Қазақ қоғамындағындағы батырлар рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР РӨЛІ

Қазақ қоғамы тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі әлеуметтік және саяси үдерісіке тап болды. Бұл үдерістің ең маңыздысы өз ұлттық тарихыңды зерделеу арқылы, халық жадында ұмытыла бастаған ұлт батырларын қайта жаңғырту еді. Әрбір дәуірдің, тарихи оқиғалардың өз жарқын тұлғалары болатыны заңдылық. Олай болса, Қабанбай, Бөгенбай, Жасыбай, Малайсары және тағы да басқа батырлар осындай қазақ халқының тарихында жарқын із қалдырған, жарық жұлдыздар болды.

Қазақ халқының тарихына үңілсек, тәуелсіздік үшін күрестің сындарлы да күрделі кезеңдерді бастан өткізгенінің куәсі болып, егемендіктің мән -мағынасын жете түсінеміз. Сондай-ақ, тарихта XVIII ғ. I -ші жартысы мен XIX ғ. ортасындағы ұлт - азаттық күрес барысындағы айтулы оқиғалар көптеген әскери қолбасшыларымыз бен батырларымыздың есімдерімен тығыз байланысты. Батырлар өз руластарынан құрылған топтарды, әскерді басқарып қана қоймай, әскери іс қимылда ғана емес, сондай-ақ, сол кездердегі көшпенділердің әлеуметтік-саяси өмірін басқаруға да араласқан.

Қазіргі кезде «батыр» сөзінің этимологиясы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Жалпы бұл мәселеге ең алғаш көңіл аударған Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Л. Костенко сынды революцияға дейінгі оқымыстылар «батыр» сөзі түркі - моңғолдың «баһадүр», багадур, деген сөзден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, батыл дегенді білдіретінін көрсеткен. Революциядан кейінгі авторлар да осы тұжырымды толықтыра түседі. Кеңестік дәуірде жарық көрген кейбір сөздіктерде де «батыр» терминінің «batur» сөзінен шыққандығын және оның ел үшін жауымен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер екендігі түсіндіріледі.

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі зерттеушілер И. Ерофеева, А. Кушкумбаевтарда осы көзқарасты толықтайды. О. Сүлейменов өзінің белгілі «АЗиЯ» атты еңбегінде «батыр» сөзі - «буйтур», ботур, багатур деп талдау жасай келе, «буйтур» сөзіне «Буй-тағы, жабайы дегенді білдірсе, «тур» - өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз қосылып айбынды, күшті, бұқадай күшті дегенді білдірсе керек деген дәлелді тұжырым жасап өтеді [1, 69-73 б. ] .

Кейінгі ғалым зерттеушілердің басым көпшілігі батыр терминінің баһадур сөзінен шыққандығына шүбә келтірмейді. Мысалы, «XV-XVIII ғасырдарды қазақ халықтарының тарихына қатысты материалдардың» авторлары «қазақтар өздерінің қайтпас ерлігімен де, қуат күшімен де бүкіл әлемге таңылған халық» дей келе, ол халық арасында батырлықпен ежелден бар екенің айтады. В. М. Вяткин «батыр» сөзінің XVI ғасырға дейін, тіпті ертеден-ақ пайдаланып келе жатқаның, тілге тиек етеді. Сондай-ақ «Қадірғали би Қосымұлы және жылнамалар жинағы» атты тарихи құнды еңбек авторлары Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиев « баһадур» тұлғасы екі мағынада, біріншісі батыр, жүректі адам, екіншісі сол батыр адамға берілген атақты білдіреді. Сонымен қатар баһадур сөзі моңғол билігі тұсында феодалдық қоғамдағы әскери иерархияның титулы болған деп жазады [2, 532-536 б. ] .

Жоғарыда қарастырылған ғылыми болжамдарды саралай келе, олардың бәрінің бір ғана пікір төңірегінде тоғысатыны даусыз. «Батыр» сөзі ежелгі баһадур сөзінен тарихи тамырын алса, негізінен жаужүрек, батыл, жауынгер сияқты ұғымдарды білдіреді. Ал пайда болу кезеңі - сонау түркі заманына дөп келеді. Расында да, V-VII ғасырларға жататын көне түркі жазбаларында нақ батыр деп берілмесе де, батырлық, ерлік істері жайлы көп жырланады. «Күлтегін» ескерткішінің кіші жазуында ер, елтебер, иамтар деген сөздер кездеседі. Ал бұл сөздердің мағынасына тереңірек бойлар болсақ, ер сөзі батыр сөзінің синонимі, елтебер сөзі - тарихтан шені сияқты берлген шен екен, ол негізінен ержүрек адамдарға берілген. Бұдан шығатын қорытынды қазақ қоғамындағы батырлықтың тамыры терңде жатқандығы. Бұл бірдің пікірімізді В. Бартольдің «қазақтардағы батырлардың пайда болуы тарихы - исламның алғашқы ғасырларына сай келеді» - деген ойын одан әрі дәлелдей түскіміз келеді [3, 10-11 б. ] .

Жоғарыда келтірілген ғылыми фактілер батыр сөзінің төркіні түркі заманынан бастау алатының дәлелдесе, қазақтың ауызша жыраулық фольклорі - «батырлар жыры» - батырлық Евразия көшпелі әлемінде орта ғасырлық кезеңінде де кенінен қанат жайған құбылыс екендігін дәлелдейді. Батырлық көшпелі қоғамының ерекше әскери-саяси институты болды деп айтуға толық негіз бар.

Батырлар көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өнері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелейді. Батыр ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе.

XIII-XV ғасырлар арасындағы моңғол үстемдігі тұсында, қатаң әскери-әкімшілік жүйеде де батырлардын орны ерекше. Шыңғыс хан әулиеті кезеңінің өз-ара қырғысқа толы аумалы-төкпелі кезеңінде де мемлекет қорғаныс ісінде де батырдың ролі зор. Шыңғыс заманының өзі түгелдей бір жауапкершілік заманы болғандықтан - бұл кезең батырлар өзінше бір әлеуметтік топ ретінде дамуының белгілі-бір сатысы болып табылады.

Үздіксіз әскери қақтығыстар мен ұдайы әскери қауіп жылдары болып есептелетін қазақ-жоңғар қатынастарының кезеңі XVII-XVIII ғасырларда әскери және саяси өмірде батырлар тобының көптеген пайда болуына әкеп соқты. Бұ кезеңді зерттеушілер «батырлар институтының» аса бір гүлденген шағы, «батырлар дәуірі» деп жазылып жүр. Бұлай деудін біздің ойымызша өзіндік себебі де бар сияқты. Себебі, тарихта аты белгілі батыр бабалар - Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Сағынбай, Баян, Сары, Тәттібай, Барақ есімі тарих бетіне ене бастаған тұғын [1, 69-73 б. ] .

XVIII ғасырда «батыр» сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр деп қарапайым халық арасынан шыққан - батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса, екіншіден жоғарғы тап, яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей батырлардың қоғамдағы ролі үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Ерте кезде батырлар белгілі бір руды, тайпаны басқарса, қоғамдық таптық жіктеліс туа келе батырлар феодалдана бастады. Осындай батырлардың әлеуметтік басымдылығы туралы Ш. Уәлиханов «Батыр қырғыздардағы ру басы, сұлтаннан кейінгі бірден-бір үлкен құрметті адамы, бұл ең беделді адам»-деп жазғанын Е. Бекмаханов өз еңбегінде айта келіп, XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ байларының, сұлтандарының «батыр» деген атақты өз лауалымдарына қоса айтатынын жазған. Оған мысал, Есет батыр-би, Абылай ханның кейбір жағыдайда Абылай Баһадур хан деп аталуы. Қазақ қоғамындағы батырлардың жоғары шен екенін А. Семеновта дәлелдеп, -«жалпы қазақтарда он бес шен болған, соның ең жоғарғысы баһадур» деп жазады. Батыр шені мұрагерлікке қалмайды, ол жеке бастың батырлығымен келеді.

Көшпелі қоғам үрдісіндегі батырлар рөлінің халық арасында кеңінен қанат жаюы ең алдымен қазақ халқының төрт жағынан да үлкен қауіп ортасында орналасуы еді. Сол себепті де қазақ қоғамындағы батырлар жаудан қорғануда кәсіби дәрежеге жетті. Өзінің XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына тән классикалық үлгісіне дейін батырлар бірнеше сатыдан өткен:

1. Рулық құрылыс кезінде-ру, тайпалардың әскер басы, көсемі болған.

2. Феодализм дәуірінде оларда феодалданып, қоғамдағы ақсүйектер табымен теңесе бастады.

3. XVII-XVIII ғасыр батырлар институтының гүлдену кезеңі. Яғни қазақ-жоңғар қатынастары кезеңі. Ұлт азаттық көтерілістің көптеп етек ала бастауы. Ал Қазақстан Ресей боданлығына енгеннен кейінгі кезеңде Батырлық өз мәнін жоғалта бастады.

Қоғамдық - саяси даму жағынан келгенде дәстүрлі қазақ қоғамы ішкі әлеуметтік топтардың ұйымдасу бірлігіне бейімделген еді. Бұл ретте әлеуметтік ұйытқы болған хан, сұлтан, би, рубасы ақсақалдар қатарында батырлардың да өзіндік орны бар. XVII-XVIII ғасырларда қазақ қоғамындағы ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен батырлар әлеуметтік саяси топ дәрежесіне жетілді, әрі, қалыптасу, күшею дәуірін бастан өткерді. Осы процесті М. Вяткин басқа түркі тілдес - өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарында байқалмаған, тек дәстүрлі қазақ қоғамына тән құбылыс ретінде бағаланады. Бұл дұрыс көзқарас. Өйткені, Шыңғысхан жорығымен бірге тараған батыр термині басқа түркі тілдес халықтар мен кейбір еуропалық елдерде тек құрметті әскери атақ шеңберінен аса қойған жоқ. Ал, қазақтың кең байтақ даласындағы көшпелі өмір талабы батырлардың саяси, әлеуметтік статусқа дейін жетілуіне алып келді. Әсіресе, дүрбелеңге толы XVIII ғасырдың басы елдің саяси аренасында және ішкі әлеуметтік өмірінде батырлардың үстем түсуімен ерекшеленеді. Тарихшы-ғалым Н. Г. Аполлова «1710 жылғы Қарақұм құрылтайы ел басына түскен ауыр жағыдайға байланысты батырлардың басым түскен жиыны болды» деді. Ең алдымен XVII ғасыр мен XVIII ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамының саяси тарихына тән ерекшеліктер басты ықпал етті. Тынымсыз сыртқы жаугершілік соғыстар, көршілес елдердің агрессиялық саясатынан қорғану, ішкі тартыста ел бірлігін сақтап, ыдыратпау тәрізді күрделі мәселелердің қайнаған ортасында батырлар жүрді, шешуші роль атқарды. Сол себепті батырлардың мүддесімен дала элиталары -«ақсүйек» (хан, сұлтан, қожа) және «қарасүйек» (би, рубасы-ақсақал) өкілдері үнемі санасып отыруға мәжбүр болған. Көшпелі қоғам өмірінің негізгі тіршілік көздері әскери кәсіпке де тәуелді. Оның тетігі жоғарыдығы күрделі мәселелермен біте - қайнасып жатқандықтан батырлардың қызметіне деген сұраныс өте жоғары болды. Бұл барып, түрлі әлеуметтік топтардың ішінен батырлардың бірте-бірте институтциялануына алып келді. Батырлардың әлеуметтік сипатындағы ерекшелік осында. Мәселен би төре, төре би бола алмайды. Бірақ екеуі де жау жүректілігмен қоса ақылдылығымен батыр атана алады және айрықша құрметке бөлене түсті. Қазақ тарихында ел билеген ақсүйек-сұлтандар өз алдына, қарапайым халық ішінен би де батыр да бола алған тұлғалар көп. Бірқатар зерттеушілердің батырладың әлеуметтік сипатына күмән келтіруі де сол себептен болуы керек. Әлеуметтік деңгейге жете қоймаған, тұрмыстық термин ретінде бағалағандар да жоқ емес [4, 172-175 б. ] .

Бекмаханов тұжырымдағандай XIII-XIV ғасырдағы аңызға айналған батырлар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырлар арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Әуелгі баста, тек, құрметті атақпан, асып кеткенде, әскери қолбасшылық қызметімен көрінсе кейінірек, яғни, XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың бірінші жартысында батырлар азаматтық істерге тікелей араласты. Жалпы, деректемелік әдебиеттерде көбінесе батырлар рубасылық құқықтырды тартып алушылар рөлінде орын алған. Алайда, хан болсын, сұлтан болсын, би, рубасы ақсақалдар болсын барлығы да неғұлым батырлық атағымен әйгілі болған сайын соғұлым бұхара халыққа шынайы билеушілер ретінде танылды. Сондықтан да көбінесе ақылы ісіне сай батырлар рубасылыр билікке дала демократиясы арқылы жетті. Г. И. Спасскийдің деректері бойынша үш жүзге бөлінген 67 ру-тайпалық бірлестіктің жиырма бесінің билік басында батырлар болған. Елді билеу немесе ішкі әлеуметтік өмірдің қайнаған ортасында жүрген батырлар өзара әлеуметтік жіктерге бөлінді батырлар ішінен ұлыс, үлкенаймақ бөлігін қолына ұстап, әмір жүргізгендер де ру тайпа басшы деңгейінде де және жеке-дара азаматтар қатарында да болғандар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Қазақ батырларының әскери өнері
Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz