Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Кіріспе
Жайылым -- оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи және екпе деп екіге ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді. Екпе жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 -- 6 жыл) және ұзақ (7 -- 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. Құрамына қарай жайылым түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан далалық жайылым деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық жайылымның әр гектарынан 3 -- 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала жайылымдарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т.б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0,5 -- 7,0 ц шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың 13-і құмды жерде орналасқан. мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 -- 7 ц шөп түседі. тау жайылымдарының оты да алуан түрлі. жазық жерде орналасқан жайылымдармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық жайылымдар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. жайылымдар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т.б. шаралар -- жайылым ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. жайылымды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер жайылымын 6 -- 12, орманды алқап 6 -- 8, аңғарлы адыр 10 -- 12, далалы жайылымды 15 -- 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 -- 3 бөлінген жайылымды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Жайылым жазда 2 -- 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы жайылымдар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 -- 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы жайылымда бағылады.күннен, шөп көбейе бастағанда 5 -- 6 күннен жаяды.
Негізгі бөлім
1. Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары.
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70%-дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымдардың өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми-өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 1,5-2,5 ц-ден 5-6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде - 0,5-1,0 ц-ден 3-4 цга дейін. Мұндай төмен көрсеткіштердің орын алу себептері: біріншіден - далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден - көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.
Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн. гектардай да, оның 11 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылды. Қазіргі кезде республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. гектар шамасында. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып жақсарту арқылы өнімін 3-5 есеге дейін көтеруге болады.
Табиғи жайылым - малдың ежелден келе жаткан өрісі. Қазақстан жерінің жартысына жуығы, дәлірек айтсақ 180 млн. гектары табиғи жайылым үлесіне тиеді. Мәселе сол табиғи жайылым жартысынан басымы шөлді және шөлейт аймақтарына кіріп, ауыз су тапшылығының зардабын шегуінде болып отыр. Дүниежүзілік экологиялық жағдайдың нашарлауының салдарынан бұл зиянды үрдіс жылдан жылға өріс алуда. Оның антропогендік зардабын жергілікті халық шегуде. Осының алдын алу үшін шаруашылық жеріндегі табиғи жайылымды күтіп, жыл маусымымен ғана емес, сол маусымдар ішінде де ғылыми негізделген жайылым айналымын енгізіп, отты жерлерді деградациядан, яғни тықырланып, жоғарға құңды қабатының мал тұяғымен тапталып, бұзылуынан сақтандырып, тиімді пайдалану қажет. Өйткені табиғи жайылым оты малдың ең арзан да ең құнарлы жемшөбі - 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,16-0,2 а.ө. болғанымен, құрғақ затында мал тіршілігіне қажет барлык қоректік, минералды және биологиялық пәрменді заттар жоғары қорытылып, игерілетін түрде шоғырланған.
2. Шабындық және жайылымдарда үстіртін жақсарту шараларын жүргізу жағдайы.
Жеңіл-желпі жақсарту жүйесі
Үстірт немесе жеңіл-желпі жақсарту жүйесі табиғи шабындықтар мен жайылымдардың беткі шым қабатын толықтай жоймай мәдени қалпын көтеру арқылы өнімділігін көтеру. Жеңіл-желпі жақсарту жұмыстары табиғи өсімдік қауымында бағалы шөп түрлерінің көбінесе астық тұқымдастарының кем дегенде 32-35% сақталған, бұташықтар басуы 20% және төмпешіктер басып кетуі 20% дейін болған жағдайда тиімді.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар жағдайлары бұдан төмен болса жеңіл-желпі жақсарту жұмыстарының тиімділігі аса көрінбейді. Мұндай жерлердің табиғи шөп жамылғысын екпе шөптермен алмастыру (түбегейлі) арқылы ғана өнімін көтеруге болатыны анықталған.
Жеңіл-желпі жақсартудың негізгі шараларына: 1) мәдени-техникалық жұмыстар (шалғындықты тазарту) арқылы тиімді жерлердің көлемін өсіру; 2) суландырылуын жақсарту және қамтамасыздығын реттеу (құрғату, көлтабандарды суландыру, қар тоқтату т.б.); 3) шөп жамылғысына тыңайтқыштар беру; 4) шалғындықтағы шөп жамылғысын күтіп-баптау (желдетілуін, тығыздығын жақсарту, тұқым үстеп себу т.б.); 5) орманды және шалғындық жайылымдарды жақсарту. Жақсартудың негізгі шаралары.
Мәдени-техникалық жұмыстар. Мал азықтық жерлерді бұталар мен төмпешіктерден тазарту. Бұталар мен төмпешіктер басып кеткен жерлер негізінен орманды-далалық аймақтарда, өзен алқаптары мен тау бөктерлерінде кездеседі. Мұндай жерлердің мал азықтық өнімін, өсімдік қауымдастықтарын құрамын және пайдаланатын жер көлемін көбейту алдымен оның ағашты-бұталар мен төмпелерден тазарту болып табылады. Бұл жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар шалғындықты басып кеткен ұсақ ағаштар мен бұталарды тамырына дейін толық жою. Қазіргі кезде бұл жұмыстар механикалық және химиялық әдістермен орындалады.
Шалғындықта бұталар мен ағаштардың үлесі 20% асып кеткен жағдайда тазарту механикалық әдістер арқылы, қопарғыш машиналарды және арнайы бұтакескіштер қолдану арқылы жүргізеді. Бұтакескіштердің (ДП-24; МТП-13) өндірістік нормасы сағатына 0,5-0,6 га. Ағаш және бұта түбірлерін қопаруға және жер қыртысын тамырлардан тазартуға МП-7А, ДП-8А, МП-2Б т.б. машиналарды қолданады. Жер бедері қолайсыз және түбірлер көп кездесетін жерлерде бульдозерлерді қолданады.
Бұталар мен ұсақ ағаштарды химиялық жолмен құрту үшін арнайы гербицидтер қолданады (бутил эфирі және 2,4Д-амин тұзы). Гербицидтер бүрку жұмысы көктемнің, жаздың немесе күздің ашық күндері аэрозольді генераторларды не болмаса ауылшаруашылық авиациясын қолдану арқылы жүргізіледі. Өсімдіктерді толық құрту үшін өңдеу жұмысын екі рет жүргізеді. Содан кейін 2-3 жыл өткесін шалғындықты кеуіп қалған қалдықтардан тазалайды (қопарғыш-жинағыштармен т.б.).
Айта кету керек, шалғындықтарды ағаш, бұталардан тазартуды мұқият жүргізу қажет. Мысалы, өзен алқаптарында, тау беткейлерінде және құмды шалғындықтарда су және жел эрозиясынан қорғайтын ағаштар мен бұталарды сақтауға тырысу керек. Шөл және шөлейт аймақтардың жайылымдарын қорғау және өнімін көтеру үшін сексеуіл жолақтарын отырғызу тиімді.
Төмпешіктерді жою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда әртүрлі төмпешіктер кездеседі. (өлеңшөп томарлары, құмырсқа, тышқандар және мал тұяқтарымен пайда болатын төмпешіктер т.б.). Мұндай төмпешіктерді жою үшін де механикалық және химиялық әдістерді қолданады. Ұсақ төмпешіктерді дискілі тырмалармен (БДНТ-2,2, т.б.), орташа және ірі фрезалармен (ФБ-09, ФБН-2,0) немесе басқа да өңдегіш машиналармен (МПГ-1,7 т.б.) жояды. Өзен алқаптарының төмпешіктерін жою үшін механикалық әдіспен қатар химиялық әдісті де қолданады (далапон т.б. гербицидтер). Мұндай гербицидтер төмпешіктерді жойып қоймай өсімдік қауымында қоректілігі нашар қияқ шөптердің үлесін азайтады. Ұсақ кеміргіштер жасаған жаңа топырақ төмпешіктерін шлейфті және инелі тырмалармен жояды (БЛШ-2,3, БИГ-3 т.б.). Тығыз төмпешіктерді фрезалармен жояды. Малды қарқынды және жүйесіз баққан жайылымдарда мал тұяғымен болатын төмпешікті жерлерді алдымен дискілейді содан кейін тегістегіштер арқылы тегістеп тығыздайды.
Қалдықтардан және тастардан тазалау. Әртүрлі өсімдік және басқа қалдықтар мен тастар көбінесе өзен алқабының және тау бөктерлерінің шалғындықтарында кездеседі. Бұлардан тазалау үшін рельсті тырмалар мен жинағыштар қолданады. Қалдықтарды бір жерге жинап өртеп жібереді. Ірілі-ұсақты тастарды тас жинағыш машиналармен (УКП-0,6, УСК-07А т.б.) жинап сыртқа шығарып шаруашылық керегіне жаратады. Бұталардан, төмпешіктерден тазартылып жалаңаштанып қалған жерлерді тегістеп шөптер себеді де тығыздайды.
Су режимін реттеу және жақсарту. Шалғындық өсімдіктер өсіп-дауы үшін көп су қажет етеді. Мысалы, 1 тонна құрғақ өнім құру үшін (транспирацияға, жерден булануға) 400 ден 1200 м3 және одан да көп су шығыны болады екен. Судың жетіспеуі де, артық мөлшері де және ыза суының жер бетіне жақын орналасуы шалғындық өсімдікке теріс әсерін тигізеді. Су мөлшері құм топырақта 2,5-3%, құмбалшықты топырақта 10-12% және балшықты топырақта 14-18% болған жағдайда негізгі шалғындық шөп түрлері қурай бастайды. Ал суы шектен тыс мол жерлерде су және ауа режимі нашарлап, соның салдарынан шалғындықтағы негізгі бағалы тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдас шөптер орнына сапасы төмен және зиянды шөптер басып кетеді. Су режимін жақсарту және реттеу су ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz