Экологиялық тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ХГТУ Ашық институтының

050103 – 04 ПП тобының

студенті Жұмабекова Арайлымның

Экологиялық апат аймағындағы

студенттердің үрейлік деңгейін

зерттеу тақырыбында орындаған

дипломдық жұмысына

СЫН ПІКІР

Диплом жұмысы мазмұнымен танысу барысында қалыптасқан көз қарас
бойынша айтарымыз жұмыстың психология ғылымында қалыптасып келе жатқан
экологиялық психология саласын қамтитындығы және де ғылыми мағынасында кең
мағыналы сауатты орындалған зерттеу жұмысына айналғандығын баса айтуға
болады.
Жұмыс өзектілігі біздің еліміз үшін ең бір шиеленісті күрделі мәселе
экологиялық апаттарды негізге ала отырып белгілі бір мақсатта іріктеліп
алынған студенттер контингенті көз-қарасымен, оларда қалыптасқан қорқыныш,
қайғы, мұң, үрей сезімдерін, экологиялық апаттарға байланысты өзгелерге
көрсету, сезіндіруге деген талпыныс, дипломанттың қол жеткізген жетістігі
ретінде бағалауға болады.
Диплом жұмысында тақырыбына сәйкес теориялық шолулар, яғни
түсініктемелер беруден бастап көптеген беделді зерттеушілер еңбектеріне
сілтемелер жасай отырып, өз жұмысын тиянақты жұйелейді. Бөлім материалы әр
түрлі ғылым салалары бойынша өр бітіледі. Сипаттамалар, көз қарастар және
мәселенің туындау себептерін зерттеуші тиянақты, ұғынықты саралайды.
Зерттеу әдістермен таныстыру, нақты әдістердің қолданылуы және сандық
және сапалық жағымен көрсете білген. Зерттеуші зерттеу әдістемелерін толық
игерген.
Дипломант өз тақырыбын игергендіктен ғылыми жұмыспен шұғылдануға
икемдігін көрсете алады.
Жұмыстың орындалу стилі талап мүдделеріне сай. Жұмыстың жазылу
барысында кездесер кейбір грамматикалық қателіктер, жұмыс мазмұнына нүсқан
келтірмейді. Жалпы зерттеушінің орындаған дипломдық жұмысының орындалуын
жақсы деп жоғары бағалаймын.

Қазақстан халықаралық
халықтар достығы университеті
Отырар институтының
п.ғ.к.:
Ахметов Т.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қайнар университетінің Оңтүстік Қазақстан
аймақ аралық филиалы

Педагогика және Психология факультеті

Педагогикалық пәндер кафедрасы

ИСАБЕКОВА ЭЛЬМИРА АЛМАХАНБЕТҚЫЗЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамндығы 0314 - педагогика,психология

Шымкент – 2005 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қайнар университетінің Оңтүстік Қазақстан
аймақ аралық филиалы

Педагогика және Психология факультеті

Педагогикалық пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі Сапарбеков.А.

__________________ 2005 ж.

____________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫНДАҒЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҮРЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІН
ЗЕРТТЕУ

Мамндығы 0314 - педагогика,психология

Студент ________________________Исабекова.Э .А.

Ғылыми жетекші _____________________Мусабеков.Ө.

Шымкент – 2005 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ___________________________________ ________ 4-9

I ТАРАУ, ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ БВҒЫТЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1. Экологиялық апат аймағындағы тұрғылықтардың үрейленуіне
психологиялық сипаттама ____________________ 10-22
2. Экологиялық проблемаға шетелдік және отандық көзқарастар
___________________________________ ________ 23-43
1.3. Эмоционалдық үрейленудің туындауы __________ 44-51

II ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ
ТАЛДАУЫ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

2.1. Ғылыми зерттеу әдістеріне түсінік _________________ 52-54
2.2. Мәселеге арналған әдістер ______________________ 55-58
2.3. Алынған нәтижелер бойынша талдау жасау _________ 59-63

ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________ __ 64-66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ________________________ 67-71

ҚОСЫМША

К І Р І С П Е

Қазіргі адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары
толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері ізденістіруде. Бұл
айналадағы орта туралы, яғни бүгінгі таңдағы Қазақстанның аймақтарында
экологиядан өткен проблема жоқ.Әскери полигондар жарылыстардан, Арал мен
Семей трагедиясынан қырылып, ауырып-сырқап әлсізденіп үрейге ұшырап жатқан
адамдар өте көп.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа
тигізетін әсері қандай және адам қалпына келмейтін қандай тізбекті
өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.Екінші жағынан қоршаған
ортаның бүлінуінен әр бір адамның мазасыздануы өмірге деген мотивациялық
қызығушылығы төмендеуі, тұрмыс жағдайының нашарлауы болып отыр.Бұл мәселені
бір жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде іс әрекет бастайтын білім
ғана шешіп береді, даму жолында экология біліммен тәрбиенің мазмұны мен
маңызы арта түсуде.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялықпроблемалар
туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат қоғамыныңәр мүшесіне
табиғатқа аялауды қалыптастыруы тиіс.
Әлеуметтік экологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты қоғамдық
барлық құрылымы қолдап экологиялық жан-жақты іс-әрекет жасауға әзір игеруді
қамтамасыз ету арқылы сапа мен іс-әрекетті түбірлі жақсарту тұрақты
экономикалық даму жолына түсудің басты кепілі болып табылады.
Экологиялық апаттың болдырмау шарты – білім берудің мақсаты мен мазмұнына
жаңа бағыт беру үздіксіз экологиялық білім беру
4

арқылы ғана әр түрлі деңгейлерді мамандардың экологиялық сауатсыздығын
жоюға болады.
Табиғатты қорғау экономика, әлеуметтік саяси игілікпен байланыса
жүзеге асырылады.
Студенттердің қоршаған ортамен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
үшін берілетін дәлелі экологиялық ойларды қалыптастырғанда практикалық іс-
әрекеттің жүйелігі және реттілігі қамтамасыз етіледі.Қоршаған ортаның
ғылыми жаратылыстық жағынан түсінуі қоғамның іргелі құрылымнан қолдану
тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды ХХI ғасырдың
азаматын қалыптастыруды және аса күрделі шиеленіскен әлеуметтік-экологиялық
жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелік тәсілі негізделіп үздіксіз
жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді.Үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және тәжірибелік ғылымның білімнің
бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көз-қарасын қалыптастыру,
қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты
қамтамасыз ету және сонымен бірге іс-әрекетті қамтамасыз етіп қалыпқа
келтіру.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді
қолма-қол енгізіп жетілдіру керек.Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар
жасынан экологияландырылған ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді
эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны қорғау
сақтаудағы жауапкершілік идеяларын ұялатып, адамдардың назарына ілінуінің
маңызы және теориялық негізін – В.И.Вернадскидің биосфера, ниосфера туралы
ілімі. Бұл ілім адам-табиғат жүйесіндегі қарым – қатынастың әдістемелік
негізін
5
құрады.Ол экологиялық қоршаған ортаның проблемаларын біріктіре қарастыруға
меңзейді.
Реймеро Н.Ф. Табиғатты қорғау және жеке адамның қоршаған ортасы,
1 - деген еңбегінде, ал адам ұзақ уақыт бойы қоршаған табиғатқа тікелей
байланысты тіршілік етті. Адам қызметі бұрын табиғатқа байқалмаған,
сондықтан белгісіз болып келген. Енді адамзат қоғамның табиғатқа әсері
негізі экологиялық фактордың бірі болып отыр. Адамның шаруашылық қызметі
ғасырлар бойы орта мен табиғаттың арасындағы өзара үйлесімдігін байланысын
түбірімен өзгерте отырып. Сонымен бірге тіршілік ортасының өзгеріске
ұшырауы да адамның денсаулығы, олардың биологиялық, түр ретінде көркеюде
осыған байланысты. Табиғатта адамның әрекетінің нәтижесіндегі пайда болады,
осы факторлармен өзгерістердің бәрі антропогендік деп аталады. Демек адам
(шикі зат көзі) қызметінде табиғат шикі зат көзі материалдық өндірістіктің
негізі және өмір сүру ортасы ретінде көрінеді. 11
Адамзаттың бірқалыпты дұрыс дамуына қоршаған орта тазалығының
қаншалықты қажет екеніне, оны тұп-тұйық, таза кезінің өзінде-ақ көңіл
аударып, болшақты ойлаған, қам жеген, оған көмек білдіруге ниет білдіріп
әрекет істелген сол заман ғалымдарының көргендіктеріне таңқаласын.
Біздің жұмысымыздың өзектілігі.
Бүгінде қоршаған ортамызды мүлде бүлдіріп біткен жағымыз бар.
Егер осы уақытқа дейін миллиондаған адамдар қырылуының себепкері
көбіне ел мен арасындағы қантөгіс соғыстар, жұқпалы індеттер,
жерсілкіністері, топан сулар болып келсе, бұл күндері қоршаған ортамыздың
шектен тыс ластануы салдарынан жер бетіндегі халықтардың жаппай қырылып
кету қауіпі төніп тұр. Ең

6
өкініштісі,ғылым мен техникалық жетістіктерін сауатсыз пайдаланудың
салдарынан қоршаған орта мен табиғатты адам баласы тұрмақ тіршілік атаулы
өмір сүре ала алмайтындай қайғылы күйге түсірдік.
Қоғамдық формациялардың әрбір саласында адамзат сана-сезімнің даму
дәрежесіне байланысты қошаған орта мен табиғатқа деген көзқарастар да
өзгеріп отырған. Адам баласы, қай заманда, қай ғасырда, қай қоғамдық
формацияда өмір сүрсе де, айналасындағы тіршілік атаулының мәселесі тәрізді
өзінің де табиғаттың бір төлі екенін айқын түсінген. Ол табиғат мекеніне
айналған жұмыр жердің де, аспаннан төгілген күн нұрыныңда, ауа мен судың да
тіршілік атаулының қайнар көзі екенін бастан-ақ білген. Сондықтан да
айналасында болып жататын табиғаттың таңғажайып құбылыстарына ғұмыр бойы
табынумен, сиынумен, оларды әулие тұтумен келген. Алайда табиғатта болып
жатқан күнмен, түнің, қыс пен жаздың, көктем мен күздің ауысып келуі,
жердің селкінуі мен жанар таулардың атқылауы, даулардың соғуы, күннің
тұтылуы мен жауын-шашындардың болуы, найзағай ойнап, күннің күркіреуі
тәрізді құбылыстардың ар жағында құпия жатқанын көкіректерімен
(интуицияларымен) сезіп, құпиялар сырын ашуға, стихиялы аппаттарды
болдырмаудың амалын тауып, сондай алапат күштерді, адам игілігіне жарату
үшін үнемі ізденіс үстінде болған.
Адам баласы жетістіктерге тынымсыз дене еңбегімен ой еңбегінің
арқасында жеткендігі ақиқат. Еңбек күшінің құдыретті күшін қазақ халқы да
терең түсініп, кейінгі ұрпаққа мынадай нақыл, өситеттер қалдырған Жер
өмірдің бесігі. Еңбек – ердің нәсібі. Еңбек еткен – мұратқа жеткен,
Еңбексіз өмір тұл, айсыз көңіл тұл, Еңбекте ет те, егін ек, жарымасаң
маған кел, белді бу да, бейнет қыл – байымасаң маған кел.
7
Осы замағы сан салалы әлемдік ғылым мен техниканың, мәдинеттің өзің
үлгілерін жасауға, ғасырлар бойы талай елдің, талай ұлттардың дарынды
перзенті ат салысты. Сондықтан өткен тарихыңды білмей тұрып, қазіргі
жетістіктердің парқына жету, қадір қаситетін танып білу, болашақты болжау
мүмкін емес. Ал оларды санауда саралап, ой елігінен өткізе жақсыларын
қабылдап үйрену - өмір талабы. Онсыз алға жылжу, даму адамзат тарихында осы
уақытқа дейін болған емес.
Дүниедегі ең күрделі құбылыстардың бірі - әйелдің екіқабат болуы мен
өмірге нәрестенің келуі. Әйелдің ана деген атқа ие болуы да осы екіқабат
сәтінен басталып аман есен өмірге дені сау ұрпақ алып келуімен жалғасады.
Дені сау, анадан дені сау ұрпақ тарайды. Ал өз перзентін өмірге дені сау
келуі үшін әрбір әйел екіқабат сәтінен бастап, босанғанға дейінгі өз
денсаулығына, көңіл күйіне, дұрыс, сапалы тамақтануына, от басы, ошақ
қасының тыныштылығы.
Айналасының таза болуына, жұтқан ауасы мен ішкен суының мөлдір болуына
жауакершілікпен қарағаны жөн. Егер адамдардың өсіп өрбуіне қоршаған орта
қалай әсер етсе, іштегі нәрестеге де анасның денсаулығы солай әсер етеді.
Яғни шаранасындағы перзент үшін ана оргонизмі қоршаған орта саналады.
Нәрестенің іштен кеселді болып туылуының негізгі себебін білу үшін,
әуелі әйелдің жүкті болатынына, перзентінің жатырда қалай жетіліп
дамитынына, қалай өмірге келетініне тоқталсақ, ал адамдардың кемтар кеселді
болуы қоршаған ортаның табиғатының зиянды әсерін әртүрлі сипатты
жағдайлардан, денсаулығы, көңіл күйі және психикалық процестері бұзылып,
оларды үрей қаптап, мазасызданып күйгелектене береді, даму барысы тежеліп
шыдамсыз және басқада психикалық ауытқуларға душар болады.
8
Сол себептен, айналамызда, өзіміз өмір сүретін ортада болуы ықтимал
экологиялық апаттарға бүкіл халық болып жол бермеу керек.17,13б
Біздің теориялық негізімізді зерттеп психологиялық үлес
қосқандардың бірі М.Черноушек, Л.Рубенштейн т.б. , олар экологияны
психологиялық көзқарастар мен қарап экопсихология ұғымын ашты, мұнда
экологиялық апат аймағындағы адамдардың үрейлену деңгейі көбінесе
эмоционалдық процестерін әсер етіп, мінез-құлықтарын өзгертуі ықтимал.Сол
себептен зерттеу жұмысымыздың пәні студенттердің үрейленуін қарастыруда.
Зерттеу жұмысымыздың обьектісі : Жоғарғы оқу орнына байланысты,
экологиялық апат аймағынан келген студенттер.
Мақсаты : Экологиялық апат аймағындағы тұрғылықтардың үрейлену
қатынастарын анықтау.

Біздің зерттеу мақсатымызға байланысты келесі мәселелерді
қалыптастырамыз :
1. Зерттеліп отырған мәселелерге байланысты әдебиеттерге психалогиялық
талдау;
2. Өңделген психологиялық әдебиеттердің деңгейін анықтау;
3. Біздің адекваттық мақсаттың зерттелу әдісін таңдау;
Болжам: студенттердің эмоционалдық қатынастарын экологиялық проблемада
үрейдің пайда болуын, түсінуге байланысты деп болжаймыз.
Құрылымы : 2 тараудан :
1. Жұмыстық көлемі 80;
2. Қолданылған әдебиеттің көлемі 48.

9
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ
БАҒЫТЫН ТОЕРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. Экологиялық апат аймағындағы тұрғылықтардың
үрейленуіне психологиялық сипаттама

Қоршаған орта психологиясы және экологиялық психология ғылыми дерек болып
қалыптасқан, экологиялық психология нені үйрету керек неге бағытталу керек
және қандай проблемаларды шешуге болатынын айту, жауап беру қиынға түседі.
Бірақ та психологиялық экология бұл ғылыми бағыт өзі жеке адамдардың
психологиялық нормализация әрекетінен қоршаған ортаға табиғи ортаға
сүйенетіні мәлім және әлеуметтік орта мен жеке адам, ішкі жан дүниесін
кеңінен үйрететін ғылым. Бұл жөнінде М.Черноушек ғылыми деректе 4 тарауды
ашып береді :
1. Адамның индустриалдық цивилизациясының қатысуы, яғни іс-әрекет
барысында жақсы және жаман жақтарының көрінуі.
2. Психолог М.Черноушек жай қарапайым мысалмен былай деген.
Адам өмір сұретін орта психологияға тікелей әсер етеді. 2.
3. Сыртқы кеңістіктер басқа адамға әсер ететінін, көріп өзімен
байланыстырып қабылдауы.
4. Балалардың сыртқы кеңістікті психикасына қабылдау, яғни балаларды
ортаға бейімдеп қалыптастыру керек деген.
Эстон психологы Гомас Нийт былай деген. Адамдардың ортаға белсенділігі,
жауаптылығы болу үшін балалардың өзінің территориясы, бөлек бөлмесі, жеке
басты орны, ойыншықтары және балалардың өз таңдауы болу қажет. Біз сол
кезде ғана баланың руғани интеллектуалдық дамуын қалыптастыруына
10
көмек бере аламыз нәтижесінде белсенділігін жауашылығын айқын көре аламыз
деген.
Эстон психологы К.Миктің айтуынша, біздің жанымыз бен бірге
денеміз де өзгеріп, өсіп отырады. Сырттағы кеңістікпен оңай жеке қиын
сәттерімен күресеміз, ортамен тікелей қарым-қатынас жасап, қайғыру, ренжу
және қуаныш көңіл көтеру реакциясы эмоционалдық қатынастан көрсетіп
отырамыз. Сол себептен физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстардың
әсерінен психологиялық құбылыс қамтылады деген.
Табиғаттың экологиялық бүлінуді және ластануы ғылыми түсінікте
мынандай түрлерге бөлінеді. Себебі ;
а) Экологиялық апаттар, табиғи процестердің ритімі бұзылуы,кәзіргі
кезде жиі туындап отыр. Ірі кең апаттар теңіздердің құрып жойылуы,
теңіздерге құйылған нефт әр түрлі апапт әкеледі. Кіші апат өндірістік
кәсіп орындарының өзен, көлдерге улы заттарды тастауы.
Флор жеке фауна, су қоймаларының жойылуы. Тағы бір кіші апаттың түрі,
талдарды кесу, өрттің болуы, сонымен қатар құрт-құмырсқалардың көбейіп
кетуі. Осындай әрекеттің нәтижесінен болып табылады.
Экологияға адамның қатынасы ; тірі және өлі табиғатпен, сандық және
сапалық қатынастары мен өзгешеленіп үш белгімен негізделеді. Өзіне тән және
адамның жалпы ортаға қатынас :
1. Масштаб ;
2. Комплестік ;
3. Орындаған әрекетін саналы түрде меңгеруі.
Экологиялық психология техниканың қарқынды дамуы әрекетін үйретеді.
Осыдан қоршаған ортаның өзгеруінен, жеке адамның психологиялық процесі
өзгереді, жеке адамның жүріс-тұрысы,
11
қабылдау реакциялары өзгереді. Мысалы, адам өзі әртүрлі бағытпен жүреді.
Футболдық алаңда және тыныш орманды далада, экскурсияда, қаланың
проспектілерінде әр түрлі рөлде болады. Сол себептен адам іс-әрекетпен
қоғам, қоршаған орта өзгерсе, қоршаған ортаның бағытымен адам өзгеріп
отырады. Заманына қарай уақыт кеңістікке қарай әр бір жеке адамның мінез-
құлық, жүріс-тұрысы түрлі болғанымен, адамдарға ұқсастықтары байқалады.
(идентичность) 3
Құбылыс пен қоғам физикалық факторға кіргенімен адамның психикалық
дамуның өзгеруімен айқындалады, себебі қоршаған орта адамның психикасына
тікелей әсер етеді. Реакция мен интерпретацияның ортаға деген қарым-
қатынасы индивидуалды және әлеуметтік байланыста жоспар құрылады, біз сонда
ғана саналы түрде жауапкершілікпен қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы
өзгеріп психилогияның экологиямен байланыстылығын айқындай аламыз. Адам
ортаның пассивтік жемісі емес, ол бір мақсатқа бағышталған жан.
Шын мәінде орта, адамға қалай әсер ететін білгіміз келсе, практикалық
іс-әрекетте қабылдаған шешімді айқындаймыз, яғни жеке адамның ортадағы
жүріс-тұрысын бақылау мұндай бақылаумен практикалық қорытынды шығаруға
бағытталады. Мұндай әр бір жеке адам белгілі бір ортадан оптимальдық
әрекеті таңдап алуы арқылы ортаның өзгеруі жеке адамның іс-әрекет
табыстылығымен шешім қабылдаймыз.
Психология мен экология байланыстарын басқада жақтарымен қарасақ,
мысалы экопсихологияның әлеуметтік проблемалары.
Адам өзінің ортасын белсенді меңгере отырып, тек өзіне ғана әсер етіп
қоймай, басқада айналасындағы адамдарға әсер етеді. Үлкен қалаларда
экопсихологиялық проблема спецификасын
12
тудырады. Шумның көбеюі адам арасындағы қатынасқа әсер етеді. Белгілі бір
кеңестік шекаралығында адамның экологиялық мінез-құлқы өзгереді. Мысалы,
адам демалуға тыныштық сақтарда, күннің ыстықтығы, немесе қапырық ауа адам
организіміне тікелей әсер етіп демалғанын сезінбей қайтадан шаршау сезімі
туындап отырады.2
Ортаның үйлесімділігі әлеуметтік және психикалық жеке адам
орнатуымен байланысты. Өмір сапасы медико-әлеуметтік құбылыс- тардың
жүйесімен және психофизиологиялық соманти-калық жеке адамның денсаулығымен
қамталады. Олардың рухани, мәдени құндылықтары және цивилизациялық
экономикалық қоғамның дамуымен жүзеге асырылады, өмірдің жалғасы индивиду-
алдық, қоғамдық, жанұялық, кәсәппен қалыптасады.
В.П.Зинченконың айтуынша, ойлау іс-әрекет операторының негізгі рөлін
ойнайды, әсіресе, әр-түрлі реальдық ситуацияларды, проблемдық модельдерді
ойлау арқылы шешіледі, себебі ойлау процессі индивидің танымдық іс-әрекеті
болып табылады.3
Психологиялық сұраптау барысында жеке адамның психикалық сапалық даму
жиынтығы кәсіби, қолайлы, табысты, меңгерумен талаптары қатысты, жеке адам
қоршаған ортаға жауаптылығымен экологиялық проблемаларды болдырмай
ортаның комфартты- лығын көрсетеді, яғни субьективтілік сезіммен және
обьективтік жағдайдың толық денсаулыққа әсері жағымдылығын түйсіне
алғандылығын үрейлену қорқыныш болатынына көз жеткізе аламыз. Сонымен
қатар, адам экологиясы атты анықтамаларға тоқталамыз, олар :
Абиотика фактор – орталығы: органикалық орта емес, бірақ органикалық
ортаға әсерін тигізеді. Оларға радиация, күн сәулесі, космос, т.б. жатады.
13
Келесі анықтама :
Аггарвация – латынша aggravare – біреуге ауырлық түсіру, салмақ
салу деген ұғым ауыртпалықты ұлғайтып аурыға шалдығу аггавация
потологиялық-психикалық аурулардан соматикалық ауруды ұлғайтуы.
Агенезия – gene sis промсхождение тегі, әдеттегі нормадан ауытқуы
(анатомия) бас миының жұмыс жасамауы.

Адапцииогенез – реакция және процес жиынтығының п.б. эволюция материалы
процеске бейімделіп ортаны өзгертуі.
Алармизм – ангыл. Abarm – тревога, ғылыми бағытта, әр-түрлі апаттардан
зейіннің акцентуациясын айтамыз. Яғни адам іс-әрекетінен табиғаттың
лвастануы адам адамға тікелей әсер етіп үрейдің п.б.
Стихиялық апаттар - әртүрлі табиғи құбылыстардың бүлінуі
(жерсілкінісі, су тасқыны, урагандарт.б.) экономикаға және адам
денсаулығына зиян тигізеді.
Экологиялық апат – (табиғат табиғиантропогендік, антропро-гендік),
табиғи ортаның өзгерудің, тұрғылықты адамдардың шаруашылығына және
денсаулығына зиян келтруі.
Экология тәртібі - әлеуметтік – психологиялық бағытта және табиғатқа
белсенді әрекеті тікелей сана мен байланысын мақсатқа жететінін көреміз.
Экологиялық шиеленісу синдромы – қоршаған ортанның табиғи және
антропрогенді жүріс-тұрысының өзгеруі мен экологиялық апаттардың болуынан
иммунитеттің төмендігін және пубертанттық период тез дамып жеке адамныңтез
қартайуын

14
сипаттаймыз. Осыдан психикалық процестің бұзылуын әр түрлі психикалық
ауруларға шалдығады, мысалы: депрессия,
анатимия, т.б.
Экологиялық конфликт жағдайы – субьективтік психологиялық қолалсыздығы
обьективтік ортаның денсаулыққа зияны болмаса да психологиялық қолайсыз
жағдайын туындатуы ықтимал. Экологиялық конфликт ситуациясы күнделікті
дистресс шақырады. Мұнда экологиялық жағдайы обьективтік напряженность өсіп
отырады, эмоционалдық қарым-қатынастардан үрейлену, стресс, агрессия жиы
туындай отырады. Россияның ғылыми медициналық және экологиялық академигі
сонымен қатар астронавт Агаджанян Н.А. Экология человека атты еңбегінде
жеке адамның экологиялық апаттардан психикалық процестердің зақымдалуын әр
түрлі патологиялық ауруларға шалдығуын және жас ерешілік кезеңдерін дұрыс
қалыптаспауын атап көрсеткен.
Экология және адам мәселесіне үлес қосқан ғалымдар : Дубова.Л.И.,
Ермакова Н.Б. Никитюк.Б.А., Полунин Н.Н., Гудько.М.И., Войтенко. В.П.,
Сидоренко.Г.И., Горшин.В.И., Дажо.Ф., Дфе, Ушаков.И.Б., Зинченко.В.П.,
Прохоров.Б.Б., Реймарс.Н.Ф., Френдли.А., Фембах.М. т.б бұлардың еңбектеріне
тоқталып атап өтсек. Экологиялық стресс профилактикасы, Гомеостатический
потенциал и биологический возраст человека, Качество жизни, экология
здоровье, Радиация, человек и окружающая среда т.б. бұл ғалымдар
психологиялық аспектілермен көрсетіп өтті.
Северин А.Е. қарастыратын мәселелері Физиологиялық механизм
адаптациясыавтордың 50-ге жуық еңбегі бар. Соның ішінде оңтүстік
аралдықтардың экологиясымен адам денсаулығы туралы, жақсы сипаттама беріп
көрсеткен. Северин А.Е. ресейдің

15
медециналық ғылыми академигі доктор Горшие В.И. ресейдің экология академигі
биология ғылымдарының докторы, автордың 60-
қа жуық еңбегі жарық көрген, соның ішінде Адам физиологиясы, Адам
экологиясы, Адам денсаулығы мен қоршаған орта т.б. еңбегі бар.5
Ғылымдардың Адам экологиясы және басқада экологиялық еңбектеріне
сүйене мынадай тұжырымға келдік.
Әлемге әйгілі ең қауіпті қатынастардың бірі Арал теңізі. Арал теңізі ХХ
ғасырдағы ең күрделі экологиялық проблемалардың бірі, егер Арал жоғалып
кетсе, онда Аралдағы кең көлемді региондық табиғаты күрт ауысады.
Табиғаттың апаты, адамның өмірінде қауіп төндіріп апатқа ұшыратады.
1930 жылдардың 1960 жылдарға дейінгі теңіздің ағысы орта есеппен 50
куб километр болады. Тербелістің құйылымы 64 теп 66 км. Куб., ал 9 дан 10
км. Кубы теңізде жауын шамамен ретінде болады. Ал 60 жылдардың басында Арал
теңізінің көлемі қысқарып қалды, өзі жан-жақтан көлдерден құйылатын су
тоқталып 1970 жылы 35,2 км-ге дейін 1980 жылы 10 км кубқа дейін жерге
жеткенде шамасы келмей бірден теңіздің мөлшері төмендеп кеміді. Нәтижесінде
80 жылдары Сырдария мен Амудария Арал теңізінде құм басталды. Бірақ кейінгі
30 жылдықта Арал 800 км кубын толық қамтыған жоқ. 1990 жылы Арал теңізінің
деңгейі 15 метр ауданға дейін қысқартылды. Қазір Аралдың жағдайы күнделікті
атмосфералық шаң тозаңы көтеріліп 15-75 тоннаға жетті. Аралдықтардың әрбір
жер гектарында арта ескен радиусы 500 км-рі 520 кг құмы мен тұзы шығып
жатыр. Аралдың күрт тартылуының деңгейі 12 метр төмендеп кетті, бір литр
судағы тұздың құрамы 24 грамға дейін көбейді. Азияның алып өзені құрып
кетті. Қазір Арал кейбір жерлерде бұрынғы жағалаудан жүз километр шегініп
кетті.
16
Ұлан бай тау территория сортақ тартып жер асты суы азаюда, өсімдіктер, ал
олардың ізінше жануарлар дүниесі құрып барады.
1960 жылдан бері ормандар мен сексеуіл алқаптары екі милион гектарға
шабундықтар төрт есе азайды. Арал тағдырының алаңдатарлық жайы экологиялық
жағдайлардың нашарлауы. Арал өңірінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл
аймағының да әлеуметтік-экономикалық дамуы күрт тепседі, бүкіл аймақтық
өміріне теріс әсерін тигізеді. 1981-1985 жылдары облыстан қырық екі шыққан
астам адам біржолыта көшіп кетті. Арал төңірегіндегі кең алқаптың бірте-
бірте шөл далаға айналуыхалықтың тұрмысымен еңбек жағдайын күрт
төмендтті.23
Арал теңізінің барған сайын – тартыла түсуі оның төңірегіндегі аудандар
мен облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізіп,
солардың бірі қазалы аудандардың еңбекшілері ХХ ғасырдың қателігі,
адамзаттың өз қолымен жасаған қателік – Арал трагедиясы. Арал теңізінің
кей жерлері жағалаудан 112 км кейін шегініп көлемі 2 миллион гектардан
астам Аққұм атты жаңа кеңістік пайда болды. Сол маңнан жыл салып 75 миллион
тонна тұзды дауыл көтеріп, Торғай даласына, Көкшетау, Повладар, Солтүстік
Қазақстан облыстарына дейін апарып шашуда. Өткен жылы Арал теңізінің тұзы
грузиндерге шай плантациясына елеулі зиян келтірді. Америка ғалымдары, Арал
тұзының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткенін жазып жатыр. Енді оның зардабы
Сібірдің жасыл ормандарына дейін, индия мен Пакистанның әсем табиғатына
тиісті болады.
Адамның өзін табиғат перзенті десек, табиғат сырқаттағанда, оның
перзенті шет қалама? Міне, Арал маңындағы тұрған халықтың денсаулығы дабыл
қағатын күйде. Эпидемиялық бауыр ауруларға күрт көбейіп кеткен. Адамның
өкпесі мен бауыры секілді Арал мен
17
Балқаштың қаңсыратып қойып қалай ғана күліп-ойнап жүреміз? Даланың сәнін
кіргізген, адамның нәрін тигізген әлемдей екі
алабымыз Арал теңізі мен Балқаш көлі бүгінде өз ыққылына өзі тұншығып,
күннен күнге құрдымға кетіп барады Арал теңізі кеше ғана қимас қызығымызға,
баға жетпес қымбатымызға айналған Аралымыз бірінде,өз қолымызбен тамырын
қиған кезде, өзімізге, айналасын қоршаған халыққа үрей туғызып қатер болып
төнеді. Арал теңізінің үздіксіз тартылуының әсерінен көтерілген тұзды дауыл
жеткен жеріндегі, адамдардың көзіне, құлағына, тамағына тығылып,
асқазанына, өкпесіне өтіп, өлімге соқтыратын аурулардың ұрығы болды. Арал
мен Арал бойында отырған елдің ауыз суы жоқ. Өзендер де көлдер де кешегі
тазалдығына тұз тастағандай бүгінде ішуге жарамсыз күнге жетті. Тамақтан
таза су өтпей, өепеден таза ауа өтпей адам адам болған ба ?. міне бұл
маңдағы адамдардың ең ауру ауыр ауруларға, қатерлі ісік, инфекциялық, іш
ауруларына, бауыр ауруларына шалдығуын да осындай себептерден, әсіресе
балалар. Аралдың жағдайы анадай. Ал ұлы сырдың қиындықтардан өз ағысын
тоқтатуға таяу екенін ескерсек, балар денсауоығына қыл үстінде тұрғанын
жасыра алмаймыз.
Арал проблемасы бір жылдың немесе бір бесжылдықтың көлемінде шешіле
қалды деп айтпаймын, бұл көрнекті ғалымдардың және іскер орта бірлесіп,
жалғыз Қазақстанның, болмаса Орта Азияның емес, әлем жұртшылығының ортақ
трагедиясы.
Әлемдегі үйрейлендірілген қазақ даласындағы құмдық қаруының Семейдегі
сынау полигоны әкелген зардап қасіреті елде де жерде де әлі күнге
қарастырылып жатыр. 24
Семей полигонның сұмдығы атомовед бомбаларын жару радиоактивті қалдық
қоқыстарды дұрыс сақтамау ауада, суда, топырақта радиоактивті заттардың
көп мөлшерде болуына себебін
18
тигізеді. Тамақ арқылы өсімдіктен жануарларға, жануарларға, жануарлардан
адамдарға теңізде қалаай таралса, жер бетінде де
сол тәсілмен тарайды. Радиоакті заттардың организмде жиналуы рак және
генетикалық ауруға шалдығуға мәжбүр етеді. Ядролық жарылыс қандай жағдайда
болса залалды. Оны басқаша түсіндіруге болмайды. Бұл проблема қай жерде де
ортақ. Өйткені ол шекара талғамайды. Мысалы, Маңғыстау облысында осыдан 20
жыл бұрын үш дүркін жарылыс болған. Жарылыс орындарында диаметрі 0,5 км
тереңдігі 70 метрдей апан жатыр. Жәй жатқан жоқ. Айналасына улы газдарды
таратып жатыр. 26
Ядролық жарылыс зардаптары қай облыста да жеткілікті. Апат аймағында,
оның зардаптарын жергілікті, (Апат) халық Семей, Маңғыстау, Ақтөбе, Арал,
Қызылжарда, Атырау облысының Байғатын аудандарындағы Жарқамыс фермасында
1987 жылы қазан айында жер асты ядролық жарылыс болған. Сол құбылысты
көзімен көрген мал маманы, зейнеткер : Жарылыстан соң келесі жылы шөп
жақсы шықты, біз соған қуандық бірақ шөбіміз нәрсіз, жағымысыз болды, мал
арасында шығыны көп кетар төлдер де үрей туғызды. Ферма бойынша соңғы екі
жылда 21 адам дүние салды, жалпы жастардың арасында көз ауруы көбейіп
барады-дейді ол,- даланың тағы аңдары : түлкі, қасқыр, киіктер де айдың
күнің тыныштылығында мұрындарынан қан кетіп, өлген. Мұны қалай түсінуге
болады. Бұл жарамсақтардың ащы-зары адамдарға өз зиянымен бірге әсерін
тигізбей қоймайды. Әрине Семей полигонының сұмдығы Қазақстан
Республикамызды дүр сілкіндіріп, елімізді қан жылатып, өз зардабын тигізбей
қоймайды. Мысалы, айта кететін бір жағдай семей облысының Абай ауданның
Саржал совхозында 120 адам рактан және ағарып қайтыс болған. 30 жасқа
жетпеген 23 әйел ешқашан ана бола алмайды. Кейінгі 8 жылда

19
Семей облысының Абай, Абыралы, Жаңа Семей аудандарындағы Қарғанды облысының
Егіндібұлақ ауданынды, Павлодар
облысының Май және Лебяже аудандарында рактан, ақ қаннан т.б, аурулардан
адамдар өлмеген бір де бір совхоз жоқ.27
Ал Семейдің ядролық сынақ полигонында ақырғы жарылыс 1989 жылы 19
қазнада болды, күші 20-75 киловатонна.
40 жылдан аса республикамызды билеп, табиғатымызды тәлкеекке
айналдырып, суымызды улап, жерімізді жарып, шөбімізді өртеп, топырағымызды
күл қылған, халқымызды қайғы әкелген, Ата мекенімізге дақ салған Семейдің
ядролық полигоны жабылды.
Осының барлығын ой елігіне салғанда адамдардың табиғатымызды аялау үшін
қолдан істнмнйтініне қынжыласыз.
Арал теңізі – ірі ішкі су алқаптарының бірі. Жалпы көлемі – 1060 км3 ,
ұзындығы 428, көлденеңі 284 км, бұрынғы кезден бері Арал теңізі балық
байлығымен атағы шыққан. Қазақстан мен Өзбекстан аралығында халық
шаруашылығының бағалы жүктерін тасуда Арал теңізі көрнекті рөл атқарылып
келген. Амудария мен Сырдарияның өзен алқаптарына 1 миллионға дейін андатр
терісін алып тұрған.
Қазақстандағы экологиялық қозғалыстардың дамуы 70-80 жылда 2
тенденциядан өтті.
Бірінші тендеция мемлекеттік саяси және экономикалық құрылымен
қозғалып дамыды. Себебі экологиялық сұрақтарды жан-жақты көмек арқылы
шешуді. Бұл мақсатта Мемлекеттік құқық механизмдерінде белгілі бір
заңдылықтардың нормаларын бекітіп, әр адам табиғатты қорғау барысында
қамтамасызандырылуы керек болды. 42

20
Екінші тендеция экологиялық қозғалыстың даму барысы қоғаммен
байланысты болады. Экологиялық жағдайда әртүрлі қауіп-қатерден табиғатты
сақтау.
Осы қозғалыс бөлімі – мемлекеттік саяси құрылымның емес өздігімен және
тәуелсіз болып желтоқсанның оқиғасынан келіп 1986 жылы Қазақстанда пайда
болды. Желтоқсан оқиғасы 1986ж, Алматы қалаасында және Қазақстанның басқа
облыстарында әр түрлі арыздың түсуі саяси көтеріліс болады. Саяси қозғалыс
қоршаған ортаға тұрғылықты жерлерге, үйлерге қатты әсерін тигізді. Осы
оқиғадан кейін Қазақстандағы демократикалық процестердің шындықпен дамуы
1989 жылдың ортасынан басталды. Алдында альтернативтік негізі СССР-дің
күресуі мен болса енді Республикамыздың жаңа басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
басшылығымен демократизацияны өткізетін болдық. 1989 жылдың ноябірінен
1990 жылдың мартынан бастап Республикамызда есептелмеген 100 тіркелген және
тіркелмеген қоғамдық организацияларды әр түрлі байланыстармен бірліктіріп
Орталық саяси белсеңді қалалар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Ңсть-Каменагорск
белгіледік және оларды біріктіріп экологиялық проблемаларын қарастырды.
Жасыл фронт (Алматы), Биосфера (Лениногорск), Зеленое движение
(Жамбыл) және т.б. Қоғамдық инциативада қарастыруда экологиялық даму
мәселесінің маңызды қарастыруды шарт етті. Олар Семей полигоны және Арал
теңізді. Бұл проблемалар экологиялық қозғалыста болғанмен әлемге әйгілі
болып отыр. Яғни тұрғындардың заңдылық нәтижесін де әлеуметтік
белсенділігін көруге болады.31
Негізінде даму барысында айқындайтын факторлар : қоғамда денсаулық
жанжақтылық екенін күмәнсіз көрсетті. Қазақстанда

21
экологиялық қозғалыстарды, ұрғындардың экологиялық апаты үрей тууы
күмәнсіз, түйсініп сол проблемада болу мәселесін қарастыра
отырып қабылдасақ ойлау арқылы көз алдымызға елестесек үрейленіп
мазасынданасың, ал апаттың өзінен келгендер әр түрлі роблема туғызады.
Экологиялық организацияларда табиғатты қоғау
болып бекітілген қалалардың, облвстардың бірі Шымкент облысы. Шымкент
облысында табиғатты қорғауды Сауын қоғамы программаға енгізіліп
поселкідегі Көк-жасыл көктеуіне, тазалығына көңіл аударылды.
Қостанай облысында экологиялық топ Тобыл қауіптен құтқару. Қазақстанда
Ертіс қауіптен құтқару, қауіптен сақтау туралы Қоғамдық комитет 1989 жылы
құрылды. Қоғамдық комитетте Ертісі қоғау үшін ең алдымен қоғамдық қалыпты
қалыпқа келтіру болып қабылданды. Бұдан экологиялық зерттеулердің
көрсеткіші Ертіс апат үстінде тұрғаны жөнінде айтылды. Басты мәселеде ең
басты себеп шаруашылығы дамымағандықтан экологиялық проблемаға душар болып
отыр. Әр бір адамдардың немқұрайлы қарап негативтік жағын көрсетіп өзінің
продуктивтігін жоғалтып,нәтижесінде Ертістің соры шығып тұзды болуынан
балықтардың азайып бара жатқандығы. Өсімдіктердің тұқымдары да азайып бара
жатқандығын айтып әр адам Ертістегі жағдайдағы көңіл аударып сезіне біліп
шаруашылығының жауапкершілікпен түзеп жүзеге асыра аламыз. Сонымен бірге
адам мәселесіне қатты мазасыздандратын экологиялық проблемалардың бірі :
Теміртау қаласы. Сонымен бірге адамдарға үрей тудырып назарына алынып
отырған экологиялық проблемалардың бірі Нұра ауданы. Еңбек коллективне де
ПО Қайрат және Қарағанды металлургиялық комбинат осы организацияда мүше
болып отыр. 1990 жылы практикалық іс-әрекетте Нұраның финансировалық
жұмысынан көрсетті. Зерттеу
22
барысында концерогендік және мутогендік әрекеттен күндегі қолдпнылатын таза
судың құрамы азайып, жойылып бара жатқандығын көрсетті. 28
Гурьев облысында коллективтік өндіріс орындарында балықтың
кәсіпорындарында Қоғамдық іс-әрекетте бағытын біріктіріп Қызылбалықты
сақтап қалу керек.
Урал мен Каспидің су қоймаларының төменгі ағысындағы табиғат
ресурстарының рационалды қолдануды өндіру.
Көкшетау облысында қоғамдық әрекет Буравай. Ол Щучинск қаласындағы
ғылыми инженерлік және техникалық жұмыстарды біріктіріп, ондағы қоғамдық
экологиялық мәселе Буравайдың курорттық зонасын экожүйесін қорғауды және
қорған оны рационалды тиымды қолдану. Ормандық аудандардың табиғатына зиян
келтірмей пайдалану.
1989 жылы тамызда Алматы қаласында экологиялық ассоцияға байланысты
Зеленый фронт негізгі мәселе болып тіркелді. Бұл мәселеде экологиялық
кемшіліктерді болдырмау. Жұмыс секция бойынша жүргізілді : Ауа, Жер,
Өсімдік - әлемі, Қоршаған ортаны пропоганды қорғау, туралы Экология
программасын енгізді. 33
Алматы тәрізді организациялар Жамбылда Зеленое движение. Қарағындыда
Сары-Арқа, Қызыл-Жарда Отан тағдыры, Маңғыстауда Парасат және
Талдықорғанда Экологиялық ассациация жетісу болды. Жезқазған облысында
Ұлытау қозғалысы, әскер полигондық және басқада әскери объектілер
Байқоңыр жабық космодром түрінде дискуссия өткізілді. Негізгі мақсат
жалпы қоғамқа назар аударып, жабық әскери полигоны тотериалдық және
моральдық жағынан зиян келтіріп, тұрғындардың

23
үрейін, табиғаттың бұзылуы Байқоңыр космодрмының полигоны болып отыр.

Қазақстаның өндірістік кәспорындарында 487 қоғамдық комитет болып,
Атмосфереда және су қоймаларына қалдықты тастау қыстырылып, су ресурстарын
рационалды қолданып пайдалану.
Мысалы 1980 жылы Павлодар облысында тексеріс жүргізілгенде оған 28
өндірістік кәсіпорындар қатынасып ал 48 мыңы еңбекшілер болады. Олардың
1750 жорамалдық 920-сы енгізілді. Нәтижесінде 510 мың утилизировасы тон
окалині, 1625 тонн нефт, 90 тонн фенол табылды.16
Алайда судың сұрауы бар емес пе? Адам баласының мәдинеті мен
техникалық, өндіріс құралдарының жетілуі, осы арқылы халық санының артуы
суға өз ықпалын тигізбей қоймаған жоқ. Адам баласының суға деген
қажеттілігі арта түсті. Бұл қажеттіліктің артқаны сондай, өндірістер
шоғырланған және халық тығыз орналасқан жерлерде су тапшылығы анық
байқалынып отыр. Су әсіресе өндірістерде көп жұмсалады.
Бұған мынадай дәлелдер келтірілген : бір тонна шойынды қорытып, болат
прокатқа айналдыру үшін 300 м3 бір тонна мыс үшін 500 м 3 , бір тонна
никель өндіру үшін 40000 м 3 , бір резина үшін 3500 м 3 суқажет, осы барлық
суды адам баласына бөлеиін болсақ әр адамға 3800 миллиард литрден су келеді
екен. Әрине осындай жағдайлармен суды қолдансақ, судың 2 пайызығана жетер
жетпес бөлігі ішуге жарайды. Осындай әсерлердің өзі адамға әсер етпей
қоймайды. 1983 жылдың 10-шы шілдесі күні және осыдан тура 1 жыл өткен соң
1984 жылы 21-ші шілдеде Қарашығанақ кешкі аумағында алты ядролық жарылыс
жасады. Соның нәтижесінде әрқайсының сиымдылығы елу мың текше литр алты
қуыс резервуар пайда болды.
24
Ядролық жасрыстар арқылы пайда болған бұл обьектіге Лира деген атау
берілді. 80-ші жылдан бастап конденсат
Орынбор газ өңдеу зауытына жөнелтіле бастады. Ол сонда
өңделді.Негізінен Лира осы аталған зауыиқа конденсат жөнелткен
кезде іркілістер және апаттар болған жағдайда шикізатты уақытында сақтай
тұру үшін қажет деп жасалған екен. Әрі оны пайдаланылған кездері де болған.
Алайда мұндай қойманы қолдану әлемдік тәжирбиеде жоқ көрінеді. Мұндағы
ядролық қалдықтардың қуаты он екі Хиросима бомбасына тең деді. Батыс
Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау басқармаларының қызметкері физик-
эколог Ержан Құсымқанов. Ядролық жарылыс кезінде Менделеев талицасы
элеметтерінің бәрі түзіледі. Оның ішінде адам өмірі үшін өте қауіпті –
цезий – 137, стронций – 90 және плутоний – 229 сияқты элеметтер бар.
Бұлардың ыдырау арқылы жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарға созылады.
Сондықтан-ақ Лира обьектісін оралдық эколог ғалым академик Виктор
Киянский Жер асты-Чернобылі деп сипаттаған екен. Қазіргі Қарашығанақ
енінін игеріп жатқан шетелдіктер оны пайдаланудан бас тартты. Аталған жер
асты қоймаларындағы ядролық қалдықтар кеніш аумағында сақталып отыр.
Сондықтанда ол инвесторлардың үрейі қашатын алаңдаушылығын туғызуда.
Радиоактивтік қалдықтардың қоршаған ортаға арасласпауына толық көз
жеткізбей, оны жер қойнауына көміп тастауға болмайды. Айталық осылай
ісемегендіктен Ресейдің астрахань облысындағы Вега обьектісінде ядролық
қалдықтар су қабаттарына араласып, жер бетіне шығып кеткен. Бұл ауыр
зардаптарға соқтырып адамзатты ауыр тауқыметке тудырып үрейлендіреді.
Осы ауыс оқиғадан сабақ ала білгеніміз жөн. Ядролық қалдықтар

25
Қарашағанақта сақталып қала бере ме? Қазақстандағы құпия нүктелер. 6

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген атом
физиканың негізін салушылардың бірі. Нобель сыйлығын үш дүркін алған
француз оқымыстылары ерлі-зайыпты Мария
Складовская (1867-1934) мен Пьер Кюри (1859-1906), олардың қызы Ирен (1897-
1956) мен күйеу баласы Фредрик Жюлио Кюридің (1900-1958) және француз
физигі А.А.Беккерельдің (1852-1908) радиоактивті құбылыстарды кейіннен
колоний және радий элементтерін ашып, твбиғатта жоқ жасанды радиоактивий
заттарды жасауы бүкіл әлемді тақ қалдырған еді.
Себебі, атом физикасы дамуының негізін қалаған Пьер мен Марияның
ғылыми еңбектері жарық көріп, радиоактивті құбылыс ашылғанға дейін, атом
бөлнбейді деп есептелетін. Осыдан былай атомның өзі де көптеген
бөлшектерден тұратыны анықталды. Кешірек Дания ғылымы Нильс Бор (1885-1962)
атом ядросын бөлшектеуге, ал одан бөлінген энергияны адам игілігіне
пайдалануға болатынын айтты.
Әрине, бұл ғылымда теңдесі жоқ жаңалық болғанмен, оның ауыры
американ ұшқыншылардың 1945 жылы 6-9 август түндері Жапонияның Хиросима мен
Нагосаки қалаларына үстінен атом бомбасын тастап, екі бірдей қаланың жүз
мыңдаған адамдарын қырғынға ұштыруды соқтырды.
Мұндай суық хабар бүкіл әлем халықтарының ашу-ызасын тудырып, жан-
дүниесін түршіктірді. Алайда Кюрилер мен Нильс өмірлерінің ақырына дейін
атом энергиясын тек бейбітшілік мақсатында ғана жұмсау үшін күресті.
Қазіргі кезде дүние жүзінде ядролық қаулардың соншалықты көп
мөлшерде шоғырлануы себебінен тіпті кейде техникадан кеткен
26
кездейсоқ қателіктері мен онда қызмет істемейтін кейбір әскери мамандардың
психикалық ауытқулары салдарынан ядролық соғыс
өрті тұтанып кетуіде ықтимал. Ондай жағдайда жер бетіндегі тіршілік
атаулына қас қағым сәтте жойып жіберу сәті төнеді.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай ядролық апаттан кейін жер бетінде мәңгілік
ядролық қыс орнап, тіршілік атаулы өмір сүруді тоқтатады. Жердің жер
бетіндегі халықтардың бүкіл тіршілік атауының тағдыры мемлекет басқарып
отырған саясаттанушылардың қолында. Бұл тұрғыда ХХ ғасыр тек ғылыми
техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, ғылым мен техниканы жасап адамды
адам қамаудан, құлдықтан, теңсіздіктен құтқарудың, бас бостандығын алудың,
ақыл ойлы кемеңгерлердің де ғасыры.27
Осындай апатты жағдайын құтылатын амал, тұйықтан шығатын жол бар ма?
Бар болса қандай? Қырып жоятын қаруларды ойлап тапқан адамдар одан
құтылудың да жолын табуы тиіс қой. Уақыт өткен сайын қауіптің қара бұлты
қоюлана түсетіні анық. Жанталаса қаруланудан ядролық қондырғылар мен
ракеталарды жасаудан.
Бүкіл цивилизацияның болашағы мен галактика әлеміндегі таңғажайып
тіршіліктің алтын бесігі жұмыр жердің тағдыры үшін адамдардың өзара
түсінбеушілігі, білектің күші емес, біліктілігінен, ақыл парасаттылығынан
шешкені жөн.
Мемлекетіміздің күш қуатын артып, халқымыздың әл ауқатының жақсаруы үшін
оған дені сау, білімді, мәдинетті ұрпақ керек. Ал сол ұрағымыздың бүгінгі
кездегі денсаулығы қандай дейтін болсақ, мәз емес. Оған Орта Азия
республикалары мен Қазақстандағы бала өмірінің дамуында қауіп төнуде өзі
бала өлімі өте жоғарғы деңгейде, болуы дәлел. Оның басты себебі, химиялық,
биологиялық ластану салдарынан, ядролық жарылыстан, қоршаған ортаның бұрын
соңды

27

естіп көрмеген дәрежеде экологиялық өзгерістеріне ұшырауы. Ал

ана құрсағында жатып кеселге шалдығатын перзентердің жарық дүниеге шығысы
мен ақсақ, соқыр, қол-аяқсыз, мылқау болып келуі
де ғылыми прогрестің сондай зардабы. Сонымен қатар осындай зардаптардан
адамның психикалық процестің бұзылуы әсерінен жас
ерекшелік мүкістеріне душар болуы әр бір ждаму кезеңінде толық психикалық
процестің дұрыс қалыптаспауы.
Іштен біткен кеселдердің көбінің сырттан және іштен әсер ететін
зиянды факторларға суы сарқылып бара жатқан Арал теңізінің түбінен күн
сайын көтерілетін тонна тұздар, Жамбыл, Шымкент, Екібастұз, Семей
қалаларының үстінде қалқыған мыңдаған тонна шаң-тозан, жан жануарлары
қырылып жатқан. Қарашығанақ, Құлсары мұнай және газ өндіріс орындарынан
аспанға көтеріліп жатқан күкірт пен күкірт қосындылары, мол өнім алу үшін
егіс алқаптарына жөн жосықсыз шашылылып, төгілетін улы химикаттар мен
тыңайтушылар, Семей жеріндегі атом бомбаларына жару мен басқа да сынаулар
жатады.

1.2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРҒАШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗ-
ҚАРАСТАРЫ

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылы қалыптасты.
Экология термиін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын.
Демек бұл біршама жасғылым. Экология (грекше – oicos – мекен, үй және logos
- ғылым) сөзбе сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

28
Экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдермен
олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарады зерттейтін
ғылым.
Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән
берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуына өзгеріп отырады.
Отандық экологтардың бірі А.С.Даниелевский: Экология –
экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың
гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы
ғылым деп анықтама бермек. ХХ ақырғы он жылдықтары үшін Өзбектердің толық
сөздігінде келтірілген Экология пәні – огрнизмдермен орта арасындағы
байланыстардың жиынтығы құрылымы - деген анықтама экологиялық мәніне
көбірек сәйкес кеоеді. Эрнест Геккельдің анықтамасы бойынша барлық күрделі
қарым-қатынастарды зерттеу болып табылады деген. 7
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселердің бірне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де
оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт
дамуы айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде.
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Экологиялық дағдырыс шын мәіндегі қауіпті төндіріп отыр : іс
жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайлары кез келген
аймақтардан көруге болады.
Американ оқымыстысы Р.Риклефсьтің Жалпы экология оқулығында алынған
осы үзінді, табиғаттың ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі
экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызды барынша айқын көрсетеді. 8
29
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Өзі адамды
құтқару жолындағы әрекеттер табиғаттың тіршілік ету және даму
заңдылықтарын оның үйренуден бастау қажет деген Ф.Рамад. 9
Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар? Оның бірі
– таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының
заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталынған
білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану.
Американ экологы – Р.Риклефс Адамға табиғат экономикасы негізінде
жатқан заңдарға тиесілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық ойындар арқылы балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық - психологиялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет
Табиғат қорғау дәстүрлері
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Пәндер