Мәңгілік тоң

Мәңгілік тоң
Мәңгілік тоң
- жаһандық құбылыс, ол жер шарының шамамен 25% құрайды, яғни 35 млн шаршы шақырым алады.
Тараған аймақтары - Аляска, Канада, Еуропа, Азияның солтүстігі, Арктикалық мұхит аралдары, Антарктика. Мәңгілік тоң мүлдем кездеспейтін жалғыз материк - Австралия. Африкада мәңгілік тоң тек таулы жерлерде кездеседі.
Ресейде оның аумағының 60-65% -ы (11 млн. км 2 ) үзіліс алаңы болып табылады. Бұл Шығыс Сібір мен Забайкальяда кеңінен таратылады. Ресейдегі мәңгілік тоң қабаттары соңғы мұздық дәуірден бері сақталған, ал енді ол қабаттар баяу еруде.
Жалпы атауы - «мәңгілік тоң», «көпжылдық тоң» терминін негізінен Санкт-Петербург географиялық ғылыми мектебі пайдаланылады.
Мәңгі тоң - көпжылдық тоң; үш түрлі шартты түсінікпен анықталатын термин:
- жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі таужыныстардың 0°С-тан төмен температурадағы тоңға айналу құбылысы;
- таужыныстардың ұзақ уақыттар бойы ерімейтін (жібімейтін) қабаты;
- бойындағы ылғалы тоңға айналып, берік шегенделген тау жыныстар.
Мәңгілік тоң қалындығы бірнеше метрден 600-700 м-ге дейін жетеді. М. т. бүкіл Сібірді қамтумен бірге, биік тау бастарында (Тянь-Шань, Памир және т. б. ) да таралған. Ол табиғаттың барлық құрамдарының сипатына ықпалын тигізеді, яғни мәңгілік тоң таралған аумақтарда ерекше жер бедері түзіледі (шұқанақтар, батпақты ойыстар, өзегі мұздаң тұратын төбешіктер жене т. б. ) ; топырақ түзілу процесі баяу жүреді; ағаш, өсімдік түрлері тамырын тереңге жая алмайтындықтан, орман-тоғай сирек өседі және т. б. Мәңгі тоңның тигізетін әсері түрлі құрылыстарда, жол салуда, пайдалы қазбалар өндіруде, егін егуде есепке алынып отырады.
Мәңгілік тоң терминін ғылымға 1927 жылы тоң зерттеуші Ресей ғалымы М. И. Сумгин (1873 - 1942) енгізген. М. И. Сумгин анықтамасы бойынша мәңгілік тоң деп, күндізгі бетте кейбір тереңдікте орналасқан, үзіліссіз ұзақ уақытқа (екі жылдан оңдаған мыңжылдыққа) дейін созылатын грунт горизонтын атайды. Бұл анықтама грунттың температуралық жағдайына ғана негізделген, онда су бар ма, әлде жоқ па, мұзбен тығыз цементтелген бе және т. б. тәуелсіз. Мұндай анықтама мәңгілік тоңның міндетті түрде бұрыс тепмератураға ие болатын қандай да бір қалыңдықты көрсетеді, бірақ бірдей физикалық жағдай мен морфологиялық белгілер міндетті емес. Шынында да қазіргі кезде, мысалы мәңгілік тоң арасынан «құрғақ» тоң деп аталатын (грунт бұрыс температураға ие болғанда, борпылдақ не тығыз массамен түсіндіріледі) жағдайлар да табылған және «қатпарлы» (қатпарлар грунт қатпарларымен кезектесіп отырады) . Грунттың жазық тоң қалыңдығында мұздың қалың тақтасын немесе грунттың бір текті тоң массасында ұсақ мұзды кристалдарды және т. б. көруге болады.
Мәңгілік тоң тараған климат облыстары біресе кеңейеді, жылыдан суыққа және керісінше климаттың өзгеруіне байланысты біресе тарылып отырды. Барлық жағдайларда мәңгілік тоңның құрылуы материктік мұздықтардың қалыптасуына себебін тигізді.
Мәңгілік тоңның кең дамығанын өткен кездердің бірнеше фактілері көрсетеді, мысалы мамонт өліктерінің азғындалмағанының және басқа да өліп қалған жануарлардың сақталуы. Перигляциалды облыстардың бұрынғы мұздықтарының мәңгілік тоңының ізі шөгінді түзілімінің (криотурбация) әр түрлі бұзылулары болып табылады.
Плейстоцен мәңгілік тоңының климат облысы көптеген белгілерде қазіргіге тең дейді. Ол өзіне мәңгілік тоңмен тундралы аудандардың климатын (суық арктикалық және субарктикалық), мәңгілік тоңмен тайга климатын (бореалды) мәңгілік тоңмен оңтүстік аудандардың климатын енгізеді. Бірінші жағдайда климатмәңгілік тоңның криолитозонда жаппай дамуына және грунттардың терең қатуына, екіншісінде және үшіншісінде - мәңгілік тоң табиғи факторлар кешенімен тығыз байланыста қалыптасады.
Мәңгілік тоң облысының қазіргі климатына сипатты: суық уақыттың жылыға тез ауысуы (қыс 7-ден 9 айға дейін) ; шөгінділердің орташа жылдық саны (200 - 250мм), жазда - максимумы, қыста - минимумы түседі; сондықтан бұл аймақтың көп бөлігіне аз өар тән. Қыс төмен температурамен (30-54 нөлден төмен), әсіресе Шығыс Сібірде ерекшеленеді. А. А. Григорьевтің (1946) санауы бойынша тундралық аймақтың солтүстік бөлігінде эффективті күндік радиацияның жылдық түсетін саны субтропикке қарағанда екі есе аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz