Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті


Өркениет
Өркениет (лат. сіvіlіs - азаматтық) - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан «Өркениет пен мәдениет» ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
- Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э. Б. Тайлор) .
- Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж. Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер) .
- Өркениет - мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл) .
- Өркениет - тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (JI. Морган) .
- Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н. Я. Данилевский және тағы басқалары) .
- Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет.
Батыстық өркениет - елдер жиынтығы, оларға ортақ қасиеттер: дамыған экономика, жеке түлғаның еркіндігін, жеке меншіктің, адам құқына басымдық беруді мойындайтын құндылықтар жүйесі және т. б. Көне Грекиядан бүгінгі күнге дейінгі сақталған Еуропалық халықтар мен елдердің мәдениеттерінің жиынтығы ретіндегі еуропалық мәдениеттің синонимі. Екінші кең таралған мәні - Батыc Еуропа ауқымынан шығып, Солтүстік Америка мен Австралияны, т. б. бірқатар елдерді қосып алатын батыстық әлемнің құндылықтары мен өмір салтының мәдени өздігінше орындалуының тәсілі.
Батыстық өркениеттің мызғымас негіздері ретінде көбіне Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Ағарту дәуіріндегі, XVII-XVIII ғасырлардағы ғылыми төңкерістің мәдени жетістіктері аталады.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның өркениеті
Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады.
- «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі»
- «Жоғарғы (классикалық) кезең»
- «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі»
Бастапқы орта ғасырлар кезеңі - Еуропада мәнді процестерге толы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттеріңен мазалай бастаған варварлардың («варда» - сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясның 476 ж. құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бейберекетсіздік одан әрі күшейе түсті.
Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде қалыптасқан пұтқа табынушылықты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бұл процесс Рим империясы құлағаннан кейін де толастамады. Бұл жағдай - Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бет-бейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.
Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай - бұрынғы Рим империясының территориясында «варварлардың» жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және т. б. тайпаларды «тағылар» деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезенде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен металлургиямен шұғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдер, герцогтер және т. б. деп жариялады. Мысалы, франктердің королі Ұлы Карл 800 жылы бүкіл батыс еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Қазіргі Францияны, Германияны, Бельгияны, Голландияны, Солтүстік Италияны, Солтүстік Испанияны өзіне қосып орта ғасырлық бірінші зор империя құрған Ұлы Карлдың тарихи күресінде адам қаны көп төгілді. Ұлы Карл билік құрған кезеңді кейде «каролингтік қайта дәуірлеу кезеңі» деп те атайды. Мұндай атақтың берілуінің себебі, Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Ұлы Карл ағарту ісінің қажеттілігін түсінген және оны дұрыс жолға қоюға тырысқан көрнекті тұлға болған. Ол өзі бас болып негізін қалаған мектепте оның ұлдарымен бірге ақсүйек балалары түрлі ғылым салаларын, оның ішінде риториканы, поэзияны, диалектиканы, астрономияны және т. б. оқып үйренді.
Кейіннен, яғни 900 жылы қасиетті Рим империясы сансыз графтықтарға, герцогтықтарға, епископтықтарға, аббатықтарға бөлініп кетті де, қоғамда бейберекетсіздік туды. Олардың билеушілері өздерін тәуелсіз қожайындар санап, императорларға да, королъдерге де бағынуды қажет деп санамады. Бірақ, елдің бірлігіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге қарамастан мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу процестері одан кейінгі кезеңдерде де тоқтамады. Әрине, ғасырлар бойы талай аласапыранды басынан кешірген тонаушылық пен басқыншылық орын алған мұндай мемлекетте экономикалық және мәдени дамуға нұқсан келетінін ешкім де жоққа шығара алмас. Ал бұл жағдайлар, өкінішке орай, бастапқы Орта ғасырлар кезеңінің өзіне тән ерекшелігі болды.
Бірақ, классикалық дәуірде орта ғасырлық Еуропа бұл қиындықтарды жеңе отырып, қайтадан жаңара бастады. Х ғ. бастап феодализм заңдары бойынша жүзеге асырылған ынтымақтастықтың нәтижесінде ірі мемлекеттік құрылымдар құрылды және қуатты армияларды жинақтауға мүмкіндік туды. Осы сияқты қоғамдық өмірде жүзеге асырылған шаралар, мәдениеттің алға басуына қолайлы жағдайлар туғызды. Қалыптасқан біршама тұрақтылық қалалардың көркейіп, жалпы еуропалық экономиканың дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Батыс Еуропаның саяси-мәдени өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады, қоғам варварлық сипатынан айырылып, қалаларда рухани өмір гүлдене бастады. Рим империясына қарағанда еуропалық бірлестік тұтастай алғанда әлдеқайда бай, әрі өркениетті болып шықты. Мұндай мәдени алға басушылық христиан дінімен тығыз байланысты болды, өйткені мемлекет дінге арқа сүйеді. Өз кезегінде христиан шіркеуі де өз ұйымдарын нығайтып, христиан дінін жан-жақты жетілдіре берді. Ежелгі римнің және бұрынғы варварлық тайпалардың мәдени-көркемдік дәстүрлерін дамытып жетілдірудің арқасында романдық және одан кейін жасампаз готикалық стильдер қалыптасты. Сөйтіп, өнердің театр, музыка, әдебиет, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері сияқты салалары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды. Дәл осы кезеңде француздардың алғашқы ұлы поэтикалық шығармасы - «Роланд туралы жыр (XII ғ. ) » шығарылды. Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұрасына айналған бұл тамаша туындыда рыцарлық ерліктер барынша мадақталып, монархқа вассалдық, дәріптелді. Батыс еуропалық ғалымдардың ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектерімен танысуы - ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды. Соның нәтижесінде орта ғасырлық философиялық ұлы жүйе - схоластика пайда болды.
Кейінгі орта ғасырлар дәуірінде классикалық кезеңнен басталған еуропалық мәдениеттің қалыптасу процесі одан әрі жалғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек XIV-XV ғасырлардың аралығында ғана Батыс Еуропа бірнеше апатты аштық жылдарын бастан кешірді. Бубондық сүзек («Қара өлім») сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға ұшырап отырды, ал мұндай қасіретті жағдайлар өз кезегінде мәдениеттің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жақ. Ұзаққа созылған жүз жылдық соғыста халық әбден титықтап, мәдениеттің дамуы тежелді. Бірақ, дәл осындай сындарлы кезеңде де қалалар өркендеп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қолөнер ұдайы даму үстінде болды. Рухани өмірдің жандануына, ғылымның, өнердің, философияның және т. б. жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Мұндай алға басушылықтың көптеген көріністері, әсіресе Италияда байқалды. Сондықтан да болар, Италия ұлы Мәдени төңкеріс - Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.
XI-XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж. ) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.
Англияда Оксфорд университеті (1167 ж. ), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж. ) - ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі - белгілі университет ғалымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214-1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі - адамның ақыл-ойы мен тәжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.
Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны - Париж университеті (1160 ж. ) . Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмыс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.
Орта ғасырлық университеттік ғылымды - схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады. Оның негізгі белгілері - шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық - догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формальдық - логикалық мәселелерге қызығушылық және тайынның негізгі әдісі ретінде тәжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (ХVғ. 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сиякты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді.
Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым металды алтынға немесе күміске айналдыра алатын субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат - адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді және қиялға жақын болғанымен алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі - ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Алъберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жәй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген.
Роджер Бэкон «патша арағында» еріген алтын өмірдің шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды.
Еуропалық стильдер
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, шамамен 1000 ж. бастап өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол - «роман» стилі болатын . «Роман стилі» («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген Рим мәдениетінен «мирасқорлық»деген мағына береді) азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған стиль. Бұл стиль ХІ-ХІІІ ғ., әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен үлкендігімен әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді.
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берілді. Әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық, таяу шығыстық (әсіресе, сириялық) германдық, кельттік және басқа да солтүстік тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне, сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген атқа ие болды.
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі - ою-өрнек пен ғимараттарды одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмікіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz