Топырақты өңдеу
Кіріспе
Орман көшетжайы өңделген жерге көшеттерді өсіретін мамандандырылған кәсіпорын немесе оның бөлігі. Көшет материалын өсіру мақсаты - екпе орман, қорғаныш орман жолақтары, елді мекендерді көгалдандыру және бақ отырғызу үшін жүргізіледі.Атқару міндеттеріне, көлеміне және жұмыс істеу кезеңіне байланысты көшетжайлар бірнеше типке бөлінеді. Орман көшетжайлар атқару міндеттері және жұмыс істеу кезеңіне байланысты уақытша және тұрақты болады.Уақытша орман көшетжайы - бес жыл уақытқа дейін жұмыс істейді, негізінде жасанды орман көлемдердің жанында орналастырады. Айтылған көшетжайлар вахталы ауылдарда, транспорт жолдары сирек аумақтарда және көктем кезінде тұрақты көшетжайлардан көшеттер жеткізу мүмкіндігі болмайтын жағдайларда ұымдастырады.
Тұрақты орман көшетжайлар - ұзақ уақытқа жыл сайын көшеттер өсіру үшін пайдаланады.
Көшетжай орналасқан көлемі бойынша олар бөлінеді:
1. Ұсақ - көлемі гектардан аспаса
2. Орташа - 5-25 га
3. Ірі - 25 га-дан асатын
Қазақстан орман шаруашылығында негізінде орташа және ұсақ тұрақты көшетжайлар пайдаланады. Тұрақты жұмысшы кадрлармен толық қамтамасыз етілуі аса қиынға түседі және механизмдер пайдаланады. Айтылған көшетжайларда прогрессивті агротехникаларды енгізу және тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану қолайлы.
Уақытша ұсақ көшетжайлар, шөл далаларда шоғырланып кесілген сексеуілдерді тез ормандату үшін ұйымдастырылады. Кей уақыттарда уақытша ұсақ көшетжайларды таулы жерлерде қолданады. Бірақ та, осы айтылған жағдайларда тұрақты орман көшетжайлар ұйымдастырған жөн.
Көшеттердің барлық түрлері екі топқа бөлінеді: тұқымдық немесе тұқымнан өсірілген және көшеттердің екі тобы да тамыр жүйелері ашық немесе жабық болып бөлінеді, ал кейбір көшеттер тамырсыз болады. Егер көшеттерді көшіріп отырған кезде олардың тамыр жүйелері топырақтан босатылса, онда осы көшеттер ашық тамыр жүйелі деп аталады. Егер көшеттер полиэтиленді пакетте немесе басқа ыдыстарда өсірілген болса, топырағымен бірге отырғызылса, көшеттерді жабық тамыр жүйелері деп атайды. Тамырсыз көшеттерге - дің, өркен, тамырлардың кесінділері жатады, айтылған кесінділердің тамырлары отырғызылғаннан кейін пайда болады.
Көшеттердің негізгі түрлері - сеппе, тікпе, шыбық, жабайы шыбық, түбір шыбық, гейстер олардың тамыр жүйелері ашық деп саналады; ал брикет, контейнер және блокты контейнерлі көшеттер жабық тамыр жүйелері деп саналады.
Жабайы шыбық - орманда табиғи жағдайда тұқымнан жаратылған, бес жасқа дейін ағаш немесе бұта өсімдіктері. Орманда жиналған жабайы шыбық көшеттердің сапасы негізінде нашар болады, олар көлеңкеде өсіп тамыр жүйелері толық дамымаған, басқа жерге отырғызу үшін көшірілген кезде нашар жерсінеді. Қазақстанда жабайы шыбықтармен екпе орман отырғызу жұмыстары өте сирек қолданады, кейбір тұқымнан нашар шығатын терек ағаш түрлерін көбейту үшін пайдаланады.
Сеппелер - көшетжайда тұқымнан бір жерге өісірілген көшеттер. Олар 1-2 сирек 3-5 жыл өсіріледі. Екпе орман отырғызу үшін жиі қолданатын көшеттер және оларды көшетжайдың мектеп бөліміне қайта отырғызып тікпе шыбықтар өсіреді.
Тікпелер - ірі көшеттер, көшетжайдың мамандандырылған тікпе бөлігінде сеппеден өсіріледі. Олар негізінде елді-мекендерді көгалдандыру, бақ отырғызу, сирек жағдайларда екпе орман тігу жұмыстарына қолданады. Тікпе шыбықтар биологиялық және өз жасы бойынша айыру керек, биологиялық жасы тұқымнан шыққан уақыттан саналады, ал өз жасы сеппе шыбықтарды мектеп бөлігіне отырғызғаннан кейін саналады. Тікпе шыбықтардың - тамыр жүйелері дамыған, діңімен және желтіктері толық жетілуі тиіс.
Қазақстанның кейбір көшетжайда (Орман көшетжайы АҚ) тікпе шыбық ретінде, ірі сепеп шыбықтар пайдаланады, оларды себілген көлемде сиретіп сол жерде мектеп бөліміне көшірмей өсіреді. Түбір шыбықтар ағаш діңдері тамыр жиегінен биіктеу кесілген түбірлерден пайда болған көшеттер. Егер көшеттер аса өсіп кетсе, басқа жерге көшгіріп отырғызған кезде тамыр жүйелері, ірі діңдерді және желектерді нәрді заттармен толық қамтамасыздандырмайды. Сондықтан айтылған жағдайда аса өсіп кететін көшеттердің діңдерін кесіп, түбір шыбықтар өсіреді. Негізінде түбір шыбықтар, түбір порасы пайда болатын жапырақты ағаш түрлерінен өсіріледі.
Питомник орналасатын ауданның табиғи жағдайы
1.1 Жер бедері
Аудан жерінің көпшілік бөлігін жазықтық және қазаншұңқырлы-көлді өңір алып жатыр. Аудан аумағы оңтүстік-батысында Торғай Үстіртімен (абсолют биіктігі -- 250 м), шығысында Торғай қолатымен (абсолют биіктігі -- 103 - 115 м) шектеседі.Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физикалық-географиялық белдеулерден тұрады:батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400 м);солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м) оңтүстік бөлігін;оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м);қиыр оңтүстік-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды.Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңісетене келіп, солтүстігінде Золотая сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңтүстік жағында жекелеген шоқылар (Жетіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі.Батыс Сібір ойпатының оңтүстігін көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алыпжатыр.Облыстың оңтүстігіндегі Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мол Солтүстік Торғай жазығы (Құсмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімделген Торғай үстіртінің орта бөлігін қамтыған. Мұндағы суайрықтарда Қарғалытау (310 м), Теке (262 м), Қызбелтау (219 м) және Сарыадыр (360 м) төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік-батысында Қоңыртау таулары орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңтүстік Торғай жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерімен тілімделген.Облыс аумағының бір ерекшелігі - оның қиыр оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы 700 км Торғай қолаты жатыр.Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы 397 м), Көкшетау (478 м, Қайыңдышоқы (569 м), т.б. көптеген тау шоқылары кездеседі.Ұлы Жыланшық пен Қараторғай өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр.[2]
1.2 Ауа-райы
Климаты шұғыл континенттік -- қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айындағы орташа температурасы -- 18 - 19°С, шілдеде -- 21 - 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -- 260 - 280 мм.
Облыс климаты тым континеттік.Қысысуық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -18-19°С, оңтүстігінде -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады.Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді.Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады.Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 мс-тан, оңтүстігінде 5-6 мс-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.[3]
1.3 Топырағы
Топырағы қара, қара қызғылт, қоңыр, құмдақ болып келеді. Селеу, көкпек, жусан, т.б. шөп өседі. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар.Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан:солтүстік жағын қара топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр;қара және қоңыр қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы.Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған.Қостанай облысының солтүстік жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 жылы мемлекеттік қорық (Наурызым қорығы) ұйымдастырылған.[3]
1.4 Су ресурстары
Жер беті суларын ауданның Солтүстік-батыс бөлігі мен Торғай қолатындағы көлдер, Обаған өзенінің жоғарғы салалары, Шилі өзені құрайды. Көлдері: Құсмұрын, Шилі, Қарасор, Аласор, Сұлукөл, Шұбанкөл, т.б. Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлыжыланшық өзенінің алабына жатады. Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер - Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды бастауларынан Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан ағады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға,Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен. Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды т.б.) алады. Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзен алабынан бастау алатын Ұлыжыланшық өзені Жақсы, Ақкөлге құяды.
Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұщы көлдер солтүстік Торғай жағында Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында - Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз т.б. өлдер бар. Облыстың солтүстік шығысында - Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта т.б. көлдер бар. Солтүстік батысында - Шұбаркөл, Сасықөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған т.б. көлдер орналасқан. Торғай жазығында - Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен Тентексор көлдері. Сыпсыңағаш қолатында - Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл т.б. және оңтүстігінде - Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Алакөл т.б. орналасқан. Кейбір тұзды өлдердің - Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор т.б. емді және урорттық маңызы бар. Тобыл мен оның салаларында көптеген бөгендер мен суару жүйелері салынған. Олар Тобыл өзені мен оның салаларында жайыла Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өзенінде Албарбөкет суару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзеніндегі Көлдетік суару жүйесі т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерлерінде бар. Олар мезо-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.[1]
1.5 Өсімдіктер жамылғысы
Өсімдіктері әртүрлі шөптердің далалық түрлерімен және әсіресе солтүстік бөлігінде соған сәйкес жер бедерімен ерекшеленеді. Облыс көлеміндегі орман алқаптарының көлемі- 274,1 мың гектарды, орманмен жабылған-215,1 гектарды құрайды. Жануарлар әлемі 334 түрмен көрсетілген, оның ішінде сүт қоректілердің 44 түрі, құстардың 261-түрі, су қоймаларында балықтың 23 түрі мекендейді.Аймақта 107 аң аулау шаруашылықтары бар.Облыс көлемінде 354,4 мың га ерекше қорғалатын табиғат аймақтары бар, оған Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) тапсырыс пен 9 мемлекеттік табиғи ескерткіштер жатады.Орманды жерлері негізінен әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 жылы мемлекеттік қорық (Наурызым қорығы) ұйымдастырылған.[1,2]
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Көшетжайдың өндірістік қуатын есептеу
Көшетжай жобалаудың жоспарлы тапсырмасындағы өндірістік қуатында жыл сайын өсірілетін көшет материалының барлық түрлерінің саны берілді. Бұл сан жобалау кезінде нақтыланып, көшетжай ауданын есептеу жүргізілді.
Көшетжайдың жалпы ауданы пайдалы (көшет материалын өсіруге арналған) және қосымша (көшетжайдың жұмыстарын ыңғайлы атқаруға және ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін арналған) ауданнан тұрады.
Пайдалы аудан - көшетжайдың барлық өндірістік бөлімдері, яғни көшет материалы өсірілетін өндіруші аудан, және парлар.
Тапсырма бойынша көшетжайды жобалауда қарастырылған келесі өсірілетін өнімдер:
Кәдімгі қарағай 575 мың дана
Тал 432 мың дана
Шаған 432 мың дана
Көшетжай 4 бөлімнен тұрады: Сеппе, Тікпе, Аналық, Шаруашылық бөлімнен тұрады.
* Сеппе бөлімі -11,55
* Тікпе бөлімі - 8,8
* Аналық бөлім - 0,57
* Шаруашылық бөлім - 0,41
Кесте - 1 - Сеппе бөлімінің пайдалы аумағын есептеу
Ағаш түрінің атауы
Сеппелердің жылдық шығарылуы, мың. дана
Сеппелердің есептік шығарылуы, 1 га, мың дана
Жылдық себудің ауданы
Өсіру жыл саны
Өндіруші аудан
Пайдаға асыру үшің
Мектеп бөліміне
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
Қарағай
575000
-
575000
1000000
0,57
2
1,14
Тал
432000
-
432000
450000
0,96
2
1,92
Шаған
432000
-
432000
450000
1,08
1
1,08
Барлығы
1439000
-
1439000
-
2,61
-
5,35
Кесте 1. Жеке тапсырма бойынша кестенің 1-4 бағандары толтырылады. 1 га-дан сеппелердің есептік шығарылуы белгілі жағдайлар үшін бекітілген шығу нормасынан алынады (5 баған). Жылдық себудің ауданын анықтау үшін (6 баған) питомниктегі сеппелердің жылдық шығарылу санын (4баған) сеппелердің есептік шығарылу санын бөлеміз (5 баған). Менің көшетжайымда: 5751000=0,57 га. Сеппелердің 1 га-дан есептік шығарылу саны мен өсіру жыл саны (7 баған) қосымша 1-2 көрсетілген, өндіруші аудан (8 баған) табу үшін жылдық себудің ауданын (6 баған) өсіру жыл санына (7 баған) көбейтеміз 0,57га · 2 жыл =1,14 га. Жыл сайын барлық ағаш түрін себу үшін жалпы және өндіруші аудан менің көшетжайымда 4,14 га-ды құрады.
Талдау :
1. 5,35га аланды алып жатыр
2. Сеппе бөлімінде 2 жылдық қарағай, тал (1 жылдық шаған ағашы).Пайдаға асыру үшін қарағай 575000,тал 432000, шаған 432000 дана алынды. Барлығы 1439000 дана. Берілген мемлекеттік стандарт бойынша 1000000 дана Солтүстік Қазақстан бойынша. Жылдық себу ауданы 0,57, көшетжайда өсіру жыл саны 2 өғдіруші аудан 1,14 га кәдімгі қарағай үшін жеткілікті.
Кесте 2 - Тікпе бөлімінің пайдалы аумағын есептеу
Ағаш түрінің атауы және көшет материалының түрі
Жыл сайын шығарылатын өнім, мың дана
Өсіру жыл саны
Орналастыру, метр
1 өсімдіктің алатын қоректік ауданы м2
1 га отырғызу саны, мың дана
Жарамсыз қосымша көшеттер
1 га - дан өнімнің есептік шығарылуы, мың дана
Жыл сайын отырғызу үшін қажетті аудан
Өндіруші, га
Жыл сайын отырғызу үшін сеппелер қажеттілігі
%
1га-да мың дана
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Қарағай
44,0
3
1х0,5
0,5
20,0
15,0
3,0
17,0
2,59
7,76
51,8
Талдау:
Тікпе бөлімінің пайдалы ауданың есептеу үшін Қала манында жаңадан салынған мектеп аланың көгалдандыру мақсатында 40000 дана тапсырыс алынды. Оның 10% қосымша есептелініп қосылды. Жалпы 44000 дана жыл сайын шығарылатын өнім. Ағаш түрінің биологиялық ерекшеліктері, өсіру мерзімі, отырғызу және күту жұмыстары кезінде механикаларды максималды қолдану мүмкіншілігі ескеріледі және анықтамалық әдебиет бойынша анықталды. . Бір өсімдіктің қоректік ауданы (5 баған) қабылданған орналастыру бойынша отырғызу орны есептелінеді. Тікпе көшет үшін қатар арасы 1 м және қатар іші 0,5 м, әрбір өсімдік үшін 0,5м² (1 м · 0,5 м = 0,5 м²). 1 га отырғызу орын санын (6 баған) анықтау үшін ауданды (1 га немесе 10000 м²) қоректік ауданға бөлеміз. Мысалы: 10000 м² : 0,5м² =20000 дана 1 га өсімдік отырғызылады.Жарамсыз қосымша көшеттер әдетте тікпелер үшін 15-20%, тамырланған кесінділер үшін - 10-15% (7 баған). Сондықтан №3 ағаш түрі үшін жарамсыз қосымша көшеттер (8 баған) 20 мың дана х 15% : 100% = 3 мың дана, ал 1 га-дан стандартты көшеттердің есептік шығарылуы өсіру соңына қарай: 20 мың дана - 3 мың дана = 17 мың дана 1 га (9 баған).Жыл сайын отырғызу үшін қажетті аудан табу үшін: 44 мың дана (2 баған) : 17 мың данага (9 баған) = 2,59 га (10 баған).Жыл сайын үздіксіз жоспарлы шығымды қамтамасыз ету үшін,тікпе бөлімдегі өндіруші аудан - 7,76 га құрау керек: 2,59 га (10 баған) · 3 өсіру жылы (3 баған) = 7,76 га(11 баған). Тікпе бөліміне жыл сайын отырғызу үшін сеппелер қажеттілігі: 20 мың дана (6 баған) · 2,59 га (10 баған) = 51,8 мың дана.
Кесте 3 - Аналық - кесінді плантациясының өндірістік қуаты

Жыл сайын шығарылатын кесінділер, мың дана
Плантацияда түптерді орналастыру, м
Бір түптің алатын қоректік ауданы, м2
1га плантациядағы түптер саны,мың дана
Кесінділердің есептік шығарылуы
Жыл сайын кесілетін аудан, га
Пайдаға асыру үшін
Тікпе бөлімге отырғызу үшін
барлығы
1 түптен, дана
1 га - дан, мың дана
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Терек
2,4
51,8
54,2
2х0,9
1,8
5,5
25
137,5
0,39
Кесте 3. берілген кестеде аналық плантацияның өндірістік қуаты келтірілген. 1 және 2 бағандар тапсырма бойынша толтырылады. 3 бағанға тамырланбаған кесінділердің отырғызу үшін қажет саны толтырылады ( 2 кестедегі қорытынды мәліметтері 12 баған). 4 бағанда жыл сайын шығарылатын кесінділердің суммасы көрсетіледі (2 + 3 бағандар). 5-9 бағандар аналық плантацияда кесінді шыбықтар дайындалатын аудан (10 баған) анықтау үшін қажет. Плантацияда түптерді орналстыру (5 баған) ағаш түрінің биологиялық ерекшеліктере, плантацияны қолдану мерзіміне, қызмет көрсету ыңғайлығына және топырақ-климаттық жағдайлары негізінде жүргізіледі. Әдетте қатар арасы 0,75-2 м, қатар іші 0,5-1,0 м дейін таңдалады. Өсімдіктерді тиімді орналастыру үшін орналастыру схемасы 2х0,9 және бір түптің қоректік аудан - 1,8 м² (6 баған), плантацияның 1 га түп саны: 10000 м² : 1,8 м² = 5,5 мың дана (7 баған). Плантацияның 1 га кесінділердің есептік шығымын (9 баған) 7 бағанды 8 бағанға көбейтеміз. Курстық жоба үшін №5 ағаш түрінің тамырланбаған кесінділер 1 түптен шамамен 15-25 дана. Жыл сайын шыбық кесу ауданын анықтау үшін барлық жыл сайын шығарылатын кесінділерді (4 баған) 1 га-дан есептік шығымын (9 баған) бөлеміз. Мысалы: 54,2 мың дана : 137,5 мың дана ≈0,39 га.
2.2. Көшетжайдың барлық пайдалы ауданын есептеу
Көшетжайдың пайдалы ауданы өндірістік бөлімдерден - сеппе, тікпе, аналық плантация, кесінділерді тамырландыру бөлімдерінен және т.б парлы танаптардан тұрады. Ауыспалы егіс таңдағанда көшет материалын аз ауданда өсіретін схема таңдалды. Сондай-ақ пар, шөптесін, ауыл шаруашылық дақылдар алатын танаптардың көлемі пайдалы ауданның 50%-дан артық болмауы тиіс. Ауыспалы егістер жай немес шөпті болады. Саны бойынша ауыспалы егістер 3- 4-тен бастан 10-12 танапты болауы мүмкін. Бір танаптың көлемі өндіруші ауданың бөліндісі арқылы (кесте 1 және 2) таңдалған ауыспалы егіс схемасында өсірілетін өнімдер танап бойынша анықталады Барлық пайдалы аудан пайдалы ауданның барлық өндіруші аудандарын қосқандағы суммасы болып табылады.
Барлық пайдалы аудан пайдалы ауданның барлық өндіруші аудандарын қосқандағы суммасы болып табылады.
Біздің мысалымызда пайдалы аудан:
Сеппе бөлім - 11,55 га,
Тікпе көшеттер және тікпе кесінділер - 8,8 га.
Аналық плантация ауданы - 0,57 га.
Барлық пайдалы аудан - 20,92 га.
Бұл мәліметтер 4 - ші кестеде көрсетілген.
2.3 Көшетжайдың қосымша ауданын есептеу
Қосымша ауданға мыналар жатады:
* Барлық жолдар ауданы (магистралды, танап аралық);
* Қорғаныш орман жорлақтары, жасыл, т.б. қоршаулар;
* Көшетжайдың шаруашылық учаскесі;
Көшетжайдың қосымша ауданын есептеу:
Көшетжайдың ұзындығы 800 метр, енінің ұзындығы 261 метр. Магистральді жол ені 10 метр, көшетжай сыртындағы айналмалы жолдың ені 10 метр, қорғаныш орман жолағы қатар арасы 3 метр 3 қатарлы, танап аралық жолдардың ені 3метр.
Көшетжайдың сыртында айналмалы жолдың ауданын есептеу (А):
А = (800+261)*10*2=21220 м²;
Магистральді жол ауданы (В):
В = 800*10= 8000 м²;
Танап аралық жолдардың ауданын есептеу (С):
С = 131*3*6=2358 м²;
C = 130*3*3=1170 м²;
Барлық жолдардың ауданы:
21220+8000+2358+1170=32748 м²= 3,2 га.
Қорғаныш орман жолақтарының ауданын есептеу:
(800+261)*15*3= 47745 м²= 4,7 га.
Шаруашылық бөлімнің ауданы:
20,92 - 100 %
X - 2%
X=20,92*2%100%=0,41га.
Кесте-4.Питомниктің жалпы ауданың пайдалану бойынша бөлу
Аудан атауы
Аудан
га
%
Сеппе бөлім, барлығы
11,55
39,51
1
Оның ішінде: пар
сеппелер
3,3
8,25
28,57
71,43
Тікпе көшеттер
8,8
30,10
2
Оның ішінде:пар
тікпелер
2,2
6,6
25
75
Аналық-кесінді плантация
0,57
1,95
Барлық пайдалы аудан
20,92
3
Қосымша аудан
Шаруашылық учаске
0,41
1,40
Жолдар
3,2
10,97
Қорғаныш орман жолағы
4,7
16,07
Барлық қосымша аудан
8,31
Көшетжайдың жалпы ауданы
29,23
100
Көшетжай территориясын ұйымдастыру
Ауданын ең тиімді пайдалануына және механикалық жұмыстарды максималды қамтамасыз етуіне қарай әртүрлі шаруашылық маңызы бар орман көшетжайы әдетте тік төрт бұрыш пішінде болады.
Отырғызу материалының түрі, жасы мен 1 га-дан шығарылатын жоспарлы нормаларын есепке ала отырып сеппелер немесе тікпелердің жыл сайын қажеттілігінің негізінде өсіру ауданын келесідей формуламен анықтайды:
S= (N A q) n q1
мұнда N - жыл сайын шығарылатын отырғызу материалы, мың дана;
A - сеппелердің немесе тікпелердің жасы, жыл;
q - ауыспалы егісте қабылданған танаптардың жалпы саны;
n - өндіруші ауданның 1 га-нан жоспарлы шығатын отырғызу материалы, мың, дана;
q1 - сеппелер немесе тікпелер орналасқан танаптар саны.
S= (1439 * 2 * 7) 1900 5 = 2,12 га
Бөлімнің өндіруші ауданы ағаш түрлері бойынша аудандардың суммасымен анықталады. Өндіруші аудандардың жиынтығы питомниктің жалпы өндіруші ауданын көресетеді.
Өндірістік бөлімдердің танаптарын орналастыру және көлемдері
Бөлімдерді топографиялық, топырақ және гидрологиялық жағдайлары бойынша территорияның тиімді пайдалануын есепке ала отырып орналастырады.
Сеппе бөлімі үшін жер бедері тегіс, құнарлығы жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл топырақтарда учаскелер бөлінеді.
Терек және тал, жидекті бұталардың плантациялары үшін ылғалды (төмендетілген) учаскелер бөлінеді.
Территорияны ұйымдастыру кезінде машина мен механикаларды тиімді пайдалануы қарастырылады, сондықтан ұсақ питомниктерде танаптардың ұзындығы 50-100 м, орташада - 150-200, ірілерде - 300-500 м .
Көшетжайдың жобалы ұйымдастыру жоспары бөлу сызбасында көрсетіледі.
Шаруашылық учаске және құрылыстар
Шаруашылық учаске (компостты және көму учаскелері) қосымша ауданның шамамен 1 % алады және отырғызу материалын өсіру үшін жарамсыз топырақтарда орналастырылады. Ірі питомниктерде кеңсе, қарауыл үшін тұрғын үй, қоймалар, аулалық құрылыстар жоспарлауы мүмкін, құрылыстың қажеттілігі негізді болуы тиіс. Көшет материалын көму, қалқандар мен көшет жабындылау үшін материалдарды сақтау үшін орын бөлінеді.
Жол торабы
Жолдар қосымша ауданның шамамен 10% алады. Жолдар питомниктегі барлық бөлімдерге кіру, машиналар мен агрегаттардың айналуды қамтамасыз етеді. Айналмалы және магистралды жолдар ені 10 м, қосымша жолдар (кварталдар немесе танап аралық) ені - 3 м. Жол торабы су жүйесімен үйлесімді.
Суару жүйесі
Су жүйесі қосымша ауданның шамамен 1% алады. Сеппелерді суару - барлық орман өсу аймақтарында сеппелерді өсіруде керекті әсерлі агротехникалық әдіс. Орман тұқымбақтарында суару негізінен жаңбырлатқыш әдіспен жүргізіледі. Суарудың басқа әдісі - қарыққа шектеулі қолдануға ие болады. Суару жүйесі өсірілетін тұқымдардың биологиялық ерекшелігімен, климаттық факторымен және сеппелердің даму кезеңімен (фенологиялық кезеңі) анықталады.
Суару мөлшері (3) формула бойынша есептеледі:
М = 100НА(R - r) (3)
Мұнда, М - суару мөлшері, м3 (т)га.
Н - топырақтың су болатын тереңдігі, м.
А - топырақтың тығыздығы, кгм3.
R - егістіктегі суару алдындағы Н қабаты үшін
топырақтың ылғалдылық көлемі, co.
r - Н қалыңдығында суару алдындағы топырақ ылғалдылығы,co.
М = 100*80*3(60 - 5) = 436 м3га
Терек, ақ қайың, қараған және басқа түрлерде өте ұсақ тұқымдарды суарғанда бірінші фенологиялық кезеңде суару мөлшерін 40 - 50co-ға азайтады. Талшын топырақты, оңтүстік және кәдімгі қара топырақты салаларды суарғанда мөлшері аз дегенде 30co (400 м3га кем емес) өсіреді.
Суару санын, тұқымдардың ылғалдылық талап етуіне, орман өсу аймағына және сеппелердің даму фазасына байланысты анықталады. Ылғалдылықты талап ететін түрлер (ақ қайың, терек, қараағаш, қара сексеуіл) үшін бірінші фенологиялық кезеңде суару саны 4-тен - 5-ке дейін өседі, ал орманды аймақтарда 8 - 10-ға дейін, шөлейт және екінші және үшінші кезеңде - 2-ден 5 - 7-ге дейінгі суаруға жетеді. Қара жемісті арония, аюбадам, тобылғы, шырша, шегіршін, қарақат, шырғанақ, самырсынды қарағайлар үшін суару саны орманды аймақтарда 1-ден бастап құрғақ далалы аймақта 5 - 7-ге дейін ауытқыйды. Басқа түрлер үшін бірінші жылы 1 - 3 суару жүргізіледі. Екінші жылы екпе көшеттерді өсіргенде негізінде 2 - 3 суару жүргізеді.
Терек егістігін бірінші он күндігінде күніне 2 - 3 рет суарады, ал екінші он күндікте 2 рет, үшінші он күндікте 1 рет суарады. Суару саны сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты болады. Егер жауын - шашын түсуі 20 мм асатын болса суаруды қажет етпейді; 10 - 20 мм жауын - шашында суару мерзімін 3 - 4 күнге ауыстырады; 10 мм жауын - шашында суаруды мерзімінде жүргізеді, ал құрғақшылықта - күн сайын.
Қорғаныш орман жолақтары және қоршаулар
Көшетжайды далалы аймақтарда кептіретін желдерден қорғау үшін 5 қатарлы, ені 15 м дейін қорғаныш орман жолақтарын құрылды, қатарлар және шетінің ені 2,0-2,5 м, мысалға схемасы Б-Қт-Нт-Қт-Б (Б - бұталы өсімдік, Қт- қосымша ағаш түрі, Нт- негізі ағаш түрі). Қолайлы жағдайларда көшетжайды жабайы және үй жануарларының кіріп кетуінен қорғау үшін шекара бойынша жасыл қоршау (тікенекті бұта түрінен немесе қырқуды көтеретін, арша, сары қараған, шырғанақ, алмұрт, боз жиде ағаш түрінен) немесе металл қоршау құрады. Жасыл қоршауды екі қатарлап құрады, ені 1 м дейін, орналастыру сүлбесі 1х0,5м. Негізгі ағаш түріне - ұсақ жапырақты шегіршін, ілеспелі ағаш түрі (қосымша ағаш түрі) - татар үйеңкісі, бұта - сары қараған.
Отырғызу материалын өсіру технологиясы
Ауданды игеру кезіндегі алғашқы топырақ өңдеу
Топырақты өңдеу түрлері. Орман тұқымбағы топырақты өңдеуді бастапқы, негізгі және себу алдындағы немесе отырғызу алдындағыларға бөлуге болады.
Бастапқы өңдеу - бұл тұқымбақ территориясын алғашқы рет игергенде топырақты өңдеу. Бұндай аудандардың технологиялық өңдеуі, тұқымбаққа таңдалынып алынған участік категориясы (ағаш кексіліп кеткен жер, тыңайтылған жер, тоғайлы жер және тағы басқалар), орман өсу аймағына, топырақ түрі және өнетін өсімдікттер сипаттамасына байланысты болады.
Көбінесе тұқымбаққа алғаш кесілген және тоғайлы жерлер қолданылады. Бұл категориядағы жерлерде территорияны игеру ауданды түбірден, бұталардан және ұсақ қалған ағаштардан тазартудан басталады. Тазарту және тамырдан тазарту жұмыстары қопарғыш және бұта кескіштермен жүргізеді. Содан соң түбірлерді қазып алады, жер бетін бульдозермен тегістейді және оны жыртады. Осыдан кейін участокты бір-екі жыл қара парда ұстайды. Аудара жырту тереңдігі бірте - бірте үлкейтеді, керек мөлшерге дейін, әр өңдеген сайын терендетілу 6-8 см құрауы керек. Егістік қабатын құнарлатқанда органо-минералды тыңайтқышты міндетті түрде енгізеді (100тга). Тыңайтылған жерді меңгергенде негізгі назар топырақтың құңарлығын сақтау және арам шөптермен күресуге аударады. Бұл жағдайда топырақты шым аударғышты соқамен 25 см және одан жоғары тереңдікте, жаздың басында немесе көктемде жыртады. Сосын топырақы тырмалайды, ал келесі жазда арам шөптермен күресу мақсатында қопсытады.
Тұқымбақтағы топырақты негізгі өңдеу-ге ауыспалы егіс танаптарын өңдеу кіреді және парды өңдеу кіреді. Орман тұқымбағында топырақты негізгі өңдеудің бірнеше жүйесі қолданылады: шұбар шымшақ, қара, ерте, екпе және жасыл парлары.Шұбар шымшық топырақты сыдыра жыртудан, күзгі жыртудан және көктемгі тырмалаудан тұрады. Топырақты сыдыра жырту немесе қопсыту топырақ қабатының бетіндегі тереңдігі 4 - 7 см-де, өнімді жинап алғаннан кейін жүргізеді.Сыдыра жыртудан кейін екі аптадан соң топырақты шым аударғыш соқамен егістік қабат тереңдігінде жыртады. Жыртылған топырақты қырлы жағдайында қысқа қалдырады. Ерте көктемде ылғалдылықты сақтау және топырақ қабатының тегістеулі мақсатында көктемгі тырмалау жүргізіледі.
Қара пар жүйесіне келесі әдістер кіреді: шұбар шымшақ өңдеу, ерте көктемгі тырмалау, бірнеше жазғы қопсыту (3 - 4 рет), күзгі топырақты сыдыра жырту, көктемгі тырмалау. Шұбар шымшақ өңдеуді осы мерзімде жүргізеді: бірінші қопсыту - мамырдың үшінші кезеңінде 8 - 10 см терендікте парда қолсыту, екінші - маусымның екінші кезеңінде 10 - 12 см терендікте, үшінші - шілденің аяғында 12 - 15 см-де қопсытады. Ерте пар жүйесінде топырақты өңдеу көктемде аудара жыртумен жүргізеді, жаз бойы 3 - 4 рет қопсыту, күзгі аудара жыртусыз жырту және көктемгі тырмалау жүргізеді.Екпе пар жүйесіне сыдыра жырту, аудара жырту, тырмалау, ауыл шаруашылық дақылдары немесе көп жылдық шөптерді себу, оларды жинау, аудара жыртусыз қайта жырту, көктемгі тырмалау сияқты әдістер кіріді.
Орман тұқымбақтарында ең жие қолданылатын жасыл пар жүйесінде сыдыра жырту, аудара жырту, жасылтыңайтқыш себу, жасылтыңайтқышты жырту, қопсыту, аудара жыртусыз жырту, көктемгі жабдықтан тұрады. Жасылтыңайтқышты 12 - 15 см тереңдігінде шанақтану, гүлдеу немесе түйін құрылғанда жыртады. Топырақты 8 - 10 см тереңдігінде қопсытады.Топырақты негізгі өңдегенде жырту тереңдігі климат және орман өсу жағдайы, түрі және топырақтың құнарлау дәрежесі, участікті келесі қолдану кешендерімен анықталады. Осылай, орман, орман - далалы және далалы аймақтардың ағаш және бұта тұқымдарының құнарлы күлгін және күлгін түсті шым топырақтарында жасылтыңайтқыш себу, жекелеген учаскілерде 20 - 22 см тереңдікте жырту жүргізіледі; бұта және жидек мектептерінде екпелерді егуде қалемше және сұлатпа бұтақта - 25 - 30см; мектепте ағаш тұқымдарының екпе көшеттерін егуде - 30 - 35 см; жидек, декоративті бұталар, терек және талдар мәкіл алаңда - 35 - 40 см; мәкілде жемісті бақ - 45 - 40 см. Сұр орман топырақтарда, күлгінделген және сілтісіз қара топырақтарда өңдеу тереңдігі сәйкесінше 22 - 25; 30 - 35; 35 - 40; 40 - 45; 50 - 60см, ал құнарлы және кәдімгі қара топырақтарда - 25 - 27; 35 - 40; 40 - 45; 45 - 50 және 60 - 65см өседі. Топырақтарды өңдеуге арналған құралдар келесідей топтамамен шығарылады. Тамырды алу және ауданды тазалау үшін Д - 513А, Д - 496А қопарғышы, МП - 2А жинағыш - қопарғышы, КБГ - 2 бульдозер-артқыш - қопарғышы, КМ - 1 қопарғышы, Д - 514А, МТП - 43 бұта кескіші және тағы басқалар қолданылады. Топырақты аударып жыртуды ПЛН - 3 - 35, ПЛН - 4 - 35, ПКУ - 3 - 35 соқалары; тырмалауды БЗСС - 1,0 және БЗТС - 1,0 тісті тырмалар және тағы басқалары; қопсытуды КПС - 4 және тағы басқалары қамтамасыз етеді. Егу алдында топырақты дайындауда әр түрлі тереңдіктегі қопсытқыш, тырмалар қолданылады.
Ауыспалы егістер
Ауыспалы егіс. Әр нақты жағдайда орман тұқымбақтары үшін ауыспалы егісті белгілеген кезде шаруашылық қажеттілігі мен ауданның табиғи жағдайлары (климат, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, оның арамшөптенуі, ылағлдылығы т.б) Тұрақты орман тұқымбақтарының себу бөлімшелерінде екі жылдық екпе көшеттерін өсіру үшін төмендегідей ауыспалы егіс түрлері ұсынылады:З танаптық- 1 танап-таза тыңыайтқыш енгізілген немесе сидеральды сүрі жер, 2 танап - бір жылдық екпе көшеттер, 3 танап - бір - екі жылдық екпе көшеттер, 4 танап - сидеральды сүрі жер (тыңайтқыш енгізілген) 5 танап - бір жылдық екпе көшеттер, 6 танап - бір-екі жылдық екпе көшеттер. Орман екпелік жұмыстар үшін тікпе көшеттер 2-4 жыл өсіріледі, ал көгалдандыру үшін - ұзақ уақыт өсіріледі. Қалемшелі көшет бөлімшелеріндегі ауыспалы егіс танаптарының жалпы саны тікпе көшеттер өсіру мерзіміне байланысты анықталады. Бұл тікпе көшеттер органикалық минералды тыңайтқыштар енгізілген таза және сидеральды танапта қоса өсіріледі. Қылқан жапырақты тұқымдылар үшін 3-5 танаптық, ал қалемшелі көшеттер бөлімшелері үшін 3-4 танаптық ауыспалы егіс танаптары қолданылады.
Сеппе, тікпе және тамырланған кесінділер үшін ауыспалы егістердің негізделген сүлбесі таңдалады (төрт танапты, бес танапты, алты танапты, жеті танапты, сегіз танапты) және ротациялық және өткізгіш кесте келтіріледі (5 және 6 кестелер).
Кесте 5 - Ауыспалы егіс схемасы
Жыл
1 танап
2 танап
3 танап
4 танап
5 танап
6 танап
7 танап
1
Кәдімгі қарағай 1 ж.
Кәдімгі қарағай 2 ж.
Таза пар
Тал 1 ж
Тал2 ж
Шаған 1 ж
Таза пар
2
Кәдімгі қарағай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz