Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Реферат№1
Тақырыбы: " Дербес компьютердің программалық қамтамалары"
Тобы: ПХ-521
Орындаған:Қайырова. А. А
Тексерген: Жумаханова Д.А.
Семей 2016
Дербес компьютердің программалық қамтамалары
XX - шы ғасырдың 30-шы жылдарында алгоритм түciнігi математикалық зерттеу oбъектісіне айналды, ал ЭЕМ пайда болған соң кеңінен танымал болды. Электронды есептеу техникасы мен программалау әдістерінің дамуы алгоритм құрастыруды -автоматтандырудың маңызды кезеңі болып табылатындығын түсінуге ықпал етті.
Электронды есептеуіш машина - екі санды қосу , екі санды кебейту, екі санды салыстыру және т.б.с.с. карапайым арифметикалық және логикалық операциялардың белгілі жинағын орындай алатын құрылғы. Бip операцияны орындаған соң ЭЕМ автоматты түрде келесісін орындауға көшеді және осылайша , операциялардың ұзын тізбегін адамның қатысуынсыз орындауы тиіс. ЭЕМ - ға түсінікті формада жазылған операциялар қатары программа деп аталады. Есептеу машинасының бағдарлама бойынша жұмыс icтey жағдайы, ЭЕМ жұмысын басқарудың бағдармалық принципінің негізін құрайды.
Қазіргі күні көптеген есептерді шешуді адам техникалық құрылғыларға жүктейді. Техникалық құрылғыларды қолдану ережелерінің сипатталу дәлдігі мен амалдардың орындалуы ретіне өте қатал талаптар койылады. Сондықтан әр түрлі ережелерді анық және дәл сипаттау үшін арнайы тілдер жасалады.
Арнайы бағдарламалық өнімдер мен жабдықталған компьютерлер техникалық база және ақпараттық жүйелер үшін құрал болып табылады. Ақпараттық жүйе компьютерлер және телекоммуникациямен жұмыс атқарушы қызметкерлер арқылы ғана жұмыс жасайды.
Ақпараттық жабдықтау - ақпаратты кодтау және классификациялаудың біртекті жүйесінің, құжаттардың реттелген жүйесінің, ақпараттық ағындар схемасының жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі.
Техникалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің жұмысына арналған техникалық құралдардың комплексі, сонымен қатар осы технологиялық процесстер мен құралдарға сәйкес құжаттар.
Техникалық құралдар комплексі келесі құрамнан тұрады:
Кез келген модельдегі компьютерлер;
Ақпаратты шығару, өңдеу, жинақтау және беру құралдары;
Мәліметтерді алмастыру құралдары және байланыс желілері;
Ақпаратты автоматты алу қондырғылары және оргтехника;
Эксплуатациялық материалдар және т.б.;
Математикалық және бағдарламалық жабдықтау - техникалық құралдар комплексінің жақсы жұмыс атқаруы үшін, ақпараттық жүйенің мақсаты мен мәселесін орындаушы математикалық модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы.
Математикалық жабдықтау құрамына:
Басқару процесстерін модельдеу құралдары;
Басқарудың типтік мәселелері;
Математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, т. б. әдістері.
Бағдарламалық жабдықтау құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттама кіреді.
Ұжымдық жабдықтау - ақпараттық жүйе жасау және қолдану барысында жұмысшылардың техникалық құралдармен және өзара қарым-қатынасын реттеуші әдістер мен құралдар.
Құқықтық жабдықтау - ақпараттық жүйелердің заңды статусын және функциясын анықтаушы құқықтық нормалар жиынтығы.
Дербес компьютер бағдарламалық жабдықтаусыз жұмыс істей алмайды. Ол жақсы жұмыс істеуі үшін әртүрлі бағдарламалар комплексі қажет. Дербес компьютер үшін көптеген бағдарламалар жасалған. Қолданылу мақсатына қарай дербес компьютердегі бағдарламалық жабдықтауды үш топқа бөлуге болады:
1. Жүйелік жабдықтау.
2. Бағдарламалау жүйелері.
3. Қолданбалы жабдықтау.
Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы.
Жүйелік жабдықтау операциялық жүйелерден және бақылау, диагностика жасау құралдарынан тұрады.
Операциялық жүйе дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау негізін құрайды. Операциялық жүйе дегеніміз- ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы. Операциялық жүйе құрамына жүйелік бағдарламалар, бағдарламалық қабықшалар, драйверлер және утилиттер кіреді.
Бағдарламалық қабықшалар- қолданушының дербес компьютермен байланыс жасауын жақсы және қолайлы түрде қамтамасыз ететін бағдарламалар. MS-DOS-үшін әдетте Norton Commander бағдарламасының қабықшасы қолданылады, ал Windows 3.1.-үшін Norton Desktop және Windows 95-ке Norton Navigator.
Драйверлер- операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т.б.) қарым - қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар.
Утилиттер- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші көмекші бағдарламалар (антивирустік бағдарламалар, дисктерді оптимизация жасау және т.б.) Бақылау және диагностика жүйелері дербес компьютер құрылғыларын тексеру үшін арналған. Олар қателерді автоматты түрде тауып қолданушыға хабар береді.
Бағдарламалау жүйелері
Бағдарламалау жүйелеріне- бағдарламалау тілдері және трансляторлар кіреді. Бағдарламалау тілдері - мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін сипаттау мақсатында жасалған тілдер. Қазіргі кезде бірнеше жүздеген тілдер бар, бірақ тек олардың ондағаны ғана кең қолданылады. Олар Фортран, Кобол, Паскаль, Бейсик, СИ, СИ++, Турбо Паскаль, Турбо Си, Пролог, т.б. Бағдарламалау тілдері көмегімен дербес компьютер үшін бағдарламалар жасалады.
Бағдарлама қолданылған - синтаксистермен сәйкес жазылған командалар жиынтығы. Әдетте бағдарлама ағылшын тіліне жақын символдық тілде жазылады. Бұл тіл компьютерге түсінікті болуы үшін аудару қажет болады. Аудармашылардың ролін трансляторлар атқарады.
Транслятор - бағдарламалу тілінен ЭЕМ-тіліне аудармашы, яғни ЭЕМ-кодтарынан тұратын командалар. Транслятордың негізгі түрлері: интерпретаторлар және компиляторлар.
Интерпретаторлар - машиналық кодтарға командалық аударма және дәл сол уақытта әр команданың орындалуын қамтамасыз етуші транслятор. Интерпретатордың ерекшелігі дербес компьютерді қолданушы сұхбаттық режимде жұмысты ұйымдастыратын мүмкіндігі бар. Ал, кемшілігі бағдарламаның орындалу жылдамдығы баяу жүреді.
Компилятор - барлық бағдарламаны машиналық командаға оның орындалуынсыз аударатын транслятор. Компилятор жұмысының нәтижесінде жұмыс жасауға дайын емес жеке модуль пайда болады.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау - әртүрлі ақпаратты өңдеуді автоматтандыру үшін және ғылым мен техникадағы есептеулерді орындау үшін әр түрлі негіздегі бағдарламалар жиынтығы.
Қолданбалы бағдарламалар - арнайы бір қолданушыға арналып жасалынған немесе қолданушылардың өз қажеттері үшін жасаған бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалардың арнайы пакеті - нақты бір мәселеге, есептердің анықталған класына арналған бағдарламалар. Қолданушылар программалаушылардың көмегінсіз пайдалана алатын бағдарламалар. Мұндай пакеттерге: редакторлар (лексикон,Word), электрондық кестелер (Super Calc), мәліметтер қоры (dBase), механизмдерді проектілеу пакеті (AutoCad), математикалық есептеулер пакеті (NortonUtilite) және басқалар жатады.
Интегралданған қолданбалы жүйелер - ақпаратты өңдеудің әмбебап мүмкіндіктеріне ие қолданбалы бағдарламалардың комплексті пакеті. Оның құрамына: текстік редакторлар, текстік процессорлар, МҚБЖ, электрондық кестелер және іскер графика құралдары кіреді.

Реферат№2
Тақырыбы: " Жүйелік программалық қамтама"
Тобы: ПХ-521
Орындаған: Қайырова А. А
Тексерген: Жумаханова Д.А.
Семей 2016
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіндер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:
Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларрының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверлер-компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен,компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді-құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Кең тараған құрылғылардың драйверлері операциялықжүйелердің құрамына енген.
Утилиталар - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қазіргі уақытта кәсіпорындар ресурстарға қойылатын жоғары талаптары бар міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын деректердің көлемдерінің ұлғаюымен және ақпараттық жүйелердің күрделілігінің артуымен байланысты мәселелерге жолығуда. Өнімділігі жоғары жүйелердің ойдағыдай жұмыс жасауы үшін, есептеу инфрақұрылымының жұмысын оңтайландыруға және қолдап отыруға бағытталған тиімді және тоқтаусыз жүйелік программалық қамтамасыз етудің бар болуы тиіс.
Пайдаланушылардың алдында тұрған нақты бизнес-міндеттерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамтамасыз етуге қарағанда, жүйелік программалық қамтамасыз ету - жалпы IT-жүйесінің және ішінара оның аппараттық бөлігінің жұмыс жасауын қолдап отыруға бағытталған. Міне сондықтан жүйелік программалық қамтамасыз етуді жетілдірушілерден - жүйелердің аппараттық компоненттерінің, желілердің және операциялық жүйелердің жұмыс жасау қағидаттарын терең меңгеру талап етіледі.
Біздің бағдарлама - өнімділігі жоғары есептеулер, өнеркәсіптік жүйелер үшін, жүйелердің аппараттық бөлігі (құрылғылардың драйверлері), қолданбалы қосымшаларды ықпалдандыру үшін жүйелік программалық қамтамасыз етуді жетілдірумен айналысуды жоспарлаған мамандарды даярлауға бағытталған.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор), фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар-браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Қосымшалар өте көп, жаңалары тұрақты пайда болып отырады.
Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суретермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтаржәне энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.

Реферат№3
Тақырыбы: " ЭЕМ - ның құрылысы"
Тобы: ПХ-521
Орындаған: Қайырова А. А
Тексерген: Жумаханова Д.А.
Семей 2016
Аппараттық жабдықтар
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы;
3.Есте сақтау құрылғысы;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
Дербес ЭЕМ
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген "электрондық молекулалар" жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан "электрондық молекулаларды" құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
микропроцессор;
оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.
Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
информация енгізу құрылғылары;
информация шығару құрылғылары;
информация жинақтауыштар.
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді.ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), "тышқан" тәрізді тетік және сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.
ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары
Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден тұрады:
Жүйелік блок
Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей
Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік
Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:
мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер
графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- "тышқан" графикалық қолтетігі
джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік
графиксызғыш немесе плоттер - сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;
сканер (ізкескіш) - графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы;
CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;
модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы;
стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.
Микропроцессор
Микропроцессор бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.
IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Бұған дейін кең тараған модельдерге Intel-8088 (~5 МГц), 80286 (~20 МГц), 80386SX (~25 МГц), 80386DX (~40 МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Pentuim (75 МГц-тен жоғары), Pentuim-Pro (~300 МГц-тен жоғары), PentuimІІ, PentuimІІІ (800 МГц-ке дейін), және PentuimІV (1000 МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес боғасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модеоьге кіретін прцессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.
Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорладың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимы) жабдықталады.
Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған.
ЭЕМ-нің жедел жады
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін - 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.
Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
экранға кескіндерді беру үшін;
компьютердің қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.
INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорларды 1-16Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8Мб көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосыша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар - "драйверлер" жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессордың "қорғалған режим" жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Процессордан бөлек компьютер құрамында:
ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);
Енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады.
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).
Графиктік адаптерлер
Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.
Электрондық сәуле экранда секундтің 150 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы - 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады. Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм - диагоналі бойынша 54см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.
Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA - 64 түспен, VGA - 256 түске дейін, ал SVGA - млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық рнжимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символдық монитор жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген программалармен жұмыс істеу кезінде түрлі түсті графикалық мониторды қолданған өте ыңғайлы екенін еске сақтаған жөн.
Дискідегі информация жинақтауыш
Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД - накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД - накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД - накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) - 300Мб-қа шейін, 80486DX - 500 - 600Мб, ал Pentuim - 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.
5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады.
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайды ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында,оны арнайы тәсілмен форматтайды,яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі.
ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазызылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискі мен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.
Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.
Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютірлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі программалар - барлығы CD-ROM дискілерінде болады.
Принтерлер мен плоттерлер
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы - олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.
Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400 символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек. Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер - ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер коандалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар саасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
Пернетақта.ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.
Тышқан тәрізді қол тетік" пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3 батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.
Сканер (ізкескіш) - қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.

Реферат№4
Тақырыбы: " Операциялық жүйе тарихы Windows ОЖ "
Тобы: ПХ-521
Орындаған: Қайырова А. А
Тексерген: Жумаханова Д.А.
Семей 2016
Операциялық жүйе - компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.
Windows-тың тарихы мен дамуы.
Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.
Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.
1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.
Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.
Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.
1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.
Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 - ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.
Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 - тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.
Windows 95 - тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.
Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition - редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz