың биологиялық негіздерін анықтауына жәрдем береді. Ғылыми ізденістерімен 1881 ж. Университетті үздік бітіреді. Әлеуметтік жағдайының қиындығына байланысты кафедрада қалмай Вена ауруханаларының бірінде дәрігер болып істейді.
З. Фрейд 1885 ж. Приват-доцент атағын алғаннан кейін Париждегі әлемге әйгілі «Сальпетриер» клиникасында ғылыми біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Сол уақыттарда клиниканы атақты психиатр функционалды бұзылулардың себебін анатомиядан емес, психологиядан іздеу қажет деген көзқарасты ұстанатын Жан Мартен Шарко (1825-1893) басқарған. Шарконың психикалық ауруларды гипнозбен емдеуі Зигмундқа ерекше әсер етеді. Оның көз алдында аз уақыт ішінде истерия және салмен ауыратындар жылдам айығып жатады. Оған әсіресе қатты әсер еткен мына тәжірибе еді. Гипнозға енгеннен кейін әйелге ұйқыдан оянғанда бұрышта тұрған қол шатырды ашу бұйырылады. Әйел ояна салысымен тұрып қол шатырды ашады. Тәжірибе жасаушы бөлменің ішнде «қол шатырды неге аштыңыз?» деп сұрағанда ол «қол шатыр менікі ме әлде басқа біреудікі ме соны білейін деп едім» деп жауап береді. Гипноздық иландыру фактілері оның есінде толық жойылып кеткен. Сондықтан тәжірибе жасаушы әйелге түрлі сұрақтар қойып іс-әрекетінің негізгі себебін есіне түсіреді. Осы көрініс Фрейдте адам іс-әрекетінің негізінде түрлі әдістер арқылы табуға болатын бейсаналық түрткі (мотивтер) жатыр және сана бізің іс-әрекетімізді барлық уақытта басқара бермейді деген түсінікті тудырады.
З. Фрейд Парижден қайтқаннан кейін Венада жеке емдеу тәжірибесін бастайды. Бірақ көп уақыт өтпей гипнозбен емдеу жақсы нәтиже бермейтініне, керісінше жүйке ауруларының табиғатын түсінуді қиындататынын аңғарады.
Мына оқиғада ойлау және сөйлеудің бұзылуынан зардап шегіп сал ауруына ұшыраған жас келіншек гипноздың көмегімен психикасына соққы болған, яғни аталған ауруларды тудырған оқиғаны есіне түсіреді (әке өлімін) . Содан ауру белгілері жойылып кетеді. З. Фрейд осы оқиғаны негізге ала отырып импульстердің орнын басатын және истериялық ауруларды емдейтін жаңа әдіс таптық дейді.
1887 ж. И. Брейрмен бірігіп Катарсис деп аталатын гипнотерапияның жаңа түрін қолдана бастайды. (грек тіл katharsis - тазарту) . Екеуі жүйкесі бұзылғандарды зерттеп катарсиспен емдеуді жалғастырады. Олардың 1895 ж. «Истерияларды зерттеу» деген кітабы жарыққа шығады. Бірақ екеуінің көзқарастары бір болмағандықтан бөлініп кетеді.
З. Фрейд адам психикасының гипноздық жағдайына ұқсас - түс көруді де зерттейді. Түс көрудің құпиясының негізгі формуласын ашады: «түс бұл - тілектердің орындалыуы». Осы идеяны 5 жылға жуық «түстерді көруді жору» деген кітабында жазып отырды.
З. Фрейд өз идеяларын дамыта отырып адам ойы мен қалауын басқарып, іс-әрекетке бағыттайтын (либидо) жыныстық құштарлық деген қорытындыға келеді. Бейсана либидоның негізі болғандықтан, рухани-адамгершілік ережелеріне бағынатын сана мен үнемі күресте болады. Осындай көзқараспен Фрейд психиканың 3 деңгейден тұратын иерархиялық құрылымын жасайды. Олар: сана, бейсаналық, жасырын саналық.
З. Фрейд 1895ж. Гипноздан мүлде бас тартып әңгімелесу арқылы емдеуді, кейінірек психоанализ деген атауға ие болған әдісті тәжірибе жүзінде қолдана бастайды. «Психоанализ» деген түсінікті 1896 ж. жарыққа шыққан «Нервоздар этилогиясы» деген кітабында алғашқы рет қолданады.
З. Фрейд 1885-1899 ж. интенсивті тәжірибе жүргізеді, өзін-өзі бақылаумен терең айналысадыжәне өзінің ең маңызды еңбегі санаған «түс жору» кітабын толықтыра түседі.
1901 ж. Күнделікті өмір психопотологиясы» деген еңбегі жарыққа шығады. Зиялы қауымның және білімді азаматтардың жағымсыз реакцияларына қарамастан З. Фрейдтің идеялары кеі тарала бастады. Оның еңбектері көптеген тілдерге аударылады.
Фрейдтің қасына көзқарасын қолдаушылар мен жас дәрігерлер жиналады. Олардың ішінде Цюрих мектебінің түлектері К. Г. Юнг, А. Адлер, Ш. Ференчи, О. Ранг, К. Абрахам болды. З. Фрейд өз бағытын әрі қарай жалғастырар, теорияларды дамытар адам басқа емес К. Г. Юнг деп санайды әрі соған сенеді. Бірақ уақыт өте келе З. Фрейд өз көзқарасына бір ғана бағытты көздейді және концепциядан бірдебір өзгерісті қаламайды. Бұл (бөлінуге, кейіннен бағыттарының) өз кезегінде З. Фрейдтің еі талантты шәкірттері А. Адлер, К. Юнг. Ранкпен бөлінуіне, кейіннен мүлде басқа бағыттармен кетуіне өтеді.
З. Фрейд психоанализді одан әрі дамытып ол Еуропаны, АҚШ-ты, Ресейді мойындатады.
1912 ж. Психоанализ деген журналдың негізінсалады. Бейсаналықтың құпияларын зерттеген жаңа еңбектері баспадан шығады. Енді оның идеялары медицина мен психология шеңберінен асып мәдениет пен қоғамның дамуына да қатынасады.
1922 ж. Лондон университеті адамзаттың данышпандары деп 5-ін Филон, Мемонид, Спиноза, Эйнштейн және Фрейдті жариялайды.
1923 ж. Фрейдтің ең маңызды еңбектерінің бірі «Мен және Ол» жарыққа шыңады. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты елде түрлі толқулар мен (көтеріліс) тәртіпсіздіктер орын алады. Бірақ Фрейд ғылымға адал күйінде өз зерттеулерін ары қарай жалғастырады. Әсіресе, діни және идеологиялық догматтардың психологиялық құрылымына жиі тоқталады.
1933 ж. Германияда билікке фашизм келгеннен кейін басқалардікі сияқты, Фрейдтің еңбектері жарамсыз деп табылып отқа жаңылады. Фрейд осы көріністі көріп «біз қандай кезеңге жеттік». Егер Орта ғасырларда болғанда, олар өзімді отқа жағар еді, қазір кітаптарымды жағумен ғана шектелді» - деген екен. Осы жылы жазда «Монотеистикалық дін және Мойсей адам» деген еңбегін жазуды бастайды.
1938 ж. тамызда соғысқа дейінгі соңғы Халықаралық Психоаналитикалық конгресс өтеді. Күздің соңында Психоаналитикалық сеанстар өткізуді қайта қолға алып, 1939 ж. 23 қыркүйекте З. Фрейд дүниеден өтеді.
Қазіргі уақытта З. Фрейд есімі аңызға айналды, ал оның жүмыстары әлемдік мәдениеттің жаңа сатысы деп бір ауыздан мойындалуда. Психоанализге (жаңалықтарына) философтар, жазушылар, суретшілер және режиссерлер қызығушылық танытуда. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін психоанализ АҚШ та екінші дінге айналады. Қазіргі уақытта психоанолизге сійенбей еңбек еткен атақты жазушы немесе ғалымды, философты немесе кинорежиссерді атау мүмкін емес. З. Фрейд шынында да әлемді мойындатқан атақты, данышпан адамға айналды.
ХХ ғ. Психологтардығ ішінде ХХғю психологияның қалпын мүлде өзгертіп жіберді. Сондықтан болар қаншама өзгерістер болсада З. Фрейдтің ілімі өшпес мұраретінде қалды. Қазіргі таңда оның теориялары көптеген елдерде психология, психотерапия, психатрия оқулықтарына еніп оқытылуда. Ол адам туралы басқа да ғылымдар социология, педагогика, антропология, этнография, философияға және әдебиет пен өнерге де өз ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд қазіргі заманғы психолгияның дамуына көп үлес қосқан және оның даму жолын жаңа арнаға салып кеткен ғалымдардың бірі. Біздің жұмысымыздың өзектілігі:
Адам табиғатының механизмдері мен құрылымын психоанализ бойынша түсіндіру.
- Біздің теориялық негізімізді зерттеп, психолгиялық үлес қосқандардың бірі: А. Адлер (1870-1937) адамды биологиялық негізде қарастырмай, әлеуметтік тіршілік иесі деп баяндаған даралық психологиясын ендірді. В. Райх (1897-1957) З. Фрейдтің көптеген идеяларына келіспей отырып, санадан тыс қандайда бір шындықтың барын мойындады. «Психоанализ және диалектикалық материализм» деген еңбек жазған.
- Зерттеу жұмысымыздың объектісі: З. Фрейд негізін салған психоанализ.
- Мақсаты: Психоанализ бойынша адам психикасы мен мінез - құлқын басқарушы механизімді анықтап, психоаналитикалық теорияны дамыту.
- Біздің зерттеу мақсатымызға байланысты келесі мәселелерді қалыптастырамыз.
Зерттеп отырған мәселелерге байланысты әдебиеттерге психологиялық талдау өңделген психологиялық әдебиеттер деңгейін айқындау.
Біздің адекваттық мақсаттың зерттелу әдісін таңдау.
Болжам: Психоанализ бойынша нервоздық белгілердің шығу тегі З. Фрейдтің жыныстық құмарлықтарына емес, үрей мен сенімнің орын алуында жатыр.
І. ТАРАУ. З. ФРЕЙДТІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БАҒЫТЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.
I. 1. З. Фрейдтің жеке тұлға құрылымы және психологиялық сипаттамасы.
З. Фрейд 20-шы жылдары психикалық өмірдің концепциялық моделін қайта қарап, жеке тұлға теориясына 3 негізгі құрылымды енгізді:
Ид, эго, және супер - эго. З. Фрейд бұл 3 бөлік жеке тұлғадағы ерекше бір құрылым деп емес, жай ғана процестер ретінде қарауды ұсынды. Бірақ бұл ұсынған құрылым сол уақыттарда нейроанатомияның даму деңгейі жеткілікті дәрежеде болмаандықтан маңызға ие болмады.
Ид. «ид» (латын сөзі «ол» деген мағынаны білдіреді) Фрейдтің пікірінше жеке тұлғаның инстинкті және тума аспектілерін білдіреді. «Ид» бейсаналықта тұтастай функцияланады және біздің мінез - құлқымызды қуаттайтын биологиялық инстинкттермен (тамақ, ұйқы т. б) өте тығыз байланысты. Ид Фрейдтің пікірінше ешқандай заңды білмейтін, көлеңке қараңқылық. Ид өзінің маңыздылығын адамның бүкіл өмір барысында сақтап отырады. Ол шектеусіз «ид» қорқу немесе үрейді білмейді, өз мақсатына жетуде сақтық шараларын қолданбайды - бұл дәлел Фрейдтің пікірінше жеке адамғада қоғамғада қауіп төндіреді. Басқаша айтқанда олды көзі соқыр патшамен салыстыруға болады. Ол билікті жүзеге асыру үшін өз қоластындағыларға сүйенуге мәжбүр болады.
Фрейд идті ағзадағы соматикалық және психикалық процестерге ара түсуші ретінде қарастырды.
Фрейд жеке тұлғаны ауыртпалыұтан құтқаратын идтің механизімін көрсетті: 1. рефлекторлық әрекеттер және алғашқы процестер. Бірінші жағдайда ид қозудың сигналдарына автоматты түрде жауап қайтарады және тәтәркену арқылы пайда болған ауыртпалықты бірден төмендетеді. Мұндай тума рефлекторлық механизмдерге мысал ретінде - жоғары тыныс жолдарының тітіркенуінен пайда болған жөтелді, көзге бірнәрсе түсіп кеткенде шыққан жасты келтіруге рефлекторлық ірекеттер әрдайым тәтәркену немесе ауыртпалық деәгейән төмендете алмаған жағдайда әрекетке идтің аләашқы функциясы кіріседі . ид алғашқы кезде негізгі қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты объектінің психикалық бейнесін қалыптастырады. Мысалы, бала аш кезде осы аталған процесс кезінде ананың емшегін немесе ыдыстаы сүттің бейнесін елестеуі мүмкін.
Алғашқы процестер - адам елестеулерінің қиялы, шындықпен жалғанды, өзін және өзі емес екенін айрыла алмайтын формасы.
Адам алғашқы прцестерге сай әрекет етсе, қажеттілігін қанағаттандыратын объекті мен оның бейнесін ажырата алмай қалады. (Мысалы, шөлде адамға су болып көрінген сағым) . Мұндай жағдайлар адамды өлімге душар еткізуі мүмкін . сондықтан Фрейд үшін алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыруды кейінге қалдыру қабілеті сәбилерге алғашқы кезде өз талап тілектерді мен қажеттілігінен басқа сыртқы әлемнің бар екенін сезінгенде қалыптасады. Осы білімнің пайда болумен тұлғаның екінші құрылымы эго қалыптасады.
Эго (латын сөзі - «мен» деген мағынаны білдіреді) - бұл шешім қабылдауға жауапты психикалық аппараттың компоненті. Эго сыртқы әлемнің шектеулеріне сәйкес идтің талап тілектерін орындауға ұмтылады. Эго өзінің құрылымы мен функциясын идтен алады. Осындай жолмен эго ағзаны қауіпсіздендіруге және өзін -өзі сақтауына жәрдем береді. Тіршілік үшін күресте, жалпы сыртқы әлеуметтік әлемге қарсылық ретінде эго әрқашан шындықтаы оқиғалар мен психикалық жүйені дифференцациялап отыруы қажет. Мысалы, аш адам тамақ іздеуде мидағы тамақтын бейнесі мен шындықтағы тамақтың бейнесін ажырата білуі керек. Яғни ол ауыртпалық т-мендегенде дейін тамақты тауып, қолдана білуі шарт. Бұл мақсат адамды оқуға, ойлауға, қорытынды шығаруға, қабылдауға, шешуге, есте сақтауға және т. б. мәжбүр етеді.
Қажеттілікті қанағаттандыру табиғаты бойынша эгоның идтен айырмашылығы, шындық принциптеріне бағынады. Оның мақсаты - ағзаның тұтастығын сақтау. Шындық принципі индивидке дөрекі қуаттарын әлеуметтік шектеулер шеңберінде пайдалануға, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Мысалы, жыныстық қажеттілік сәйкес объект және жағдай жақсы болса мінез - құлықты ләзаттану принципі басқарады. Шындық принципі біздін мінез - құлқымызға саналылықтың шегін береді. Эго идке қарағанда шындық пен қияды ажырата алады, адамның өзін қалыпты ұстауына жәрдем береді және рационалды танымдық әрекеттерге қатысады. Логикалық ойлаудың күшіне сүйене отырып Эго мінез - құлықты қажетті жерге бағыттап отырады, себебі инстингті қажеттіліктер индивидке және басқа да адамдарға зиянын тигізбей қанағаттандырылуы керек. Сонымен эго тұлғаның «орындаушы мүшесі» және ақыл ой процестерінің жүретін облысы болып табылады.
Супер эго (латын сөзі «super» - «жоғары» және «его» - «мен») қоғамдық ережелер және мінез - құлық стандартын көрсететән тұлға дамуындағы соңғы компонент.
Адам қоғамда нәтижелі әрекет ету үшін оны қоршаған ортаға сәйкес құндылықтары, ережелері мен тәртібі болуы қажет. Бұлардың барлығы «әлеуметтендіру» процесіне қалыптасады. З. Фрейдтің көзқарасы бойынша адам ағзасы супер эгомен туылмайды. Балалар оны ата - ана, оқытушы және т. б. қалыптастырушы (фигуралар) кейіпкерлермен өзара қарым - қатынасы арқылы қалыптастыруы міндетті. Тұлғаның адамгершілік күші болып табылатын супер эго болашақта баланың ата анаға тәуелділігін жалғастырушы болып табылады. Ол формальды түрде болады «дұрыс» және «бұрысты» айыра бастағанда, жақсы және жаманды танығанда (шамамен 3жастан 5 жасқа дейін) пайда болады. Бала әрбір әрекетін қақтығыс пен жазалаудан қашып осы шектеулерге сәйкес орындауды үйренеді. Бірақ баланың әлеуметтік әлемі кеңейген сайын, (мектеп, дін және достарының арқасында) суперэго кеңістігі белгілі бір дәрежеге дейін үлкейеді.
Фрейд суперэгоны 2 жүйеге бөлді: ар және эго - идеал. Ар ата - ананың жазалауы нәтижесінде қалыптасады. Ол ата - ананың «тыңдамайтын мінез» деп атап балаға сөгіс жариялаған қылықтармен байланысты. Суперэгоның мадақтау аспектісі - бұл эго - идеал. Ол ата - ананың үнемі қолдап қуаттауынан немесе жоғары бағалауынан пайда болады. Ол индивдтің өзіне жоғары ұстамдарды қалыптастыруына жетелейді және жоғары мақсаттарға ұмтылуына алып келеді. Егер мақсат орындалса, мақтаныш және жоғары мақсаттарға ұмтылуына алып келеді. Егер мақсат орындалса, мақтаныш және өзін өзі құрметтеу сезімін қалыптастырады. Мысалы, баланы мектептегі жеткен жетістіктері мен үлгілі тәртібі үшін мадақтаса, ол барлық уақытта өз жетістіктеріне мақтаныш сезімінде болып, жоғарғы мақсаттарға ұмтылады.
Ата - ананың бақылауы өзіндік баөылауға ауысса суперэго толық қалыптасты деуге болады. Бірақ өзіндік бақылаудың бұл принципі шындық принципінің мақсаттарына қызмет етпейді. Қоғамдық талаптарға сай қылықтарды толығымен тоқтатып, адамды сөзге, ойда, әрекетте шексіз жетілуге бағттайды. Қысқаша айтқанда ол эгоны идеялық мақсаттың шындықтағы мақсаттардан жоғары тұратынын мойындатуға тырысады.
Сонымен Фрейд теориясы бойынша адамның жеке тұлғасы 3 құрылымдық компонентті қамтиды: Ол, мен және жоғары мен. Ол ләзаттану принципіне бағынады. Ол инстингтті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін рефлекторлық әрекеттер мен алғашқы елестетулерді пайдаланады. «Мен» шындық принципін басшылыққа алып әрекет етеді. Оның басты мақсаты - әлеуметтік шектеулерге сәйкес әрекет жоспсрын дайындау. Бұл тапсырманы «мен» елестеудің екінші процестері арқылы шешеді. Тұлғаның дамуындағы соңғы құрылым «жоғары - мен» адамгершілік негіздерін көрсетеді. «Жоғары - мен» 2 құрылымнан тұрады ар және идеал - мен.
«Жоғары - мен» бала мен әке қатынасы арқылы қалыптасады. Егер «мен», «олардың» пайдасы үшін әрекет етіп шешім қабылдаса, бірақ бұл әрекет «Жоғары менге» қарсылықты болса, онда «Ол» өзін кінәлі сезінеді. Егер «Ол» ген арқылы берілсе, мен өмірден жинаған тәжірибе, ал «жоғары - мен қоршаған ортадағы адамдар ықпалыныә жемісі.
З. Фрейдтің жеке тұлға құрылымы
құрылым
атаулары
Жоғары - мен
Супер - эго
Жоғары - мен
ата - ана
I. 2. Жеке тұлға дамуындағы психосексуалдық кезең .
Дамудың психоаналитикалық теориясы 2 негізден тұрады: Біріншісі, немесе генетикалық негіз ерте балалықта бастан кешкендердітұлғаның қалыптасуына маңызды рөл атқарады деп есептейді. З. Фрейдтің пікірінше тұлға 5 жасқа дейін қалыптасып үлгереді. Екінші негіз адам дүниеге белгілі бір мөлшердегі жыныстық қуаты (либидо) мен туылады, кейінірек өзінің даму барысында тұлға бірнеше жыныстық сатылардан өтеді деген принциптен тұрады.
З. Фрейд жеке тұлғаның дамуы 4 негізге байланысты дейді. Олар: оральды, анальды, фалликалық және генитальдық фрейд дамудың ішіне баланың жыныстық жетілуінің басталуына қатынасты 6-7 жас аралығында өтетін латентті кезеіді кіргізеді.
«Психосексуалдық» деген термин адамныі дамуындағы ең басты фактор жыныстық инстинкттер екенін көрсетеді. Фрейд теориясына сәйкес дамудың әр кезеәінде дененің белгілі бір бөлігі жағымды қысым жасау үшін, белгілі бір әрекетке немесе объектіге ұмтылады. Психосексуалдық даму - бұл өзгермелі күйде берілетін және мәдени деңгейіне қатыссыз барлық адамға тән биологиялық басымдылық. Индивид жинаған әлеуметтік тәжірибесі бойынша әр кезеңге белгілі бір мөлшерде үлес қосады.
З. Фрейдтің теориялық құрылым логикасы 2 факторға негізделеді: 1. фрустациялар, 2. аса қамқорлық. Баланың жыныстық қажеттілігі фрустрация жағдайында (мысалы, сору, тістеу немесе шайнау) ата - ана немесе тәрбиешілермен қиылысады да, жеткілікті дәрежеде қанағаттана алмайды. Ата - ана тарапынан көп қамқорлық жасалса балада өзінің ішкі функцияларын басқаруға мүмкіндік аз болады немесе мүлде болмайды. Осы себептен балада тәуелділік және қолынан ештеңе келмеу сезімі қалыптасады.
Психоаналитикалық теорияда регрессия түсінігі маңызды орын алады, яғни психосексуалдық дамудың ерте кезеңіне қайта орау және адамда сол кезеңге тән балалық мінез - құлықтық көрініс беруі. Мысалы, ересек адамның күшті стрестік жағдайда жылауы, саусағын соруы, бірнәрсе ішкісі келуі мүмкін. Регрессия - Фрейдтің атауы бойынша фиксация (белгілі бір психосексуалдық кезеңде дамудың тоқтауы немесе үзілуі) . Фиксация бір психожыныстық кезеңнен екіншісіне өтуге қабілетсіздікті білдіреді. Ол белгілі бір кезеңдегі қажеттіліктерді шамадан тыс әкеп соғады. Мысалы, 10 жасар баланың үнемі саусағын сорып жүруі оральдік фиксация белгісі. Бұл жағдайда либидо қуаты дамудың ерте кезеңіне сәйкесбелсенділік көрсетеді. Сонымен әрбір индивидтің жеке тұлға құрылымы психожыныстық дамудың кезеңдеріне тоқталып өтейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz