БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУДАҒЫ СӘТТІЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУДАҒЫ СӘТТІЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Білім алушыға күштеп кітап оқыту, ересектің нұсқауымен жүріп-тұру т. б. олар үшін тұлғалық мәнге ие болмайды, оның өмірінің маңыздысы, әрі қымбат қажетті нәрсесі бола алмайды. Мұның сыртында өзіне ұнамайтын іспен айналысқан адам, оны бітіре салысымен ол туралы тезірек ұмытуға, оны өмірдің өткен кезеңіндегі өз әлемінен шығарып тастауға ұмтылады. Жұмысқа тек өмір сүруге қажетті қарсы табу қажеттілігімен ғана баратын адамдардың, олар айналысатын мамандыққа қызығушылығы жоқ екендігі, одан рахат таппайтындығы, өздерінің бос уақытында өздері ұнатпайтын істі ұмытып қана қоймай, соған байланысты тақырыптағы әңгіме айтуға да тиым салатыны белгілі. Жалпы өз жұмысын сүйетін, жанына жақын іс таңдап алғандар ол туралы қалай қызығушылықпен беріле әңгімелейтіні де жасырын емес. Субъектіге табыс пен жоғары қанағаттануын әкелетін іс-әрекет ғана ол үшін даму факторы болып қалыптасады. Мәжбүрлеу немесе қажеттілік бойынша жасалатын іс-әрекет тұлға дамуында қозғаушы күш болып табылмайды. Мұндай іс-әрекет барысындағы дүниесін өзара байланыс объектінің дүниеге танылуын, оны тұлғалық құндылықтар құрылымына қосылуын, тұлғаның рухани әлемінің мазмұнын кеңейтуді білдірмейді. Болашақ кәсіптік оқыту педагогы ұйымдастыратын іс-әрекеті өзінде табыс жағдайы болуы туралы ойлануы қажет. Бұл жекелей де, топтық та іс-әрекетке қатысты. Табыс шамасы әртүрлі болады. Бірақ, табыс сөзсіз болуы тиіс, әйтпесе, ұйымдастырылатын іс-әрекет тікелей қарама-қарсы нәтижеге соқтыруы мүмкін, мысалы, өнерді сүймеу, еңбекке өшпенділік, этикетті жек көру, ғылыми білімдерді көзге ілмеу, адамдарға қатысты жауығу, басқалардың табысына ызалану, тағы басқадай болуы мүмкін. Өмірдегі күйіну немесе бірнәрсеге өшігу көбінесе адамның өз іс-әрекеті барысында алатын қанағатқа көп байланысты. Өмір сүру факторына байланысты қанағаттанумен қатар, қиялдағы нәтижеге, іс-әрекет өніміне бағытталған жасампаз күш ретіндегі шығармашылық бақыты да болады. Мұндай түрдегі күштердің табысы терең әрі ұзақ рахаттануды бастан өткізудің негізі болып табылады. Олар, басқаға қарағанда, білім алушыларға табыс әкеледі. Біз табыс жағдайы туралы айтқанымызда, іс-әрекет табысын өткізуіндегі дәлелдерді ескеруіміз керек. Іс-әрекеттің объективті табыстылығы (мысалы, әнді жақсы айтты, жаттығуды үздік орындады, жарыста жеңіп шықты) бұл әлі табыс жағдайы емес. Табыс жағдайы - бұл істі атқарушының, құбылысты жасаушының физикалық немесе психикалық шынығуының қорытындысымен қанағаттанудың ерекше жағдайы, субъективті сезінуі. Табыс сезімі өз қорқынышын, өз ұяңдығын, түсінбеушілігін, жасқаншақтығын, қолынан іс келмейтінін, сасқалақтауын, қиналысын т. б. жеңе білген субъектіде пайда болады. Табыс жағдайы-адам үшін қандай-да бір шарықтау, өзінің тұлғалық жетілуінде бір сатыға жоғары көтерілу. Ол педагогқа білім алушыны дамыту үшін қажет. Егер нәтижеге жету үшін барлық құрал жақсы болмаса, онда бұл жерде осы принцип ерекше қатаң, табыс жағдайында, тұлғаның өзі табысты анықтаған кезде ғана қол жеткізіледі. Білім алушының жеке басының тырысуынсыз табыс жағдайы болмайды. Білім алушы табысқа емес, бағаға қалай қуанса, спортшы да наградаға солай қуанады, ол жеңіске жету жолындағы қиындықты сезбейді. Егер іс табысты аяқталмаса, тұлға белсенділігі және әркімнің жеке жауапкершілігі - тұлғаның дамуындағы күшті және шешімді бетбұрысы. Американдық психолог У. Глассер былай дейді: «Өткен сәтсіздіктердің санына, мәдениетіне, шығу тегіне, терісінің түсіне немесе материалдық жағдайына қарамастан, адам өзіне маңызды бір нәрседе бір кезде табысқа жетпесе, ол өмірде ештеңеге үлгермейді… Егер оқушы мектепте табысқа қол жеткізсе, онда өмірде де оған табысқа жетудің барлық мүмкіндіктері бар …». Табыс әсері тіпті тәжірибелі педагогтарды да таң қалдырады. Білім алушы жүріс- тұрысында өзгерулерді қадағалай отырып, кейде өз көзіңе өзің сенбейсің. Тыныш және ұялшақтан ол кенет өзіне сенімді әрі еркін адамға, бұрын үндемейтін және түксиіп жүретіннен әңгімешіл әрі көңілдіге айналады және айналасындағылардың барлығын өз оптимизмімен, өмірге қуану шеберлігімен қызықтырады. Табыс жағдайы-бұл жеңіс, яғни, адам қиындықты жеңгенде, тағдырдың еңбек сіңбеген сыйы ретінде емес нәрсені сезінуі. Табысты бастан өткізу, өзін, өзінің білімсіздігін, қолынан іс келмейтіндігін, тәжірибесіздігін білгенде жүреді. Білім алушы тұлғасы табыс кезінде өскендей болады, ал сол уақытта, сәтсіздіктер оны жабығуға, өзінің төмен сезіміне тұйықтануға мәжбүрлейді. Бірақ, бір табыстың тұлға дамуына әсерінің қалай екенін біле тұра, біздер, ата-аналар мен педагогтар, өзіміз өте жақсы көреміз деп сендіретін өз балаларымыздың табысқа жетуіне өте аз қамқорлық жасаймыз. Біздің ойымызша, табыска кедергі болатын екі себеп бар. Біріншісі, қоғамның әлеуметтік құндылығы ретіндегі жеке тұлғаны жеткіліксіз бағалауымыз. Екіншісі, біздің кәсібилігіміз, қазіргі заманауи педагогтарында педагогикалық техника мен педагогикалық технологиялардың жетіспеуі, аз болуы. Іс-әрекеттегі табысты қолдау үшін, кәсіптік оқыту педагогының іс-әрекет субъектісіне белгілі бір психологиялық әсерлер керек. Бұл жерде субъект ретінде жеке білім алушы да, сол кезде айналасындағы білім алушылардың барлығы педагогпен бірге оның табысын қолдайды, сондай-ақ кәсіптік оқыту педагогымен жұмыс істейтін білім алушылардың жеке тобы да болуы мүмкін. Бірінші кезекте, біз қойған мақсатқа жету үшін, білім алушыны психологиялық қыспақтан бастаудың ең керек тәсілі ретіндегі іс-әрекет алдындағы қорқынышты алып тастауды қажетті шарт деп атағанымыз жөн. «Ол менің қолымнан келмейді…», «Мен білмеймін…», «Менен ештеңе шықпайды…» дейді және тұйық енжарлыққа бой алдырады, жолдастарының жетістігін қайғыра бақылайды, өзі таңдап алған тұрғыдан зардап шегеді. Егерде «бұл қарапайым», «бұл жеңіл болмай қалса-ештеңе етпейді», «істеп көр, ештеңе де жоғалтпайсың» немесе «кел, бірге көрейік, болмаса басқа тәсіл іздейміз…» деп айтатын болсақ, онда қысым азаяды, білім алушы сәтсіздікке ұшыраудан босана алады. Қазіргі техникалық және кәсіптік колледждерде бүгінгі тәрбие тура қарама-қарсы түрде құрылады. Сәтсіздік алдындағы қорқыныш лексикалық және интонациялық түрде үйіріледі. «Бұл қиын пән, сондықтан сендер міндеттісіңдер…», «Бақылау жұмысы қиын, сондықтан сендердің міндеттерің…», «Өзіңнің бар күшіңді осы қиын жұмысқа жұмылдыр…», «Мұны жасау оңай емес…» және сол сияқты білім алушыны түбегейлі қорқытып, оны психологиялық тығырыққа тірегіміз келгендей болады. Әрине, төмендегідей сұрақ туады, біз білім алушыға табысқа ерте жетесің деп, оны ойға алған нәтиженің қол жетімділігіне бағдарлай отырып, алдамаймыз ба? Оның келесідей жауабы: біріншіден, біз білім алушыға, оның қолынан келмейтін нәрсесін ұсынбауымыз керек. Екіншіден, әркім іздеген нәтижеге ең жоғары белсенділікпен жетеді. Үшіншіден, педагог ұсынғанды орындау үшін нақты нұсқаунама, жоспарланғанды қалай жақсы орындауына кеңес беруге міндетті (кәсіби міндет!) екенін түсінуіміз керек. Біз мұны жасырын көмек деп атаймыз, педагог білім алушыға, «Маған сенің…жасағаның ыңғайлы сияқты көрінеді», «Басты назарда…тұрған жоқ па?», «Мен адамдардың әдетте, …бастайтынын білемін», «Осы бөлікті орындау жеткілікті, өйткені…». Күрделі жағдайда педагогикалық инструментовкаға әлдеқайда нәзік: «Маған сенің…. туралы ұмытқаның жөн сияқты», «Мен, осыны орындау біздің қолымыздан келеді деп сенемін…», «Мен, осы бір тетіктің қашан жасалатынын тағатсыздана күтемін…», «әдетте, жұмыстың осы бір жағы орындалғанда, барлығына ұнайды…», «әрине, сен… туралы ұмытасың». Бір өзімізді, білім алушыға көрсетілетін көмектің жасырын формаларын іздеуге жиі мәжбүрлейміз, нұсқаунаманы бұйрық ретінде, жарлық ретінде ашық және тура жариялаймыз, өзіміздің көмегімізді кейде «алдымен, сонан соң, ал енді, ең соңында» типтес алгоритімдік формулаға айналдырамыз. Сөйтіп, ббілім алушы белсенділігінен ең қымбат дербестік субъектілігі алынып білім алушының емес педагог іс-әрекетінің элементі болады. Білім алушыларға жұмыс ұсынған педагог, нұсқауларды ойластырады, оларды іс-әрекет қоғам мәдениеті деңгейінде қанат жаятындай етіп, білдірмей ұсынады және адамзаттың мәдени жетістіктері білім алушының жоспарланатын белсенділігіне бірден сабақтасып кетеді. Білім алушы іске кіріскенге дейін оның артықшылықтарын жариялау қажет, сонда ғана болашақта жетістікке жетуге болады. Тәрбиеленушіге қарап педагогтің (кейде, педагог тәрбиелеген білім алушылардың да) айтатыны: «Сен мұны сөзсіз орындай аласың…», «Әрине, сен мұны үздік орындайсың, өйткені…», сөйтіп, әрі қарай, әліде болса тұрақты сапа ретінде қалыптасып үлгірмеген, бірақ адам бойында бар артықшылықтар аталады. Кейде, білім алушылар назар аудармайтын ерекшеліктер жарияланады «сенде көзбен көргенді есте сақтау бар…», «сен өте жылдам әсер етесің…», «сенің күшті мінезің сәтсіздіктен қорықпайды». Көпшіліктің алдында, бүкіл ұжымның қатысуымен білім алушы белсенділігін жұмылдырады, сөйтіп өзіне берілген мінездемені ақтауға бар күшін жұмсайды. Дегенмен, бұл тәсілдің кері нәтижелері де болуы мүмкін. Педагогтың атап өтуімен биікке көтерілген, бірақ өзіне сенімсіз жеткіншекті ол үшін жаңа бағалаулар үркітеді, атап өтілген артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндігіне сенбейді. Сол кезде қолдау тәсілі қосымшаны қажет етеді, нақтылыққа сенімсіздікті жою қажеттігі пайда болады. Білім алушының назарын сөзден іске қарай және өзара ұсынылатын әрекеттің әлеуметтік мәнділігін күшейту жолымен педагог сенім мәселесін жояды. Ол ұйымдастыратын істің қажеттілігін, оның барлық қатысушыларға пайдалы, жоғары мәнділігін атай отырып дәлелдейді. Педагогтың айтатыны: «Бұл сізге қажет…», «Бұл сіздің жұмысыңыз үшін аса маңызды…», «Бұл болмаса, біз бағдарлама бойынша алға жылжи алмаймыз…», «Біздің ісіміз сенің жұмысыңа байланысты…». Іс-әрекет дәлелін әсер ету тәсілімен күшейту тәрбие педагогикасы мен практикасында бұрыннан-ақ белгілі, бірақ өзімен өзі, өзінің автономдылығымен, білім алушылармен өзара іс-әрекеттің жалпы контактісінен аластатылумен ол әлсіз. Білім алушылар мұндай жағдайда қашанда бірдей әсер білдіреді. Жеке ерекшелеу тәсілі өте күшті қозғалтқыш болып табылады. Оның вербальды формасы мынадай: «Тек сенің ғана қолыңнан келеді…», «Сенен басқа ешкім…», «Сен, өзің ғана осыған қабілеттісің». Әрбір субъектінің санасында белгілі бір істі орындау кезінде өзінің нақты керектігіне сенімділік болуы тиіс. Ынталандыру тәсілі ретіндегі жеке даралық өзіне деген сенімсіздікті, жұмыстың бастапқы сәтіндегі ұяңдықты алып тастайды, одан әрі бұл тәсіл жалғасын табуы мүмкін. Егер оның іс-әрекетін өз бойында тұлға ерекшелігі бар боямалы жеке іс-әрекет ретінде бағаласақ, онда кез-келген жұмыстың кез-келген нәтижесі субъект атқарушының бейнесін көрсететін айрықша құбылыс ретінде түсіндірілуі мүмкін. Сол кезде жеке даралық тәсілі келесі түрде болады: «Сенің көрінісің жақсы көрініп тұр…», «Сенің жұмысың өз тұлғаңа сай…», т

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, модулдік технологиясы арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу
Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Кәсіптік оқыту педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz