Шағын жинақталған мектеп жұмысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Шағын жинақталған мектептерде білім берудегі педагогикалық технологиялар.

МАЗМҰНЫ

Kipicпe . . . 3

I тарау. Шағын жинақталған мектеп мәселелері

1. 1. Шағын жинақталған мектепті дамыту мәселелері . . . 6

1. 2. Шағын жинақталған мектептерде білім берудегі педагогикалық

технологиялар . . . 17

II тарау. Шағын жинақталған мектепте оқу жұмыстарын ұйымдастыру.

2. 1. Шағын комплекті мектептерде сабақ кестесін құру . . . 37

2. 2. Шағын кешенді мектептің шартындағы ақпараттың технология . . . 47

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

КІРІСПЕ

Зертеудің көкейкестілігі. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің мәселесі - Қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейіндегі ең басты мәселе екендігі елге аян нәрсе.

Көп ұлтты Қазақстан ұлттарының бәсекеге барынша лайықты болу, білім деңгейі, ел экономикасына байланысты, мемлекеттің негізі - қазақ халқы - қазақ халқының рухани ықпалы, негізгі ауылдан нәр алады. Өркениетті елдер қатарына жету әлеуметтік, саяси, білім беруді жедел жетілдіруге қатысты.

"Елді түзетуді бала оқыту ісіне түзетуден бастау керек" деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды, көрегендікпен, тәжірибе негізінде айтқан, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесінің талаптарын тап басып тұрғандығыиа тәнті қаламыз.

"Он жетінші бағыт - бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату" деп аталуының өзі, білім беру, білім негізі бастауышта екендігін көрсетеді. Қазақстан Peспубликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2007 жылғы 23 ақпан. Егемен Қазақстан, 2007 жылдың 1 наурызы.

Бүгінгі таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын жинақталуы, Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция балалардың өмірге келуінің тұрақты болмауы, елді мекендердің қайта түрленуі шағын жинақталған мектептердің санының өсуіне әкелді.

Республикада 8260 жалпы орта білім беретін мектептің 4229 (51, 2%) шағын жинақталған мектеп, оның 2156 сында оқу қазақ тілінде жүреді. (50, 9 %) Ауылдық жерде орналасқан шағын жинақталған мектеп саны 4073, бұл жалпы ауылдық мектептің 96, 3%. Оның 28, 5 % бастауыш, 24, 2 % негізгі 17, 3% орта шағын жинақталған мектеп. Сондай-ақ қалалық шағын жинақталған мектеп саны 156 (3, 7%) .

Типіне қарай: 1. бастауыш шағын комплектілі мектеп: 1206 (1178 ауылдық, 28 қалалық) .

2. Негізгі і2 1022_(1002 ауылдық, 20 қалалық) .

3. Орта :- 2001 (1993 ауылдық, 108 қалалық) .

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бүгінгі күндегі қазақ жеріндегі оқу -ағарту ісі тек бір мекеменің міндетімен шектеліп қойылмауы-тиіс. Ұлт болашақты қамтамасыз ету - әрбір сапалы азаматтың парызы мен борышы. Демек, ұлтымыздың рухани жаңару бүкіл халықтың ісін деп айқын айтқан іргелі тұжырымдамасы бәріміздің ойымыздан шығады. Сондықтан диплом жұмысының тақырыбы етіп "Шағын жинақталған мектептерді дамыту мәселелері" деп алдық. Бұл мәселемен хабардар біздер бақылау, зерделеу жүргіздік, жүйелеу жасадық.

Зерттеу мақсаты: Шағын жинақталған мектептерді дамыту мәселелеріне қатысты іс-тәжірибелерге талдама жасау.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесіне бақылау, зерделеу

жасау арқылы шағын жинақталған мектептер мәселелерін анықтау.

2. Педагогикалық шарттарды анықтау.

3. Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда шағын жинақталған

мектептің түйінді мәселелерін және дамуын ойластыру, әдістемесіне

талдама жасау.

Зерттеу нысаны: шағын жинақталған бастауыш мектептегі оқу-

тәрбие процесі.

Зерттеу пәні : Шағын жинақталған мектеп жұмысы.

Зерттеу әдістері:

- педагогикалық бақылау

- шағын жинақталған бастауыш мектеп мұғалімдерімен пікірлесу

- шағын кешенді мектептерде білім беру қызметін ұйымдастырудың

жетекші бағыттарын зерделеу, жүйелеу арқылы түйіндемелер жасау;

- шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үрдісті басқаруды

жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;

- шағын жинақталған мектеп жайлы Республикалық ғылыми -

практикалық семинарға қатысып, зерделеу, озық педагогикалық

тәжірибені қорытындылау, педагогикалық эксперимент.

Диплом жұмысында психология - педагогикалық әдебиеттер пайдаланды. Сонымен бірге зерделеу, салыстыру амалдарымен тұжырымдар, ой қорытындылармен, ұсыныстар әзірленді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Шағын жинақталған мектеп мәселелері

1. 1. Шағын жинақталған мектепті дамыту мәселелері

Шағын жинақталған мектеп дегеніміз - біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі.

Шағын жинақталған мектептін тарихы ерте кезден, сонау Л. Толстой, К. Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы ЬІ. Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Шағын кешенді мекгептерде негілгі көңіл ұйымдастыру жұмыстарына бөлінеді.

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастырғанда төмендегі шарттар ескерілуі керек:

- сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;

- бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге

ыңғайластырылуы;

- көрнекі дидактикалық құралдар алдын - ала дайындалуы,

- сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі тиіс.

Шағын жинақталған мектептер үшін қазақ тілі пәнінен оқулықтар жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «Үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек. Оқушының осындай кіші сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының білім не сәйкес болуы шарт.

Шағын жинақталған мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар.

1. Бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесіиің жасалмауы.

2. Өздігінше жұмыс істеу әдісі кең тарамағандығы.

3. Шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу-құралдарының аздығы.

4. Шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.

Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде 2 сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісі бір мезгілде 2 сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысына ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл көбінесе әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді. Ендеше тақырыптық жоспарды қайта құруға тура келеді.

Бүгінгі шәкірттер - ішкі сырын жасырын ұстап, оны көпке шаша беруді онша ұнатпайтын ұрпақ. Бұны күнделікті сабақ барысынан байқап жүрміз. Олай деуге себеп, көркем шығарманың табиғатын, кейіпкердің жан -дүниесіндегі толғаныс-қиналыс иірімдерін беруде, баяндауда алдымыздағы отырған шәкіртгің сөзі сараң, сезімі солғын. Ал әдебиет сабағын кейде ғылыми тұжырыммен нақты қорытындысын тоғысар бекеті десек, кейде ішкі сезімдердің өзара байланыста түсіп, қызығу таласқа ұласар мекені деп те бағалауға болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзін байқатар қасиетімен өзіндік пікірлері де пән сабағына аңғарылуы тиісті. Сабақ түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығуын арттыруға тырысқан жөн. Мен осыған орай дует сабақ : "Абылай- бұқар және заманы ": "Ескендір поэмасы " бойынша қойылым сабақ, жарыс сабақ түрлерін ұйымдастырамын.

Соңғы кездерде "педагогикалық технология " жөнінде жиі сөз болып жүр. Педагогикалық технология оқытудың тың әдістемесін немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай науқандық ептілікті көтере алмайтыны белгілі. Педагог ғалым Беспалько өзінің "Слагаемое педагогическое технология" деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие үрдісі алдын -ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы, белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы".

Демек, технология дегеніміз - қарапайым тілмен айтқанда, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған жобасы. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Сондықтан оқушы бойына мынандай дағдыларды қалыптастырған абзал. Олар: білімді түсіну, қолдану, талдау синтездеу, пайымдау. Кейбір сәтте әдеби шығармалар таңдау, талқылау өткізіп, пікір таластырып, қорытынды шығартқызып, елді сол мәселені ұй жұмысы ретінде шығарма, ой- толғау жазуға ұсыну қажет. Шәкірт көркем туындыны оқи отырып, соған жауап іздейді. Бұл арада іздемпаздық, зерттеу жұмысының элементтері де араласады. Бұл арада шәкірттер көркем туындымен жұмыс істейді, оны оқи отырып, өзіндік топшылау, ой қорытындысын да жүргізеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініиен тоқталсақ, оны мына төмендегіше етіп тұжырымдауға болады.

1. Оқушыларға толық фантазиялық еркіндік беру.

2. Саяхат сабақтар ұйымдастыру.

3. Сабақтарды түрлендіру.

4. Педагогикалық технология дағдыларын қолдану.

5. Зерттеу жұмыстарын жүргізу, т. б.

Шағын жинақталған мектептерді дамыту мәселелері.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. Мектептің оқу-тәрбие жұмысына басшылық. Мектепшілік бақылауды ұйымдастыру.

1. Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы заңы. Білім беру жүйесінің міндеттері.

2. Мектептің жаңа типтері және олардың даму болашағы.

3. Білім жүйесі мен халықаралық байланыстың маңызы.

4. Мектеп басшыларының атқаратын қызметі.

5. Педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.

6. Педагогикалық кеңес-мектепті басқарудың ұжымдық органы.

7. Мектепішілік бақылаудың мазмұны.

1. Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы заңы. Білім беру жүйесінін міндеттері.

1999 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары білім алуға тең құқылы.

2. Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психо- физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.

3. Білімнің зайырлылығы.

4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

6. Білім беру ұйымдарының меншіктің түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы:.

7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.

9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын :

1) Меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;

2) Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының;

3) Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз егетін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуга және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:

• Білім беру (бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау;

• Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

• Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге Конституцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  • Республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
  • Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы- мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріи зерделеу, мемлекеттік тілді орыс, шетел тілдерін меңгеру;
  • Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
  • Оқытудың жана технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу:
  • Еңбек рыногыңда бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру:
  • Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;
  • Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу.

II. Мектептің жаңа типтері және олардың даму болашағы.

Қазақстан Республикасында мектептің бірнеше түрі қызмет жасайды. Мектеп ұғымының мәнін ашуға тоқталайық.

Мектеп - бұл мұғалімнің, басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәрбие мәселелері жүзеге аеырылатын оқу-тәрбие мекемесі, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны - сабақ, сабақта негізгі рөлді мұғалім атқарады.

Мектептін жіктелінуі:

Базалық мектеп; Бастауыш мектеп; Жекеменшік мектеп; Кешкі межтеп;

Конфессиялы мектеп; Күндізгі мектеп; Мемлекеттік мектеп; Озық тәжірибе мектебі; Отбасы мектебі; Схолостикалық мектеп және т. б.

Қазақстан Республикасында мектептің типтері:

Білім беру санатына қарай:

а) Жалпы білім беретін мектеп;

б) Кәсіптік мектеп.

Берілетін көмегіне карай:

а) Бастауыш мектеп

б) Орта мектеп

в) Жоғары мектеп

Жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер:

а) Қыздар мектебі;

б) Ұлдар мектебі;

Оқытудың тілдік нысанына қарай:

а) Ұлт мектебі;

б) Орыс тілді мектеп;

в) Аралас тілді мектеп.

Дінге қатысына қарай оқытатын мектеп:

а) Дүниетанымдық мектеп;

б) Конфессиялық (діни) мектеп;

Ұйымдастырылу - қаржыландырылуына қарай:

а) Мемлекеттік мектеп;

б) Қоғамдық мектеп;

в) Жеке меншікті (ақылы) мектептер.

Білім беру сипатына қарай:

а) Жалпы білім беретін мектеп - бұл негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске аеыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікгі еңбек қызметкерлерін даярлауда қамтамасыз ететін орта оқу орны.

ә) Кәсіптік мектеп - жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны.

Берілетін көмегіне қарай:

а) Бастауыш мектеп - бұл жалпы орта білімнің алғашқы және негізгі бастамасын қалайтын мектептін түрі болып табылады;

б) Орта мектеп - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны болып табылады.

в) Жоғары мектеп - болашақ мамаңдар даярлауда жоғары білім беруді мақсат ететін және кәсіби біліктілікті растайтын диплом құжатымен қамтамасыз ететін жоғары оқу орны болып табылады.

Институт - бұл кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын оқу орны.

Университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орңынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары кәсіптік тәлімі бар мамандарды ғылыми және ғылыми - педагог қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны.

Шағын жинақталған мектеп - сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп.

Кәсіптік лицей - жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын оқу орны.

Лицей- негізгі және қосымша және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектеп.

Гимназия - нетізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқушыларлы олардың білімділігі мен қабілеттілігіне сәйкес, тереңдеп сaлaға бөліп, capaлaп оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып, тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақ алдыңда "Қазақстан -2030" бағдарламасындағы "Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі" қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделеніп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, апаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.

Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамды өз күш-жігерін қай салаға бару керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезеңде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай, өз ойын еркін жеткізе беретін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.

Білім ұйымдарының қазіргі басты міндеті - оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оларды дербес өмір сүруге үйрету болса, мектептегі білім берудің мақсаты экономикалық ойлауы дамыған, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруде шығармашылық, іскерлік, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шеше алатын икемді жасты қалыптастыру. Оларды жүзеге асыру үшін мектеп пен отбасының және қоғамның тәрбиелік ықпалының пергменділігін арттыру міндеті түр.

III. Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы.

Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жуйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, Отандық білім жүйесін дүниежүзілік үлгіге салу деңгейіне жеткізу ең басты мәселелердің бірі. Бұл бағытта көңіл аударылатын мәселелер кадрларды кәсіби дайындығын көтеру білім туралы дүниежүзілік тәжірибені есепке алып, жаңа ғылыми бағдарламаларды, ғылыми әдістемелік ұсыныстарды шығармашылықпен пайдалану.

Қазақстан Республикасында тұратын шет мемлекеттердің азаматтары және азаматтылығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежеде білім алуға, қызмет істеулеріне хақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтарды халықаралық келісім бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері шетелдік мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілек білдіреді. Олардың өзара қарым - қатынастары және ынтымақтастығы достық байланыстары дамиды.

Елімізде білім жүйесіы дүниежүзілік үлгіге сәйкес жетілдіре зерттеуді қажет ететін кеделі мәселелерге байланысты. Сондықтан, білім министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы, ірі университеттер және институттармен бірлесіп, қазақстанда ұлттық білімнің стратегиясы мен тактикасын және интеграцияның акты саясаты мен принциптерін жасайды.

IV. Мектеп басшыларының атқаратын қызметі.

Оқу орнын басқаруды директор және оның орынбасары іске асырады, ал олардың функциялық міндеттерін тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды.

Жалпы білілі беретін, оқу орнының директоры мынадай функциялық міндеттерді атқарады.

Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарластырады және ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының; тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;

- Мемлекеттік және қоғамдық орындар алдында мектептің мүддесін танытады:

- Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады;

- Мектеп дирокторының орынбасарын таңдайды, олардың функциялық міндеттерін белглейді;

- Педагогикалық ұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып, оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды;

- Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;

- белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұжымды жұмсалуын ұйымдастырады;

- шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына оқу тәрбиенің өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды; өзінің қызметі бойынша білім баскармасы органының алдында жауап береді.

1. 2. Шағын жинақталган мектептерде білім берудегі педагогикалық технология.

Қазіргі заманғы мектеп көп нұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда. Ізгілендіру үрдісі жүруде, бұл авторитарлық педагогикадан бас тартып, оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру жеке қабілеті мен дарынын, адамшылық сапалық, қасиеттерін дамыту үрдісі.

Оқыту үрдісінде іс-қимыл ыңғайына бұрылыс байқалады, яғни мұғалімнің қызметі білімді тек айтып жеткізу ғана емес, оқушының білімге деғен ықыласын оятуға жағдай жасап және оны педагогикалық технологиялар жағдайында ұйымдастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Біріккен сабақ
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Бала тәрбиесі бір өнер
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz