Ойлау, қиял және творчестволық iс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: " Ойлау, қиял және творчестволық iс"

Тобы: ПХ - 521

Орындаған: Нұрмұхамет А.Т
Тексерген: Едігенова А.Ж

Семей, 2016 жыл
Ойлау - танымдық процестердің барлық жұмысының мураты; ақпаратты өңдеудің ақырғы, үшінші деңгейі. Ойлау баска танымдық процестердің барлық бүрмалауларын түзетеді.
Ойлауды әдетте психологияда адамның болмысты, оның мәнді байланыстары жэне қатынастары мен қоса, жанама және жалпылай бейнелеуі ретінде анықтайды. Сондықтан ойлаудың басты қызметі адам санасындагы элем суретін жүйеге келтіруден тұрады. Егер солай болса, адам ойгтау субъектісі болады, бұл танымдық процесс оның қажеттіліктерімен алдын ала белгіленген, ал накты адам дүниетанымы оның қажеттілікті-түрткілік сферасымен қамтамасыз етіледі.
Ойлауды процесс ретінде, ал ойды сол процестің нэтижесі ретінде қарастыру қажет.
Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:
ұғымдарды қалыптастыру жэне меңгеру;
мәселелерді шешу.
Ұғымдарды қалыптастыру - бұл жай ұқсас нэрсені ұқсас емес нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру - нэтижесінде субъектің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.
Мэселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақ мерзімді есте сақгалатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.
Мэселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:
- түсініксіз нәрсені ұғыну, яғни сұрақ, мэселе, міндеттерді көріп, калыптасгыру. Сұрақтардың болмауымен сипатталатын бастапкыдан түсінікті болу жағдайы - ой жұмысы болмауының көрсеткіші;
- шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықгималдығын бағалауды белгілейді;
- болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы.
Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуелгі бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;
- мәселенің шешілуі, яғни сұракка жауап берілуі, берілғен сұрақ бойынша тұжырым жасау.
Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылык ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:
дайындалу;
пісіп жетілу;
шабыттану;
шынайылығын тексеру.
Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:
салыстыру - ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
талдау -- бейнелеу объектінің тұтас құрьшымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;
синтез - бөлшектерді тұтас құрылымға біріктіру;
абстракция және жалпылау - жалпы белгілерді бөліп көрсету;
нақтылау мен дифференциялау - ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мэнділігіне қайта оралу.
С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы - жанамалаудың, ягни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақгары болып табылады.
Ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінде қамтылады. Ойлау құралдары ретінде алдыңғы ойлау процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Yenғым мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілі жақсы дамығандарда ойлау қабілетінің болуы жөнінде елес қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.
Ұғымның ойлау құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мэнімен беріледі. Ішкі жағы жағдайлык болып табылатын, эрі адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мағынамен беріледі.
Ойпаудың көмегімен тікелей тусініксіз болып табылатын болмысты қамтуга болады.
Міндеттерді шешудегі ойлау процесі
Ойлау процесі адамда қандай да бір міндетті шешу, қандай да бір түсінікке байланысты қиындықгарды жеңу қажеттілігі пайда болған кезде басталады. Басқаша айтқанда, ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады.
Өзіне немесе басқаға -- ойланып көруге ұсыныс жасау арқылы ойлаудың белсенді жұмысын шакыра алмайды. Адамныц алдында шешімін табу үшін ойлануы қажет сұрақ тұруы керек жэне адам осы сұрақгы шешу қажеттілігін сезінуі керек.
Сондықтан ойлайтын адамның бірінші белгісі -- шынымен сұрағы бар жерді көре алуы қажет. Өзбетімен дербес ойлана алмайтын адам үшш ешқандай сұрақ болмайды, жэне барлығы өз-өзінен түсінікті болып көрінеді. Білімді кез-келген кеңейту бұрын айқын болған жерлерден жаңа мэселелерді ашуды білдіреді, сол арқылы ойланып, өз бетімен жұмыс жасауға итермелейді.
Сұрақгы тек көру ғана жеткіліксіз. Бұл сұрақгың неге байланысты екендігін толық саналау қажет. Міндетті шешудегі сәттілік, ең алдымен, сұрақтың дұрыс құрылғандығына байланысты. Міндетті түсіну -- бұл, ең алдымен, кейде аз емес ойлау жұмысын талап ететін дұрыс сұрақ қою дегенді білдіреді. Ол жасалғанда, міндетті шешу жолындағы алгашқы қадам жасалады.
Сұрақты саналағаннан кейін міндетті шешу процесі жүреді. Міндеттің сипатына байланысты шешу процесі эр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Міндетгерді шешу кезінде неғұрлым карапайым және көп кездесетін ойлау процесі міндеттердің қалай шешілу керектігі мен болжамдарды тексеру туралы жорамалдарда, яғни, болжамды қалыптастыруда көрінеді.
Көп міндеттерді шешу кезінде нәтижесін анықгау үшін, мида қандай да бір әрекетгерді жүзеге асыратын ақыл-ой эксперименті маңызды рөл ойнайды. Әр түрлі техникалық және конструктивті міндеттерді шешу кезінде ақыл-ой экспериментінің мәні орасан зор. Ойша эксперимент жасай алмаса, автомобильдің бұзылған жерлерін жөндеу мүмкін емес, Компьютер ойындарында да ақыл-ой эксперименті маңызды рөлге ие. Ақыл-ой экспериментін жүзеге асыру қиял мен ойлаудың бірлескен іс-әрекетін болжайды: бір жағынан, жағдайды өзіне мүмкін боларлықтай нақты жэне көрнекі етіп ұсыну, екінші жағынан -- осы жағдайдан шығу керек нәтиже туралы ой қорытындысын жасау керек.
Кез-келген міндетгі сәтті шешудің шарты қажетті білімнің.Болуы болып табылады. Бірак тек жалғыз білімнің болуы ғана жеткіліксіз. Білімді қажет сәтте жинақгап, икемдеп оны қолдана алуы кижет. Автомобильдің негізгі тетіктерінің жұмыс істеу принципін іміқсы білуге болады, сонымен қатар біздің мысалымызда берілген міидеттерді шешуде өте элсіз болуы мүмкін.
Білім мен оларды нақгы міндеттер шешуде қолдана алу -- оМдың продуктивті жұмысы мен интеллектіні дамытудың қажетті илғышарттары.
Ойлаумен сөйлеудіц өзара байланысы
Ойлау мен сөйлеудің өзара байланыс мәселесі психологиялық м.ілым мен практиканың негізгі мәселелерінің бірі.
Біріншіден, адам сөйлеудің көмегімен өз ойларын бір-біріне жеткізеді. Сөйлеу адамдар арасындағы қатынастың құралы.
Екіншіден, адамдар сөйлеудің көмегімен ойланады. Сонымен, сойлеу ойлау формасы болып табылады. Егер адам: Сіз қай тілде ойланасыз? деп сұраса -- ол ешқандай таң қалмастан: қазақ тілінде, орыс тілінде, өзбек тілінде және т.б. деп жауап береді. Екі-үш тілді өте жақсы меңгерген адам осы тілдердің ішіндегі бірде бірінші тілмен, екіншіде тағы бір тілмен ойлана алады. Біз сөздермен ойланамыз.
Қарым-қатынас құралы қызметін атқару үшін, сөйлеу басқа адамдардың көруі мен естуіне қолайлы қандай да бір сыртқы түсінікке ие болуы керек. Сыртқы сөйлеуге қараганда ойлаудың көмегімен болатын ішкі дауыссыз сөйлеу процесінің айырмашылыгы ішкі сөйлеу деп аталады.
Сөйлеу -- ойлаудың қажетті құралы. Бірақ бұл жерде ойлау процесі сөйлеумен байланыспайды, ойлану -- дауыстап немесе іштен айту дегенді білдіреді. Ойлау мен оның сөз арқылы берілуі арасындағы айырмашылық сол ойлауды әр түрлі тілдерде білдіру дегеннен шығады. Мұнда ой өзгеріссіз қала береді, тек сөздер ғана өзгереді. Бір ой әр түрлі сөздік формада бола алады, ол қандайда бір сөздік формасынсыз болмайды.
Онда, қандай да бір ойды тұсініп, бірақ оны сөзбен жеткізе алмайтын әрбір адамға таныс жағдайды түсіндіруге болады. Адам - Мен істің неде екенін білемін, -- бірақ оны сөздермен жеткізе алмай тұрмын, - дейді. Мұндай жағдайлар жалпы ережеден бөлек, сөздік білдіру мүмкін емес, сөзсіз ой деген болжамнан пайда болуы мүмкін.
Мұндай болжамды сөйлеу психология саласындағы мамандар дұрыс емес деп есептейді. Әңгіме, сөзсіз болатын ойлауды ешқандай сөз арқылы білдірудің табылмауында емес, ішкі сөйлеу арқылы болатын ойларды білдіруден сыртқы сөйлеуге көшудің сәтті болмауында болып тур. Егер адам шынымен ойды түсінсе, яғни, бұл түсінік онда қандай да бір сөздер арқылы айтылады. Бірақ, тек өзіме ғана түсінікті ойды білдіру - бүл бір іс, жэне екінші адамға түсінікті болу -- бүп екінші іс. Кімде-кім өз ойын сөз арқылы білдіруге қиналса, яғни оны сыртқы сөйлеу формасында білдіретін, басқа адамдарға түсінікті тәсіл арқылы жеткізуге қиналады дегенді білдіреді.
Сөйлеу -- адамдар арасындағы қарым-қатынастың және ойлаудың қүралы болып табылады. Бүл сөйлеудің екі қызметі де бір- бірімен өте тығыз байланысты. Сөйлеу қарым-қатынастың қүралы ретінде дамып жэне жетілгеннен кейін ойлаудың нәзік жэне жетілген қүралына айналады.
Ойлау процесінде адам эр түрлі түсініктерді пайдаланады. Түсінік -- бұл заттар мен қүбылыстардың жалпы жэне мэнді қасиетгерін бейнелейтін ойлаудың формасы. Түсініктерде шынайы құбылыстар мен пәндер туралы біздердің білімдеріміз айқындалады.
Түсінік елестен көрнекі сипатга, жалпыланған жэне деректілігімен ерекшеленеді. Елес -- затгың бейнесі болса, түсінік -- зат туралы ой.
Біз ойлағанның барлығы көрнекі бейнелер түрінде бола бермейді. Мысалы, секундына (жарық жылдамдығы) жылдамдығы 300 мың километр болатын қозғалысты елестету мүмкін емес, ал мүндай қозғалысты түсініктерді салыстырмалы талдау көмегімен елестетуге болады.
Түсініктің мазмұны жалғыз, нақгы елес аркылы берілуі мүмкін емес. Соңғысы түсініктің жалпы мазмұнына қатысты жеке жағдайлардың бір мысалы ретінде маңызды рөл атқарады. Бірақ түсініктердегі ойлар елеске қажетсінбейді, ойлау процесінде бейнелер ешқандай рөл ойнамайды дегенді білдіреді. Жалпы ережені білудің нақты мысалдарды саналауға сүйенетіндігі сияқты түсініктермен операцияланатын ойлау көп жағдайларда нақты бейнелердің көмегіне сүйенеді. Қандайда да бір жұмыстың бөліктерінің өзара эрекеті мен орналасуы туралы нақты елес болмаса, оның жүмыс принципін, бейнелеу арқылы түсінуге болмайды.
Тәжірибе көрсеткендей, көрнекі бейнелер ой қандайда бір қиындыққа кездескен кезде ғана пайда болады. Жалпы ереженің мэнін жылдам түсіну мүмкін болмаса, адам оған қатысты накты жағдайлардың көрнекі бейнелерін елестетуге тырысады.
Ойлаудың түрлері
Б.М. Тепловтың пікірі бойынша, ойлаудың теориялық жэне тәжірибелік түрлерінің арасындағы айырмашылық тек олардың тәжірибемен түрліше байланысты болуында... Тәжірибелік ойлау жумысы, негізінен, жеке накгы міндеттерді шешуге бағытталған..., ал теориялық ойлау жұмысы, негізінен, жалпы зандылыкгарды табуға бағытталған.

4-сурет. Ойлаудың түрлері
Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру. Міндетгерді шешу барысында (онтогенез бен өзекті генездің өзектілігіне қатысты) ойлау әрекеттерін қалыптастыруды П.Я. Гальперин зерттеген. Ойлау әрекеттері материалдьщ эрекеттердің түрлі деңгейдегі тақырыптық психологиялық қүрылымдарымен (қабылдау, елестету, үғыну) әрекет жасауға ауысуы аркылы қалыптасады. Мүндай әрекет жасау, алдьшен, дыбысталатын сыртқы тілдің, кейін ішкі тілдің құралдары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы деңгей - таза ойлаудың, мінсіз әрекетгің ең жоғары нысаны.
Операндылардың (әрекет ету нысанасы болып табылатын затгай немесе психологиялық тақырыптық қүрылымдар: материалдық затгар, бейнелер, үғымдар, нышандар, түжырымдар, қүрылымдар) өзгеруі ойлау операцияларының сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі.Ойлау операцияларының қайтарымдылығы ойлау процесінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ойлау процесс ретінде ақпараттар тілдік нышандардан (көбіне, сөздер) тілдік бейнелерге үздіксіз кайтарымды аударып отыруды білдіреді.
Осы жерде ойды сөзге айналдыру мәселесі пайда болады. Ойлау процесс ретінде бір нәрсе жөнінде ішкі толғаныс, бұлдыр елес болып табылады. Ойлау осы процестің нәтижесі ретінде аталған бұлдыр елестерді енді айкын бейнелей алатын сөздің өзі сөздер болып табылады. Біріншісінен екіншісіне жетем дегенше, ойдың кемуі орын алады: процесті түрде пайда болған ой әркезде сөзден көрініс таба бермейді. Сондықтан болар, Ф.И. Тютчев: Айтылған ой жалған болады, - деп жазған. Айтылған ой іштей сезілгенге ешқашан толықтай сәйкес келмейді. Әйтсе де, Л.С. Выготский: Ой сөзде туылмайды, бірақ сөзде жетіледі, - деп санаған. Сол себепті, ойдың сөзге барабар айналуы үшін, бүл механизмдерді толық танып, сезініп, шыңдау қажет. Ойлардың сөзге дұрыс айналуын тап сол ойлау нәтижелерін, оның сыртқы жақтарын зерттейтін логика басқарады.
Шыгармашылық ойлау. Дж. Гилфордтың пікірі бойынша, шыгармашылық ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдыгымен, айтылатын ойлардын ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оньвд жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;
бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту кабілетімен;
семантикалық спонтандық (белгісіз, ойламаган жерден) иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.
Шыгармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ак басқалар тарапынан кек қайтару қоркынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылыска тап болуы мүмкін.
Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
шығармашылық ойлау процесін зерттеу;
шығармашылық өнімдерін зерттеу;
креативтілікті қабілет ретінде зертгеу;
шығармашылық тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеу Шығармашылық ойлау қиял мен ойлаудың бірігуінде пайда
болады.
Ойлау және қиял
Қиял психикалық процесте бар заттардың бейнесі мен құбылыстардың қайта өңделу жолын елестетуден тұрады, Бүгінде киял тек бейнелік қана емес, сондай-ақ абстрактылык мазмұнның қисындасуы болып табылатындығы жөнінде пікір қалыптаскан.
Қиял бейнелері әркезде шындыққа сэйкес бола бермейді; олардың ішінде қиял мен ойдан шығарылған бөлшектер де кездесіп жатады. Егер қиял адам санасында шындыққа мүлдем жанаспайтын немесе аз жанасатын суреттерді тудыратын болса, ол фантазия деп аталады. Егер қиял болашаққа бағыттапған болса, оны арман деп атайды.
Қиял - бір жағынан, ойлау және эмоциямен байланысты, екінші жағынан, ес және қабылдаумен тығыз байланысты адам психикасы көрінуінің ерекше формасы болып табылады. Біз қазіргі кезде қабылдамайтын затгар мен құбылыстардың бейнелері елес деп аталады. Егер елес өткен қабылдауды қайта жаңғырту болып табылса, ол ес саласына қатысты болады. Мысалы, өзінің жэне жақын таныс адамдардың үйі, бөлмелері туралы эрбір адамның елесі. Сонымен бірге, біз бұрын қабылдамаған затгар туралы елесті де құра аламыз. Мұхитты ешқашан көрмеген адам, бэрі бір су асты жэне су үсті мекендеушілері туралы елестете алады. Мұндай түрдегі елес қиялдың елесі болып табылады.
Қиялдың елесі өткен қабылдаудан алынған, есте сақталған ақпарат іздерінен құралады. Қиял адамның қандайда бір эмоциялық жағдайының әсерінен белсендіріледі жэне сезімдер мен қабылдаулар арқылы алынған мэліметтерді өңдеу болып табылады.
Адам қиялы еңбек процесінде туып жэне дамиды деген Б.М.Теплов. Еңбек ету арқылы адам шындықты өзгертіп, қайта құрады, өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын жаңа заттар жасайды. Оның негізгі шарты саналы мақсаттың болуы болып табылады: адам өз еңбегінің нәтижесін алдын-ала көруі, оның қалайтын өзгертулері мен заттарын көруі. Адам мен жануардың негізгі айырмашылығы осында. Елесте ақиқатты қайта құру, баста жана заттарды құруқиял арқылы жүзеге асады. Қиял алуан түрге бөлінеді.
Белсенді жэне белсенді емес қиял
Қиял өз белсенділік деңгейі бойынша ерекшеленеді. Белсенді емес (пассивті) қиял, бейнелер эдейі емес туады, өз-өзінен өзгеріп, күтпеген. таңкаларлықгай, кейде тіпті мәнсіз үйлесу түс көру болып табылады.
Құпиялықпен қоршалған түс пен түс көру қүбылысы көп ғасырлар бойы физиологтардың жұмысында ғылыми түсіндіріледі. Түс, үлкен жарты шарының шашыраңқы тежелуі ретінде анықгалған. Қыртыстың толық жэне терең тежелуі -- бұл түс көрмей ұйықгау; түс көру тежелмеген қалған жасушалар тобымен шақырылады.
Тежелу ми қыртысының жасушаларын біртіндеп жэне бірыңғай емес қамтиды; тежелудің біркелкі емес таралуы ұйқының бастапқы кезеңінде және оянар алдындағы соңғы кезеңінде айқын байқалады. Екінші сигналдар жүйесімен байланысты жоғары психикалық қызметтер жүзеге асатын жүйке жүйелерінде тежелу ерте және терен болады, жэне бірінші сигналдар жүйесінің қызметін атқарушы жасушаларға қарағанда бұл жасушалар кейінірек тежеледі. Сондықган ми қыртысындағы тежелмеген жасушалар тобының іс- әрекетін көрсететін түс көру бейнелі жэне пайда болған суреттерге сыни қатынаста емес, фантастикалық қатынаста болады.
Түс көруге құбылыстардың жалған ағысы, шынайы бейнелер мен затгардың фантастикалық комбинациясын кұрайтын оғаш бейнелердің пайда болуы тэн. Бұл ми қыртысындағы жеке бөліктердің әркелкі тежелуінің салдарынан қалыптастырушы жасушалардың әдеттегідей емес үйлесуінің нэтижесі болып табылады. Түс көруде алдын-ала жоспарлау жэне елестің барысын саналы бақылау болмайды, сондықган түс көру қиялдың белсенді емес деңгейі ретінде қарастырылады.
Ояу жағдайда қиялдың іс-әрекеті алдын-ала жоспарлау мен белсенділіктің әр түрлі деңгейінде бола алады. Өз дамуының жоғары деңгейлерінде, жазушының, суретшінің, ғалымның шығармашылық жұмысында қиял белгілі бір ниет пен қатал талаптарға жауап беретін, бейнелерді белсенді және саналы құру процесіне айналады. Алдын- ала жоспарлы түрде жеткілікті жарқын бейнелерді шақыра алу қиялды дамытудың қажет шарты болып табылады.
Қайта жасау қиялы
Қайта жасау қиялы деп объектіні бейнелеуге сәйкес сол объектінің бейнесін құруды айтады. Қандайда бір эксперименттің
сипатын психология оқулығынан оқи отырып, студент өзіне ісрттелушінің әрекетін, экспериментатордың әрекетін, бұл эрекетгердін нэтижесін жэне т.б. айқын елестетуі керек. Бұл қайта жасау қиялының қызметі болып табылады. Әсіресе қайта жасау қиялы объектілері жеке тәжірибеден таныс емес ғылымдарды зерттеу кезінде үлкен рөл ойнайды. Бұл геология, химия, әлеуметгану, эсіресе тарихқа қатысты; баяғыда, сол уақытгың адамдары мен олар әрекеттескен жағдайларға қатысты, -- - оларды тек қиялдың көмегімен ғана слестетуге болады. Қайта жасау қиялына сүйенбей, тарихты зерттеу, сөздерді механикалық түрде есте сақгау деңгейінде қалып қояды.
Бірақ, -- қандай ғылым туралы айтылмаса да -- бір нәрсе гуралы қиялдау жеткіліксіз. Міндет зерттелінетін зат туралы қандайда бір елес шақыру емес, дұрыс елес құруда. Қайта жасау қиялы тек жанды, бай жэне икемді ғана емес, ол сонымен бірге сенімді, нақгы және ақиқатқа сэйкес бейнелер беруі керек.
Көркем әдебиетті оқу кезінде қайта жасау қиялының іс-әрекеті айқын ашылады. Кез-келген адам өткеннің жарқын және жанды бейнелерін жеңіл қабылдау үшін тарих бойынша оқулықты немесе гылыми тарихи мазмұндамаға қарағанда, тарихи романдар мен новестерді оқыған жеңіл. Көркем эдебиетгерді оқу -- қиялдың ең жақсы мектебі, қабылдаудың ең күшті құралы болып табылады.
Бірак кез-келген әдебиетті оқу сол сияқгы мектеп болып табылмайды. Мұнда не туралы айтылады және одан кейін не болады деген бір мақсатты көздеп, туындыны қашып оқу қиялды дамытпай, оны әрекетсіздікке үйретеді. Көркем әдебиетті оқи алу қиялдың белсенді жұмыс істеуін талап етеді, оқып отырған адам оңгіменің неде екенін көріп, естуін талап етеді.
Көркем бейнелеуді түсіну үшін сөздердің мағынасын түсіну мен әңгіменің не туралы екенін ұғу жеткіліксіз; автор ашып көрсеткісі келген көріністі толық көрнекілігімен елестету қажет. Сонымен бірге, бұл көрініс жанданып, көп жағдайда көру, есту, йіс және т.б. бейнелерді толықтыруы қажет. Тек сонда ғана қиял арқылы жазушының сізді апарғысы келген жаққа баруына және бастан откеруіне мүмкіншілік туады. Көркем эдебиеттерді оқу өнеріне үйрену керек, ал бұп өнерді игеру арқылы адам өз қиялын дамытып жэне жетілдіреді.
Қайта жасау қиялы адамның психикалық дамуында маңызды мэнге ие. Басқа адамның әңгімесі және бейнелеуі бойынша бұрын көрмеген және енді де көрмейтін нәрсесі туралы елестетуге мүмкіндік беру адамды жеке тәжірибесінен шығарып, оның білімін жанды жэне нақгы етеді.
Шығармашылық қиял
Шыгармашылық қиял нәтижесінде өзіндік жэне құ.нды өнім беретін іс-әрекет, шыгармашылық іс-эрекетіне қосылған дербес жаңа бейнелерді жасау болып табылады. Шығармашылық қиял -- қайта жасау қиялына қарағанда күрделі, эрі қиын процесс. Әдеби бейнелер қүру жазылған туындыны оқып, оларды көз алдына елестету салыстыра алмастай қиын.
Шығармашылықтың барлық саласында қиялдың рөлі ерекше. Идея емес, нақты зат, машина, аппарат, құрал жэне т.б. іздейтін өнертапқыш үшін шығармашылық қиялдың қаншалықгы маңызды екенін түсіну оңай; ойлап тапқанын модель түрінде жасамас бұрын, ол алдымен оны басында қүрып, елестетуі қажет. Өнертапқыштың қиялы -- бұл қайта жасайтын техникалык қиял емес, шығармашылық техникалық қиял.
Ғалым үшін де қиял маңызды. Экспериментті ойластыра отырып, ғапым өз киялында белгілеген болжамы мен қалыптастырған заңдылықтарын тексеру мүмкіндігін беретін шарттар қыистыруын қүруы қажет. Жаңа болжамдар қүра отырып және жаңа заңдылықтар қалыптастыра отырып, ғалым өз қиялына толық жазықтық беруі керек. Қиялдың данышпан күшіне ие болмаса, Эйнштейн өзінің салыстырмалы теориясын жазбас та еді.
Бірақ, қиял, ешқандай жерде, өнерде де, көркем шығармашылық процесінде де ерекше мэнге ие емес. Ғылымда қиялдың бейнелері ғалымның шығармашылық ойларын жүзеге асыратын аспаптары болып табылады. Өнерде бейнелерді құру шығармашылықгың мақсаты болып табылады; бейне түрінде суретші -- жазушы, кескіндеуші, композитор, актёр -- өз идеясын ұсынады. Сондықган қиялдың жұмысы көркем шығармашылық процесінде орталық орынды иеленеді.
Мысал ретінде, Б.М.Теплов көрсеткен, жазушының қиялының жұмысын алайық. Ең алдымен, сөз арқылы суреттеушілердің көпшілігінің қиялындағы бейнелердің ашықтығы мен жандылығын атап өткен жөн. Көп жағдайда бейнелер жазу процесіне дейін құрылады. Автор өз кейіпкерлерін жэне олардың ерекшеліктерін ойша көріп, олардың әңгімелерін естиді жэне оның ішкі көзқарасын ашатын оқиғалардың мәнін пайымдап, туындыға кіру керек нэрселерге таңдау жасал, таңдапғандарды нақгырақ бейнелейді. Жазушы қиялының тағы бір маңызды сипаты, оның кейіпкерлер туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял және оның балалық шақта дамуы
ҚИЯЛДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫН ПСИХИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ РӨЛІ
Оқыту процесіндегі қиял
Қиял туралы ұғым
Қиял жайлы
Қиял туралы жалпы түсінік
Қиял процесі
Қиялдың түрлері
Қиял – психикалық процесс ретінде
5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту
Пәндер