Қабілет теориялары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дербес ерекшеліктердің психофизиологиясы
Тексерген: А. Г. Кабдышеитовна
Орындаған: Джангулова А. Т.
Тобы: Пх-415
Семей 2015
Жоспар :
- Мінез-құлық туралы.
- Темперамент түрлері
- Балалық шақ кезеңіндегі дербес ерекшеліктердің қалыптасуы
- Қолданылған әдебиеттер.
Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады.
Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Мінез. Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді.
К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы, 2-ші сынып оқушысы - флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы - жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі
Қабілет дегеніміз не? Ол - адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл - Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті таныпбіліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Қабілеттілік - адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т. б. ), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме - жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».
Балалық шақ кезеңіндегі дербес ерекшеліктердің қалыптасуы.
Балалық шақ кезеңінің (1-3 жас) бір қатар сапалы, физиологиялық және психикалық ерекшеліктері бар, ол тәрбиелеудің әдістері мен маңызын
анықтайдыжәне осы жастағы балалар үшін арнайы жағдайларды жасауды
талап етеді. Оны қанағаттандыруда балада жағымды сезінуді, барлық
төңірегіндегілерге қызығушылық тудырады. Бала ересектермен
ұйымдастырылған және бағытталған әсерді неғұрлым көп алса, ол соншама оған мұқтаж. Ересектердің әсер етуінен осылай оның белсенділігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz