Жыраулар поэзиясындағы туған жерді суреттеу ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Эссе

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы туған жерді суреттеу ерекшелігі

Тобы: Қ-609

Орындаған: Армия Д. Б.

Тексерген: Қадыров А. Қ.

Семей, 2018 жыл

XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы өзінің мерзімінде көрсетіліп тұрғандай Қазақ хандығының енді-енді құрылып келе жатқан, ешкімге бас имей аяққа тұрып келе жатқан егеменді шағы. Егеменді мемлекетте, байтақ далада, туған жердің ыстық иісімен дем сіңіріп өскен халық арманы болмауы да тиіс, себебі халық ең бастапқы да, маңызды арманы осы болған еді. Сондықтан да қазақ арасындағы жырау-ақындар жеткен жетістіктеріне, яңни «Туған жерлеріне» арнап жыр шығарады, тақырыптарына арқау етеді.

Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы - туған жері, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді өмірді қалаған.
Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

ХҮ ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:

Алаң, алан, алаң жұрт
Аққала ордам қонған жұрт.

Кіндігімді кескен жүрт . . .
Қайран да менің Еділім!
Қайран да менің Еділім!

Жырау мына бір толғауында өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.

Әйгілі Асан Қайғы да туған мекеннің ыстықтығының қасиетін біледі, ел болып тұрғанға, жұртқа белгілі бір жайлы мекен болу керек екенін де түйсінеді. Соған байланысты, Асанның мынадай өлеңі бар:

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің . . . - деп басталатын үзіндіде,

Асанның еліне мекен іздеу жолында жүргенін аңғарамыз, сонымен қатар әр жерге көңілі толмаушылық реңі сезіледі. Бұдан кейінгі шумақтарда жырау Ойыл мен Еділ бойын сипаттай келіп:

. . . Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген

Еділ деген қиянға,

Еңкейіп келдің тар жерге.

Мұнда кеңес қылмадың.

Кеңестің түбі нараду . . . - деп түйеді.

Үзіндінің соңғы екі жолынан анық көрінетіндей, Асан қайғының реніш-наразылығы бір жерге тұрақтамай, көше беруге байланысты ғана туындамаған. Жырау наразылығы жеке бастыңқамынан туған реніш емес, ата қонысқа ие болып отырудың жолдарын ортаға салар алқалы кеңес болмағанына, ақылдасқанның өзінде, ел тірлігіне ықпалды жандардың ортақ бәтуаға келісіп, ортақ тіл табыса алмай жүргеніне қатысты туған, ел тағдырына алаңдаудан туған әрекет.

“Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады”, - деген М. Әуезов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Жыраулар поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz