Қылтықсыз арпабас ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Көлжылдық шөптер тобының арасында Қазақстанда әсіресе далалы және орманды далалы аймақтарда өте маңыздысы астық тұқымдас шөптер. Бұл топқа жататын дақылдар: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық және т б.
Қылтықсыз арпабас (лат. Bromus inermis) - астық тұқымда- сының арпабас туысына жататын көп жылдық шөпте-сін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде (орманды, орманды дала, дала аймағында) кездеседі. Әсіресе, өзен алқабындағы шабындықтарда, егістіктен қалған жерлерде, таудың биік белдеуінде көп өседі. Биіктігі 40 -- 120 см. Тамыр сабағы тармақты, шым түзеді. Сабағы тік, кейде түптеніп өседі. Жапырағы жалпақ, кейде ширатыла түскен 4 -- 9 мм, бет жағы түкті болады. 5 -- 12 жасыл немесе күлгін сұр гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған, ұзындығы 10 -- 15 см. Масағының ұзындығы 15 -- 30 мм, ені 3 -- 5 мм. Маусым -- шілде айларында гүлдейді. Дәні ірі (8 -- 12 мм), ыстық пен суыққа төзімді. Құнарлы мал азығы. Кейбір жерлерде қолдан егіледі. Ерте көктемде шығады, гектарынан 30 -- 610 цент пішен шабылады.

Негізгі бөлім
2.1. Қылтықсыз арпабас ерекшеліктері
Қылтықсыз арпабас егіншілікте шөп өсіруде және шабындықтарды, жайылымдар мен жайылымдарды (лимандарды) жақсартуда үлкен рөл атқарады. 100 кг көк балаусасында 22-24а.ө. және 1,6 кгдейін сіңімді протеин 100 кг пішенде 50-53 а.ө. және 3,5 кг дейін сіңімді протеин болады, масақтану кезеңінде өсімдіктердегі протеин мөлшері 14,3% жетеді. Жылдық ылғал мөлшері 280-350 мм аудандар қылтықсыз арпабас өсіруге ең қолайлы деп есептеледі.
Биологиялық ерекшеліктері. Қылтықсыз арпабас жылуды аз талғайды Тіршілікке бейім өскіндерін топырақтың орташа сеткелік температурасы 4-5° болғанда алуға болады, көктемгі өсіп-өнуі 6-7° басталады, күзгі өсуі 4-5°тоқтайды, егін көгі 5-6° бозқырауға төтеп береді, өсімдіктері -10° дейінгі аязды көтереді. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі орташа. Қысқы кезеңде түптену буыны орналасқан тереңдікте -46° дейінгі аязға төтеп бере алады. Қылтықсыз арпабастың түптену буыны басқа астық тұқымдас шөптерге қарағанда топырақта тереңірек орналасқан, мұның өзі оның қыстың суығына жоғары төзімділігін қамтамасыз етедіу пайдалану коэффициент 1 ц құрғақ затқа табиғи ылғалдану жағдайында 60-100 м3, жақсы ылғалданған жағдайда немесе ойпаң жерлерде, жайыла суарылатын жерлерде-30-70 м3. Жиынтық су пайдалану мөлшері 200-250 мм болғанда өнім дәрежесі 25-35 цга, ал жайыла суарылатын жерлерде 50-70 цга жетеді.Қуатты тамыр жүйесі бар арпабастың далал ық формалары қыстың суығына айтарлықтай жоғары төзімділігімен ерекшеленеді: ылғалмен барынша қамтамасыз етілген күзгі және көктемгі кезеңдерде өсімдіктердің түптену қабілеті мен өнімі молая түседі. Қылтықсыз арпабас-ылғал сүйгіш өсімдік. Сондықтан жылына өсіп дамиды да мол өнім береді.Қылтықсыз арпабас су қабатын 35-50 күнге дейін жақсы көтереді, жайыла азарылатын сортаңдау жерлерде мол өнім бере алады. Ойпаң, жайыла суарылатын жерлерде-таптармайтын мал азықтық өсімдік.Механикалық құрамы жеңіл және орташа қаратопырақты жерлерде қылтықсыз арпабас жақсы өнім береді. Жыртылатын қабаты борпылдақ топырақ ең қолайлы деп есептеледі, саздақ және батпақтанған жерлерде ол нашар өседі. Ылғалдану жағдайына байланысты шөптесінде 5-20 жыл сақталады, орманды-дала және далалық аймақтарда 5-6 жыд ойпаң жерлерде 20, ерекше ылғалданған және құнарлы жерлерде 15-20 жылға дейін сақтала алады.
Морфологиялық ерекшеліктері. Қылтықсыз арпабас -кеген тамырлы жартылай күздік типтегіастық тұқымдас.Бұтасы көп сабақты, 8-10 жапырақты, биіктігі 80-140 см жемісті (генеративтік) сабақтардан және биіктігі 45-90смжеміссіз(вегетативтік)сабақт ардантұрады. Вегетативтік сабақтардың саны арпабастың шалғындық тобында 55-75%, далалық және аралық топтарында 45-70%, ал жемісті (генеративтік) сабақтардың саны тиісінше 25-45 және 30-55%.Гүл шоғыры-сіпсебас. 1000 тұқымның массасы 2,5-4,0 г. Көптеген жұмсақ сабақтар мен жапырақтардан тұратын көк балаусаны малдың барлық түрлері жақсы жейді. Қылтықсыз арпабастың жапырақтылығы бірінші шабысында 52-56%, екінші шабыста 58-70%, ал еркекшөпте бұл небәрі тиісінше 29,5-36,5 және 45-55%. Омбы облысының орманды дала жағдайында Сібірдің ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелерінде өсімдік тіршілігінің екінші-үшінші жылдарында жапырақ бетінің ауданы малы жағдайда 59-58, тыңайтқыш енгізіп суарғанда 94-95 мың м2га болды.Ақмола аймағындаөсімдік тіршілігінің екінші жылында гектарына 9-16 мың м2, ал суармалы жағдайда 70-80 мыңм2болды
Ылғалды жылдары масақтану кезеңіндешабылған қылтықсызарпабас екінші шабысбере алады жәнебірінші өнімнің 30-60%мөлшерінде өнім жиналады. Тіршілігінің бірінші жылында бүкілвегетация кезеңі бойытүптенеді де қысқажәне ұзын өсіп-енуөркендер дамытады. Қылтықсыз арпабасжемісті сабақгар азтүзіледі. Көктемде себілген арпабас көктегеннен кейін туптенеді де, 2-2,5 айдан кейін түтікке шығады, жекелеген жемісті сабақтар да пайда болады..
Қазақстанда аудандастыруға жіберілген қылтықсыз арпабастың сорттары: Восточно-Казахстанский - Шығыс Қазақстан МАТИ-да шығарылған. Сорт орманды-далалық экологиялық тобына жатады, өсімдіктері биіктігі 125 см дейін тік өсетін орташа тығыздықтағы бұта қалыптастырады, әр сабақта 4-5 буын аралығы болады, түптену дәрежесі жоғары, 1000тұқымның массасы 3,5-4,4 г. Қыстыңсуығына төзімділігі жақсы, қуаңшылыққа төзімді, алайда ылғалдануға жақсы әсер етеді.

2.2. Мал азығын өсіру агротехникасының ерекшеліктері.
Далалық ауыспалы егістерде бүркемесіз өсіргенде қылтықсыз арпабасты мүмкіндігінше пар танабына таяу орналастырған жең ал жаздың бидай бүркемесінде өсіргенде парға немесе жүгеріден кейін орналастырады. Оны таза күйінде немесе бидай, тары және басқа пішенге жиналатын дақылдардың бүркемесіне себеді. Ең жақсы бүркеме дақылдар-алғашқы кезеңде баяу өсетінтары, итқонақ, қалады. Бүркемесізегістігі арамшөппен күштірек ластанады. Бүркемелі егістердегі өсімдіктер тіршілігінің екінші жылында бүркемесіз әдіскеқарағанда нашар дамиды Қуаңшылықты аудандарда бүркемесіз егістер артықшылыққа ие болады. Арпабасты өсірудің операциялық технологиясы көпжағдайда еркекшөпке ұқсаса. Мұнда да жоспарланған өнімге есептелеген тыңайтқыш нормасын қолдану керек, оның үстіне қажет болған жағдайда, калий тыңайтқышын шөптілікті пайдаланудың бүкіл кезеңіне енгізеді, ал азот тыңайтқышын жыл сайын көктемде немесе әрбір шабыстан соң үстеп қоректендіру жолымен қолданады.Қылтықсызарпабасты ерте көктемде, жазда, күзде себуге болады, алайда ең дұрысы-күзде тамыз-қыркүйектің басында сепкен жөн, Ерте көктемде, сонымен бірге жазда бүркемесіз әдіспен себілгенде жақсы нәтиже алуға болады.Себу мерзімінің тиімділігі сол кезеңдегі ылғалдану жағдайларына байланысты.Қажетті өсімдік сабағы жиілігін алу үшін қатардағы әдіспен гектарына 6-7 млн өнгіш тұқым (20-25 кг) себіледі, құнарлы топырақтарда және агротехника дәрежесі жоғары болғанда 4-6 млн өнгіш тұқым (16-20 кг), сортаңдау жерлерде 8-9 млн, кең қатарлап сепкенде 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым жеткілікті. Қылтықсыз арпабастың тұқымы жеңіл болғандықтан қиын себіледі, ал оның біркелкі себілу; үшін сеялкаларға араластырғыш орнатқан жөн. Тұқымның орташа сіңіру тереңдігі 2-3 см, алайда ауыр топырақта, жайыла суармалы жерлерде 1,5-2,0 см аспағаны дұрыс. Тіршілігінің бірінші жылында бүркемесіз егістікте гербицидтерді пайдаланады және 2-3 қабатарамшөпті шауып алады. Екінші және үшінші жылдары көктемде азоттыңайтқыштарымен үстеп қоректендіріледіәрі малаланады. Төртінші және одан кейінгі тіршілік жылдары 1-2 ізбен дискілейді.Қылтықсыз арпабас ең жоғары пішен өнімі мен протеин шығымын шашақтану кезеңінде береді.
Тұқымға өсірудің агротехникалық ерекшеліктері. Тұқымдық егістіктегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасауға пайдаланатын көпжылдық өсімдіктеріне сипаттама
Шалғынның өсімдіктері
Жүгері. Дақылдың нитродукциялау тарихы. Морфологиялық ерекшеліктері: тамыр жүйесі, құрылысы, сабағы, жапырағы, гүлшоғыры, собығы
Мал азықтарының топтары
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Көпжылдық өсімдіктер морфологиясы
Шөл жағдайындағы жайылым
Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау
Көпжылдық шөптердің тұқымының марфологиясы
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Пәндер