Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері.

ЖОСПАР.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қоныстар мен мекенжайлар және олардың түрлері.

2. Жерлеу ескерткіштері және олардың түрлері.

3. Археологиялық ескерткіштердің басқа да түрлері.

4. Су астындагы ескерткіштер

ІІІ . Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе - Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады.

Археологиялык ескерткіштер көп түрлі, олар: қоныстар, жерлеу орындары, адамдардың іс-әрекетіне, шаруашылығына қатысты орындар, рухани дүние ескерткіштері және т. б. топтарға бөлуге болады.

Қоныстар. Ежелгі адамдардың уақытша не ұзақ мерзімді қоныстанган жері қоныс деп аталады. Қоныстар пайдаланылған, салынған уақытына және қүрылысына қарай тұрақ, елді мекен және қала болып бөлінеді. Тұрақтар. Түрақ деп алғашқы қоғам адамдарының уақытша не үзақ уақыт түрақтаған, мәдени қабаты бар, бірақ, қолдан салынған күрделі қүрылысы жоқ орындар аталады. Адамдар тұрақ ретінде үңгір, қалқа, апандарды пайдаланған. Пайдаланылған уақытына қарай: олар төменгі ерте тас (Бөрікдзған, Шоқтас, Қоскорған) ; жоғарғы ерте тас (Ащысай, Үшбас) ; жаңа тас ғасыры (Қараүңгір, Ш. Уәлиханов) тұрақтары болып бөлінеді. Елді мекендер. Алғашқы қоғам дамуының келесі кезеңдерінде табиғат жағдайы тіршілікке қолайлы жерлерде адамдардың қолымен салынған үйлер (кұрылыстар) - еллі мекендер кеңінен тарала бастаған. Мысалы: мыстас (Ботай), қола ғасыры (Қанай), ерте темір ғасыры (Ақтас), ортағасырлық (Бабата, Құлантөбе (3-сурет) Құмбүлақ) елді мекендері. Түрақ пен мекендерде бекініс болмайды. Қалалар . Елді мекендермен қатар жер бедері қорғанысқа қолайлы өзен, көл, теңіз жағаларында, мүйістерде, өткелдердің басында, тау шатқалдарында, оларға кіре (шыға) берісте, керуен жолдарының бойында қалалар салына бастаған. Қалалардың түрақ пен елді мекеннен басты айырмашылығы сонда, оны қоршаған қамал, ор және т. б. қорғаныс қүрылыстары болады. Қалалар салынған, өмір сүрген уақытына қарай ежелгі (антикалық) калалар (Шырық рабат, Алтын асар), ерте ортағасырлық қалалар (Ақтөбе, Күлтөбе), ортағасырлық қалалар (Сығанақ, Қарашық), кейінгі ортағасырлык қалалар (Сауран, Созақ), қазақ хандықтары кезіндегі қалалар (Өгізтау, Қырыққыз) болып; тарихи-топографиялық қүры-лымдарына қарай: үш бөлікті (шахристан, цитадель, рабат) қалалар (Отырар, Түркістан) ; ұзын қорғанды (орталық бөлік, шаурашылық аймағы және оларды қоршаған, үзындығы бір не бірнеше км үзын қорғаны бар) қалалар (Ақтөбе, Аспара) ; төртбүрышты (Оққүм, Түймекент), көп бүрышты, дөңгелек (Қотан) қалалар; «алаңды төбе» үлгісіндегі (Арыстөбе, Қараағашты) қалалар. Бірқатар қалалардың ертедегі аты сақталған. Мысалы, Тараз, Меркі, Аспара, Жүйнек қалалар осы аттас қазіргі елді мекендер мен қалада орналасқан. Кейбір қалалардың аттары жазба деректерде айтылған, бірақ олардың нақты орналасқан жері қазіргі күнде белгісіз. Мысалы, ортағасырлық Мейрамтөбе, Бадухкет және т. б. қалалар. Тарихи қалалардың көпшілігі бүгінгі күнге бүзылған күйінде жеткен, олардың тарихи-топографиялық қүрылыс-тары шөгіп, үстіне шөп өсіп кеткен. 2000 жылдық тарихы бар ежелгі Тараз қаласы қазіргі Тараз қаласының астында қалып, толық бүзылып кеткен ескерткіш. Қазақ жеріндегі ортағасырлық тарихи-топографиялық бедері және бекініс жүйелері жақсы сақталған бірден-бір қала -ортағасырлық Сауран . Түрақтар, елді мекендер мен қалалар кепшілігінде биік жерде, қазіргі елді мекендер мен қалаларға жақын орналасқан, әрі олардың мәдени қабаттары бірнеше см-ден ондаған метрге дейін жетеді, сондықтан да оларды іздеген кезде олардың орналасу ерекшелігіне, тарихи-топографиялық бедеріне көңіл аударған дүрыс.

Қарауыл мұнарасы, қарауылтөбе . Археологиялық ескерткіштердің бүл түрі керуен жолдарының бойында, асуда, өткелдің басында, ежелгі және ортағасырлық қалалардың төңірегіндегі жан-жақты бақылап түруға ыңғайлы биік жерге салынған. Мысалы, Ботамойнақ, Кіші Бурыл мұнаралары ежелгі Тараз қаласын жан-жағынан қоршап жатқан тау жоталарының биік жерінде, Ақсүмбе (Ақбикеш) Қаратаудың теріскей беткейіндегі биік тау жотасының үстіне салынған (6-сурет, 1), ал Ақкесене мүнарасы - ортағасырлық керуен жолының Мойынқүмды кесіп өткен жерінде түр. Кең таралған археологиялық ескерткіштердің қатарына жерлеу орындары жатады, олар үстінде үйіндісі бар не жоқ болуына қарай екіге бөлінеді: біріншісі - үстінде үйіндісі жоқ қабір шүңқырлары мен қоршаулар, екіншісі -үстінде үйіндісі бар обалар.

2. Қабір шұңқыры . Үстінде үйіндісі жок қабір шүңқыры жерлеу орны ретінде төменгі ерте тастың мустье кезінен бастап тарала бастаған, олар, сонымен қатар, жоғарғы ерте тас және қола ғасыры кезінде де таралған. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, кезінде қабір шүңқырының үстіне ағаш, топырақ не шым жабылған болса керек, бірақ, олар әртүрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін сақталмаған. Қола ғасыры кезінен бастап Қазақстанда үстінде үйіндісі жоқ, қырынан көмілген тастармен төртбүрышты, сопақша, дөңгелек етіп қоршалған қоршаулар тарала бастаған.

Обалар. Үстінде үйіндісі бар жерлеу орындары «оба» » деп аталады. Обалар үетін-§ дегі үйіндінің неден үйіл-геніне қарай: топырақ, топы-пен тас аралас және тас обаларға белінеді, ал көлеміне қарай: кіші және үлкен обалар болып бөлінеді. Мысалы, Үлкен Бесшатыр обасының аумағы 104 м, биіктігі 17 м. Сыртқы жобасына қарай обаларды: жәй оба, коршаулы оба «мұртты» оба жөне т. б. деп бөледі. Қазақ халқы обаларды санына қарай: үщ оба, жеті оба, мың төбе деп, ал жер атына байланысты: Бесшатыр, Берел, Ёсік, Берікқара т. б. деп атайды. Сонымен катар, обаларды орналасқан жердің тодырағының түсіне қарай «Сортөбе», «Актөбе», «Қызылтөбе» деп те атаған. Үстінде үйіндісі жоқ жеке қабір шүңқыры не обадан түратын жерлеу орындары сирек кездесе-ді. Бір жерге топтасқан (шоғырланған) обалар обалар корымы деп аталады. Жерлеу орындарына тікелей қатысы бар ескерткіш-тердің қатарына бос мола (кенотаф), пирамида, кесене, төртқүлақ, сағаналар кіреді. Бос мола- кенотаф (ғрекше kenotaphion - бос мола) . Ескерткіштің бұл түрі Орталық Азия мен Қазақстанда таралған. Жазба деректерге және этнографиялык байқауларға қарағанда бос мола туып-өскен жерінен жырақта (басқа жерде) жүріп өмірден озған ру, тайпа мүшесінің қүрметіне салынған жерлеу орны болып табылады. Бос мола рулык зираттың ішінен қазылады. Пирамидалар мен кесенелер әлеуметтік жағдайы ерекше қоғам мүшелеріне арнап салынған жерлеу қүрылыстары.

Пирамида (ағылшынша - pyramid) - жобасында бесбүрышты болып келген монументті жерлеу орны. Мысалы, Египеттегі Гизе пирамидалары, Мексикадағы Тоетихуакане пирамидасы.

Кесене (мавзолей) ортағасырлық мұсылман елдерінде кеңінен таралған қүрылыс, олар Қазақстанда қола ғасырынан бастап кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы қола ғасырының Беғазы қорымындағы 1-кесене, Ақсу-Аюлы II қорымындағы 3-кесене және Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесі. Пирамида, кесене, төртқүлақ, сағаналар ғүрыптық жерлеу орындары болғандықтан олар әрі археологиялық, орі сәулет өнері ескерткіштері ретінде кешенді түрде зерттеледі. Археологиялық ескерткіштердің келесі түрлеріне үлкен тастардан түрғызылған мегалиттік (грекше мегас - үлкен, литое - тас) қүрылыстар жатады, олар жозытас (дольмен), ұзынтас (менгир), дөңгелек тас (кромлех) .

Жозытас - дольмен (бретонша tol - стол, men - тас) өңделген ірі тастардан түрғызылған, үсті жалпақ таспен жабылған қүрылыс. Жозытастар жаңа тас ғасыры мен кола ғасырлары кезінде Батыс Еуропаның Атлант мүхиты жағалауында, Солтүстік Африкада, Қырымда таралған. Мысалы, Англиядағы Стоунхендж. Үсынтас - менгир (ағылшынша men - тас, hur - үзын) жерге тік қойылған тас бағандар. Мысалы, Орталық Қазакстандағы Қызылшоқы (16-сурет) және Жетісудағы Үлкен Бесшатыр обасындағы ұзынтастар. Кейде үзынтастардың бетіне өрнектер не таңбалар салынған. Дөңгелектас - кромлех (бретонша krom - деңгелек, men - тас) ipi тастардан дөңгелек етіп салынған қүрылыс. Үзынтастар жаңа тас ғасыры мен қола ғасыры кезінде Оңтүстік Сібірде, Орталық Азияда. Кавказда және Қазақстанда таралған құрылыстар.

3. Өндіріс орындарына қатысты археологиялық ескерт-кіштердің қатарында ежелгі адамдардың еңбек қүралдарын жасау үшін тас алған жерлері, кен орындары, мыс, күміс, темір, алтын және т. б. пайдалы қазбаларды алган орындары. Орталық Қазақстанда ежелгі адамдардың кенді тік (шахта) және көлденең (штольня) казып алған орындары сақталған. Елімізде Теміртау, Жезді атты жер атаулары және Алтынтөбе, Темір-тас атты төбелер сақталған. Археологиялық ескерткіштердің осы тобына кенді балқытуға, кесек күйдіруге арналған пештер, ыдыс күйдіретін құмдандар және тас өңдеу шеберханалары, жүзімнен бекмес, шарап жасауға арналған шеберханалар да кіреді. Қазақстанның бірқатар тарихи-географиялық аудан-дарында қола ғасыры, ерте темір ғасыры мен ор-тағасырлар кезінде салынған суландыру жүйесіне қатысты тоғандар, каналдар, арықтар, кәріздер. күдық пен сардобалар сақталған. Қола ғасырының тауаралык тоғандары Орталық Қазақстанда жақсы сақталған. Ежелгі заманның суландыру жүйелері Сырдарияның төменгі ағысында, ал ортағасырлық суландыру жүйелері Сырдарияның орта, төменгі ағыстарында кездеседі, олар әсіресе, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары оазистерінде кең таралған, кейбір ортағасырлық каналдардың үзындығы бірнеше ондаған км-ге жеткен.

Көмбе. Көмбеге жерге көмілген не басқа орынға жасырылған заттар жатады. Көмбедегі заттардың қатарында бағалы тастардан, металдан, сүйектен жасалған, зергерлік заттар, қүрал-жабдықтар, қару-жарақтар, теңгелер және т. б. болады. Мысалы, 1877 жылы (Зрталық Азиядан табылған Амудария көмбесінің заттары қолдаи-колға өтіп жүріп арада 20 жыл өткенде (1897 ж. ) Британ музейіне жиналған. Қазақстанда Жалаулы. Қарашык көмбелері белгілі. 1985 ж. ортағасырлық Ақтөбе каласынан теңгелер мен ( су қүбырлары көмбелері, ал, 2002 ж. Отырар оазисінен алтын теңгелер көмбесі табылды. Көмбеден табылған заттар қүнды археологиялық дерек болып саналады, олар әсіресе, белгілі бір заттарды жүйелеуге, олардың хронологиялық кезеңдерін анықтауға көмектеседі. Археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған көмбенің заттары тез арада есепке алынып, тіркеледі. Археологиялық ескерткіштерге, сонымен қатар, ортағасырлық елді мекендер мен қалаларды суландыру үшін таратылған су ңубырлары (Тараз, Бабата, Терткүлтөбе) кіреді. Мысалы, ортағасырлық Ақтөбе қаласынан ашылған су құбырларының үзындығы 1 км-ден асады. Археологиялык ескерткіштердің келесі түріне ортағасырлық елді мекендер мен калаларды байланыстырып жатқан жолдар мен керуен жолдары (Қарқаралы жолы, Шу жолы, Телікөл жолы, Банджар жолы, т. б. ) жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау
Баянауыл ауданының археологиялық ескерткіштердің мәдени - танымдық туризмнің нысаны болу мүмкіндігін талдау
Археологиялық барлау түрлері
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Жетісу жеріндегі түркі дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Археология ғылымы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Сақ ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz