Информатика пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (оқу-әдістемелік құрал)


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Авторлық педагогикалық әзірлеме
Тақырыбы: «Информатика» пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ
(оқу-әдістемелік құрал)
Автор құрастырушы:
Махмутова Лаура Абсаттаровна
информатика пәнінің оқытушысы
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық
тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК
Астана, 2018ж.
Оқу-әдістемелік құрал. «Информатика» пәнінен дәрістер жиынтығы. -Астана: Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, 2018ж. -53 б.
Ұсынылып отырған оқу- әдістемелік құрал колледж білім алушылары информатика пәнінің теориалық материалдарын меңгеру мен бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрету негізінде, компьютердің мүмкіндіктерін көрсету мақсатында ақпараттық мәдениет элементтерін алу мақсатында, көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Оқу-әдістемелік құрал колледж әдістемелік кеңесінде қарастырылды
Хаттама №3 14. 03. 2018ж.
Құрастырушы: Махмутова Лаура Абсаттаровна информатика пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Пікір беруші: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің информатика кафедрасының доцент міндетін атқарушы Кариева Қалия Өтепқызы
© Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК 2018ж.
МАЗМҰНЫ:
І. Алғы сөз . . . 4
ІІ. Дәрістер
- Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары . . . 5
- Алгоритмнің негізгі түсінігі, қасиеттері . . . 7
- Алгоритмдерді құрастыру әдістері . . . 9
- Программалау тілдерінің шығу тарихы . . . 13
- Программалаудың түрлері: құрылымдық, модульдік, функционалдық, логикалық. Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері . . . 16
- Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы . . . 18
- Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату . . . 21
- Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдары мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары . . . 23
- Windows 7 -нің стантартты қосымшасы. Linux ОЖ негізгі түсініктері. Файлдық жүйесі. 30
- Архивтеу туралы түсініктеме. WinRAR. WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері . . . 33
- Компьютерлік вирустар, түрлері вирустардың дербес компьютерге ену жолдары . . . 34
- Microsoft Word 2013 мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік . . . 35
- Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау . . . 38
- Кестемен жұмыс . . . 41
- MS Word 2013 мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері . . . 44
- MS Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік . . . 48
- Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтірлеу және автопішін . . . 52
- Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Электрондық кестедегі формулалар, фунцияларды қолдану . . . 53
- Графика мен диограмма тұрғызу . . . 56
- Microsoft Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану . . . 59
ІІІ. Тест . . . 66
1-вариант
2-вариант
Алғы сөз
Ақпараттық жүйелерде жұмыс істей алу үшін орташа кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушыларына информатика негіздерін оқыту қажеттілігі туып отыр.
Оқушыларды информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің тиімді алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдануда оқушылардың білім мен дағды алуын қамтамасыз ету, сондай-ақ компьютерлік графика, деректер базасын жобалау негіздерімен, желілік технологиялардың негізгі концепцияларымен таныстыру, заманауи компьютерлік бағдарламаларды кәсіби іс-әрекетінде қолдана білу қабілетін қалыптастыру, есептерді алгоритмдеу мен бағдарламалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, осы заманғы информациялық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын үйрету.
- Қолдану аймағы:
Бұл оқу-әдістемелік құрал оқу бағдарламасына сәйкес «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында мемлекеттік тілде жүретін топтарының І-курс білім алушыларына арналған дәрістер жиынтығы. Бұл оқу-әдістемелік құралды І-курс білім алушылары информатика сабағында қолдануға болады.
Осы оқу-әдістемелік құрал оқу бағдарламасы негізінде, күнтізбелік- такырыптық жоспар бойынша жасалды.
1. 2. Оқу пәнінің мақсаты:
Қазіргі заманғы компьютерлердің ақпараттық құралдарымен, сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге, компьютерді құру тұжырымдамасымен, компьютер құрылымы негізгі тетіктерімен, визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялык негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеруді, үйретеді. Сонымен қатар компьютерлердің программалық құралдарымен, операциялық жүйе түсінігімен, офистік жүйелермен, құжатты дайындау және жүйені дайындау, баптаумен, графикалық редактормен, баспаға шығару жүйесімен жұмыс істеуге үйретеді.
1. 3. Оқу пәнінің міндеттері:
- қажетті нақты міндеттерді шешу үшін программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру;
- программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;
- ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары
Мақсаты: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Инфоpматика - бұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген, ақпараттардың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сол сияқты оны жасау, сақтау, іздеу, түрлендіру, адамның іс-әрекетінің әртүрлі сфераларында тарату мен пайдаланудың заңдылықтары мен әдістерін оқып үйренуге арналған пән.
"Информатика" термині (франц. informatique) information (ақпарат) және automatique (автоматика) деген француз сөздерінен шыққан және сөзбе-сөз аудармасында "ақпараттық автоматика" дегенді білдіреді. Сол сияқты бұл терминнің ағылшын тіліндегі нұсқасы да кеңінен таралған - "Сomputer science" , бұл тура мағынасында "компьютерлік ғылым" дегенді білдіреді . Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
Медицинаға информатика бірнеше салыстырмалы тәуелсіз бағытта ене бастаған. Бұлардың ең маңыздысы: лабораториялық диагностика, медициналық кибернетика, медицина аппараттарын жасау. Медицина даму саласының алдыңғы қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда.
Компьютердің медицинада қолданылуы:
- Өз қызметтері бойынша мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу)
- Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т. б. )
- Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.
Компьютер - бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы .
Ақпарат - бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.
Ақпарат - бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н. В. Макарова) ;
Ақпарат -бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн) ;
Ақпарат - бұл құрылым күрделілігінің өлшемі (Моль) ;
Ақпарат - бұл әртүрліліктің бейнеленуі (Урсул) ;
Ақпарат - бұл бейнелену үрдісінің мазмұны (Тузов) ;
Ақпарат - бұл таңдау ықтималдығы (Яглом) .
Ақпарат қандай түрде болады?
Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:
мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;
жарық немесе дыбыс сигналдары;
радиотолқындар;
электрлік және нервтік импульстер;
магниттік жазбалар;
ымдар мен қимылдар;
иістер мен дәм сезінулер;
ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т. б.
Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.
Ақпарат қалай беріледі?
Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады. Ақпарат «ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін іnformatіon сөзінен шыққан.
Біз өзімізге қажетті ақпаратны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден ала аламыз. Ақпарат кез-келген түрде бізге белгілі-бір мағлұматтар немесе не болып жатқаны туралы деректер береді.
Түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер жөніндегі жалпы мағлұматтарды ақпарат дейді. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен объекттердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер бере алу деген сөз.
Сонымен, ақпарат - белгілі-бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.
Ақпаратты өңдеу - бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен бір ақпараттық объектілерден екінші бір ақпараттық объектілерді алу. Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, және ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.Ақпараттарды өңдеу құралдары - бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер, және ең бірінші кезекте, компьютер - ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина.
Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.
Тірі ағзалар мен өсімдіктер ақпараттарды өздерінің мүшелері мен жүйелерінің көмегі арқылы өңдейді. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
Қоғамды ақпараттандыру - ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс.
Ақпараттандырудың мақсаты - адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .
Ақпараттандыру - бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т. б. қажырлы еңбекті қажет етеді.
Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір бит ( ағыл . bit - binary digit - екілік сан) алуды ұсынды.
Есептеу техникасында бит дегеніміз мәліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті, компьютер жадының ең аз "бөлігі"
Бит - өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік - байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=2 8 ) .
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 2 10 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 2 20 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 2 30 байт.
Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 2 40 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 2 50 байт.
Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық ( дит ) ақпарат бірлігі болады.
Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін үстеу оның құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді. Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міңдеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді. Олар проблемаларды талдауға және жаңа өнімдерді жасауға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе - алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскер-лердің өзара байланысты жиынтығы. Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерістерін шартты түрде мынадай блоктардан тұратын схема түрінде ұғынуға болады:
-сыртқы немесе шкі қайнар көздерден ақпаратты еңгізу,
-түсетін ақпаратты өңдеу және оны оңтайлы түрде беру,
-тұтынушыларға ұсыныу немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару,
-кері байланыс - бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұйым адамдарымен қайта өңделген ақпарат.
Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады:
-кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, олар жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылды,
-ақпараттық жүйе серпінді және қарқынды дамуда,
-ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелілік тәсілді қолдану қажет,
-ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде шешімдер қабылданады,
-ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.
«Ақпарат» сөзіне адамдар бұрыннан үйренген. Егер сіздерден ақпарат дегеніміз не деп сұрасақ, онда сіз алдымен ақпарат құралдары деп аталатын газет, радио, теледидар және т. б. есіңізге түсіруіңіз мүмкін. Тек осында «ақпараттық хабарлама» немесе «жедел ақпарат» деген сөздер жиі қолданылады. Мұндай хабарламаның мақсаты - оқырмандарға немесе тыңдармандарға бір оқиға туралы жеткізу. Хабарламаны тыңдамай тұрып, біз ол оқиға туралы білмейтінбіз, тек тыңдаған соң білдік.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат қандай түрде болады ?
2. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
3. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
4. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
5. Ақпараттық жүйенің қасиеттері?
Алгоритмнің негізгі түсінігі, қасиеттері
Мақсаты: Оқушылардың «алгоритм» ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж. ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Алгоритм - орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Алгоритм біздің өміріміздің әрбір тұсында кездеседі. Алгоритм күнделікті әрбір пәнде кездеседі.
Алгоритмнің орындалуы. Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік.
Мысал 1. Студент болу үшін мынадай алгоритм қадамдарын орындау керек:
1. Мектепті тәмамдау.
2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
4. Конкурстан өту.
5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Мысал 2 Ағаш отырғызу алгоритмі
- Жерге шұңқыр қазу
- Шұңқырға көшет отырғызу
- Шұңқырды өміп тастау
- Көшетті суару.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм - информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
Мысал 3 у = (ах+b) (сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У - ті b -ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с - ны х - ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 -ден d - ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 -ді У3 -ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Алгоритм қасиеттері.
Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т. б. болып бөлінеді.
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.
Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар орындалуы қажет. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.
Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкен алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Кейде алгоритдердің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмн циклдден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.
Мысалы: сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.
Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтижеде өзгереді.
m және n бүтін сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табуда Евклид алгоритмін қолданайық.
5. Алгоритмнің формальды орындалу қасиеті.
Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, бұл формалды орындалу деп аталады.
Атқарушы түсінігі.
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот
және т. б. орындайды. Мысалы,
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін
біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп
атаймыз. Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап,
нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін
техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу
керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және
дұрыс болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм термині қалай пайда болған?
3. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар алгоритмінің мысалдарын келтіріңдер?
4. Алгоритмді орындаушы?
5. Алгоритм қасиеттерін атаңдар?
Алгоритмдерді құрастыру әдістері
Мақсаты: Программа құру принципін, алгоритмнің базалық құрылымын меңгерту.
... жалғасыКез келген адам күнделікті өмірде әр түрлі жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың жолдарын көрсететін белгілі ережелер болады. Мысалы, компьютерді өшіру реті:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz