Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру


Тема: Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 Музыка тыңдау теориялық мәні . . .
- Оқушылардың музыка тыңдау негізін қалыптастыру . . .
- Музыка мәдениетін ұғыну . . .
2 Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру . . .
2. 1 Мектептегі оқушылардың музыкаға жалпы қызығушылығы . . .
2. 2 Оқушылардың әр-түрлі жанрдағы музыка тыңдау ерекшелеіктері, эксперименталды нәтижесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдалынған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты бағыттары. Оны біз Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасынан көре аламыз.
Музыкалық танымды қалыптастыру оқу сатыларының кез-келген сатысында жүргізілуі тиіс. Орта мектеп оқушыларының музыкалық танымын қалыптастыру мәселесіне келер болсақ, бұл міндеттің табысты шешілуіне жағдай тудыратын бірқатар педагогикалық нысандар мен әдіс-тәсілдерді ескеру қажет болады. Музыкалық танымды қалыптастырудың түрлі жас мөлшеріндегі оқушылардан әр түрлі жағдайда өтетіні белгілі. Осыған орай музыкалық танымды қалыптастыру процесі мен оның нәтижесі негізінде жекеленген ерекшеліктердің тууы мүмкін. Оның сырын мәдени құбылыстарды квалитативтік және квантитативтік негізде қабылдау жүйесінен іздеген ләзім. Бұл түсініктер біртіндеп тұрақтанып, адамның қоғамдық өмірді танып-білудегі табысының динамикалық өсуін қамтамасыз етеді. Мұндай өзгешеліктерден өту-музыкалық танымның қалыптасу жағдайына байланысты. Егер музыкалық бағдары жағынан эстетикалық туынды жері, тұлға табиғатының тұрақты қасиетіне жасының қалыптасу мөлшеріне қатысты болса, онда тарихи-музыкалық таным процесі де ерте қалыптасады. Жас мөлшеріне сай даму динамикасына келсек, оқу-тәрбие мазмұны тыңдаушының тарихи-музыкалық танымының белгілі бір сатысында игеретін психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыруда, оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары, музыка мәдениетін ұғыну және әр-түрлі жанрлар арқылы білімділігін дамыту.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, әдебиеттанушылардың, тіл білімі саласы мамандарының, мәдениеттанушылар, психологтардың, педагогтардың ғылыми-зерттеу еңбектерi.
Зерттеудің әдістері:
- философиялық: танымның диалектикалық әдісі; талдау және жинақтау;
- жалпығылыми: жүйелілік-құрылымдық, логикалық талдау;
- тарихи талдау әдістері: тарихи-философиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-жүйелілік, мәдениеттану, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті;
- салыстырмалы-педагогикалық зерттеу әдістері: жүйелілік-құрылымдық, жүйелілік-талдау, ғылыми зерттеулерді және мұрағат материалдарын оқып-үйрену және теориялық талдау, жұмыс нәтижелерін болжау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- қазақ халқының тарихын, әдет- ғұрпын, тұрмыс- салтын, ізгілікті мәдени дәстүрлерін меңгеруге байланысты іс-тәжірибелеріне, оқу-тәрбие процесіне арналған бағдарламаларының түп - қазығы, халық мұрасы: ән, күй, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін дәріптеу арқылы тәрбиелеу;
- білім беру мен тәрбиелік мәдениеттердің жалғаса жүргізілуі, негізгі оқу мақсатының айқындығы;
- сабақтың әр бөліміне арналған оқу материалдарын тиімділікпен таңдау;
- сабақтың әр түріне арналған әсерлі әдіс пен тиімді жұмыс тәсілін іріктеу;
жұмыстың ұжымдық және оңаша түрлерін біріктіру;
- жұмыстың мазмұндылығы, әсерлілігі, жан-жақтылығы әрі әдіс-тәсілдерінің икемділігі, қарқынды жүруі.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмыстың материалдары жалпы білім беретін мектептегі оқу - тәрбиелік үрдісте, оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымша материалдар.
- МУЗЫКА ТЫҢДАУ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІОқушылардың музыка тыңдау негізін қалыптастыру
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы оның өмір - тіршілігімен тығыз байланысты болған. Оның білім мен жақсылықтың, әдемілік пен құдіреттіліктің қайнар көзі болып табылатын ән, күй, айтыс, терме, жыр, толғау сияқты сан түрлі бай жанрларында қазақ халқының басынан өткен небір тарихи оқиғалар, жат жұрттық шапқыншылармен шайқастағы батырлардың ерлігі, жоғары адамгершілік сезімдер, күнделікті күйбең тіршіліктің қуанышы мен қайғысы және т. б. туралы жырланады. Оларда халықтың эстетикалық көзқарастары, моральдық - адамгершілік нормалары сақталған және халық өмірінің барлық салаларының мәні анағұрлым толық бейнеленген.
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті оның ән шығармашылығынан неғұрлым айқын көрінеді. Ұрпақ тәрбиесінде халық әндерін пайдалану өз Отанын сүйетін, туған халқын, оның салт-дәстүрлерін, тілі мен тарихын, өнерін құрмет тұтып, ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан-дүниесі сұлу, рухани мәдениеті бай адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан ол өскелең ұрпаққа халық дәстүрлерінің негізінде рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі аса маңызды құралдардың бірі болып табылатындығы сөзсіз. Қазақ халқының аспаптық күй шығармашылығы музыкада бейнеленген тарих ретінде ғана емес, сонымен қатар халық эстетикасының қайнар көздерінің бірі ретінде де құнды. Ол өзінің ұлттық - өзіндік бейнелілігімен, музыкалық - көркемдік құралдарының байлығымен анықталатын идеялық - көркемдік қасиеттеріне байланысты үлкен қызығушылық тудырады. Халық музыкалық дәстүрінің тағы бір жанры - терме. Ол халық шығармашылығындағы тақпақ - сазды речитативті әннің бір түрі. Терме - насихат, өсиет ретінде белгілі бір әуен - ырғақпен орындалатын өлең түрі болып табылады. Олардың мазмұны этикалық, адамгершілік, эстетикалық категорияларды ашады. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы - эпостық жырлар. Эпостық жырларда еңбекқорлық, патриоттық, ру-тайпалар арасындағы ізгі қарым-қатынастар, үлкендерге, әйел -аналарға деген құрмет, адалдық, тектілік, батылдық, кішілерге қамқорлық, туған өлкенің, ұлттық киімдердің сұлулығы және т. б. жырланды. Халық музыка шығармашылығының дәстүрлі жанрына толғау да жатады. Онда ой толғанысын, уақытқа, заманға, оқиғаға, құбылысқа көзқарасын ақын сөзді әуенмен сүйемелдей отырып білдіреді. Халық музыка шығармашылығының тағы бір түрі айтыс өнері арқылы жас ұрпақтың бойында еңбекті қадірлеу, адамгершілік қасиеттер, Отанын, елін сүю уағыздалып, керісінше, өтірік, мақтаншақтық және т. б. адамды аздыратын жаман әдеттер сыналады. Қазақ халық музыка шығармашылығының эстетикалық талғамды қалыптастырудағы мүмкіндіктері, біздің ойымызша, оны игеру процесінде білім алушыларды саналы - сезімдік қабылдау қабілеті қалыптасады. Эстетикалық талғам білім алушылардың халық музыкасындағы эстетикалық құндылықтарды ұғынуға деген белсенді ұмтылысын бейнелей отырып, эстетикалық идеал, сезім, көзқарас, қажеттілік, қабілетті біріктіретін музыкалық - эстетикалық қабылдаудағы белгілі бір жүйелілікті туындатады. Оқушылар қазақ халық музыкасына ортақтасу барысында адамның жан-дүниесін, қазіргі заманның мақсаты мен мәнін, табиғатты терең түсіне білу қабілетін өз бойларында тәрбиелей отырып, міндетті түрде өз рухани мүмкіндіктерін байытып, эстетикалық талғамдарын дамыта түседі. Сондықтан халық педагогикасының маңызды құралы - музыка шығармашылығы құралдары арқылы қазіргі студенттерге эстетикалық тәрбие беру қажеттілігінің маңыздылығы арта түседі.
Музыканы, өнердің басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға ұстайтын етіп жасауға болмайды. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Адамның ой өрісінің кеңеюіне әсем әуендер ғана әсер етеді. Атап айтқанда, қоғамдық тартыс пен халық көтерілісі, табиғат көрінісі, сүйіспеншілік пен өшпенділік, адамның бақыты мен қайғысы сияқты құбылыстардың барлығы да музыканың құдіретті үнді тілімен беріліп, жан-күй сезіміне толқынды күй салып, әсер туғызады. Бұл сияқты қиыннан-қиысқан құдіретті күш ұлы дарын иелерінің ғана қолынан келеді. Бұндай музыкалық шығармаларды ұғынып тыңдай білу де әркімнің құштарлығы мен талабына байланысты. Музыка тыңдауға барлық адам қабілетті. Бірақ бұған да әркімнің өзінше жаттыға білуі керек.
Музыканы тыңдап, дұрыс түсіне алмайтын «ойға олақ» адамдардың бар екені рас. Музыканы есту көп адамдарда бірден оянбайды. Еткен еңбегіне, көздеген мақсатына қарай, күйкілжің тұрмыс күйбеңі арасында жүріп, музыкаға жас кезінен көңіл бөлмейтін адамдар да кейіннен музыкалық қабілетін дамыта алады. Музыканы тыңдай білудің арасында алшақ айырмашылықтың бар екені бәріне белгілі. Сондай, музыкалық шығармаларды - оның ішінде күрделі бағдарламаланған симфониялық, оркестрлік, ораториялық туындыларды - тыңдай білу мен оны түсіне білудің де арасында көптеген айырмашылық бар. Бірақ бұл мәселенің төңірегінде қолға ұстатарлық әдіс-тәсіл ережелерін айту қиын. Музыкалық шығармаларды көп тыңдаумен қатар сол өнер туындылары туралы кітапшаларды оқып жаттығу керек. Біз де күрделі шығармалардың мазмұнын ашып, ой желісін көрсетіп, музыкалық туындыларға біраз талдау жасап шығамыз. Осының өзі музыканы қалай тыңдап, қайтіп түсіне білуге жетекшілік әдіс көрсетеді. Қысқасы, музыканы сүймейтін, өзі де дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қабілеті әркімде әр түрлі.
Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулер күрделі шығармаларды тыңдауды жақсы көреді. Дегенмен қандай музыкалық шығарма болмасын оның адам жанына әсері мол, эстетикалық талғамын дамытады, ойын байытады.
Халық музыка шығармашылығының эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері көптеген ғасырлар бұрын -ақ ұғыныла бастаған болатын. Құнды педагогикалық мәні бар ежелгі ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі Қорқыт атаның «Кітаби Қорқыт» /IX - X ғ. ғ/ атты еңбегіндегі ойлар болып табылады. Дала ойшылы, ақын, жыршы, күйші Қорқыт ата жырларының негізгі тақырыбы - адам өмірінің қысқалығы және оның өлімнен қашып құтылу мүмкіндігін іздеуі. Оның музыкалық мұрасы - орта ғасырлардағы оғыз тайпасының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тамаша көркем - эпикалық ескерткіш. Өсиет, нақыл сөздер түрінде жазылған «Кітаби Қорқыт» еңбегіндегі оның педагогикалық тұжырымдамасының басты идеясы - балаларды ата-бабалар дәстүріне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыт атаның жырлары жастарды өз халқын жаулардан қорғауға, керек болғанда ол үшін жанын қтя білуге шақырады. Қорқыт атаның біздің заманымызға жеткен 11 тамаша күйі бар. Олар - «Ұшардың ұлуы», «Елім-ай, халқым - ай», «Сарын», «Қоңыр», «Желмая» және т. б.
Ал, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірі бойынша, музыка адамның жанына көркем әсер етудің тамаша құралы болып табылады. Ол өзінің «Музыканың ұлы кітабы» атты ғылыми трактатында практикалык музыка халық фольклорынан келіп туындаған деген маңызды философиялық тұжырым жасайды, яғни өнер - халық шығармашылығының нәтижесі дейді. Философ-гуманист ретінде Әл-Фараби адамдарға үлкен ләззат сыйлайтын музыка қандай да бір жеке тұлғаның немесе жекелеген халықтың меншігі емес, оны шығаруда барлық халықтар қосыла еңбектенген деген пікірін білдіреді. Өзінің музыкатанушылық еңбектерінде ұлы ғұлама халық музыкасының емдік қасиеттеріне тоқталып, оның тәрбиелік, қоғамдық рөліне аса үлкен мән береді.
IX-XII ғ. ғ. озық педагогикалық ойдың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты еңбегінде дүниетанымдық идеалдар, педагогикалық ой-толғаулар баяндалады. Оның пікірінше, адалдық, әділдік, жақсылық жасауға құштарлық тек дұрыс тәрбие арқылы қалыптастырылады.
Қазақ халқының көрнекті ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев халықтың мәдени мұрасын мен оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін өте жоғары бағалаған. Халық ауыз шығармашылығының тамаша үлгілері олардың шығармашылық және практикалық іс-әрекетінің негізін құрады.
Ыбырай Алтынсарин халық ауыз шығармашылығының шексіз байлығын, ондағы ертегілердің, мақал-мәтелдердің білімдік және тәрбиелік мәніне аса жоғары баға берген. Өзінің «Қырғыз хрестоматиясы» атты еңбегінде ол қазақ фольклорының көптеген үлгілерін қамтыды. Ы. Алтынсарин хрестоматияға ең алғаш рет музыкалық тақырыпқа байланысты жұмбақтарды енгізді. Сонымен қатар мектептегі музыка сабағының бағдарламасына міндетті түрде музыкалық аспаптарды, әсіресе, домбыраны пайдалануды енгізу қажеттілігін талап етті.
Шоқан Уәлиханов қазақ халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі алатын орнына, оның жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөліне үлкен мән берген. Оның еңбектерінде халықтың ауыз әдебиеті, музыка шығармашылығы, халық ақын-жыршыларының шеберлігі мәселелері кеңінен орын алған. Ш. Уәлихановтың пікірінше, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы аса құнды рухани құндылық болып табылады. Ол жазып алған халық ауыз әдебиетінің туындылары (мысалы, «Қозы - Көрпеш, Баян - Сұлу», «Ер - Көкше», «Орақ», «Манас», «Едіге», «Көкетайдың асы» және т. б. ) өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілері болып табылады.
Сонымен қатар оның «Қырғыз шежіресі», «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т. б. еңбектерінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы туралы құнды пікірлер айтылады. Мысалы, «Қырғыз шежіресі» атты еңбегінде Ш. Уәлиханов қазақтардың суырып салмалық қабілетке, музыкалық-әдеби өнерге бейімділігін, халық ақындарының асқан дарындылығын атап көрсетеді.
Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбаев музыка өнерінің халық өміріндегі алатын орнын мынадай өлен жолдары арқылы анықтайды:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Абай халықтық музыка өнерін эстетикалық және адамгершілік тәрбиенің аса маңызды құралы деп таниды. Оның пікірінше, «жақсы ән мен тәтті күй» жан азығы ретінде жоғары талғам мен Отанға деген сүйіспеншілікті, адамгершелік қасиеттерді тәрбиелеуге негіз болып табылады.
Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, қоғамдық қайраткер, ақын, аудармашы, көрнекті ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасындағы ол жинақтаған және жариялаған фольклорлық материалдар, мысалы, 20 - жылдар Мәскеуде жарық көрген «Ер Сайын» жыры, «23 жоқтау» атты еңбектер ерекше маңызға ие. Ал «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А. Байтұрсынов халық ауыз шығармашылығының өзіндік жіктемесін ұсынады.
Халел Досмұхамедов халық мәдениетінің мазмұнын зерттеуге және оны насихаттауға үлкен мән беріп, халық өнерінің адам өміріндегі маңызы мен рөлін атап көрсете білді. Ол музыкалық фольклорды халықтың салт-дәстүрімен, сенім-нанымдарымен байланыстыра отырып, зерделеу қажеттілігіне назар аударды.
Мағжан Жұмабаев мұғалімдерге арналған «Педагогика» атты тұңғыш оқу құралының авторы. Ол өз еңбектерінде халық музыка өнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесі бойынша көптеген құнды пікірлерін ұсынған. Оның пікірінше, баланың эстетикалық, сұлулық сезімдерін тәрбиелеу мен дамытуда өнердің - музыканың, бейнелеу өнерінің, поэзияның, сонымен қатар қоршаған ортаның әсемдігі үлкен маңызға ие. М. Жұмабаев: « . . . күй адам жанын белгілі бір қалыпқа түсіреді. Көңілді мелодия көңілді сергітеді, ал мұңды - мұңға бөлейді . . . », - дей отырып, халық музыка шығарамашылығы құралдарының тәрбиелік әсеріне аса зор мән береді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров халық музыкасының жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалайды. Оның ойынша, халық әні халықтың жанын, тарихын, мұң-мұқтажын, ерлік оқиғаларын анағұрлым анық түсінуге мүмкіндік береді. Ол балаларға халық өнері арқылы тәрбие берудің маңызыдылығын ерекше атап көрсетті. С. Торайғыров халықтың жанын музыкасыз, әнсіз, бисіз жаңарту мүмкін емес деді.
Осылайша, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының еңбектерін зерделеу және оларға шолу жасау халық музыка шығармашылығының жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі педагогикалық мүмкіндіктерінің мол екендігін айғақтады. Халық тәрбие тәжірибесін зерделеу қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылған. Әр кезеңдегі көрнекті ойшылдар, ағартушы- педагогтар халықтың мәдени дәстүрлерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың маңыздығына үлкен мән беріп, құнды пікірлерін ұсынған.
О. П. Тарская «Менің вокальдық-педагогикалық қағидаларым» атты мақаласында былай деп жазады: «Ән айту процессі - жиынтықты, күрделі және бір жағынан жабық деңгейдегі құбылыс. Осы процеске тереңдеп бойлау, оны оқып зерделеу, әсіресе жетекшілік жасау - ерекше қиын тапсырма». (137 бет, Вокальдық педагогика сұрақтары В. Л. Чаплиннің 4-шығарылымы) .
Қазіргі таңда ғылым ән айту қызметін бүтін автоматты процесс ретінде анықтайды, оның барлық бөлігі бірін бірі өзара алдын ала айқындайды және шартпен ескертеді.
Есту қабілеті тек бақылаушы емес, сондай-ақ ән шырқау дауысын жаратушы. Оқушы сыртқы есту қабілетімен шырқалатынды, ал ішкі есту қабілетімен қалай шырқау қажеттілігін бірмезгілде тыңдауы тиіс.
Музыка мұғаліміне кәсіби дауысты, музыкалылық, әртістік қабілетті меңгеру қажет. Осы үш қабілеттің бірігіп үйлесуі өте сирек кездеседі.
К. Станиславский: «Музыка «қалай» деген сөз, яғни музыка батырдың «қалауын» түпнұсқада ішкі жай-күйін айқындайды» деп айтқан еді. Сөз, оның қалай іс-қимыл жасайтынын, бұл іс-қимылдар «алдын ала болжалынған жағдайларда» қалай өтетінін анықтайды. Сөз - бұл вокальдық шығарманың «бағдарламасы» тәрізді. Оның мәтіндік ой-пікірі музыка элементтерімен бейнеленеді: әуенмен, үйлесіммен, ритммен, метрмен, қарқынмен. Олардың барлығы сөздің осы немесе өзге эмоционалдық бояуын суреттейді.
Көркемдеп ән айту қиындығы, яғни әнші музыкалық вокальді-сөйлеу образын іске асыру үшін ол бірмезгілде бірнеше тапсырмаларды орындау шартымен тұжырымдалуы басты міндет болып табылады.
Ф. Шаляпин өзінің «Маска және жан» атты кітабында «Нағыз әртіс, сахнада жұмыс жүргізе отырып, ол бірден екі тұлғаны бірге алып жүруі тиіс - бірі іс-әрекеттегі, басқасы өзінің іс-әрекетін бақылаушы. Ол бір мезгілде әнші де режиссер де» деп жазды.
Мысалы, ән орындау қысқа уақыт аралығына созылады, мұғалім осы уақыт аралығында адам өміріне тән көңіл-күйді, сезімді сан алуан үлгіде көрсете білуі тиіс.
Әнді мұғалім орындаған кезде бейне немесе сюжет ешбір дамусыз оқушының алдында туындайды. Сондықтан, музыка мұғалімі әнді орындаған кезеңде тыңдаушының (оқушының) жадында, жүрегінде сақталып қалатындай, эмоциональды да көркем-сезімді айтуы қажет. Орындау әншіден жоғары әртістік, жоғары вокальді техникалық қабілетті, музыкалық үлгіні өткір қабылдауды және іске асыруды талап етеді.
Ән айту - адамның психологиялық өмірінің барлық жақтарымен байланысты құбылыс. Оқушы ән айтады, себебі оның осы қызметпен шұғылдануға қызығушылығы және тілегі бар. Ән айту қажеттілігі және оған бейімделу әдетте музыкаға және ән айтуға қатысты туындайтын қабілеттікке байланысты, өз кезегінде, музыкалық есту, ырғақ қабілетін, қол соғу /ладовтық/ сезімін және т. б. яғни есту сезімдерін дамытумен тығыз байланысты. Әнші орындау процесінде композитордың ой-пікірін шығармашылықпен қисынын қиыстырып, өзінің музыкалық көзқарасымен өзінің сезімдерін жеткізеді. Жұрт алдында ән айту вокалды меңгеру процессі тәрізді үлкен еркіндік күш-жігерді талап етеді. Шығармашылық қызметті және әншілік дауысты меңгерудегі қол жеткізген табыс жалпы сахнада онсыз айналып өтуге болмайтын белгілі мінездің белгілерін талап етеді.
Психологиялық процестердің бірі танымдық сала болып табылады, оған: сезіну, қабылдау, көңіл бөлу, есте сақтау, ойлау, елестету, сөйлеу жатады. Осы қасиеттердің барлығы әншінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Сезіну - біздің организміміздегі ішкі органдардың жұмыс атқаруын бейнелеу қабілеті, яғни есту органы мен бұлшық еттердің ән айтуға бейімделуі.
Қабылдау - шын мәніндегі іс-әрекетті образдық түрде-қабылдау біздің ұғымымызда шын мәніндегі іс-әрекетті бейнелеу процесі (педагог оқушының ән айтуын қабылдайды, оқушы өзінің бұлшық еттерінің жұмысын қабылдайды) . Қабылдау кезінде көптеген сезіну қабілеттері рөл атқарады, оның ішінде ең бастысы көру және есту.
Дауыс аппаратының жұмысын қабылдай отырып, біз педагогтың нұсқауына сәйкес тыныс алу, резонаторлық сезіну бұлшық еттерінің жұмысына, артикуляциялық аппараттың жұмысына назар аударамыз, әншіде дыбысты сезіну дамуы тиіс (қайда бағыттау) . Сүйеніш сезімі дамуы керек - бұл дауыс аппаратының жұмысын қабылдау күрделілігі. Бұған есту, бұлшық ет пен резонаторлық сезінулері кіреді.
Бақылау - оны оқып білу мақсатымен қандай да болмасын құбылысты алдын ала арнайы жоспарлап қабылдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz