ТАУ - КЕН ӨНДІРУ САЛАСЫНДА АВТОМАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ


ТАУ-КЕН ӨНДІРУ САЛАСЫНДА АВТОМАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ
Тау-кен өндіру саласында локальды және күрделі таулы-геологиялық жағдайда қолайсыз орналасқан көмір қабаттарын тиімділігі жоғары роботтандырылған технологиялық кешеннің ғылыми негізін қалыптастырып жасау. Негізгі көмір өндіретін елдерде тараған сойыл жабдықтарын автоматты басқару үздіксіз дамытылуда және жетілдіруде. Егер алғашқы жүйелер тек қазу машиналарының беріліс жылдамдығын реттеуді ғана көздеп, жетілдірілмеген құралдармен жүзеге асырылса, қазіргі уақытта барлық забой жабдыктары комплексін есептеу техникасы құралдарын қолдана отырып жұмысының автоматты режимін жүзеге асыру жөніндегі ізденістер жүргізілуде.
Бұл көкейтесті келелі мәселелерді қазу машиналарын қабаттың гипсометриясы мен қалындығы бойынша автоматты бақылау және жүргізу, кешеннің (тіркесімнің) немесе оның конвейері базасының түзу сызықты бағытын сақтап тұру, жылжымалы механикаландырылған тіреуді қашықтықтан және автоматты басқару және т. б. жүйелерді жасау сияқты күрделі мәселелерді шешуді қажет етеді. Кешенді (тіркесімді) қашықтықтан және автоматты басқару жұмысшыларды сойылдан шығарып, негізгі және қосалқы амалдардың ұзақтығын қысқартуға, кешеннің де, оған қызмет көрсететін жұмысшылардың да өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Автоматтандыру құралдарын таңдап алуда кен-техникалық жәйттерді, көмір өндіру технологиясын және қызметті машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін ескереді. Мұнда жасау және ендіруге қатысты ең күрделісі жарақаттандырылған тіреулерді басқару жүйелері болып табылады. Автоматтандырылған кешенді басқару үшін екі негізгі жүйе: автоматтандырылған және орталықтандырылған жүйелер пайдалануы мүмкін. Роботтандырылған технологиялық кешенді селективті әдіспен локальды айланын қазып алу жасалымында шахтада 4-5 км ара қашықтықтан тұрақты адам қатысынсыз арадан басқару. Сонымен қатар тиімді іске асуы жандандырғы заттарды пайдланғанда улы затты, электронды сәуле, ыстық жылулық, тау-кен пішішін плазменді әдіспен қазғанда, металлургиялық заводтарда домен пештерін қалпына келтіруде, төтенше апаттық жағдайларда тағы да аталмаған аяқ-асты табиғат қатерінде қолданылуы мүмкін. Пайдалы қазбаларды қазып алуда техногенді қалып қойған қорларды өңдеуде және оқшауланған қабат бөліктерін қайтадан қажетті пайдалы қазбаны жаңаша қалпына келтіріп ашу, таулы-геологиялық жағдайда қолайсыз орналасқан қазбалы байлықты көмір қабаттарын қайта өңдеу. Роботтандырылған технологиялық кешені жұмысы нәтижесінде көмір қабаттарын іріктеп қазып алдуа, керексіз тау жыныстарын жер астында қазып алу аумағының тығыздау материалы ретінде қалдырылып жер бетіндегі аумақтың табиғат тазалығын сақтауда экологиялық жағдайы тазаланып жақсарады. Сонымен қатар пайдалы қазбалар ысырапы үнемделіп, автоматтандырылған керту манипуляторалары іріктеп қазып алу орындаушы органымен көмір сапасын арттырып іске асыруы, робототехнникалық кешендер ішінде әлемде кен қазу өндірісі саласында аналогы жоқ. Өткізілген зерттеудің одан арғы дамуы кешенде ара қашықтық және микропроцессорлық басқару жүйесінде алдыңғы қатарлы елдердегі инновация жетістіктерінде қолданылып жатқан сенсорлы айқындағышты қосалқы бейнетүсіру камераларымен, нақты жағдайда қызмет етуші сезгіштік аспаптармен қамтамасыз етіп, жұмыс өнімділігін арттыру жолдарын, осы заманғы нанотехнолгия жетістіктерін ескере отырып, гидравликалық қозғалыс сұйықтығы кедергісін кеміту зерттеулері жалғасын табады. Микропроцессорлы техниканы қолдана отырып, бөліктеп қалдықсыз алу технологиясы үшін тазалау кешенді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесіне келсек шет елдердегі көмірді тар алымды техникамен қазудың қазіргі заманғы жұмысын талдау оның мынадай кемшіліктерін көрсетеді: - тар алымды тазарту комбайндарының орындаушы органдары конструкциялы түрде көмір шабу үрдісінде қабаттың қалындығы бойынша салмақ түскенде орындаушы органның кесуші бұрышының және реттеушісінің болмауына байланысты тек забойды уатудың флангалық (қанаттық) схемасын қолдануға мүмкіндік береді; - уатудың өндірілген көмірдің бір тоннасына келетін үлкен массасы (30 т. дейін) және энергия сыйымдылығы (8 кВт/м3 дейін), сондай-ақ шабу процесі мен жүріс-тұрыстағы үлкен қозғалымдылығы (маневрлігі) ; - көмірдің түрлі мақсатта қалдырылған діңгектері мен көмір қабаттарының жергілікті айланын ұқсатудың күрделілігі; - автоматтандырылған көмір алу манипуляторының болмауы; - бөліктеп қалдықсыз алудың қамтамасыз етілмеуі; - жүйенің сенімділігінің төмен болуы;
- комбайн электродвигателінің қуаты (500 кВт дейін) тазалау сойылының бір нүктесіне шоғырлануы; - кен қазындыларын кең адыммен жынысты шахтада қалдыра отырып жүргізуге мүмкіндіктің болмауы. Осы жоғарыда аталған себептерге байланысты қазіргі жұмыс істеп тұрған кен-шахта жабдықтары жөне микропроцессорлар мен микро ЭВМ қолданып автоматтандыру құралдарының негізінде қабатты кен орындарын бөлектеп алуға арналған роботтандырылған кешені құрыстырылып пайдалы қазындыны өндіру үрдістерін роботтандырудың есебінен қалдықсыз технологияны қамтамасыз етеді. Кешенді тазару сойылында адамдардың тұрақты қатысуынсыз және тығындаушы материалдар ретінде шахтада жыныстар қалдырылатын күрделі кен-геологиялық, жағдайдағы қабаттарда көмір мен жынысты бөлектеп қалдықсыз алуға, сондай-ақ жер астында қалдырылған түрлі мақсаттағы діңгектерді және қөмір қабаттарынан жергілікті алаңға алуға арналады. Қолдану аясы: жыныс қабатшалары бар жалғыз қабат немесе жақын орналасқан қалындығы 1, 9-4, 0 м және бұрышы 58° дейін көмір қабаттары (қабаттың кесуге қарсылығы 400 кН/м дейін) . Жыныс қабатшаларының қалыңдығы 0, 4 метрден 1, 5 метрге дейін, сондай- ақ діңгекте қалдырылған көмірді және көмір қабаттарының жергілікті участоктарын алу. Кешенді негізгі жабдық ретінде кіретіндер алаптың негізгі және шығындалатын бөлігінің жарақтандырылған тіреулері, шынжырсыз беріліс механизмі бар көмір қазатын манипулятор, сойыл конвейері және тығындаушы кешен. Кешен ерекшелігіне микропроцессорлық құрылғылар мен датчиктер жатады, олар тазарту сойылында көмір қазу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Басқару жүйелерінің негізгі қызмттері: көмір қазатын манипулятор мен жарақтандырылған тіреуді белгіленген программа арқылы сойылды тіреумен бетін құлауынан сақтауды ескеру, сойылдағы және штректегі кері жүру конвейерлерін басқару, тығындаушы кешенді, манипулятордың орындаушы тетігіне түсетін салмақты автоматты реттеу, кен-геологиялық жағдайда байланысты кешен жұмысының бағдарламасын өзгерту, қорғау мен маталуының қажетті түрлерін қамтамасыз ету болып табылады. Басқарудың микропроцессорлық жүйесі манипуляторды, жарақаттандырылған тіреуді, көмір қазу үрдістерінің орындалысы туралы ақпараттарды беру және қабылдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz