Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ: I БӨЛІМ
:
: 1
КІРІСПЕ: Өндірістік мекеме орналасқан жерге сипаттама:
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының даму тарихы
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Наурызым қорығы аумағының физико-географиялық сипаттамасы
:
: 1. 2. 1
КІРІСПЕ: Наурызым қорығының климаттық жағдайы
:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Наурызым қорығының экологиялық - географиялық жағдайы және биоалуан түрлілігі
:
: 1. 4
КІРІСПЕ: Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы
:
: 1. 5
КІРІСПЕ: Наурызым қорығы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар.
:
:
КІРІСПЕ: II БӨЛІМ
:
:
КІРІСПЕ: Жеке тапсырма
:
: 2
КІРІСПЕ: Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану.
:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Наурызым қорығының экологиялық соқпақтар
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Экологиялық саяхаттар және танымдық туризм
:
: 2. 3
КІРІСПЕ: Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары
:
: 2. 3. 1
КІРІСПЕ: Экологиялық білім беру қызметі
:
: 3
КІРІСПЕ: Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілетін қорғау шаралары.
:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Құқық бұзушылықты профилактикалау (каз табу)
:
: 3. 2
КІРІСПЕ: Өртке қарсы іс-шараларды жүргізу арқылы өрттерден қорық күзет аумағындағы қорғауды нығайту
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі :Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі -қорықтар ұймдастыру. Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы, ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар сақталады. Мемлекеттік табиғи қорық қоры-қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекрецияға арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Жұмыстың басты мақсаты : Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын, мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорықжұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы- 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндеті.

Қорықтарды-адам қолы тимеген, жабайы табиғат үлгісі-табиғи лаборотория деп те атауға болады. Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру

1 БӨЛІМ

Өндірістік мекеме орналасқан жерге сипаттама:

1. 1 «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының» - даму тарихы

Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі - Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. Наурызым қорығы РСФКР Халық Комиссарлары кеңесінің 1931 ж №826 Қаулысымен құрылып, Қазақ орталық атқару Комитеті мен Қазақ АКСР халық комиссарлар Кеңесінің 1934ж 9 қыркүйегіндегі алқасында бекітілді. Пәрменді заңнамаларға сәйкес Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ұлттық және халықаралық маңыздағы жоғары дәрежелі ерекше қорғаудағы аймаққа жатады, жергілікті өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорын сақтауға және биологиялық алуантүрліліктің бірыңғай теңдесіз экологиялық жүйесін зерттеуге бағытталған. «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» ММ-ҚР-ң ұлттық мұрасы болып саналатын ерекше экологиялық және ғылыми маңыздылығы бар қоршаған нысандары орналасқан ерекше табиғи аумақ. Қорық табиғи үрдістердің табиғи күйін және дамуын әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді өсімдіктермен жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілік және генетикалық қорын сақтау және зерттеу үшін арналған («ЕҚТА туралы» заңының 7 тарау 39 бап) . Қорық республикалық маңызды табиғатты қорғау мекемесі мәртебесіне ие. МСОП халықаралық санаты бойынша 1 а- қорғау аумағының жоғарғы санатына жатады.

НМТҚ үш участкеден тұрады:

1. Орталық Науырзым - тұщы және ащы өзендерді жағалай дәнді - дақыл шалғындары және галофитті қоғамдастықтар шығанағы, сонымен қатар, Науырзым орманы, (даланың Аққансай өзені, даланың әртүрлі типтері, әртүрлі шөптер құмды-қаулы, бұталы әртүрлі қызыл қаулы, бетегелі қау, кешенді), ойпаттың шығыс беткейінде қайың мен көктерек өскен.

2. Сыпсың жері ұсақ жапырақты тоғай, құрғақ шалғынды, әртүрлі шөп- құмды қау, қошқыл қаулы жазық, кішкене батпақты көлдер және галофитті бірлестік Қарасу өзенінің жағалауы:

3. Тірсек жері біртекті таспалы қарғайлы орман: зональды бетегелі-қаулы даланың еңістік топтары, бұталы түрлі шөпті, қызыл қаулы, бетегелі қаулы далалар және Данабике өзенінің жазықтығындағы галофитті бірлестігі және кешендері.

2007ж Науырзым көлдер құрылымы ақ тырнаның ең сирек кездесетін түрін қорғау жөнінде халықаралық тарапта Бонн конвенциясы секретариатымен сертификатталған.

2008 ж 7 шілдеде Науырзым қорығы «ЮНЕСКО халықаралық табиғи мұрасы» (Квебек қаласы Канада) тізіміне енді.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экожүйесі қайталанбас өзіндік ерекшелігі жөнінен Еуразия далалық аймақтарында теңдесі жоқ Қазақстандағы жалғыз мекен болып табылады.

2009ж Науырзым қорығы Рамсар тізіміне еңгізілді (халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аймақ)

1. 2 Наурызым қорығының экологиялық - географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі

Наурызым мемлекеттік қорығы Еуразияның ең көне қорықтарының бірі. Қорық Қостанай облысындағы Наурызым және Семиозер ауданының территориясында 1934 жылы құрылған. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Қазіргі ең басты мақсаты Солтүстік Қазақстан даласының сирек кездесетін, өзгеше табиғи кешендерді, өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтап қалу болып табылады. Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар еді. Міне, осы қорық болып аталған қырық жылдан астам уақыттың ішінде Наурызым көлдері, ормандары талай өзгерістерді бастан кешірді. 1951 жылы ол жабылып, оның базасында орман шаруашылығы құрылды. 1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп, орман-аңшылық шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 қазан айынан бастап ол қайтадан Нарызым мемлекеттік қорығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы қорықтар және аң шаруашылығы Бас басқармасының қарамағынан алынып, орман шаруашылығы мемлекеттік Комитетінің қарамағына берілді. Қазір ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына бағынады. Әрине, мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай із қалдырды, қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып, Наурызымның сирек кездесетін жасыл қарағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің суы өте төмендеп кетті. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Наурызым қорығын “Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері”номенациясы құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды. Атап өткендей, ұйымдастырылған кезде қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар болса, қазір 191, 4 мың гектар ғана, яғни үш жарым есе кеміген. Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады. Онда Терсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері бар. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5мың гектар тың жазық дала кіреді. Осы алшақ орман алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген. Сыпсың мен Терсек қарағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса, Наурызым қарағайының батыс бөлігі Бесағаш және Ақсуат маңындағы қарағайлар Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің бір-бірінен ара қашықтығы 20-дан 80 километрге дейін жетеді. Қорық аумағындағы орманды алқаптар-аңдар мен құстар тіршілік ететін, қоныстайтын және паналайтын өте қолайлы мекендер. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.

Негізі қорықтар-шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әртүрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процесстердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістер, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қорық территориясының климаты, топырағы, өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді, онымен көршілес шаруашылықа пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып, табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.

1. 3 Наурызым қорығы аумағының физико-географиялық сипаттамасы

Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпатында орналасқан. Мамандардың, ғалымдардың айтуы бойынща, бұдан 20 мың жылдай бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе, оның тастай суы “Торғай қақпасымен”жылжып Арал теңізіне құйыла берген. Ғасырлар бойы мұз терістікке шегіне берді, сонымен қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң құрғап, климаты жылына бастады. Сөйтіп, қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Әйтсе де, әлі де болса, мұз су Торғай ойпатымен ағып жатты да, ол сол маңайдағы суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіне жағдай туғызды. Ал мұз әбден еріп біткен кезде бұл тіршілік иелері құрғақ климат жағдайына бейімделе бастады. Табиғаттың қайталанбас көрінісі осылайша туды-жартылай шөлейтте Сибирь орманының аралдары сақталып қалды. Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады. Қорық аумағы үш телімнен тұрады - Науырзым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп. Қазіргі кезде Наурызым қорығының үстіңгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғары әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ су жамылғысы қалыптасады. Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Наурызым бор 10 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайың және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастыралады. Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады. Орман шыбындыққа ашық-сары түс адонистер, ал саз телімдерінде иіліп тұрған қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады. Мамыр айының басында әдемі Шренк қызғалдағы шығады, ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды. Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастырылады. Қорық аумағында Ақсуат және Сарымойын деген екі көл жүйесі бар. Осы екі көлді бөліп тұратын су бөлімі жоқ, бірақ сонғы 40 жылда осы екі көл жүйесінде су ауысу байқалмаған. Аксуат көл жүйесіне Наурызым-Қарасу өзені құяды. Өзеннің ұзындығы 100 километрден асады. Торғай ойпатының өн бойында сонау Арал теңізінен бастап тайгаға дейін созылып жатқан ірілі-ұсақты көлдер тізбегі де ғажайып сұлулық құрайды. Шөл және шөлейт ай»мақтары су құстары таптырмайтын мекен. Наурызым-Торғай көлдері жоғарыда аталған құстар ұшып өтер, ұя салар дүние жүзінде бірден-бір маңызды мекен. Орман алқабы негізінен қайыңнан тұрады. Оның шет жағасында далалы жерде өсетін бұталар кездеседі. Бұта мен ағаштардың аралықтарындағы аралдарда көбіне құм селеу немесе құм бетеге кездесетін құмды дала орналасқан. Сыпсыңның шоқ-шоқ қайың орманының көбірек бөлігі құмды ойпатының табанындағы ылғалды жерде немесе оның беткейінде кездеседі. Бұл аймақтар ақ қайыңның өсуіне өте қолайлы. Терсек қарағайлы орманы жеке-жеке шоғырланып тұрады. Бұлардың аралығындағы учаскелерде дала өсімдіктері өседі. Терсектің орманды аралдарының орталық бөлігін қолдан отырғызылған қарағайлар алып жатыр. Шоқ қарағайдың шетінде қайың, көктерек және тобылғы өседі. Ал қарағайдың неғұрлым қуаңшылық учаскесінде қына да кездеседі. Сыпсың мен Терсек орманы-орман құстары мен аңдары қоныстанатын және паналайтын қолайлы аймақ. Наурызым ормандары-тек табиғат ескерткіші ғана емес, ол бұл үшін ылғал қорын жинушы да болады. Бұл орман бүкіл аудан климатына әсер етеді.

1. 4 Наурызым қорығының климаттық жағдайы

Наурызым қорығы Торғай үстіртінің ортасында орналасқан орман сілемдері және көл жүйесі бар далалы аймақ. Қорық аумағының климатына келетін болсақ климаты шұғыл-континентті, жазы-құрғақ, ыстық, қысы керісінше суық ызғарлы болып келеді. Жазғы және қысқы, күндізгі және түнгі температуралары бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Наурызым қорығының күн радиациясының тармақ жиынтығының көлемі 100-140 ккал/см2 шамасында ауытқып отырады. Қаңтар айының орташа температурасы -18 0 С, шілде айының орташа температурасы +24, 4 0 С. Ауаның абсолюттік максимум температурасы +42 0 С, ал абсолюттік минимум -45 0 С. Жылдық орташа температура +2, 4 0 С. Көктем мен күз айлары 30 күннен аспайды. Көктемнің ортакүндік температурасы 0 0 С, сәуір айының бірінші декадасында ауысады. Күзде 0 0 С қазан айының соңғы декадасында ауысады. Күн сәулесі жарығының ұзақтығы 2000-2400 жыл/сағ., жаз айларына максимум сәйкес келеді. Қысқа қарай жылу тармағы азая бастайды, себебі арктикалық суық массалардың басып кіруінен және Сібір антициклонының қалыптасуынан. Сібір антициклонынан тау сілемдері 50 0 С с. е сәйкес келеді, сондықтан Қостанай облысында суық мезгілдерде желдің бағыты оңтүстік және оңтүстік батыстан болады. желдің қатты, басым болуы тән. Желдің орташа жылдамдығы 4-6 м/с. Қостанай облысына желдің қатты, басым болуы тән. Көктем айы қысқа мерзімді және қатқақ аязды болып келеді. Жазда ауа райы ашық, айрықша ыстық болады. Ең жылы ай - шілде айы, бірақ сонда да ол айда ауа температурасы +2-3 0 с-қа деәін түсуі мүмкін.

1. 5 Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктің 687 түрі бар. Соның ішінде ең көп тарағаны:алабұта, зиягүл, қияқөлең, қалампыр, арша т. б. Қорықта осы өсімдіктердің 12 түрі қызыл кітапқа енгізілген бұл бәйшешек, жауқазын, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдақ, шренк қызғалдағы, құндызшөп, қау, мұғалжар ақжапырақ, фишер құссүттіген, қаттыжапырақ шисабақ. Сонымен қатар шипалы дәрі-дәрмек өсімдіктер де бар. Олар дәрілік түймедағы, таңқурай, жолжелкен, итмұрын, қаражеміс, қылша, қалақай, бақажапырақ. Наурызым қорығы өзінің қарағайлы орман ағаштарымен ерекше көзге түседі. Мұнда Наурызым-қарағайлы, Тірсек-қарағайы және Сыпсын-қарағайы деген үш экологиялық жүйе бар. Осы қарауытқан қарағайлы тоғай арасында ақ қайың, қотыр қайың, қызыл қайың, үлпек қайың, имек қайың, ақ терек және көк теректерде араласып өсіп жатыр. Қазіргі кезде қорықтың орман көлемі 17662 гектары түгел орманды алқап аталғанымен, оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр. Онда қарағай 934, қайың 805, көктерек 1034 га жерге орналасқан. Атап өткендей, қорықтың жері үш оқшау орман учаскелерін тұрады. Бұлардың арасындағы көлемдірегі-Наурызым қарағайы. Бұл қарағайлы алқап Сарымойын және Ақсуат көлдері атырабында батыстан шығысқа қарай 20 километрге созылып жатыр, ені 10 километрдей. Топырағы құмайтты. Орманды-дала өсімдіктері өседі. Наурызым қарағайлы орманы-Қазақстанның жазықтық бөлігінің ең оңтүстігінде орналасқан. Ол-ерте дүниенің жұрнағы. Мұнда қарағай, аққайың, көктерек, қызыл тобылдығы, тал, мойыл, папоротник өседі. Қалыңда-қоян, елік, құр еркін жайылады. Орманмен қанаттас бетегелі-жусанды, бозды шексіз дала жатады. Мұнда суыр, зорман, күзен, дуадақ, безгелдек, аққоян, қосаяқ, Сибирь елігі, аққұр сияқты кейбір бағалы және өте сирек кездесетін аңдар мен құстар мекендейді. Мойыл мен жиде ағаштарын көруге болады. Сондай-ақ өсімдіктердің бірнеше жүздеген түрі өседі. Енді қорық алқабында және оның төңірегіндегі аудандарда өсетін негізгі ағаштарға қысқаша сипаттама беріп өтейік. Қарағай-биіктігі 20-40 метрге дейін жететін мәңгі жасыл ағаш. Ауа ылғалдылығына аса зәру емес. Құрғақ континентті климатқа, ауа райына төзімді. Топырақта аса талғамайды. Негізгі тамырлары тереңге бойлап, жанама тамырлары кейде 15 метрге дейін жетеді, соның арқасында ылғалды тереңнен де, жан-жағынан да пайдаланады. Қарағай қуаңшылыққа, суыққа төзімді, жарықта жақсы өседі. 350-500 жыл өмір сүреді. Діңі сапалы. Қарағай орманы көбінесе құрғақ құмды жерде өсетін қалың тоғай. Ол осыдан мыңдаған жыл бұрын, мұз дәуірінде пайда болған. Қарағайдың бағалы құрылыс материал алынаты мәлім. Қылқанның шипалық қасиеті бар. Қайың-биіктігі 20 мертге жететін ағаш, кейде өскен жерінің жағдайына қарай бұта болып та келеді. Ол көбінесе шілік және ылғалды жерлерде кездеседі. Топырақты көп талғамайды, ылғалды жерді, күн сәулесін сүйеді, суыққа шыдамды. Қайың 150 жылдай тіршілік етеді. Сүрегі өте пайдалы. Жапырағы мен бүрінен дәрі дайындалады. Көктерек-биіктігі 35 метр, диаметрі 1 метрге дейін баратын ағаш. Өзен алқаптары мен ормандарда кездеседі. Тамыры өте жақсы өрбиді. Тез өседі. 15-20 жылдық діңінің биіктігі 10-15 метрге жетеді. 80-100 жасқа жеткенде шіріп, құлай бастайды. Сүйегі жеңіл, жұмсақ, сондықтан да көктеректің сүйегі қағаз өнеркісібінде және жасанды жібек алу үшін қолданылады.

Науырзым қорығындағы жоғары өсімдіктер (мүк пен қынадан басқа) әлемінде 687 түр бар. Олар 301 текке соның ішінде 75 тұқымдастарға. бөлінеді. Науырзым қорығы құрғақ дала (селеу - бетегелі дала) аймағында орналасқан. Топырақтың механикалық құрамының әртүрлілігіне байланысты шағын аймақта айқындау қауымдастығын байқауға болады, дала өсімдіктері бірнеше формацияларға жатады. Дала қауымдастығының түрлері үстіртпен батыстағы және шығыс учаскелердегі орынға ие болады, оның бөктері Торғай жырасының жазық баурайларындағы терраса борттармен ұштасып жатыр. Ақ селеу формациясы - бөктерлерде және батыс платосы учаскесінің қонырқай-сарғыш ауыр- сазды карбонатты топырақтарымен кең таралған. Бұл Евразияның батыс бөлігіндегі далалық аймақтарындағы бірден-бір мінезді формациясы (Карамышев и Рачковская, 1973), қорық аумағындағы өсімдік даласының ксерофильді формациясы болып табылады. Өсімдіктің жобалау жабыны 70-80 %, шабындықтың орташа биіктігі - 20 см, түрлік құрамы өте нашар (16-20 түрі 100 м²) . Қызылжусанды формация - батыс және шығыс бөктерлеріндегі құмай топырақты немесе жеңілсазды алаңды алып жатыр,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ
Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Экологиялық туризм түсінігі
Экотуризмды дамыту жолдары
Қорықтар. Қазақстанның қызыл кітабы
Қазақстан қорықтары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz