Жергілікті желдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жергілікті желдер. Жер шарының кейбір аймақтарында тұрақты түрде жергілікті желдер пайда болады.

Жергілікті желдер - белгілі бір аймақтың табиғи - географиялық ерекшеліктеріне (орографиялық құрылымына, үлкен су қоймаларының болуы, т. б. ) байланысты болатын табиғи құбылыс.

Олардың ішіндегі негізгілері - бриздер мен муссондар. Олар жылдамдығы, бағыты, қайталанып соғуы, т. б. ерекшеліктерімен байқалады. Жергілікті желдер жергілікті атмосфералық айналымға байланысты да туады (бриз, муссон, аңызық, тау-аңғар желі, мұздық желі, бора, фен, т. б. ) .

Қазақстан аумағында да күшті соғатын желдер бар. Олар: Арыстанды - Қарабас, Жалғызтөбе, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау, т. б.

Бриз (француз тілінде - жеңіл жел) - теңіз, көл жағалауында соғатын жел. Құрлық пен су үстіндегі ауаның біркелкі жылынбауынан пайда болады. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертіп отырады. Күндіз теңізге қарағанда құрлық тез жылынады. Құрлық бетіндегі ауа қызып, ауа қысымы төмендейді. Су бетіндегі ауа салқын, тығыз болады да, ауа қысымы жоғарылайды. Ауа қысымы жоғары аймақтан, төменгі аймаққа қозғалып, жел соғады. Бұл - күндізгі бриз.

Түнде су жылы болады. Оның бетіндегі ауа жылы, қысымы төмен болады. Құрлық тез суып, оның бетіндегі ауа салқындайды, қысымы жоғары болады. Жел құрлықтан теңізге қарай соғады. Оны түнгі бриз дейді.

Муссон (араб. муссон - маусым) - бриз сияқты тұрақты жел. Бұл желдердің бағыты қыс пен жаз айларында байқалады. Қыста құрлық қатты салқындап, жоғары қысым орнайды, теңіз жылы, қысым төмен болады. Жел жазда теңізден құрлыққа, қыста құрлықтан теңізге қарай соғады. Өздерің байқап отырғандай, жел өзінің бағытын жыл маусымдары бойынша өзгертеді. Сондықтан жазғы және қысқы муссон деп аталады. Муссондар - Еуразия материгінің Тынық мұхит жағалауларына тән, табиғи құбылыс.

Аңызақ - ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық ( +20˚C+25˚C) және құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15-20 м/сек. қа дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-дан төмен болады. Көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады.

Дауылдар - жылдамдығы 30-50 м/сек-қа дейінгі аса қатты сұрапыл желдер. Олар көбінесе тропиктік циклондар құрамында кездеседі. Теңіздер мен ірі көлдерде (мысалы, Қазақстандағы алакөл желі) дауылдар кейде құйын аралас сұрапыл толқынды су қозғалысын туғызады.

Желдің маңызы . Желдің маңызы өте зор. Ерте кезде дамдар желдің күшін пайдаланып, желкенді кемелермен саяхатқа шыққан. Жел - сарқылмайтын қуат көзі. Желдің күшін жел диірмендерге пайдаланған. Жел су айналымына қатысады. Мұхит ағыстарын қалыптастырады.

Желдің зиянды әрекеті де бар. Құрлықта және теңіздер мен мұхиттардағы дауылдар апат әкеледі. Су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болады. Жел топырақтың құнарлы бөлігін ұшырып, тоздырады. Электр желілерін үзіп, ағаштарды құлатады.

Арыстанды-Қарабас Желі - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, Ордабасы аудандары және Түркістан қалалық әкімдігі аумағында байқалатын табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суйиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады.

Ебі желі - Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан Эбі -Нұр көлі қазаңшұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жоңғар қақпасы - ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 км болатын, ең тар жері - 10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10 C жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.

Шілік желі - Іле арнасы бойымен соғатын күшті жел. Жылд. 20 м/с-тан 60 м/с-қа дейін жетеді. Тау мұздықтары үстіндегі салқын ауа массасының үнемі Іле аңғарымен шығыстан батысқа қарай ойысуына байланысты қалыптасады. Сібір антициклоны Іле өңірі үстінен өткен кезде ең күшті деңгейіне жетеді.

Сайқан желі - Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/с. Алакөл ойысында температура 30-37°С-қадейін төмендейді. Сайқан жоталарын қуалай соғатын жел болғандықтан, сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен көкек айлары аралығында күшті соғып, көктем мен күзде бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Тигізер зияны көп. Сайқан желі уақыты 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып әкетеді, топырақты құрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.

Қордай желі Жетіжол мен Кіндіктас жоталары аралығындағы Қордай асуынан соғады. Солтүстіктен суық ауа массасының тау аңғарына енуінен пайда болады. Асудың орналасуына байланысты күшті желдің 93%-ы солтүстік-шығыстан соғады. Әр айда 2 - 4 күн, кей жылдары 10 - 15 күнге созылатын желді бұрқасын борайды. Мұзбел ауданындағы (бұрынғы Қордай кенті) метеостанса маңында ақпандағы желдің орташа жылдамдығы 7 м/с-қа жетеді. Бұл айда орта есеппен 8 күн күшті (15 м/с, онан да артық) жел соғады. Көктемдегі және жаздағы желдің жылдамдығы 5 - 7 м/с. Кейбір деректер бойынша Қордай желінің ең жоғарғы жылдамдығы жазда 28 м/с-қа, көктем және күзде 34, қыста 40 м/с-қа жетеді. Бір жыл ішінде орта есеппен 55 күн күшті жел соғатыны анықталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері және күрес шаралары
Алматы және Астана қалаларының жел режимі
Қарлы боран мерзіміндегі жел жылдамдығы
Алматы және Астана қалаларының жел режимі жайлы
Агрометеорология
Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Төтенше жағдайлардың топтастырылуы
Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар
Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz