Аргументтеудің теориясы мен практикасы
Аргументтеудің теориясы мен практикасы
1 . Классикалық логикадағы аргументтеу
Ой тұжырымының жалпы сипаттамасы. Ой тұжырымының құрылымы. Ой тұжырымындағы қорытындының ақиқаттық шарты. Тікелей ой тұжырымы және оның түрлері: айналу, назарға алу, предикатты қарсы қою, логикалық квадрат бойынша ой тұжырымдау. Жанама түрдегі дедуктивті ой тұжырымдау және оның түрлері: қарапайым кесінді силлогизм, қарым-қатынас пікірлерінен туындаған ой тұжырымы. Пікір туғызушы ой тұтұжырымы. Пікірлер логикасының ой тұжырымы. Қарапайым кесімді силлогизм, құрамы мен құрылысы. Қарапайым кесімді силлогизм алғышартының терминдерінің ерекше тәртібі. Силлогизмдердің дұрыстығын тексеру тәсілдері. Пайымдау қатынастарынан шыққан ой тұжырымдау: симметриялық, рефлексифтілік, транзитивтілік, қысқартылған, күрделі және күрделі қысқартылған силлогизм. Энтимема. Энтимеманың құрылуы. Силлогизмді қалпына келтіру механизмі. Прогрессивті және регрессивті полисиллогизм. Прогрессивті және регрессивті сорит. Эпихейрема. Таза шартты ой тұжырымы. Шартты- кесімді ой тұжырымы. Бөлінетін кесімді ой тұжырымы. Шартты- бөлінетін ой тұжырымы. Шартты- кесімді силлогизмнің модусы: модусты нығайтатын дұрыс нысан, модусты нығайтатын қате нысан, жағымсыз модустың дұрыс нысаны, жағымсыз модустың қате нысаны. Бөлінетін кесімді силлогизмнің модустары: нығайтылған жағымсыз нығайтушы. Шартты бөлетін силлогизм. Лемматикалық ой тұжырымы: диллемалар, трилеммалар, полилеммалар. Дилемма және оның түрлері: конструкциялық және деструкциялық, жай және күрделі. Заң теориясы мен практикасындағы дедуктивті ой тұжырымының маңызы. Индуктивті ой тұжырымы. Индукция түрлері. Толық индукция. Толық емес индукция және оның түрлері: танымал және ғылыми индукция. Себеп-салдарлы байланысты анықтаудың әдістері. Ілеспелі өзгертулер әдісі. Қалдықтар әдісі. Индукция және дедукция қатынастары. Ұқсастық бойынша ой тұжырымы. Ұқсастықтың мәні. Ұқсастық бойынша ой тұжырымының ықтимал дәрежесі. Ұқсастықтың орнықтылық шарты. Ұқсастық ережесі. Ұқсастық бойынша ой тұжырымы. Қасиеттер ұқсастығы. Қатынастар ұқсастығы. Қатал ұқсастық. Қатал емес ұқсастық. Жалған ұқсастық. Құқықтық бағалаудағы ұқсастық. Тексеру процесіндегі ұқсастық. Криминалистік сараптау жүргізудегі ұқсастық.
2 . Дәлелдемелер теориясының ойлау негізі
Дәлелдеме тиімді үрдіс. Дәлелдеме түрлері: айғақтау, растау, түсіндіру, жоққа шығару, қарсылық көрсету, түсіндіру, ақтау. Логикалық дәлелдің жалпы сипаттамасы. Дәлелдеудің логикалық құрылымы.: тезис, дәлел, көрсету (демонстрация).
Тура және жанама дәлелдеу. Апагогикалық жанама дәлелдеу. Бөлінетін жанама дәлелдеу. Дәлелдеу түрлері: толық, қатаң, толық емес, қатаң емес, жеткілікті, ескерту, бөлу. Тезистің тура негізі. Тезистің жанама негізі. Бекерлеу және оның құрылымы. Бекерлеу мақсаты. Бекерлеудің түрі. Тезисті бекерлеу. Дәлелдеулер сыны. Демонстрацияның дәрменсіздігін анықтау. Дәлелдеу танабы (поле). Танаптың дәлелдеуге қатынасы. Дәлелдеу танабымен келісу. Бекерлеу мен дәлелдеудің қателігі мен ережесі. Паралогизмдер мен софизмдер. Бекерлеуді қорғаудың жол берілмейтін тәсілдері.
3 . Аргументтеу теориясының тарихы
Логиканың дербес ғылым ретінде Индияда, Қытайда, Грецияда қалымтасты. Ерте Қытайдағы теориялық білім мен тәжірибенің арақатынасы туралы мәселелер. Б.д.д. VI-Vғғ. Үнді философиясындағы логиканың даму жүйесі. Б.д.д.VIІғ. Дармакиртидің Логика тамшысы атты қысқаша логикалық оқулығы. Демокрит (460-370жж. б.д.д.) Логика туралы немесе каноның трактатының авторы. Сократ (470-399жж. б.д.д. шамасы) және оның мән туралы пікірі, индукция мен дедукция. Платон (б.д.д. 427-347 жылдар шамасында) және оын идея туралы ілімі категорияға топтастыру (идеяның жоғары түрі- тобы), кейбір жеке логикалық заңдарды дәл жеткізу. Логика атасы- Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) Аристотельдің логикалық шығармасы. Ежелгі стоиктер логикасы (Зенон, Хрисипп және басқалар). Эпикурдың тәжірибелік білім логикасы (б.д.д. 341-270 жж.) Порфирий шежіресі - Түсініктер арасындағы бағыныңқы қатынастардың көрнекті тұлғасы Порфирий (б.д.д. 233-304 жж.). Әл-Фараби- араб тілді логиканың негізін салушы (870-950 жж.). Логика Ибн-Сина (980-1037 жж.). Орта ғасырлардағы логикалық ойлау мен талдаудың дамуы. Осы кезеңнің өкілдері: И. Росцелин (1050-1112жж. шамасы), Д.Скот (1236-1308 жж. шамасы). У.Оккам (1290-1350жж.). А Кентерберискийдің (1033-1109жж.) жалпы ұғым табиғатын түсіндіру мәселесі, Ф. Аквинский (1225-1274жж.). П.Абелярдің (1079-1142жж.) әмбебап ұғымдар туралы ілімі. Ф.Бэконның Жаңа Органоныңдағы (1561-1626 жж.) және Дж.Ст Милльдің (1806-1873 жж.) Силлогистік және индуктивтік логика жүйесінде ғылыми индукция мәселелері.
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі - Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561-1626 жж.) - британ философы, тәжірибелі ғылым әдіснамасының негізін қалаушы, жаңа заманғы философиялық ойдың бастаушысы ретінде белгілі және эмпиризм бағытын ұстанушы. Негізгі шығармалары: Ғылымның беделі мен өсімі, Жаңа Органон..., Жаңа Атлантида т.б.
Ол орта ғасыр схоластикасын сынай отырып, бұл әлемге айтыс пен тартыстан басқа ешнәрсе алып келмегендігін көрсетеді. Оның жеміссіздігінің басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлықтай көңіл бөлмегендігі, философияны діннің қызметшісі деңгейіне дейін төмендеткендігі екендігін атап өтіп, ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосты.
Гносеологияда - танымның индуктивті әдісін қолдай отыра, ол дүниені тәжірибе арқылы ақиқатты тануды қолдауға қарай бағытталады. Заттар мен құбылыстар бір-біріне қатыссыз жеке дара өмір сүреді дей келе, тек силлогизмдерді қолдану арқылы дұрыс білімге жетуге, табиғат заңдарын тануға болмайды. Ақыл ұғымдары заттардан бөлінген, күмәнді, анықталмаған болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сөзден тұрады. Сөз заттардың символы мен белгісі.
Басты философиялық шығармасы - Жаңа Органон немесе табиғатты түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар атты туындысында ол табиғатты зерттеудің дұрыс әдісін қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон табиғатты игеруде оның имманентті заңдарына бағына отырып, образының өңін айналдырмау қажеттігін ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергілерге, атап айтқанда, адасу түріндегі елестерге тап болып, олар ақиқатқа жақындай түсуге бөгет болады деп байыптаған болатын.
Табиғатты тану айтыспен емес, тәжірибемен шешіледі. Оны тануда адам санасына тән болып келетін түрлі елестер қателікке ұрындырады. Олар: 1) тектік елестері. Бүкіл адамдарға тән, адам ақылы мен сезімдерінің шектілігінен, өзінің табиғаты туралы түсініктерін заттарға араластырып жібереді. Олардан құтылу үшін сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен қоршаған орта заттарын салыстыру керек, сөйтіп, олардың дұрыстығын тексеру қажет; 2) үңгір елестері. Жеке адамдарға байланысты. Әрбір адамның өзінің ішкі үңгірі, субъективті ішкі әлемі бар. Олар туа біткен қасиеттерінен, тәрбиелеуден, білімнен, біреуге көзсіз сенген беделден пайда болады; 3) Базар елестері. Сөздерді дұрыс қолданбаудан, базардағыдай әр түрлі мағына беретін сөздердің бір жерде қолдануынан болатын қателіктер. Бұл жеміссіз таласқа әкеледі, әрі табиғаттан алыстатады; 4) Театр елестері. Әлем туралы жалған елестер мен сынсыз философия жүйелерінен пайда болады. Бұл театрдағы жасанды әлем сияқты көрініс қалыптастырады деп тұжырымдаған.
Таным адамның табиғатқа үстемдігін күшейтеді. Оларға бағыну (табиғатқа) арқылы оны бағындырады, яғни, оның заңдылықтарын меңгеру арқылы бағындыру дәрежесі - меңгеру, заңдарды білу, білім деңгейіне байланысты. Философия мен ғылымның қаншалықты дәрежеде практикалық маңызы бар, соншалықты дәрежеде қоршаған ортадағы нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді. Білімнің ақиқат болу өлшемі - тәжірибе деген пайыды ойларын ұсынды.
Р.Декарттң (1596-1650 жж.) төрт ережесі Пор- Рояльдық логикасы (1662ж). Г. Лейбництің (1646-1716 жж.) математикалық әдісі. И.Канттың (1724-1804 жж.) трансцендентальдық логика мәселелерін зерттеуі. Гегельдің (1770- 1831жж.) диалектикалық логикасы. Математикалық логикалардың дамуы үлесі. Қазақстандағы логикалық ілімдердің дамуы (М.Жұиабаев, А.Байтұрсынов). Дәстүрлі формальді логика, оның танымдық және методологиялық рөлі.
4. Логикалық аргументтеу және Болжам (Гипотеза)
Болжамның мәні мен логикалық құрылымы. Болжамның құрылымы. Болжамның түрі. Болжамды түсіндіру және суреттеу. Жалпы және дербес болжам. Жұмыс болжамы. Сот-тергеу практикасындағы топшылау болжамы. Жалпы топшылау. Дербес топшылау. Топшылауды сот-тергеу практикасында қолдану. Болжамның логико-методологиялық қисындық талабы: қарама-қайшылықсыздығы, тексерілуі, негізділігі, хабардар болуы. Болжамды тексеру. Тергеуді мағлұматпен салыстыру. Болжамды логикалық дәлелдеу.
Гипотеза - дәлелдеуге мұқтаж, ақиқат мағынасы анықталмаған, айғақтардың негізінде қалыптасқан теориялық білім формасындағы шамалау - болжау.
Олар: 1) Ақиқат теорияға айналуға бет түзейді; 2) Түрлері өзгеріп нақтыланады; 3) Адасу болып шығады немесе дәйектеледі. Мысалы, Квант физикасы гипотезасы ғылымға айналса, эфир адасу болып табылады. Ғылымда бәсекелес бірнеше гипотезалар ұсынылады. Гипотеза ғылым заңдарына сәйкес болуы тиіс, айғақтармен келісілген болуы қажет, ол өз ішінен қайшылықты болмауы тиіс, қарапайым (артық нәрселер, субьективтілік болмауы тиіс) болу керек, ол не терістеледі, не бекітіледі.
5 . Пікірталас сұхбаттастықтың формасы: түрлері, стратегриясы мен тактикасы.
Пікірталас дәйектеу ретінде. Пікіртасталас пен дәйектеу: салыстырмалы талдау. Пікірталастың сан алуандығы және пікірталасты жіктеу. Жеке және көпшіліктің Пікірталасы. Түзетілген немесе түзетілмеген пікірталастар. С.И. Поварнин Пікірталас еңбегі және ондағы негізгі идеялар. Пікірталастар жүргізу мақсаты: ақиқат, сендіру, жеңіске жету, бәсеке ретінде.
Пікірталас дәйекті пайымдаудың ерекше түрі. Пікірталас, эклектика мен Аргументтеу практикасы және парасатты сыни пікірталастың идеалды үлгілері. Парасатты пікірсайыстағы терминдерді қолдану. Сыни пікрсайыстың құрылымы. Консенсус барлық пікірсайыстың алғышарты мен негізі. Сыни пікірсайыстағы кедергілер. Ғылымдағы пікірсайыс. Полемика. Полемикалық жағдай және оның түрлері
6 . Қазақ дүниетанымындағы би-шешендер логикасындағы дәйектеу
Би феномені тарихи-әлеуметтік тұрғыдан мынадай мағыналарға ие болады: 1) Саяси - Бидің қызметінің басты мазмұны құқықтық кеңістіктегі адам еркіндігі мен еріктілігі, жауапкершілігі мәселелерін қамтып, әлеуметтік реттеушілікке (регулятор) келіп тоғысады;ол адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы және жаңашылдық енгізуші, қоғамдық өмірді жаңартушы; бидің қызметі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар деңгейіндегі: жауапкершілік пен еркіндік, еріктілік пен тәуелсіздік, бостандық пен азаттық т.б. аясындағы күрделі мәселелерді шешудің даналығына келіп тіреледі; бидің өзі әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-саяси тұрғыдан нақты барынша толыққанды өкілі, өнегесі мен жарқын үлгісі болып табылады.
2) Әлеуметтік - Билер: әлеуметтік әділеттілікті теориялық деңгейде ғана таразылаушы ретінде идеяларды алыпсатарлыққа айналдырмайды, оны қоғамдық өмірде қолданып, нақты нәтижелерге қол жеткізеді; үнемі әлеуметтік жанжал аясындағы шекаралық жағдайлы күй кешеді де, үнемі өзін-өзі ашу, өзін тану экзистенциясында болады; зиялылықтың үлгісі ретінде тұлғалардың әлеуметтенуінің орталық институты болып табылады т.б.
3) Мәдени жағы - адамгершілік талаптарын қатаң сақтаған, әділеттіліктің жоғары деңгейіне мүлтіксіз жеткен, ойы мен ақылының ұшқырлығы жетілген, ел ішіндегі кемшілік пен жетістіктерді көре білетін, ханнан да, қарадан та тайсалмайтын, біліктілігі мен білімін ұштастырған тұлға. Ол қазақ руханиятын дамытуға да өзіндік үлесін қосқан айтулы жан. Сондықтан, оның шығарған шешімдері Билер кеңесі (қазіргі парламент сияқты) арқылы ауыздан-ауызға тарап, қазақ сахарасына жайылған, ал жалпы өмірмәнділік мәселелері халық даналығының қоймасына енгізілген, кейбірі мақал-мәтелдерге айналып кеткен. Ата-ананың қадірін, Балалы болғанда білерсің - Шал ақын; Ежелгі дұшпан ел болмас - Бұқар жырау; Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса - төбедегі кетеді - Майқы би т.б.
Мыңдаған жылдық тарихта шындығында да, кәсіпкерлер мен дәулет иелері, болыстар мен билік иелеріне қарағанда, ғалымдардың еңбектері барынша өміршең екендігі сөзсіз. Немесе, Төле бидің: Бір бала бар - Атаға жете туады, Бір бала бар - Атадан өте туады, Бір бала бар - Кері кете туады,-деген толғауы да таза өмірмәнділік философия. С.Н. Ақатай да олардың толғауларына былай сипаттама берген болатын: Шешендік сөз - тек ауыз әдебиетінің жанры ғана емес, дүние туралы ел байламы, дүниенің тегі жөніндегі белгілі бір тиянақты көзқарастық позицияны арқау еткен тұжырым, әлемді рухани игерудің формасы, басқаша айтқанда, табиғат, адам мен қоғам заңдылықтары туралы болжаулар, пайымдар мен ақыл-ой жиынтығы
Би толғауларының тағы бір қыры - өзара сұхбат, пікірталастыру түрінде болып келеді. Сырым батырдың алдынан шыққан Алдияр би оған қарап: Қарадан хан болдың, Айырдан нар болдың, Жоқтан бар болдың, Көнеден дәурен озды, Көндей қамқа тозды. Атадан ұл озды, Анадан қыз озды деген сәтте, Сырым былайша жауап қайырған екен: Қарадан хан болсам, Халқым қалаған болар, Айырдан нар болсам, Атам жараған болар. Көнеден дәурен озса, Жасы жеткен болар. Көндей қамқа тозса, дәурені өткен болар. Атадан ұл озса, Еркіндігі болар, Анадан қыз озса, Еркелігі болар. Мұндай пікірталастыру ұрпақтарына берілген сабақ болумен қатар, өздерін одан әрі жетілдіріп отыру үшін құрылған айтыс тәсілі іспетті де болып келеді, екінші бір қырынан қабілеттерін байқасу-сынасу бәсекесі.
Би-шешендердің халық даналығына айналған ойларының тағы бір көрінісі - жұмбақтау тәсілі. Қырғыз Қызылымқарт Жиреншеге кездескен сәтте: Шешен сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым. Осыған құлағдар болыңызшы,-деген екен. Сол кезде Жиренше былайша толғапты:
Он бес жас құйын қуған желменен тең,
Жиырма бес дауыл ұрған көлменен тең,
Отыз бес ағып жатқан селменен тең,
... Жүзіңде дүниеден күдеріңді үз,
Өлмесең де өліден кем боларсың.
Бірде елшілікке келген көрші елдің бір адамын өлтіру туралы сөз болыпты. Үш би оңаша шығып сөйлесіп тұрғанда,Төле көлге қарап тұрып: Алар ма еді мына көлдің қуын атып? -дейді. Әйтеке: Оғың шығын болмасын суын атып,-дейді. Сонда Қазыбек: Құтыла алмас бәлеге қалып жүрмейік, Құс екен деп перінің қызын атып,-деп сөзді бітіріпті. Бұл жұмбақтаулар тек жай ғана ермек емес, іргелі өмірлік-әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізген ұлағатты тұжырымдар болып табылады.
Билердің толғаулары мен сөздерінің маңызды бір тұсы - бітімгерлік пен елдікке қатысты, сыртқы саясат пен ішкі саясат мәселелерін реттеуге байланысты болып келеді. Мысалы, Қалмақ еліне елші болып барған Қазыбек би оның Бертіс атты ханына былайша қатқылдау үн қатып, жанжалды бітістіріп қайтқан екен:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
... .Сен қалмақ болсаң, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз ...
Мұнда елдік пен ерлік, батырлық пен жігердің тайсалмайтын рухы жатыр. Сөз саптау да әуелі сыпайы бастап, одан соң бірте-бірте күшейе түсіп, ақыр соңында өзінің бұлардан кем түспейтіндігін, бәсекелесе де, жауласа да алатындығын көрсетіп қоюмен келіп шешімін табады.
Би-шешендер толғауының құрылымы мен мазмұнының өзі барынша күрделі болып келеді, ең басты нұсқа ойлау ерекшелігі. Мұны би-шешендер логикасы деп атауға да болады. Бұл кей сәттерде шарықтау шегінде тапқырлықтың софистикалық (сөздерді ойнату) тәсілдерін де қолданады. Мысалы, бір бала жалданып жұмыс жасап, тапқан ақшасын бір байдан үйіне беріп жіберіп, өзің де ал, үйдегі ата-анама өзің не қаласаң соны бер депті. Бай баланың үйіне келіп, мен ақшаның бәрін өзім қаладым, сіздерге ешнәрсе де бергім келмейді, міне балаң өзің не қаласаң соны бер деп жазып жіберді деп көрсетіп, бір тиын да татырмай кетіп бара жатқан жерінен Алдар Көсе шығып, хатты қайтадан оқып тұрып: Өзің не қаласаң соны бер депті ғой, егер өзің бұл ақшаның бәрін қалап тұрсаң, онда сол қалаған сомаңды, енді түгелдей беруге тиісті емеспісің,-деп ақшасын тұтастай қайтарғызады. Осындай басқатырғы ойша алдау тәсілдері әлемдік философияда софистика ілімі ретінде танымал болса, қазақ даналығында, би-шешендерде ол тапқырлық пен ой ұшқырлығы түрінде қолданылатын тәсіл болған.
Би-шешендердің жұмбақтау тәсілі негізінен көркемдік танымға негізделеді. Мұнда қазіргі әдебиетте қолданылатын тұспалдау, ишаралау, ниеттеу, рәміздеу сияқты ойды тікелей емес, жанама, басқа бір ұқсас жағдайлар арқылы жеткізетін ойтаным кеңінен қолданылады. Бұл билердің өз арасындағы пікірталастарда, әңгімелерде, сұхбаттарда жиі қолданылады. Би, жалпы алғанда, тұспалды ойдың шебері болуы тиіс, неғұрлым ым-ишараны, рәміздерді жетік меңгерсе, соғұрлым оның шешендік қабілеті де жоғарылай түскен. Жоғарыда келтірілген мысал, Үш бидің өзара әңгімесінің Құтыла алмас бәлеге қалып жүрмейік, Құс екен деп перінің қызын атып,-деп сөзбен тәмәмдалуы оқиғасында да үшеуінің бірін-бірі терең түсінісуі мен өзіндік билер логикасын меңгергендігі анық байқалады. Д.С. Раев қазақ даласындағы шешендік сөздердің мағынасын және логикалық жүйелілігін былайша сипаттап өткен болатын: Шешендік сөздерде қазақ даласы көшпелілерінің бүкіл коммуникация жүйесі мен дүниетанымының дәстүрлі ұлттық логикасы, қозғалу ритмі жатыр
Билер мен шешендердің ойлау жүйесі ержүректелікпен, батырлықпен, намыстылықпен астасып жатқандықтан, оларда сезімдік толғаныстың келбеті анық байқалады. Ішкі адал сезімнен шыққан сөз қашанда, жеңіске жетеді. Осы адалдық сезім ақиқатты айтқызып, қарсыласын тұқыртып тастайды. Ендеше, билердің сезімді пайдалану тәсілі қарсыласының немесе өзге ел-жұрттың ішкі жан-дүниесіне жеткізе айтумен келіп шешімін табады. Мысалы, Бұқар жыраудың: ..Мен сені алғаш көргенде, Әбілмәмбет сұлтанның, Түйесін баққан құл едің деген толғауы ішкі сезімдік күйзелістен шығып, таза шындықты жеткізгендіктен, ол ханға да әсер етпей қоймайды
Билердің ой машығының тағы бір ерекшелігі - логикалық-ғылыми ойлау. Мұнда салыстыру мен талдау, жинақтау мен жалпылау операцияларымен қатар, біріншіден, екіншіден деп жүйелеп қою ыңғайлары қолданылады: біріншіден не жаман, бірінші тілек тілеңіз деп басталатын өлеңдер, жеті қасиет, үш жаман, үш жақсы, үш жүрт сияқты - үш тұғырлы бірліктер т.б. осындай логикалық ғылыми айналымдармен келіп түйісіп жатады. Ал салыстыру бірінші табиғат құбылыстарын айта келіп, орағытып, қоғамдық өмірге, нақты жағдайларға қарай бетбұрумен көркемделеді. Бұл тұтас қазақ поэзиясында жиі қолданылатын шендестіру тәсілі. Сондықтан, мұндай жүйелі логикалық ойлау шешендік сөздер мен билердің толғауларының құндылығын арттырып қана қоймайды, сөздерін дәлелдеу үшін де пайдаланылады. Тарихта қазақ даналарының сауаттылығы туралы айтыла бермейді. Мысалы, Төле би, Бұқар жырау сынды ірі тұлғалар медреселерде бірнеше жыл оқыған сауатты адамдар болғандығын ескерсек, олардың ғылыми ойлауға бейім болғандығын және оны арнайы қолданғандығын оңай түсіне аламыз.
Сондай-ақ, анология мен жүйелілік сияқты тәсілдер де жиі қолданылған. Мысалы, мал мен ғылымды салыстырып (яки, байлық пен ғылымды), ғылымның артықшылықтарын біріншіден, екіншіден... деп, тура он мысалмен дәйектеген Әлі шешен оны жүйелеп көрсетіп берген екен: Малдан ғылым артық. Өйткені ғылым әулие-әнбилердің мирасы, ал мал - перғауын мен Қарынбайдың мирасы; Екіншіден, малдан ғылым артық, өйткені ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсын; Үшіншіден, малдан ғылым артық, өйткені ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп; Төртіншіден, малдан ғылым артық, өйткені ғылымды жұмсасаң арта береді, ал малды жұмсасаң азая береді ... деп он түрлі тәсілмен дәйектейді.
Би-шешендердің ойлау машығының қадірін арттыратын тағы бір ерекшелік - тездік. Сыртқы ортаға, болып жатқан оқиғаларға, даулы мәселелерге, хан, батыр, би сияқты әлеуметтік беделді тұлғалардың қойған сауалдарына сол сәтте тезірек жауап қайтару қажет және ол ұтқыр ой, тапқырлық, терең мағыналы, өмірмен тығыз байланысты, екіұшты емес болуы тиіс. Би-шешендердің даналық сөздері де көп жағдайда өлеңмен айтылғандықтан, ол суырыпсалма ақындықты қажет етеді. Ақпараттарға тез жауап беру үшін алдымен, мағыналы ой керек, ол ой қайтадан тұспалданып, көркемделіп, әсерін арттыратындай болып құрылуы тиіс, сосын оны өлең шумақтарына айналдыру қажет. Міне, бұл - би-шешендердің ойлау жүйесінің қысқаша тізбегі.
Мұндай туа біткен қабілеттермен қатар, адамгершілік қасиеттер бойынша да кемелденген тұлға болуы би-шешен болу үшін алғышарт болып табылады. Әділетсіздікті көре білу, мұқтаждарға қол ұшын беру, қайырымдылық жасау, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетумен қатар, хан мен қараға да өз ойын батыл жеткізе алатын ержүректілік пен намыс, қаһар мен айбарлылық сияқты этикалық сапалар да оның бойынан табылуы тиіс. Себебі, оның адамгершілік жағы мүлт кетсе, ол сөзі мен ісі сәйкес келмей аяқтан шалынады, ел-жұрт алдында беделі түсіріліп, оның сөзіне ешкім де құлақ аспайтын болады. Шындығында, ол өз ойын айтарда қателесуге болмайды, қателесу тағдыры оған жазылмаған. Егер би-шешен адамгершілік жағынан олқылау болса, оның сөзіне халық құлақ та аспас еді. Ендеше, олардың этикалық сапалары қоғамдық дамудың қозғаушы күштеріне айналады.
7 . Эвристика, риторика, өрісті ойлау
Біз ұсынып отырған өрісті логиканың әдістемелік бағдарлары формальды, диалектикалық, символикалық логика заңдарын, ондағы ой машықтарын жинақтай келе, олардың қажетті деген тұстарын пайдаланатын болады. Бұл әдістер көп жағдайда, дәстүрлі ойлауды сындарлау арқылы жүзеге асатындықтан, алдымен оның логикасы көрсетіліп, өрісті ойлауға бетбұрыс ашылады.
Ол әдістерді, біз, Тезис-Антитезис құрылымы бойынша ұсындық. Яғни, бастапқы белгіленген нұсқа, дәстүрлі түсінікті, қалыпты ой тұжырымдарын көрсетеміз, көп жағдайда, одан соң оны терістейміз. Осы тұста, В.И. Брюшинкиннің сыни ойлаудың деңгейлерін: 1.Эмпирикалық деңгей - айғақтарды сыни тексеру; 2. Теориялық деңгей - теорияларды сыни тексеру; 3.Метатеориялық деңгей - құндылықтар мен нормаларды сыни тексеру деп көрсетіп бергендігіне[3,55б.] сүйенсек, біз осы үшінші деңгейді тезис ретінде ала аламыз.
1. Толық қамтымауды аңдай білу тәсілі.
Дәстүрлі түсінікте А═А (Тезис). Бұл тек қоғамдық бұқаралық санада ғана емес, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларда, заңдылықтарда, қортындыларда да кездеседі. Біздіңше, А!=А (антитезис); ол А ═ а немесе А═ А1 ғана болуы ықтимал.
Яғни, А тең А-ға емес, ол тек қана а немесе А1 болып табылады. Олай болса, А тең А1-ге. Немесе А тең а-ға. Бұл - субъект предикатты толық қамтымайды немесе керісінше деген сөз.
Бұлай айтылған пікір немесе тұжырым қашанда дәстүрлі ойлағандай, анықтаушысына сәйкес емес болып шығады, әлемнің немесе құбылыстың мәнін білдіретін пікір оның тек қана бір бөлшегін ғана қамтып сипаттайды дегенге келіп саяды. Мысалы, Бұл - Болмыстың заңдылығы (дұрысы, мүмкін: Болмыстың заңдылықтарының бірі болуы тиіс шығар) деген тұжырым өрісті ойлауға жетелейді, шындығында, бұл дегенге жатататындардың барлығы тұтас болмыс заңдылығын аша алмайды, тек қана белгілі бір кезең немесе аймақты, тіпті болмаса сәттерді бейнелейді. Осы пікірде тек жалпының ішіндегі жеке ғана суреттеліп тұр. Шындығында, болмыс заңдылығы әлдеқайда кеңірек. Мысалы, тартылыс заңы - тұтас болмыстың заңдылығы бола алмайды, себебі, ол тек жер жағдайында, немесе біздің күн жүйесінде, тіпті болмаса біздің галлактикада, мүмкін метагаллактикада ғана немесе белгілі бір уақыттарға, жағдайларға байланысты заңдылық болуы ықтимал деген сөз.
М. Хайдеггер өзінің болмыс туралы ілімін Іргелі онтология деп атаған болатын. Онтология сансыз көп метагаллактикалар мен олардың шексіздігін тұтас қамтитын, жалпы өмір сүріп тұрғандардың барлығы екендігін ескерсек, онда М. Хайдеггердің тек Жер планетасы жағдайындағы, оның бір шектеулі құрлығындағы сүрген өмірі мен ғарыштың азғантай бөлігін де арнайы құрылғылармен де бақылай алмайтындығы іргелі деген сипаттаманы ашып бере алмайтындығы даусыз.
2 Ұғымның шексіз ашық болуы тәсілі.
А═ А (Тезис); А!=А (антитезис); А═ А1; А═ А2; А═ А3; А═ А4 ... А═А infinity. Мұнда да А тең А-ға емес, А дегеніміз - А1, А2, А3, А4 ... ке тең. Осылай шексіздікке ұмтыла береді.
Ұғым тұйық немесе дара емес. Ұғым ассоциативті-бейнелі түрде өзін-өзі шексіз аша алуға қабілетті. Мысалы, Ағаш (Терек) сол бір ғана жеке теректі немесе барлық теректерді ғана білдірмейді, немесе формальды логикадағы жалпылау жолымен тұтас табиғатқа қарай өрлейді, ол ашық болғандықтан, әртараптанады. Мысалы, терек формасы жөнінен ассоциациялар арқылы бір негіздеген тараған субстанцияны бейнелейді, жалпы дифференциацияланып өрлейтін құбылыстар мен заттардың бәрін бойына сыйғыза алады. Мысалы, түркі тілдерінің генеалогиясы осы үрдіспен бейнеленеді, Қазақ шежіресін де осы үлгімен көркемдеп беруге болады. Ол адам қиялынан немесе көркемдеп бейнелеуден ғана туындаған жоқ, өрісті логика бойынша, оның барлығы терек ұғымының өн бойына сыйғыздырылған деп қарауға болады. Мысалы, әлемнің органикалық бірлігі идеясы, кванттық физика т.б. осы ойлау машығына жуықтайды.
3.Пікірдің аяқталмайтындығын пайдалану тәсілі.
А═ А (Тезис); А!=А антитезис; А═ - А; А = (-А)+ (-А)+(-А) ... +(-Аinfinity).
Мұнда А тең А-ға емес, А дегеніміз қашанда - А (минус А). Ол минус А-лардың шексіздігіне қарай ұмтылады. Ешқандай үғым, пікір, идея, тұжырым аяқталып қалмайды. Әрбір идея қашанда толық емес. Кез келген анықтама, заң, тұжырым тумысынан, пайда болып толысқанның өзінде осындай табиғатты иеленеді.
Мысалы, көне Грекиядағы атом - ең соңғы бөлінбейтін бөлшек қағидасы ХІХ ғасырда жоққа шығарылды, ол шексіз бөліне алады екен. Тіпті ол кванттық физикада бөлшек емес, энергия болып шықты. Сондықтан А үнемі толықпайтын, жетілдіруді қажет ететін минус А-лардың жиынтығынан ғана құралады. Яғни, А толыққанды А болуға үнемі ұмтылып, минус А-лардың шексіз тізбегін құрайды.
Бұған ғылымда ешнәрсенің де абсолютті бола алмайтындығы туралы релятивистік бағыт жақын келеді. Немесе, Т.Кунның ғылымның кумулятивистік жолмен даму идеясы сәйкестенеді.
4.Мүлде басқа байланыстарды туындату тәсілі.
А=Х+У (Тезис), А!=Х+У (антитезис); А= Х +Z немесе А= Х +Ԛ... т.б.
А тең болады Х плюс У емес, А тең болады Х плюс Z немесе Х плюс Ԛ-ға. Мысалы, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың жолы (А), құқық қорғау органдарын құру (Х) және оның қызметін жақсарту (У) сияқты болып көрінеді. Шындығында, оның алдын алудың түп себебі, мүлде басқа нәрселерді жүзеге асыру: имандылықты, адамгершілікті жақсарту т.б. болуы ықтимал. Немесе, академиялық медицинадағы адамның бүлінген ағзасын, шыққан жара, ісік т.б. кесіп алып тастау оның емі емес, ол адам психикасындағы ауытқулардан, күйзелістерден, дағдарыстардан, өкініштерден т.б. туындайды. Олай болса, әуелі адам психикасын түзету қажет. Бұл екі арнаға, батыстық және шығыстық дүниетанымға да сәйкес келеді. Демек, бастапқы дәстүрлі себеппен мүлде сәйкес келмейтін, тіптен басқа жазықтағы, адам ойламаған нәрсе болуына сүйену үнемі назарда болуы тиіс.
Американдық әлеуметтанушылар еңбек өрістілігін арттырудың негізі - дәстүрлі түрде бәріміз ойлағандай, өндіріс құрал-жабдықтарын инновациялау, өркендету т.б. емес, ұжымның психологиялық климатына, жұмыс орнындағы көңіл-күйге байланысты екендігі туралы тұжырым жасады. Мұнда да, бір қарағанда тікелей қатысты емес шарттар ұсынылған. Міне, бұлар, мүлде басқа байланыстарды іздеу тәсілін қолданып тұр.
5.Керісінше болып шығуды аңдау тәсілі немесе керісінше болып шығуы мүмкін екендігін аңдай білу. (Керісінше жағын ойлау тәсілі)
А= - В (тезис); А!= - В (антитезис); тіпті А!=В; А= + В
А тең болады минус В емес, А тең болады плюс В. Мысалы, адам ағзасындағы өте ұсақ микроорганизмдер оған зиянды деп саналған болатын, ол керісінше пайдалы болып шықты, сәйкесінше, тіпті бейтарап та емес, олай болса, А=В-ға да емес, міндетті түрде керісінше болуы тиіс: дәстүрлі ойлауда А тең плюс В ға болса, өрісті логикада ол минус В-ға тең немесе тең болып шығуы ықтимал деген сөз. Сондай-ақ, бұрын Ғылым - адамзат өркениетінің болашағы деген ұстаным абсолютті дұрыс болып көрінді, ал А. Бергсонның: Ғылым - адамзаттың қас жауы деген тұжырымы да, осы ойдың тәсілі болғанмен, ол да біржақтылық сипат алып кетті. Немесе, Гордонның Фантастикалық аналогия деп аталған тәсіліне орай, жердің тартылыс күшін алып тастау, жарық жылдамдығын өзгерту т.б. арқылы іргелі заңдылықтарға қарсы шығу жолы да[4,69б.] бұл тұста біздің осы тәсілімізді қуаттай түспек. Бұның анық мысалы, терминденген бағыттарды терістеуші префикстер арқылы жоққа шығаратын бағыттарды туындатудан да: сциентизм-антисциентизм, субстанционализм-антисубстанционалд изм, детерминизм-индетерминзм т.б. байқалады.
6 Біржақтылықтан арылу тәсілі.
А= - В (тезис); А= - В ... .? (антитезис); А= - В = + В немесе А= - В + (+ В). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz