Жапонияның тіл - жазу мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Көрсеткіштер мен қысқартулар . . . 3

Кіріспе 5

1 ЖАПОН ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . 12

1. 1 Жапон өркениетінің қалыптасуының маңызды кезеңдері . . 12

1. 2 Жапон өркениетінің ерекшеліктері 19

1. 3 Жапон өркениетінің модернизациялануы мен вестернизациясы ………27

2 ЖАПОН ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ . . . 36

2. 1 Жапониядағы бұқаралық мәдениеттер . . 36

2. 2 Жапонияның ғылым және техника өркениеті 46

2. 4 Жапонияның тіл-жазу мәдениеті . 54

3 ЖАПОНИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ІС-ҚИМЫЛДАРЫ . . . 63

3. 1 Жапонияның жаһандану кезіндегі сыртқы мәдени саясаты 63

3. 2 Азия Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның мәдени саясаты ……. . 72

3. 3 Жапония мен ЮНЕСКО арасындағы «Әлемдік мұра» серіктестігі ……. 78

Қорытынды . . . 88

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 92

Қосымша 98

Анықтамалар

Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды:

Иэмотолар - белгілі бір өнер түрін шеберлікпен игерген және өздері басқаратын мектептерді үлкен құрмет пен лауазымға ие тұлғалар.

Мәдени вестернизация - батысқа жатпайтын елдердің дамыған батыс елдерінің мәдениетінен белгілі бір элементтерді сіңіру нәтижесінде болатын әлеуметтік-мәдени қайта құрулар.

Модернизация - адамзат даму мен «прогресс» (мемлекеттік, қоғамдық, экономикалық және мәдени құрылыста) арқылы қызметіндегі мақсатына жетемін деп сенген уақытта Еуропаның жаңа заман тарихындағы айрықша сипат.

Ұйымдасқан модернизация - елдің өз бетімен жаңа даму жолына түсуі және эволюцияны дайындау құбылысы.

Ұйымдаспаған модернизация - дамыған елдерден, сырттан келген өзгерістерге деген жауап. Ол үкіметтің тарихи артта қалуын жою және шетелден тәуелді болмау мақсатында қабылдайтын «қуып жету» деген даму жолын айқындайды.

Мәдени дипломатия - бейбітшілік және халықтар арасында өзара түсіністікті уағыздау мақсатында басқа елдерге уақытша мәдени құндылықтарды тапсыруға мүмкіндік беретін қоғамдық интитут.

Жаһандану - әлемдік экономикалық, саяси және мәдени интеграция және унификация үрдісі.

Глокализация - әрт үрлі бағыттағы үрдістердің бірге өмір сүретін сипаты бар экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму процесстер: жаһандануға қарағанда аймақтық ерекшеліктердің жойылуының орнына олар сақталып, нығая түседі.

Жапондану - басқа қоғамдарда жапон ұйымдастыру тәжірибесінің қабылдануы.

Американизация - АҚШ-тың басқа елдердің поп-мәдниетіне, бизнес-моделіне, тіліне және саясатына тигізетін ықпалы.

Еуропеизация - батыс еурропалық мәдениет мен білімге негізделу.

Масс-мәдениет - (поп-мәдениет, бұқаралық мәдениет), белгілі бір қоғамда халықтың арасында кең таралған, ең танымал мәдениет.

Мәдени империализм - бір қоғамнан екінші қоғамға мәдениетті тарату, уағыздау, күшпен енгізу тәжірибесі.

Креолизация - басқа мәдениет құндылықтарын өзіне сіңіру. Қарама-қарсы түсінік - гомогенизация.

Анонимизация - тауарды өзінің ұлтық сипаттарынан арылтып, басқа қоғамға бейімдеу.

Техносфера - адам өндірген құралдар, нысандар мен өнімдердің жаһандық бірлестігі.

Көрсеткіштер мен қысқартулар

АҚШ - Америка құрама штаттары

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

АЭС - Атом электро станциясы

JAMA - Жапондық автомобиль өндірушілерінің ассоциациясы

ҒТБ - Ғылым мен техника жөніндегі Басқарма

БҰҰ -Біріккен Ұлттар Ұйымы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

MEXT - Білім, мәдениет, спорт, ғылым мен техника Министрлігінің шеңберіндегі мәдениет Агенттігі

СІМ - Сыртқы Істер Министрлігі

ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ұйымы

АТА - Азия Тынық мұхиты аймағы


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жапон дәстүрлі мәдениеті бірегей және ғажайып болып табылады, ол рухани әлемдегі қайшылықтарға толы. Бір жағынан, қытай мәдениетімен салыстырғанда, таңғажайып сыпайылық, шынайылығы көбірек, ал салтанаттылығы азырақ болып келеді.

Жапондықтардың ұлттық психологиясы, қандай да бір басқа этникалық қоғам сияқты, өткеннің тәжірибесі мен жаңа жаңалықтардың әсерінен қалыптасады, бұл жерде әсіресе, ескінің маңызы артып отыр.

Көптеген ғасырлар бойы Жапонияда әдемілікке деген сезім культке айналып кеткен. Өзіндік бір діни культке айналған әдемілікке табыну халықтың барлық таптарына кең таралған.

Жапон тілінде күнделікті өмірдің маңызды бөлігін сипаттайтын мынадай эстетикалық түсініктер бар: ханами - гүлді тамашалау, цукими - айды тамашалау және юкими - қарды тамашалау.

Жапон қоғамындағы дәстүрлер көшіріліп алынғандығын, кейін оны ұлттық, мәдени және тұрмыстық элементтермен бекітілгенін айқын көрсетеді. Жапондықтар ежелгі мәдени мұраларына ұқыпты қарайды, олар классикалық театрды, шәй салтанатын және икэбана сияқты мәдени құндылықтарын қазіргі кезге дейін сақтап келген. Қазіргі кездегі динамикалық қоғамда жапондықтар тіректі тұрақтылықтан іздейді және оны өнердің дәстүрлік формаларынан таба алады.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы мен XXI ғасырдың бірінші онжылдығы әлемдік қауымдастық өмірінің барлық салаларын қамтитын терең жаһандық өзгерістермен ерекшеленді. Бірлесіп, ол - жаһандану үрдісі деген атауға ие болды. Бұл үрдіс әр түрлі елдердің экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстарының тығыздануы мен өзара әрекеттенуін, мемлекеттік шекаралар арқылы түрлі тауар, қаржы мен адамдардың еркін орын ауыстыруын, трансұлттық корпорациялар және халықаралық ұйымдардың құрылуымен сипатталады. Осының барлығы белгілі бір деңгейде кез-келген қоғамның немесе жеке аймақтың өміріне айтарлықтай әсерін тигізетіні айқын. Әлемнің әр мемлекеті басқа мемлекеттермен белгілі бір байланыста болып табылады, сондықтан тек қана өзінің қалауымен кез-келген әрекетке бара алмайды және халықаралық қауымдастықпен мақұлданатын іс-әрекеттер жасауына міндетті.

Жаһандану - бір жақты емес, қайшылықтарға толы үрдіс болғандықтан, оның теріс жақтары да бар. Оның басты себептерінің бірі - адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы деңгейлерінің әр түрлілілігі. Бүгін осы әр түрліліктің өте үлкен болғаны соншалық, адамзат әр түрлі кеңістіктерде өмір сүріп жатыр деген тұжырым айтуға да болады.

Жаһандану - Батыстан Шығысқа қарай жүретін ерекше әлемдік қозғалыс және оны тек экономикалық тұрғыдан ғана қарауға болмайды. Қазіргі технологиялардың интернационализациясы жағдайында, мәдени және саяси аспектілерді де назарға алу керек. Жаһандану үрдісі барлығын қамтитын сипатқа ие [1] .

Жапония жаһандану үрдісіне түскен ең алғаш мемлекет болды. Бұл үрдіс оған Мэйдзи кезеңі кезіндегі елдің оқшаулану саясатынан кейін, елдің ашылуымен бірге келді. Бірақ, ол үрдістер жаһандану деген атаудан гөрі, вестернизация, модернизация не болмаса еуропеизация деген атауларға сай болатын. Расында да, Жапонияның әлемге ашылуы ең бірінші Батыс елдері арқылы жүріп отырды. Осы үрдістерге енген әлемдегі ең алғашқы мемлекет болса да, ол айтарлықтай сәттіліктерге жете алды, сонымен қатар өзінің дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалуға да уақытында шаралар қолдана алды. Мүмкін, сол себептен де қазір Жапония - ғылым мен техникасы, жалпы дамуы жағынан алдыңғы қатарлы ел болса да, дәстүрлі мәдениеті әлі де жадынан жоғалмаған, мәдениетке тұнып тұрған ел болып отырған.

Жапония осы модернизация, вестернизация мен еуропеизация үрдістерінің талаптарына жауап қайтаруы керек болды. Және осы міндеттердің барлығын орындап та шықты. Солай, оқшаулану саясатынан арылған Жапония бірден қарқынды даму жолына түсіп, дәстүрлі мәдениеті де бірталай толықтыруларға ие болды.

Жапония - Азиядағы жалғыз өндірісі жағынан алға шыққан ел болғандықтан, ХХ ғасырдың соңындағы Азия дағдарысы мен барлық дамыған елдерге тән құрылымдық дағдарысқа шалдықты. Содан кейін ол өзінің барлық қоғамдық өмір салаларын реформалауға көшкен. Осыған байланысты, Жапонияда 90-жылдары белең алған реформалардың үшінші толқыны туралы айтуға болады. Жапонияда баршаға таныс болған, Батыстың жетістіктерін игеру жөніндегі реформалардың үш кезеңі болды және тарихта «үш интернациолизация» деп аталды. Дәл осы кезеңдерде өмір салтының экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларымен қатар, мәдени саласында да айтарлықтай өзгерістер болды. Осы кезде жапондық дәстүрлі жүйелер шыдамдылық пен мықтылыққа сыналды.

Қазіргі кезге дейін Жапония «қуып жету» моделіне жүгініп келген, яғни басқа дамыған елдердің дайын даму схемаларына, жоғарғы технологияларына және өзінің сәттілігі мен нәтижелігін дәлелдеген институттарына сүйеніп, жаңа даму сатысына шығуды мақсат етті.

Ал оның үшінші интернационализациясы қазіргі жаһандану үрдісімен пара-пар болып келеді. Сонда да, жаһандану жағдайларында, Жапония өзінің «егеменді» құқығын қолданып, Батыстан оған тек қажеттісін ғана таңдай алады.

Жапондықтар үшін жаһандану мәселесі маңызды орынға ие, себебі олардың ұлттық мәдениеті жабық типтегі, екі жүз жылдан астам уақыт бойы елдің оқшаулануы кезінде қалыптасқан мәдениетке жатады. Елдің Мэйдзи кезеңінде және америкалық оккупациясынан кейін де жапондықтардың шетелдіктерден оқшаулану психологиясын баса алған жоқ. Жапон ұлтының басқалармен салыстырғандағы жабықтығы көбінесе гомогендік болып табылады және қазірге дейін сақталған. Алайда, мәдениеттің жаһандануы жапондықтарға оқшауланып қалуға мүмкіндік бермейді, тек сыртттан келген жаңалықтар мен құндылықтарды жапон халқына бейімдеуге итермелейді.

Жаһандық мәдени және ақпараттық ағымдар мемлекеттердің шекараларынан еркін өтуін есепке алсақ, жапондықтар шетелдіктермен өзінің мәдениетімен бөлісуде және өзінің рухани ерекшеліктерін әлемге паш етуде.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі: Диссертацияда қолданылған деректік көздерді келесі топтарға бөлуге болады:

Деректің бірінші тобы - Жапонияның ішкі және сыртқы саясатындағы мәдени факторды ретейтін негізгі құқықтық-нормалық актілер: оның ішінде Жапонияның ең басты құжаты - 1947 жылы 3 мамырда күшіне енген Конституциясы , ЮНЕСКО-ның 1984 жылғы «Мәдениет саласындағы саясат жөніндегі Мехико декларациясы», 2001 және 2007 жылғы Жапон Үкіметінің поп-мәдениетті реттеу мақсатында шығарған «Мәдениет пен өнерді тарату туралы негізгі заңы», 1950 жылғы « Мәдени құндылықтарды қорғау туралы заң» [2-6] қолданылды.

Деректің екінші тобы - Жапонияның сыртқы мәдени саясатын іске асыруға негіз жасайтын бағдарламалар, стратегиялар мен доктриналар: ЮНЕСКО-ның Жапониядағы «Мәдени мұра» тізімі, Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым мен техника Министрлігінің іске асырып жатқан бағдарламалары, Жапон Қорының іске асырып жатқан бағдарламалары, 1980-жылғы Жапонияның «Мәдениет кезеңі» саяси доктринасы жатады [7-10] .

Деректің үшінші тобы - мерзімдік жапониялық, ресейлік және шетелдік басылымдарда жарық көрген ресми материалдар, заңдар, статистика мен қайраткерлердің мәлімдемелері қолданылды: «Нихон оёби нихондзин», «Нихон токэй нэнкан», «Business week», «Сюкё нэнкан. Хэйсэй 18 нэн хан», «The Asia Shimbun. Islam in Japan», «Times» [11-16] және тағы басқалары.

4-топқа ғаламтор беттерінде жарияланған ақпараттық агенттіктердің хабарламалары жатады [17-24] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі замандағы мәдени жаһандану мәселесі бүкіл әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырып отыр. Алайда, жаһандану мәселесі мен жаһандану ғылымы туралы әдебиеттердің көп бөлігі ағымдағы қазіргі үрдістерге: экономика, информатика, саясат саласына арналған. Ал жаһандану үрдістерінің мәдени және әлеуметтік-мәдени салалары жөніндегі әдебиеттер өте аз боп келеді. Ал мәдениеттің жаһандануы мен оның Жапониядағы ерекшеліктері мен белгілері мәселесіне келсек, онда осы үрдістің барлық жақтары мен қайшылықтарын қамтитын және осы үрдісті философиялық мәдениет және мәдениеттану позициясынан зерттейтін жұмыстар сирек кездеседі.

Жаһандану туралы әдебиеттерді негізгі 3 топқа бөлуге болады. Оның біріншісінде, осы ғылымды зерттейтін ғалымдар қазіргі замандағы оқиғалар мен жаһандану үрдістерін адамзат тарихындағы жаңа саты ретінде қарастырады. Осы ғалымдар үшін, батыстық либералды демократияның әлемге таралуы мемлекеттердің ұлттық шекараларын жояды және ортақ мәдени, әлеуметтік және саяси стандарттары негізіне құрылатын жаһандық өркениеттің құрылуына септігін тигізеді. Мәдениетке келетін болсақ, жаһандану үрдісі, өзіне бұқаралық мәдениет (масс-мәдениет) сипаттарын бейімдейтін, жаһандық мәдениет туғызады. Осындай мәндес көзқарастар: В. Грейдердің [25], К. Омаенің [26], Ф. Фукуяманың [27] еңбектерінде толықтай берілген.

Жаһандану феноменін зерттеушілердің екінші тобы - скептиктер. Олардың ойынша, жаһандану адамзат тарихында жаңа сатыны құрмайды, керісінше, ол батыстық модельдегі капитализм отаршылдығының жалғасы болып табылады. Ал халықаралық тәртіп әскери және геосаяси жағынан күшті мемлекеттердің, әсіресе АҚШ әмірімен орнатылып келеді. Әлемнің қақтығысшылдығы өсіп келеді, ол ланкестік актілерінде, әр елдердегі ұлтшылдықтың және фундаментализмнің өрістеуінде көрінеді. Скептиктердің айтуы бойынша, жаһандық мәдениеттің, әсіресе, жалпы планеталық өркениеттің пайда болғанын ештеңе дәлелдей алмайды, керісінше, қазіргі тұрақсыздық жағдайларындағы кейбір өркениеттер қақтығысу қасиетіне ие болып отыр. Осындай көзқарас: С. Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» [28], В. Л. Иноземцевтің «Вестернизация как глобализация и «глобализация» как американизация» [29], А. С. Панаринның «Глобализация» [30] атты еңбектерінде берілген.

Ғалымдардың үшінші тобын жатқызуға болады. Себебі, олар жаһандануды қоғамдар мен жалпы әлемдік тәртіпті күрделі өзгерістерге алып келетін кешендік, көп аспектілі үрдіс деп анықтайды. Олардың ойынша, жаһандану мемлекеттік шекараларды тікелей жоймайды, тек ұлттық мемлекеттің мәртебесі мен рөлін өзгертіп, олардың кейбір функцияларын халықаралық ұйымдарға тапсырады. Мәдениет бір қалыпта тұрмайды және тұрақты емес, адамның өмірінің басқа да салаларымен бірге трансформацияланады. көпшілігі, жаһандану үрдісі батыс капитализмінің таралуымен тікелей байланысты деп санайды. жатқызылатын барынша танымал ғалымдардың мынандай еңбектері берілген: С. Амин - «Вирус либерализма: перманентная война и американизация мира» [31], У. Бек - «Жаһандану деген не?» [32], Р. Робертсон - «Социальная теория, теория относительности культуры и проблема глобальности» [33], Г. Федотова - «Глобальный капитализм: три великие трансформации» [34] .

Жаһанданудың мәдени даму үрдісіне әсер етуі мәселесімен шетел және ресейлік ғалымдарға П. Бергерді [35], Х. Бэфуді [36], Т. Ф. Кузнецованы [37] және тағыда басқаларды жатқызуға болады.

Мәдени жаһандану, вестернизация, модернизация ұғымдарын зерттеген бірқатар қазақстандық ғалымдар: Т. Ғабитов [38], А. Құлсариева [38], А. Қанағатова [39], Ө. Төкенов [40], А. Арыстанбекова [41], Б. Аят [42] болып табылады.

Жаһанданудың жалпы Жапонияға және жапон мәдениетіне әсері мәселесін зерттеген ғалымдар: В. М. Алпатов [43], Ю. Д. Денисов [44], Е. Л. Катасонова [45, 46], В. Э. Молодяков [47], М. Титаренко [48], С. В. Чугров [49, 50, 51] .

Р. Беллдің [52], Ё. Карибэнің [53], Т. Сакаияның [54], Д. Г. Главеваның [55], С. В. Чугровтың [56] еңбектерінде жапон дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық ерекшелігі туралы мәселелері айқындалады.

Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің әлемге ашылу уақытынан бастап көрген өзгертулері мен толықтырулары, яғни, Мэйдзи кезеңінен басталған вестернизация немесе еуропеизация мен модернизация үрдістерінің ерекшеліктері туралы А. А. Мещеряковтың мақалаларында [57], А. Е. Жуковтың [58], В. Молодяковтың [47] Л. Коннорстың [59], П. Лотидің [60] еңбектерінде толығырақ айтылған.

Жапонияның ғылыми-техникалық әлеуеті мәселесін зерттегенде жапондық статистикалық газет-журналдар [61-65] .

Жаһандану кезеңіндегі бұқаралық мәдениеттің таралуы мәселесін К. Ивабути [66], Е. Л. Катасонова [45, 46], Элгер Т. Мен Смит К. [67] және тағы басқалары зерттеген.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу пәні: Жапониядағы дәстүрлі мәдениет, оның вестернизациясы, модернизациясы мен жаһандануының ерекшеліктері, мәдени дипломатиясы, ғылым мен техника мәселелері.

Тақырыптың зерттеу нысаны. Диссертациялық жұмыстың зерттеу нысаны- дәстүрлі мәдениет, оның вестернизациясы, модернизация мен жаһандануы, мәдени дипломатия, ғылым мен техника.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты : Жапониядағы дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктерін, жаһанданудағы оның трансформациясының мәнін, ғылыми-техникалық әлеуетін айқындау болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың міндеттері: Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындау арқылы жету қарастырылған:

  1. Сараптау негізінде «дәстүрлі мәдениет», «мәдениеттің вестернизациясы», «мәдениеттің модернизациясы» және «мәдениеттің жаһандануы» ұғымдарының мәні мен болмысын түсінуі;
  2. Жаһандану кезеңінде жапон мәдениетінің трансформациясының мәнін ашу;
  3. Жапония мемлекетінің қазіргі мәдени саясатындағы жапон мәдениеті идеясын сараптау;
  4. Мәдениет жаһандануы заманындағы жапон бұқаралық мәдениетінің идеялық құндылығын анықтау;
  5. Жапонияның ғылыми-техникалық өркениетінің ерекшелігін анықтау;
  6. Жапониянң ЮНЕСКО-мен мәдени құндылықтарды қорғау саласындағы серіктестігінің жетістіктерін саралау;
  7. Жапонияның мәдениет саласындағы дипломатиясының мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын зерттеу.

Диссертациялық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері. Зерттеудің ғылыми негізін пән аралық тәсіл, тарихи әдіс, салыстырмалы талдау әдісі, құжаттарды талдау әдісі, феноменалдық талдау әдісі, классификациялау әдісі, сауалнама арқылы зерттеу, сонымен қатар диалектика және тезаурустық тәсіл элементтері құрайды.

Зерттеуге жалпы мәдени-философиялық әдіс негіз болды. Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізіне, Г. В. Ф. Гегель, Ф. Ницше, П. А. Сорокин, Н. А. Бердяев, К. Ясперс, А. Тойнби, А. Камю, Н. Я. Данилевский, О. Шпенглердің еңбектірінің фундаменталдық мәдени-философиялық ережелері кіреді.

Жаһандану кезеңіндегі мәдениеттің дамуының философиялық аспектісін түсіну үшін Х. Бэфу, К. Ивабути, А. Кожев, Ф. Фукуяма, С. Хантингтон, Р. Робертсон, Т. Ямаори, А. Э. Воскобойников, В. Л. Иноземцев, Е. Л. Катасонова, А. В. Костина, Вал. А. Және Вл. А. Луковтар, В. М. Межуев, А. С. Панарин, В. М. Розин, М. Т. Степанянц, А. И. Уткин, А. Я. Флиер, С. В. Чугровтың еңбектері маңызды болды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мыналар:

  1. Жапондық мәдениет философиясының болмысы ашылды, ол жаһанданып жатқан өмірдегі адам мәдениетінің сақталуы үшін қажетті Жапонияның ұлттық идеясын жасауға негіз болады;
  2. Шығыс діни өмірі мен батыстық рационалдық философиясының синтезі ретінде түсіндірілетін «Жапон философиясы» түсінігін пайдаланудың дұрыстығы негізделеді;
  3. Әлемдік жаһандық мәдениет тұрғысында жүзеге асырылатын жапон мемлекетінің мәдени саясатындағы жапон мәдениетінің элитаристік қағидаларын айқындау;
  4. Қазіргі заманауи жапон мәдениетінде, жапон мәдениетінің философиясының болмысы болатын ұлттық идея халықтың көпшілігі қабылдауға арналып жасалатыны көрсетілген;
  5. Мәдениеттің жаһандануының қазіргі жағдайында жапон ұлтшылдығының ерекшеліктері айқындалды;
  6. Қазіргі заманда жапон үкіметінің бүкіл әлеммен қатар, АТА-да жүргізіп отырған мәдени дипломатиясының ерекшеліктері мен тактикалары туралы жазылған.

Диссертациялық жұмысты қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

  1. Мәдениеттің жаһандануы - әлеуметтік-экономикалық саладағы жаһанданудың ықпалынан болатын мәдениеттегі өзгерістер процесі, ол ұлттық-рухани мәдениеттің деформациясы мен жалпы планеталық техногендік өркениеттің қалыптасуын көрсетеді.
  2. Жаһандану процесстерінің бағыттары көбінесе батыстың алдыңғы қатарлы елдеріне ғана емес, сонымен қатар, өзінің барлық тарихы барысында шығыстық діншілдік пен батыстық рационализмді біріктіре алған Жапония сияқты азиялық державаға да байланысты.
  3. Жапондық мәдениет философиясы, құрамына жапон мәдениетінің: жапон философиясы, самурай этикасы және синто-буддистік діни симбиоз элементтері кіретін жапон ұлтының идеясын құруды қарастырады.
  4. Жапонияның территориясында философияның екі ағымы дамыды - Батыс философиясысы және батыс пен шығыстың синтези негізінде пайда болған «жапон философиясы».
  5. Жапон мәдениетінің механизмі жапон идеясын жапония мен басқа елдердің халқының арасында сәтті таралуға бейімделмеген, сонтықтан бұл саясат консервативтік және элитаристік сипатқа ие.
  6. Жапондық бұқаралық мәдениет механизмі барысында жапон идеясының батыстық құрамдас бөліктері ғана қарапайымданып кетті, ал ұлттық идеяның шығыстық бөліктері бұқаралық мәдениет арқылы ерекшелене бастады.
  7. Қазіргі жапондықтардың ұлтшылдық идеялары Жапонияның «нихондзинрон» (жапондықтар туралы теория) әдебиеті сияқты бұқаралық мәдениетінде көрініс тапты. Ол бойынша жапон халқы ерекше гомогенді және өзгеше.
  8. «Өзінікі-бөтен-бөлек» деген тезаурустық схемаға сай, жапондық «өзінікі» болады, шетелдік - «бөтен», ал бразилиялық-жапондық - «бөлек» болады. Жапдықтар өзінің тезаурусының біртұтастығын сақтау қалу үшін өзінің этникалық жағынан жақын бразилиялық-жапондықты шеттетіп, керісінше, бөтен шетелдік еуропоидты жақындатады.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік құндылығы. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы, оның негізгі ережелері мен қорытындылары 1) Ұлттық өркениеттің ерекшеліктері мәселесін зерттегенде; 2) мәдени жаһандану мәселесін ары қарай зерттегенде; 3) мәдени дипломатия мәселесін қарастырғанда; 5) «Мәдениет философиясы», «Мәдениет теориясы», «Глобалистика», «Жапон философиясы» және жапон бағытындағы бірқатар курстарды оқуда қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Ерте замандағы мен қазіргі кезеңгеі дейінгі жапон мәдениетін қамтиды.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы. Диссертациялық жұмыстың негізгі теориялық және тәжірибелік нәтижелері Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «Жапония - Орталық Азия: Сыртқы саясат және халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық семинарында, жыл сайынғы «Ғылым әлемі» конференцияларында, Халықаралық қатынастар факультетіндегі «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастыратын дөңгелек үстелдерде баяндалған.

Диссертациялық зерттеудің маңызды қорытындылары мен ғылыми нәтижелері, ғылыми мақала ретінде «ҚазҰУ Жаршысының» «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» сериясында (2 мақала), семинарда оқылған баяндамалардың жиынтығында (1 мақала) және баяндамаға тезис ретінде жинаққа (1тезис) басып шығарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
Жапония — күн-шығыс елі
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары
Жапон тіліндегі әлемнің тілдік бейнесі
Жапон тіліндегі кірме сөздер және олардың қолданылу ерекшеліктері
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz