Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер.
Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.
Артикуляция -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы
мүшелердің қызметі. .
Регистр - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен
ерекшеленуі
Ырғақ - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада
атқаратын ролі ерекше.
Лад – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесінен пайда болған дыбыс
қатары. Түрлері:
Мажорлық лад - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді.
Минорлық лад - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу
болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта
субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим
сандарымен белгіленеді.
Тональдік – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын
білдіретін ұгым.
Ырғақ - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.
Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық) – музыкалық шығарманың ойналу
жылдамдығын желісі.
Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез
Allegro – екпіні жылдам жүруін.
Moderno - умеренно, орташа, асықпай
Andante – не спеша, спокойно, асықпай,
байсалды.
Gento – медленно, жай
Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.
Агогика – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу
құралдарына жатады.
Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;
Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;
Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;
Puu – Mosso – более подвижно, жылдамдата;
Mene – Mosso – менее подвижно, жайлата;
Дикция – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.
Дауыс биіктігі - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі
тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі)
дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы
барысындағы әрленуі.
Дауыс күші - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс
қозғалысының қорқындылық кеңдігі.
Фальцеттік (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.
Дыбыс - әуеннің ең бір кішкене белгісі.
Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе
дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.
Тенор – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе
дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның ми
дыбысы мен 2 октаваның ре, ми дыбыстары аралығын қамтиды.
Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен
октаваның ЛЯ және І октаваның ФА, СОЛЬ дыбыстары, ал бас дауысының
диапазоны үлкен октаваның МИ және І октаваның ФА дыбыстарының ауқымын
алады. Бас дауыстылардың контроктаваның СОЛЬ және кіші октаваның СИ,
СИ СИ-БЕМОЛЬ дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі
жуан дауыстылар бас неофунде немесе октавиеттер деп аталады.
Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп
бөлінеді.
Сопрано – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін
әйелдердің жіңішке дауысы.
Ән – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.
Романс – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман
тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап романс
жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ
ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған,
музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың
қатарына енеді
Пәннің мақсаты – оқушылардың дауыстарына деген көбірек қамқорлық
көрсету және олардың дауыс ережелерін катаң сақтауына үнемі көңіл бөліп
отыру.
Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды
музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа
ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.
Вокал сабағынын негізгі басты шарты - оқушылардың музыкалық
қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген
сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән
айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-
құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі
эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін
жетілдіре түседі.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы оқушылардың дауыс аппараты жақсы
дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы
тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен
үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық
дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық
қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық
эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей
туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне
жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі таза ән айтуға
айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің
техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы -
мұғалімнің сол соңғы азық-түліктік негізге ала отырып, осы арқылы
балалардың ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.
Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән
айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды
есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты
іске асырылады.
Вокал сабағында оқушылардың өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын
дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін
педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.

Оқушылардың музыкалық сауаттылықтары:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты
вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және
артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- оқушылардың вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық
ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға
дайындау.
- балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.
Вокальдық үш бағыт: халықтық, академиялық, эстрадалық
online режимінде осы бағыттар бойынша орындаушыларды тыңдау..
legato, non legato. жаттығулары.
Жаңа технологиялар мен әдістерді, бағыттарды еңгізу
және олармен танстыру арқылы студияға қатысушы жас әншілердің
эстетикалық талғымы мен музыкалықсауатын ашу, дамыту.
.. Жаттығулар мақсаты: дауыс аппаратын қыздыру және алынған тақырыпқа
байланысты белгілі бір мақсатты көздейтін жаттығулар
1. Тақырыптың мақсаты, міндеттері:
а) Вокал өнеріндегі үш бағытпен толық таныстыру
б) Академиялық, халықтық және эстрадалық үлгідегін түсіндіру.
г) Оқушылардың орындауында үш бағыттағы шығармаларды тыңдау
1-ші жаттығу: Дауысты дыбыстар әріптердің ерекшелігін ескере отырып, бір
дыбысқа барлық әріптерді айту.
2-ші жаттығу: Тыныс алу түрлеріне арналады, әр түрлі әдіспен диафрагманың
көмегімен жасау.
3-ші жаттығу: Музыкалық штрихтарға арналған Legato, mon legato, stokatto
Жаттығуды білсеңдер, тұрып жасайық
1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша,
белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі
таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен,
әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы,
әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік
дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын
дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның
дұрыс үлгісі дейді.
2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр
халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді.
Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт –
дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде,
ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық
қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық
айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да
ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше,
халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта
болуы шарт.
Ал, Эстрадалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Сөз әсерлігі
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Музыка өнер сабағы
Пәндер