Құтырық жіті өтетін ауру
Курстық жұмыстың жоспары
I Кіріспе.
ІI. Өлексені сою барысында жазылған хаттама.;
2.1. Кіріспе бөлім ( тіркеу, қысқа анемнез)
2.2. Сипаттау бөлім (өлексенің сыртқы және ішкі көріністері)
2.3. Қорытынды бөлім (патологиялық-анатомиялық диагноз, қосымша лабораториялық зерттеудің нәтижесі, өлім туралы соңғы қортынды)
ІІI. Анықталатын ауруды талдау;
3.1.Аурудың қысқаша анықтамасы
3.2.Этиологиясы
3.3.Өтуі мен симптомдары.
3.4.Патогенезі
3.5.Патологиялық-анотомиялық өзгерістер
3.6.Гистологиялық өзгерістер
3.7.Диагноз
3.8.Ауруды анықтау
3.9.Дифференциалды диагноз
IV.Қорытынды.
V. Қолданылған әдебит тізімі
VI.Қосымшалар
I .Кіріспе.
Елбасының әлемдік дағдарысқа қарсы бес шараның бірі ретінде ауыл шаруашылығын атауы тегін емес. Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Республиканың аграрлық секторының әлеуеті инвестиция құю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға шығып келеді. Бірақ ел экономикасының аграрлық саласы ауқымды мемлекеттік реттеуге түспей, әлі де жан-жақты қолға алына қоймаған салаға жатады.
Бүгінгі таңда байтағымыздың көптеген өңірлері бұрынғыдай емес, жаңаша келбет тауып, аграрлы-индустриялық аймақ деген атауға толық қол жеткізіп отыр. Дегенмен бұл еліміздің алдына қойып отырған мұраты тұрғысынан жеткіліксіз болмақ.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Елбасы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауылшаруашылығын дамыту, мал басын көбейту сапалы мал өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық - түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті. Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарды - сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды жалғастыру - деп атап өтті. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселе шешіледі. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге көптеген міндет пен талап қойылуда.
Ауыл шаруашылығында малдардың денсаулығын сақтап, олардан жоғарғы сапалы, мал өнімін қамтамасыз ету тек малға қалыпты жағдай туғызып, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтағанда ғана болады.
Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп (жасы, тұқымы, өнімі, бағыты т.б) тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштеріненде төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе өнімді малдар мен жас төлдерді әртүрлі ауруларға ұшырап, өлім-жітімге апарып соғатынын көрсетеді.
Осыған орай мал ауруларының пайда болу себептерін, алғашқы белгілерін, емдеу тәсілдерін, ауруды болдырмау шараларын жақсы білу қажет.
Хаттама - №345

2.1. Кіріспе бөлім
Мал иесі: Мейірбеков Аман
Мекен-жайы:Шығыс Қазақстан облысы күршім ауданы Боран ауылы Самат-31.
Малдың түрі - ит.
Лақап аты - ақ төс.
Жынысы - еркек.
Жасы - 2,5.
Тұқымы - Алабай.
Түсі - қара ала.
Клиникаға түскен күні - 12.01.2018.
Алғашқы диагнозы - иттің құтырық ауруы.
Тексерістен кейінгі диагноз - құтырық ауруы..
Күні 11, айы 01.2018 күні өлген.
Өлексе 2018.01.12 күні Күршім ауданы ветеринариялық прозикториясына әкелінді.
Анамнез:Ит иесінің айтуынша:Ит өлерден 2-3 күн бұрын ауыздан сілекей аққан, ит арықтаған, көзі шарасынан шығып алайған, азыққа тәбеті жоқ. Берілген азықты емес бөгде заттарды жей бастайды, ит мазасызданып тез шршынып, ызақорланады. Орынсыз жүгіре береді. Есінің ауысқаны біліне бастайды, ызаланып ауаны қабады. Ит ұли береді, кездескен мал мен адамға шабады.
Өлексе: 12.01.2018 күні Күршім ауданы ветеринариялық прозикториясыда сойылды.
Союға қатысқандар:Жексембай А.Р, Қилашев Е.Ж.
2.2.Сипаттау бөлімі:
1) Өлексе - жынысы -еркек, тұқымы- алабай , жасы -2,5, түсі-қара ала. Ерекше белгілері- өте қабаған, өз иесіне ғана бағынатын ит болған.
2) Көзі-. Шарасынан шығып алайған.
3) Ауыз қуысы- сілекей аққан.
4) Мұрын қуысы- сұйықтық аққан.
5)Сыртқы жыныс мүшесі - тістеленген, тырналған.
6) Жүні ( түбіті -қылы)- бас, мойын жүндері сілекеймен суланған.
7) Терісі және тері астындағы шелі- көгерген
8) Бұлшық еттері мен сіңірлері- салданған.
9) Сүйектері мен буындары - буындары тартылып қалған, сүйектері қозғалуы қиындаған.
10) Құрсақ қуысы оның ішіндегі заттар- бөгде заттармен толған.
11) Көк еті- салданған.
12) Құрсақ қуысындағы органдардың орналасуы- іште бөгде заттардың қорытылмай бүтін күйінде сақталуынан( қағаз, ағаш, резинка т.б.) қарынының көлемі ұлғайғандықтан ол басқа да органдарды қысады.
13) Құрсақ көк шандыры, шарбысы, шаржықайы-көк шандыр тартылған. Шаршықайы ыдыраған.
14) Өңеші мен жұтқыншағы - салданған.
15) Қарыны- бөгде заттарға толып, катаральды қабынуға ұшыраған.
16) Ішегі- катаральды қабынуға ұшыраған.
17) Бауыры мен өт қабаты - веналық гиперемия байқалады.
18) Бүйрегі мен несеп өзегі- мұнда да веналық гиперемия байқалады.
19) Қуығы мен несеп шығару түтігі- қуығы несепен толған, шығару түтікгі қызарған.
20) Жыныс (органдары) ағзалары - қысылған және қанталаған.
21) Көкірек қуысы мен оның ішіндегі заттар- қанталаулар кездеседі.
22) Сірі қабық - қан құйылу.
23) Көмекей , кеңірдек және бронхылары - салданған.
24) Өкпеде- өкпеде пневмония ошақтары бар.
25) Жүрек қабы - некроз ошақтары табылды..
26) Жүрегі - веналық гиперемия .
27) Қан тамыры- қан тамырларының көлемі ұлғайған.
28) Талағы - веналық гиперемия.
29) Сөл бездері - зақымдалып, гиперемияға ұшыраған.
30) Эндокринді бездері - солған .
31) Миы- ми ткані болбыр, қанмен толған, қыртысты қабаттары қызғылт, мидың бөліктерінде майда некроз ошақтары кездеседі.
32) Жұлыны - Жұлындағы ганглиоз клеткаларында дистрофиялық өзгерістер; жиролиз, вакуольдену, кариолиз, нейронофигия ,пикноз құбылыстары байқалады.
33) Нерв жүйелері мен стволдары - олардың ганглилерінде дистрофиялық өзгерістер байқалады
34) Ерекше қосындылары.
Өлексенің сыртқы көріністері.
Жалпы өлексе арықтаған, көзі шарасынан шығып алайған, ауыз қуысынан сілекей аққан, мұрын қуысынан сұйықтық аққан, бас ,мойын жүндері сілекей мен жаланған. Иттің тістері ақсиған.
Өлексенің ішкі көріністері.
Бұлшық еттері мен сіңірлері салданған, өңеші мен жұтқыншағыда салданған, қарыны
өгде заттарға толып, катаральды қабынуға ұшыраған. Ішегінде де катаралды қабыну, бауыры мен өт қабатында веналық гиперемия байқалады, сөл бездері зақымдалып, гиперплазияға ұшыраған, өкпеде пневмания ошақтары бар, кеңірдек ,бронхтары салданған.
Ми тканы болбыр, қанмен толған, қыртысты қабаты қызғылт. Мидың бөліктерінде майда некроз ошақтары кездеседі. Жұлындағы ганглиоз клеткаларында дистрофиялық өзгерістер; жиролиз, вакуольдену, кариолиз, нейронофигия ,пикноз құбылыстары байқалады. Қан тамырлары маңында ұсақ қанталаулар бар.
Нерв жүйелері мен стволдары - олардың ганглилерінде дистрофиялық өзгерістер байқалады.
Патологиялық- анатомиялық диагноз:
1. Қарын мен ішектердің кілегейлі қабығы қабынып, кей жерлері қанталаған.
2. Ми мен ми қабықтары домбығып, әр жерінде петехиялар табылды. Ұлпасында шашыранды іріңсіз энцефалитке тән морфологиялық өзгерістер байқалады: гиперемия, Вирхов-Робс қуыстарында қанталаулар; зақымданған ганглиозды торшалар төңірегінде гли торшалары көбейіп шоғырланған, бұл кәдімгі нейронофагия құбылысы. Осының салдарынан мида, жұлында және кезеген жүйке талшығының гангли түйінінде құтырық гранулемалары пайда болады, оны сондай-ақ Бабеш түйіні деп атайды.
Қосымша лабороториялық зерттеудің нәтижелері:
Зертханаға малдың басын әкеліп микроскоппен тексергенде құтыруға тән өзгерістер орталық нерв жүйесінде көрінді. Құтыруға тән микроскапиялық көрініске неирондар цитоплазмасында табылған Бабеш- Негри денешіктерін жатқызуға болады.
2.3.Өлім себебі туралы қорытынды:
Менің қарауым бойынша бұл ит құтырық ауруынан өлген болып анықталды. Себебі: микроскапиялық зерттеу жүргізгенде нейрон цитоплазмасында Бабеш - Негри денешіктері табылды.
Ит тәбеті бұзылған. Кез - келген нарсені тістеп, жеген. Аяқтарында буын ісігі пайда болған. Осының салдарынан қажыған, жүралмаған. Аяқтарын тістеп жаралап тастаған. Артқы аяқтары салданған. Иттің өкпесі домбыққан, ісінген. Осының салдарынан дұрыс дем алмаған. Аузынан сілекей аққан. Жағы салақтап кеткен.Оттегі жетіспегеннен кілегейлі қабықтары көгерген. Организмде гипоксия құбылысы болған. Жүрек жұмысы бұзылған. Жүрекке қан кернелген. Қан басқа органдарды толығымен айналыс жасамаған. Бауырға қан жиналып, түйіршікті дистрофияға ұшыраған. Организмде толық әлсіздік байқалған. Ит осы себептер салдарынан өлген.
ІІ.Анықталған ауруды талдау;
3.1.Аурудың қысқаша анықтамасы
Құрықрық (Rabies , бешенство) - орталық жүйке жүйесін жақымдап, шашыранды полиэнцефаломелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Құтырық өте ерте заманнан адамзаттық мәдени тарихы қалыптаса бастаған кезден белгілі. Демокрит (б.д.д. V- ғ) иттің құтырғанын жан - жақты баяндаса ,Аристотель ( б.д.д. IV- ғ) әр түрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазды. Есенберлиннің Алтын Орда романында Әмір Темірдің ( 14ғ) Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергенін суреттеген.
Құтырған иттің сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеренария мектебінің профессоры В.Гальвте үй қоянына құтырық жұқтырып , қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер (1881-1889) үй қоянының миынан бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүние жүзіне әйгілі вакцинасын алды. Л.Пастер өзінің ғылыми зерттеулерін ауру малда құтырық вирусының орталық жүйке жүйесінде шоғырланатынын дәлелдеген. Құтырықтың қоздырушысының вирус екендігін 1903 жылы Ремленже мен Риффат - Бей дәлелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш 1887 жылы) және италияндық А.Негри (1903 ж) кейіннен Бабеш- Негри денешігі деп аталатын, құтырыққа шалдыққан жануардың миының нейрондарының цитоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.
1908 жылы Ферми үй қоянының вирусы жайлаған миынан глицерин аралас фенолвакцина жасап шығарды. Құтыруға қарсы сандаған вакциналар жасалды. Бұл абыройлы жұмысқа біздің еліміздің, сондай-ақ шет ел ғалымдары ат салысты. Бірақ, амал қанша, әрбір вакцинаның өзіне тән кемістіктері бар: вакцина еккеннен кейін иммунитет кеш (2-4 аптадан кейін) қалыптасады, кейде асқыну белгілері пайда болады. Сондықтан кейбір ғалымдар құтырған жануарды, мәселен итті, алдын ала арнаулы сывороткамен егіп, аурудан аман алып қалуға тырысады[1.3].
Көптеген ғалымдар бір мезгілде сыворотка мен вакцинаны қатар қолданады. Бұл тиімді болып шықты. Соғыстан кейін Люксембург пен Голландияда, Югославияда, ФРГ мен ГДР-де тағы да індет шыға бастады. Қазіргі кезде де құтыру ауру жоқ жаңа аймақтар мен елдерде жайылып барады. Бүгінгі таңда ол дүние жүзіне тегіс жайылған. Ауру тек Австралия мең Гавай аралдарында ғана жоқ. Ол тіпті ақ түлкі мен иттің тағылануы, тағылану, солтүстік құтыруы деген аттармен Арктикадағы аралдарда да кездеседі.
СССР бойынша ауру РСФСР мен Қазақ ССР-інде жиірек кездеседі. Оған түлкі, қарсақ, жәнет, ал кейбір аймақтарда қасқыр, шүйе бөрі шалдығады. Бұларға құтыру тышқан тәрізді кемірушілер арқылы тарауы мүмкін. Ол әсіресе Еділ, Жайық, Іле, Сырдария, Амудария өзендері алқаптарында, сондай-ақ Балқаш өңірінде жиі кездеседі. Осыған орай құтыруды трансмиссивтік аурулар қатарына жатқызуға болады[2].
Ауруға әр елде, әр континентте әр түрлі жануарлар шалдығады. Оны тасымалдаушылардың түрлері де әр турлі. Мәселен, Үндістанда бұл ауруға түлкі, қорқау тәрізді ит, шүйе бөрі, мангуст және күзен, Иранда -- асқыр, АҚШ-та түлкі, аққұлақ, сусар, Нигерияда -- алатышқан, Заполярьеде -- лемминг шалдығады. Оңтүстік Амсрика, әсіресе Бразилияда аурудың негізге тасымалдаушысы қан сорғыш вампир, АҚШ пен Югославияда -- насеком қоректі жарқанат. Мал түліктерінің ішінде құтыруға ең бейімі -- ірі қара, одан кейін қой, жылқы, ит, шошқа т. Б[2].
3.2.Этиологиясы
Қоздырушысы;- Rabies Lyssovirus - рабдовирустар тұқымдасының миссавирустар туыстастығына жатады. Вириондарының пішіні оққа ұқсайды бір шеті дөңгелектенген, екінші шеті - кесілген сияқты, диаметрі 75-80нм, ұзындығы 180 нм, геномы бір жіпшелі негативті РНҚ. Вирус , күрделі,сыртқы липопротеидті қабықшасымен қапталған қабықшаның сыртында шығып тұрған өсінділері бар.
Құтырық вирусының адаптациялық өзгергіштік қасиетін Л.Пастер осы ауруға вакцина алу барысында қолданды. 1882 ж Л.Пастер өзінің тарихи тәжірибесінде құтырық вирусын үй қояндарының миына жұқтыру арқылы пассаждан өткізді. Пассаждан өткен вирус fixe вирусы деп атаған.
Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан- жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады. Біліне бастаған, көтерілген және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz