Тік тұндырғыштар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Су дайындау, судан молекулярлық еріген, коллоидтық және қалқыған күйдегі зиянды қоспаларды аластатуға арналған операциялардың жиынтығы болып табылады. Су дайындаудың негізгі операциялары: қалқыған қоспалардан тұндыру және сүзу арқылы тазарту, жұмсарту, ал кейбір жағдайларда - тұзсыздандыру, бейтараптандыру, газсыздандыру және зиянсыздандыру.
Суды тұндыру процесін үздіксіз жұмыс істейтін, бетондалған тұндырғыш резервуарларда жүргізеді. Түссіздендіруді және мөлдірлендіруді толық деңгейде жүргізу үшін, тұндырғыштың ішіндегі декантацияланатын суды коагуляцияға ұшыратады.
Коагуляция - әртекті жүйелерді бөлудің нәтижелі процесі, атап айтқанда, судан лай, кварц құмының, карбонаттардың және басқа тау жыныстарының, сол сияқты, органикалық жаратылысты заттардың, мысалы, белоктардың, коллоидты дисперсиялық бөлшектерін бөліп алу. Коагуляция процесінің маңызы - өңделетін суға коагулянттарды, әдетте, әртүрлі электролиттерді енгізу. Коллоидтық бөлшектердің зарядына қарама қарсы заряды бар ион-коагулянт, бетте адсорбцияланады. Осының нәтижесінде бөлшектердің зарядтары бейтараптандырылады, коллоидтік бөлшектердің айналасындағы сольваттанған қабықшалар қосылып, сығылады да, олар бір бірімен бірігіп, седиментацияға түседі. Коагуляция арқылы түзілген тұнба судан сүзу арқылы бөлінеді.
Суды жұмсарту және тұзсыздандыру - кальций, магний және т.б. металдардың тұздарын судан аластату болып табылады. Қолданылатын реагенттер бойынша бұл әдістер былай ажыратады: әктік (күйдірілген әк), содалық (кальцинацияланған сода), натронды (натрий гидрототығы) және фосфатты (үшнатрий фосфат). Жұмсарту процесі келесі реакцияларға негізделген:Уақытша кермектілікті жою, темір иондарын аластату және СО2 байланыстыру үшін, күйдірілген әкпен өңдеу:

Са(НС03)2 + Са(ОН)2 = 2СаСО3 ↓+ 2Н2О
Mg(HCO3)2 + 2Са(ОН)2 = 2СаСО3 ↓+ Mg(OH)2 ↓ + 2Н20

Тұрақты кермектілікті жою үшін кальцинацияланған содамен өндеу:

Са2+ және Mg2+ толық тұндыру үшін үшнатрийфосфатпен өндеу

ЗСа(НС03)2 + 2Na3P04 = Ca3(P04)2 ↓ + 6NaHCOa
3MgCI2 + 2Na3P04 = Mg3(P04)2 ↓ + 6NaCI

Ионалмастыру әдісі. Суды жұмсартудың ионалмастыру әдісінің мәнісі - өзінің құрамындағы иондарды су құрамындағы иондарға алмастыру қабілеті бар иониттерді қолдану арқылы суды кальций және магний иондарынан тазарту болып табылады. Жұмсартудың катион алмастыру процесінің негізінде катиониттердегі натрий және сутегі иондарын Са2+ және Mg2+ иондарына алмастыру реакциясы жатады.

Na2 [Кат] + Ca(HC03)2 -- Са [Кат] +2NaHC03

Катион алмастыру процесіне жіберілетін судың мөлшері мына теңдеулер арқылы анықталады:

және ,

мұнда LNa және LH -- Na- жәнеН-катиониттері бар сүзгішке жіберілетін судың мөлшері, %; hкс, hк, hж -- бастапқы судың карбонаттық емес, карбонаттық, жалпы кермектілігі, град; hб -- жұмсартылған судың берілген сілтілігі, град.
Анион алмастыруға мысал ретінде ОН- аниондарын алмастыру реакциясын алуға болады.

[Ан] ОН + НС1 -- [Ан] С1 + Н20

Н - катиондау және ОН-аниондау процестерін тізбектей жүргізу арқылы суды тұзсыздандырудың қазіргі кездегі әдісінің экономикалық тиімділігі өте үлкен. Осы процестердің нәтижесінде түзілген Н[+] и ОН[-] иондары өзара әрекеттесіп, су молекуласын құрайды.

1.Қолданылатын су сапасына қойылатын мөлшерлік (нормативтік) талаптар және табиғи сулар сапасының негізгі көрсеткіштері.

Ауыз суына берілетін су сапасына қойылатын талаптар МЕМСТ 2874-82 Ауыз суы. Гигиеналық талаптар және сапаны бақылау бойынша тағайындалады.
Өндірістік мұқтаждықтарға қолданылатын су сапасына қойылатын талаптар ведомстволық мөлшерлермен және ТШ (ТУ) тағайындалады.
Су сапасы көрсеткіштерін физикалық, химиялық және санитарлы-бактериологиялық деп бөлуге болады.
Физикалық көрсеткіштерге: температура, мөлдірлік, лайлылық, қалқымалы заттар, түстілік, иіс, дәм және татым.
Ауыз суы үшін қолданылатын су температурасы мейлінше (желательно) 7-12 ºС болу қажет. Жер асты су көздері тұрақты 5-12 ºС температураға ие. Жер беті су көздерінде су температурасы сыртқы ауа температурасына байланысты ауытқып тұрады.
Судың мөлдірлігі және лайлылығысудағы қалқымалы заттардың болуына байланысты.
Мөлдірлік крест немесе шрифт бойынша су бағанымен см - мен өлшенеді.
Лайлылық стандартты шкала бойынша мгл анықталады.
Шаруашылық ауыз суы мақсатында орталықтандырылған су құбырымен берілетін судағы қалқымалы заттар мөлшері 1,5 мгл - ден аспау қажет.
Иіс және татым
Ауыз суы 20ºС температурасы кезінде және 60ºС ға дейін ысытқанда, иіс 2 балдан жоғары болмау қажет және татым 20ºС кезінде 2 балдан артық болмау қажет.
Иістер және татымдар судағы органикалық заттардың, кейде органикалық емес байланыстардың (мысалы, темір, күкіртті сутек, марганец және т.б.) болуына байланысты (болуымен түсіндіріледі). Судағы дамитын ұсақ ағзалар және олардың тіршілік әрекетінің өнімдері, сонымен қатар тазаланбаған лас суларды суатқа тастау суға иістер және татымдар береді.
Судың хмиялық құрамы құрғақ қалдықпен, жалпы қалдықпен, кермектілікпен, сілтілікпен, рН (сутектік көрсеткішпен), тотығумен, еріген газдар мөлшерімен, темір, марганец, азот байланыстарының мөлшерімен сипатталынады.
Жалпы қалдық деп еріген күйдегі негізінен органикалық емес және жартылай органикалық қоспалардың (газдан басқа) судағы концентрациясын айтады. Ол, сүзілмеген сынаманың белгілі көлемін булап, және 150 0С температурада тұрақты салмаққа дейін кептірілген қалдық ретінде анықталады.
Еріген (құрғақ қалдық) жалпы қалдықтан, су сынамасын булап, кептіру алдында сүзілуімен ерекшеленеді. Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын суда, құрғақ қалдық 1000 мгл ден аспау қажет, жеке жағдайларда санитарлық эпидамиологиялық бақылау органдарының келісімімен құрғақ қалдықты 1500 мгл ге дейін арттыруға рұқсат етіледі.
Жоғарғы құрғақ қалдықа жер асты сулары ие, жер беті суларынан - теңіз сулары. Судың кермектілігі ондағы Са және Мg тұздарының болуымен түсіндіріледі. Жалпы кермектілік карбонатты және карбонаттық емес кермектіліктерден құралады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын судың жалпы кермектілігі 7,0 мг-эквл (немесе ммольл) ден аспау керек. Сілтілік - дегеніміз судағы гидрокарбонатты иондардың НСО3-мөлшері.

Щ=Жк=Жобщ-Жнекарб

Судың белсенді реакциясы сутекті иондардың рН концентрациясымен анықталады. Шаруашылық ауыз суы мақсатында берілетін суларда рН 6,0 ... 9,0 болу қажет. Сумен жабдықтау көзі ретінде қолданылатын сулардың басым көпшілігі әлсіз сілтілікке немесе әлсіз қышқыл реакцияға ие. Сутектік көрсеткіш (рН) жер беті суларында жыл бойы ауытқып тұрады. Темір бикарбонат түрінде жер асты су көздерінде басым болады. Әдетте олардың концентрациясы 5 мгл ден аспайды, ал жеке скважиналарда 10-15 мгл және жоғары. Жер беті суларында темір үш валентті темір оксиді байланысында болады.
Шаруашылық ауыз суы мақсатында қолданылатын суларда темір қосылысының мөлшері 0,3 мгл ден артық болмау қажет. Жеке жағдайларда санитарлық эпидамиологиялық бақылау органдарының келісімімен су құбыр желісіне берілетін судағы темір мөлшері 1 мглөге дейін рұқсат етілуі мүмкін.
Ауыз суында марганец 0,1 мгл ден артық болмау қажет. Жер беті суларында марганецтің болуы - олардың өндіріс лас суларымен ластану нәтижесі. Жер беті немесе жер асты су көздерінде азот қосылыстарының болуы (нитраттар NO3-, нитриттар - NO2- және аммонийлы қосылыстар NН4+) су көздерінің тұрмыстық лас сулармен ластану ықтималдылығын білдіреді. Бұл кезде аммонийлы қосылыстардың болуы жаңадан (свежее) ластануды, нитраттар - ертеректе ластануды көрсетеді. Ауыз суында нитраттардың мөлшері NO3- - 45 мгл ден артық емес. Ауыз суында сульфаттар(SO42-)500 мгл ден артық болмау қажет, ал хлоридтер (Cl-) - 350 мгл. Фтор (F-) мөлшері ауыз суында 0,7-1,5 мгл болу қажет. Сонымен қатар ауыз суында МЕМСТ 2874-82 сәйкес 0,05 мгл артық емес мышьяк (As), 1 мгл мыс (Cu), 5,0 мгл мырыш(Zn) және 0,03 мгл қорғасынбайланысы(Pb 2+) болу қажет. Судың тотығуыорганикалық қосылыстардың және оңай тотығатын органикалық емес қоспалардың (мысалы Fe2+) болуын сипаттайды және тотығу үшін қажет оттегі мөлшерімен анықталады. Жер асты суларының тотығуы әдетте 5-7 мгл О2 аспайды, жер беті суларында - 10-12 мгл О2 (кейде 25-30 мгл О2 және одан жоғары,яғни судың мәнді түрде ластануын көрсетеді). Табиғи суларда еріген газдардың - оттегі, күкіртті сутекті, көмірқышқыл мөлшерлері үлкен шектерде ауытқиды. Оттегі және көмірқышқыл газдары ауыз суының сапасын нашарлатпайды, бірақ металдың тат басуына және бетонның бұзылуына ықпал етеді.

1.1 Суды өңдеудің технологиялық сұлбаларының жіктелуі

Су дайындауда технологиялық сұлбаларды (схемаларды) келесі түрде бөлуге болады:
Суды өңдеу тәсілдері бойынша технологиялық схемалар реагентті және реагентсіз болады. Суды өңдеудің реагенттік схемалар негізінен суды тереңірек мөлдірлеуде қолданылады, ал реагентсіз схемалар - тереңірек мөлдірлету үшін де және жартылай мөлдірлету үшін де қолданылады. Өңдеудің реагенттік схемалары қарқынды және мәнді түрде тиімді жүреді. Мысалы қалқымалы заттардың негізгі массасы тұну үшін реагентті қолдана отырып 2-4 сағат қажет, ал реагентсіз - бірнеше тәулік. Реагенттерді қолдана отырып, сүзу 5-12 мсағ және артық (жедел сүзгілерде) жүреді, ал реагентсіз - (баяу сүзу) - 0,1-0,3 мсағ. Өңделетін судың мөлдірлеу дәрежесі бойынша технологиялық схемалар суды толық мөлдірлеу үшін (тереңірек,глубокого) және суды толық емес (жартылай және дөрекі) мөлдірлету үшін деп ажыратылады. Толық мөлдірлеткен кезде тазаланған су МЕМСТ Ауыз суы талаптарына сай келеді және мұндай схема шаруашылық ауыз - су, және көптеген өндірістік су құбырлары үшін қолданылады. Жартылай мөлдірлету схемалары техникалыө суды дайындауда қолданылады. Толық емес мөлдірлетуде тазаланған суда қалқыма заттар 50-100 мгл жетеді.
Технологиялық үрдістер саны және олардың әр қайсысының саты саны бойынша. Технологиялық үрдістер саны бойынша өңдеу схемалары бір-, екі- және көп үрдісті болуы мүмкін: тұну, сүзу, центрифугалау, флотация және т.б.. Егер негізгі технологиялық үрдістердің бірі екі немесе одан артық рет болса, онда технологиялық схема екі, үш және көп сатылы деп аталады, мысалы тұну және сүзу 2 сатыда, немесе тұну 2 сатыда және сүзу 1сатыда.
Суды реагентсіз өңдеу кезінде сүзу 2 сатыда қолданылады, ал лайлылығы жоғары сулардың реагенттік схемасында тұндыр 2 сатысын қолданған дұрыс.
Өңделетін су қозғалысының сипаты бойыншатехнологиялық схемалар арынды және өздігінен ағатын болып бөлінеді. Қалалық және ірі өндірістік су өткізгіш станцияларда судың өздігінен ағатын схемасы қолданылады, яғни су айнасы еркін.
Суды мөлдірлетудің және түссіздендірудің негізгі технологиялық схемаларының мысалы Суды тазалау әдістері және тазалау ғимараттарының құрамы сумен жабдықтау көзіндегі су сапасына, су құбырының тағайындалуына, станция өнімділігіне және жергілікті жағдайларға байланысты. Әсіресе кең тараған су тазалау тәсілдеріне мөлдірлету және залалсыздандыру жатады. Бастапқы су сапасы тазалаудың бірнеше технологиялық схемаларын қолдануға мүмкіндік берсе және жұмыс істеу принциптері бойынша тазалау ғимараттары әртүрлі болса, тиімді нұсқасын таңдау осы нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру негізінде жүргізілу қажет.
Тік тұндырғышты және арынсыз жедел сүзгілі схеманың қолданылу облысы тазалау ғимараттарының өнімділігі 5000 м3тәу - ке дейін, бастапқы су лайлығы 1500 мгл - ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін.
Көлденең тұндырғышты және арынсыз жедел сүзгілі схеманың қолданылу облысы - тазалау ғимараттарының өнімділігі 30000 м3тәу артық, бастапқы су лайлығы 1500 мгл - ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін. Қалқымалы тұнбалы мөлдірлеткішті және жедел арынсыз схеманың қолданылу обласы - тазалау ғимараттарының өнімділігі 5000 м3тәу артық, бастапқы су лайлылығы 50 ден 1500 мгл -ге дейін, түстілігі 120 градусқа дейін. Тазалаудан кейін лайлылығы 1,5 мгл-ге дейін, түстілігі 20 градусқа дейін болады. Тазалаудың бұл схемаларында лайлылық сүзілер алдында 8-15 мгл құрайды.
Флокулянттар - үлпек жарату процесін қарқындататын жоғары молекулярлы заттар. Флокулянттар макромолекулалардың тізбекті формалы жоғары молекулалы полимер класына жатады.
Полиакриламид (ПАА) ББЗ - ББЗ (ПАА) молекулалары тізбек формасына ие, осыған орай коагулянт бөлшектері ауыр, ірі және берік агрегатқа (глобулы) байланысады. Белсенді кремнийлі қышқыл (АК) - кремний қышқылының немесе олардың тұздарының коллоидты су ерітіндісі. Кремнийлі қышқыл қолданылу орнында тікелей қолдану алдында дайындалады.

1.2 Суды коагуляндыруға арналған ғимараттар кешені

Коагуляндыруға арналған ғимараттар кешеніне: реагент шаруашылығы (реагенттерді сақтауға, олардың ерітіндісін дайындауға және өңделетін суға мөлшерлеуге арналған ғимараттар), араластырғыштар (реагентті сумен тез араластыру үшін) және үлпек жарату камерасы (соңғы үлпек қалыптастыру үшін).
Реагент қоймалары және оларды сақтау.
Реагент шаруашылығын ұйымдастыру схемасы реагентті жабдықтаушы зауыттардан алуына байланысты.
Реагент шаруашылығының екі негізгі схемалары бар:
1.схема - жабдықтаушы зауыттардан дайын өнімді алу, содан кейін мөлшерлегіштер (дозаторлар) көмегімен өңделетін суға енгізеді(1-сурет)
2. схема - мөлшерлеуге ыңғайлы өнімге жеткізу үшін, одан ары өңдеуді қажет ететін зауыттардан жартылай дайын өнім алу.(2-сурет)
Реагенттерді суға порошок немесе түйіршік түрінде (құрғақ мөлшерлеу), немесе су ерітіндісі немесе суспензия (сулы мөлшерлеу) түрінде енгізеді. Кез келген жағдайда реагент шаруашылығы қажет. Реагенттерді құрғақ сақтау тәсілінде қойма ерітінді бактермен біріші қабатта орналасады. Құрғақ сақтау кезінде коагулянтты дайындау коагулянттың 5-6 ттәу шығынында тиімді.

1-сурет Реагентті құрғақ сақтайтын реагент шаруашылығының схемасы
1 - автосамосвал; 2 - қойма; 3 - ерітінді бактер; 4 - грейферлі кран-балка; 5 - насос; 6 - шығын бактер; 7 - насос-дозатор (мөлшерлегіш); 8 - ауа үрлегіш; I - суық су құбыры; II - ыстық су құбыры; III - сығылған ауа; IV - коагулянт ерітіндісі.

2-сурет Реагентті сулы сақтайтын реагент шаруашылығының схемасы
Р 1 - реагенті бар вагон; 2 - подъемник (көтергіш); 3 - транспортер; 4,5 - концентрленген коагулянт ерітіндісінің бак сақтаушының ерітінді бөлігі; б - насос; 7 - шығын бактер; 8 - насос-дозатор; 9 - ауа үрлегіш; I - суық су құбыры; II - қысылған ауа; III - коагулянт ертіндісі.

Реагенттерді мөлшерлеуге арналған құрылғылар
Коагулянттың еруінен кейін оның тұндыру жүргізіледі. Тұнба бактың кереге асты астына төменге жиналады және канализациялық науаға тасталынады. Сақтаушы бактардың жоғарғы тұну бөлігінен коагулянттың қатты (берік) ерітіндісі қалтқыма көмегімен сорғышпен алынады және жұмысшы ерітінді дайындалатын шығын бакке айдамалынады.
Бактерде коагулянтты еріту және араластыру үшін ауа үрлегіштерден ауа жеткізу қарастырылады. Ерітінді және шығын бактерге ауа беру үшін, әдетте ВК типті водокольцевые насостар ауа үрлегіштер қолданылады. Реагенттерді айдамалау және мөлдірлеу үшін насос дозаторлар қолданылады. Әсіресе кең тараған НД типті плунжерлі насос дозаторлар. Станция өнімділігі 50 мың м3тәу жоғары болғанда концентрленген коагулянт ерітіндісін арнайы резервуарларда сақталатын схема қолданылады. Бұл схема бойынша коагулянт ерітінді бактерде ерігенен кейін қышқылға төзімді насостармен бак сақтаушыларға айдалынады, ал ерітінді бакке коагулянттың жаңа партиясы тиеледі. Бак сақтаушылардан 15-20 % коагулянт ерітіндісі насоспен немесе өздігінен шығын бактеріне беріледі, онда ерітіндінің жұмыстық концентрациясы дайындалады, содан кейін насос дозаторлармен араластырғышқа беріледі. Бұл схема бойынша шығын бактерінің саны екіден кем болмау керек, ал ерітінді және сақтаушы баутер саны үштен кем емес.
Коагулянт кесектері тиелетін ерітінді бак түбі пирамидалы колосникті керегелі болу қажет. Колосникті кереге астына коагулянттың араласуы және еруі үшін қысылған ауаны беру үшін ауа таратушы құбырлар орналасқан.
Реагенттерді мөлшерлеуге арналған құрылғылар.Коагулянттың оңтайлы мөлшерінде ірі, жақсы отыратын үлпектер пайда болады. Бастапқы судың төменгі сілтілігінде коагуляция процессі сәтті өту үшін оны сілтілеу қажет, сол үшін суға әк немесе сода енгізеді.
Дозаторлар (мөлшерлегіштер) өңделетін ортаға реагент ертіндісінің берілген мөлшерін беруді қамтамасыз етеді.(3-сурет.)

3 сурет Тұрақты дозалы дозатор схемасы (Хованск жүйесі)
1 - шайба (мөлшерлегіш диафрагма); 2 - ауалы түтікше; 3 - қалқыма (поплавок);
4 - резиналы шланг.

2.Үлпек жарату камерасы (реакция камерасы)

Үлпек жарату камерасы үлпектердің пайда болу және ірілену процесінің аяқталуына арналған. Бұл су қозғалысының үлкен емес жылдамдықтарында баяу араласуымен өтеді (үлпектердің бұзылуын болдырмау үшін).
Үлпек жарату камераларының түрлері:
1. қалқаншалы ҮЖК;
2. құйынды типті камералар;
3. су иірімді камералар;
4. тұндырғышқа орнатылған үлпек жарату камералары;
5. қалақты камералар.
Қалқаншалы ҮЖК қалқаншасы бартік төртбұрышты темір бетон резервуар. Камера терезелері жеке каридорларды ажыратуға және камерадағы су жолының ұзындығын өзгертуге мүмкіндік беретін шиберлермен жабдықталған.(4-сурет.)

4-сурет.Қалқаншалы ҮЖК
1 - көлденең тұндырғыш; 2 - ҮЖК; 3 - коридор (камераны жөндеу жағдайында айналмалы болып қолданылуы мүмкін); 4 - тұндырғышта судың таралуына арналған коридор; 5 - араластырғыштан суды беру; 6 - тұнбаны шығару; 7- тұндырғыштан тұнбаны шығару; 8 - қалқаншалар.

Камерада болу уақыты - 20-30 минут, коридордағы су қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,3 мс. Әдетте 8-10 бұрылыс қолданады. Камера тереңдігі конструктивті түрде 2-3 метрге тең және тұндырғыш тереңдігіне тең қабылданады, коридор ені b=0,7 м. Қалқаншалы камералар әдетте өнімділігі үлкен станцияларға қолданады (30 мың м3тәу артық). Әдетте оларды көлденең тұндырғыштарға тікелей жалғанған етіп орнатады. Құйынды типті камера (Тетеркин) темір бетонды конусты немесе пирамидалы резервуар. Мұндай камераның жұмыс істеу принципі тік (құйынды) араластырғыш сияқты. Құйынды типті ҮЖК су төменгі пирамидалы немесе конусты бөлігіне жеткізіледі.
Су иірімді реакция кмерасы - оны көбінде құрылымдық түрде тік тұндырғышпен біріктіреді. Су иірімді камерада су сегнеров дөңгелегі сопласынан шығып, камера қабырғасының бойында төменеен жоғары айналмалы қозғалысқа ие болады. Судың айналмалы қозғалысын жою үшін оны тұндырғышқа өткен кезде камераның төменгі жағына жылдамдықты өшіргіш орнатады. Болу уақыты - 15-20 минут. Су тазалау станциясының 5000 м3тәу ке дейінгі өнімділікте қолданылады.
Тұндырғышқа орнатылған үлпек жарату камерасы (шламдалған түрі) лайлылығы 500 мгл-ге дейінгі суларда қолданылады. Оларды көлденең тұндырғыш басына немесе оған қабаттастыра орналастырады және оны тб резервуар түрінде жасайды.
Камера түбі пирамидалы, түбіне төмен қарай 45 ° бұрышпен бағытталған саңлаулы су таратушы құбырларды орналастырады.
Камераның жоғарғы қимасында үдемелі ағыс жылдамдығы 2-4 ммс кезінде бөлшектері коагуляция ортасы болып табылатын тұнбаның қалқымалы күйі пайда болып, сол тұрады (поддерживается). Судың қозғалыс жылдамдығының тұрақтылығын сақтап тұру үшін құбырларды телескоптық етіп жасайды. Камерада судың болу уақыты 20 минуттан кем емес.
Механикалық (қалақты ҮЖК (флокуляторлар)
Қалақты камералар мешалкалардың (араластырғыштар) айналу өсіне қарай тік және көлденең болып ажыратылады. Флокуляторларды әдетте көлденең тұндырғыштарға орналастырады. Қалақты камерада судың болу уақыты - 20-30 мин, арлаластырғыш саны 3-5.
Артықшылығы:
- арынның жоғалуы аз;
- айналым санының өзгеруі есебінен үлпек жарату процесін реттеу мүмкіндігі;
- құрылымның қарапайымдылығы.
Кемшіліктері:
- электроэнергияның қосымша шығыны;
- бөлшек материалына қойылатын жоғары талапт

2.1 Тұндырғыштар.Араластырғыштар.

Тұну процесі, судың аз қозғалыс жылдамдығында ондағы қалқымалы бөлшектердің ауырлық күшінің әсерінен түбіне тұнуға (шөгуге) негізделген. Бөлшектердің тұну жылдамдығы олардың өлшемдеріне, формаларына, меншікті салмағына және су температурасына байланысты.
Сумен жабдықтау көздері судағы әртүрлі қалқамалы заттардың болуымен сипатталынады, яғни әртүрлі лайлылыққа ие. Осыған байланысты судың тұну ұзақтығы әртүрлі болады. Мөлдірленетін су тұндырғышта көлденең, тік немесе радиалды бағытта қозғалуы мүмкін. Ағыстың бағытына байланысты тұндырғыштар көлденең, тік және радиалды болып ажыратылады.
Көлденең тұндырғыштар. Тік төртбұрышты резервуар түріндегі көлденең тұндырғыштарда су бүйірінен кіріп, резервуардың ұзын жағының бойымен қозғалады. Тұндырғыштың барлық көлденең қимасы бойынша судың салыстырмалы бірқалыпты қозғалысы тесікті қалқаншалар, суағарлар, таратушы және жинаушы науалар құрылғысы арқылы болады. Тұну аймағының тереңдігі 2,5 -- 3,5 м тең, ал тұндырғыш секциясының ені -- 6 м артық емес қабылданады. Көлденең тұндырғыштар түбі тұндырғыштың бас жағында орналасқан тұнбаға арналған шұңқырға қарай ылдилықпен жасалған. Тұндырғышта жиналған тұнба мерзім сайын механикаландырылған немесе гидравликалық тәсілмен әкетілінеді. Көлденең тұндырғыштар кезінде қалқаншалы немесе тік қалқымалы тұнбалы немесе онсыз үлпек жарату камераларын қарастыру қажет (5-сурет.)
Тік тұндырғыштар
Тік тұндырғыш жоспарда дөңгелек немесе квадрат түрінде келеді, түбі конусты немесе пирамидалы қабырға көлбеулігі бұрышы 50 -- 70°. Су құбыр арқылы орталық құбырға түсіп, тұндырғыштың төменгі жағына түседі, содан кейін оның жұмысшы бөлігіне көтеріліп, суағар арқылы шеңберлң науаға құйылады. Кейде орталық құбыр орнына су иірімді түріндегі үлпек жарату камерасын орналастырады. Камераның төменгі бөлігіне судың айналмалы қозғалысын өшіру үшін қалқандардан кереге орналастырады. Тұнба мерзімді түрде тұндырғыштың жұмысын тоқтатусыз лай құбыры арқылы өздігінен жойылады.(6-сурет.)
Су ағысының жылдамдығы 0,5 -- 0,75 ммс аралығында қабылданады. Тұндырғыш диаметрі 10 м аспау қажет, ал тік тұндырғыш диаметрінің тұну аймағы биіктігіне қатынасы 1,5 артық болмау қажет. Тазалау станциясында тұндырғыштар саны екіден кем болмау қажет.
Араластырғыштар
Араластырғыштар реагентті сумен тез және толық араласуы үшін қолданылады. Онда судың болу уақыты 2 минуттан аспау қажет.
Араластырғыштар болады:
- гидравликалық типті (тесікті, қалқаншалы), құйынды, коридорлы);
- механикалық араласумен (механикалық (мешалкалы) араластырғышты резевуарлар - пропеллерлі, қалақты және т.б.).
Гидравликалық типті араластырғыштарда ағыстың турбуленттілігі ондағы қозғалыс жылдамдығының арту жолымен жергілікті кедергілермен пайда болады. Гидравликалық араластырғыштардың артықшылықтары - құрылымының қарапайымдылығы және пайдаланудағы сенімділігі.
Кемшілігі - өңделетін судың есептік шығынынан аз болғанда араласудың қажетті тиімділігін қамтамасыз етпейді. Араластырғыштар саны екіден кем болмау қажет, резервтегі аппараттар қарастырылмайды.
Тік (құйынды) араластырғаш жоспарда квадратты немесе дөңгелек қималы, пирамидалы немесе конусты төменгі бөлікті болуы мүмкін.(7-сурет.)

5-сурет - Көлденең тұндырғыш
1-бастапқы су құбыры (араластырғыштан); 2- ауа бөлгіштер; 3- ҮЖК ауданы бойынша судың таралуына арналған құбырлар; 4- қалқымалы тұнбалы ҮЖК; 5- ҮЖК және көлденең тұндырғыш арасындағы суағар қабырға; 6- жартылай батырылған (ағысты бағыттаушы) қалқанша; 7- су тойтарушы қабырға; 8- көлденең тұндырғыш; 9- тұндырғыштан ауданы бойынша шоғырлап суды жинау құбыры; 10- мөлдірленген су каналы; 11- мөлдірленген суды әкету құбыры; 12- айналмалы желі; 13- тұрып қалған суды жинау құбыры; 14- тұнбаны жою (әкету) құбыры; 15- сол сияқты, барлық тұндырғыштардан; 15- бақылау павильоны.

6-сурет Тік тұндырғыш
1 - суиірімді үлпек жарату камерасы; 2 - қозғалмайтын сегнер доңғалағы; 3 - өшіргіш (тойтарғыш); 4 - тұнбаны шығаруға арналған құбы.

Тік араластырғыштар, бір араластырғышқа 1200-1500 м3сағ су шығыны келетін шартта, кез келген өнімділікті станцияда қолданылады. Бастапқы су төменгі бөлігіне беріледі. Жеткізуші құбырдағы судың жылдамдығы 1,2-1,5 мс деп қабылданады.

7-сурет. Тік (құйынды) араластырғыш
1 - реагентті беру; 2 - науа; 3 - суды жинау саңлауы; 4 - жүйені судан босатуға арналған құбыр

2.2 Суды сүзу.Сүзгілердің жіктелуі

Әдетте суды тұндырғыштарда немесе мөлдірлеткіштерде мөлдірлеткенен кейін оны сүзеді
Жедел арынсыз сүзгілерді алдын ала мөлдірлеген (тұндырғыштарда, мөлдірлеткіштерде, түйістіруші префильтрларда) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлденең тұндырғыштар
Әрекеті қарапайым насостар
Лайды радияциялық өңдеу
Лайды радияциялық өңдеу жайлы мәлімет
Тұндырғыштар туралы
Қазақстан ауылының сарқынды суларын тазарту ғимараттарын жобалау
Қызылорда қаласының төгінді суларын биологиялық жолмен тазартуды жақсарту
Мал суару орындарының жабдықтары
Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
Газдарды сығу және алмастыру (Компрессорлы машиналар)
Пәндер